Сабақтың тақырыбы: «Біздің
тандауымыз – салауатты өмір
салты»
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оларды
ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері келтіретін
құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, олардан бойын аулақтату.
Сондай – ақ ЖИТС дерті жайында мәлімет
беру.
Сабақтың
үлгісі: Дөңгелек
үстел
Сабақтың
түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың
әдісі: Сұрақ-жауап,
әңгімелеу, ой
қозғау
Сабақтың
барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме! Адамның өмірі тамаша, сәулетті
көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы.
Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі
ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін
дерт- наша, темекі, арақ. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып
отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп
төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және
адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер
жатады.
Осы жағдайлар ішінде бізге
түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын
зиянды әрекеттер. Бұлар қандай
әрекеттер?
Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі дөігелек
үстел барысында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап,
солардан сақтану жолдарын қарастырамыз. Сонымен қатар ЖИТС жөнінде
ой қозғаймыз.
Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де
сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы
қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына
бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып
жатыр.
Ал осы зияндылармен күресу
оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін
«Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ денсаулық
сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік
бағдарламасы аясында шаралар кешені іске
асуда.
Елбасының Қазақстан
халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты
өмір сүру, оны насихаттау
мәселесі.
Темекінің шығу тарихы – темекі
Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс
ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген.
Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр
І патшалық еткен кез.
Дүниежүзілік «Денсаулық
сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан
қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар.
Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының
температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек,
тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын
күйдіреді. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт
қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна
темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.Ертеде Түркияда
темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған.
Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан
бері жас ұрпақ шылым шегуді
білмейді.
Қазіргі кезде
республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы
оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті
жағдай.
Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс
үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін
бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу
жолдары:
1. Тұрмыс жағдайындағы
маскүнемдік.
2. Бас жазу синдромы немесе
үнемі ішкісі келу.
3. Ішкен ішімдік мөлшерін
бақылауды жоғалту.
Алкоголь ішімдіктеріне тым
үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен
салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз
артта қалу себебі ата-аналарының
маскүнемдігі.
Қазақстанда халықтың басым
көпшілігі алкоголь ішімдктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7
%, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен
жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке
салынған жандар екені
анықталған.
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын
бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып,
құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын
бейшара халге түседі. Есірткінің негізгі түрлеріне апиын,
кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы
мен психикасына әсер етіп зақымдайды. Біздің елімізде ресми түрде
35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал
тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында
нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді. 2000
жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық
қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілер
тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты
14687 қылмыс тіркелді.
ЖИТС (СПИД) – жүре пайда
болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек
басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның
қорғаныш қабілетін төмендетеді. Ғалымдардың
есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ,
Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес
дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан
тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен
ауыратын адамдар. 1982 жылы ауруларды
бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком
Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы
алғашқы мәлімет айтты. 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау
комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе
қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын
таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған. Осыдан
соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың
себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл
аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның
иммунитет тапшылық вирусы) деп
белгіленеді.
ЖИТС – бірте-бірте дамитын,
кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін
кесел.ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние
жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана
бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.
Міне, балалар ауруды
жұқтырмау өз
қолымызда, «Ауырып ем
іздегенше, ауырмайтын жол
іздейік!».
Келесі кезекте, Ситуациялық
жағдайларды талдайық. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.
1. Сізге қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет.
Сіз не істейсіз?
2. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД – пен
ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай
болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер
едіңіз?
Сергіту
сәті.
Ойын «Әріп
таңдау»
Ойынның мақсаты: балалардың
көңіл – күйлерін көтеру, жылдам ойлауға, ұтымдыққа
тәрбиелеу.
Ойын шарты: ойыншылар
дөңгелене отырып, қобдишадан әріп таңдайды. Сұрақтар қойылған
кезде, оқушылар жауапты сол таңдалған әріптен бастап жауап беруге
тиісті.
Сұрақтар:
-
Сіз
анаңызды қалай жақсы көресіз?
-
Өмірде біреуге қолдау көрсеткенде, қалай
қолдайсыз?
-
Кешірімді болу үшін қандай қасиеттер болу
керек?
-
ЖИТС дегенді
қалай түсінесіз?
-
Өмірде ауру болмағандай не жасар едініз?
-
ЖИТС жұқтырмау үшін не істеу
қажет?
-
Салауатты өмір салты дегенді
қалай түсінесіз?
-
Адам бойында кездесетін қандай қасиеттерді
білесіз?
-
Өз
бойыңызда жалпы қандай қасиеттер бар?
-
Достарыңызға не тілер
едіңіз?
Қорытынды:
Ыбырай
Алтынсарин: «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза
ұста». Олай болса, балалар, бойға желік
бітіріп тек жамандыққа бастайтын ащы судан арылайық! Ішімдіктің,
темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі
ең елеулілері – адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан
сақтанайық, жас ұрпақ!