15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Біздің таңдауымыз -заңды мемлекет
Мектеп |
№36 орта мектеп |
||||||||
Сабақтың тақырыбы |
«Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» |
||||||||
Күні:18.01.2019ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Аптабекова Н.Е |
||||||||
Мақсаты: |
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Ата-заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті тұлғаны қалыптастыру.Оқушыларды өз міндеттерімен мен құқықтарын білуге үйретуӨзіндік шешімқабылдай алу әрекеттерін дамыту. |
||||||||
Міндеттері: |
-Заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындайды; -Жауапкершілік принципін бойына қалыптастырады; -Заңды мемлекеттің мақсаты мен міндеттерін біледі. |
||||||||
Бағалау критерийлері: |
1.Тақырыпқа байланысты мәліметтерді жинақтайды. 2.Құндылықтарға нақты көзқарасты іс жүзінде іске асыруды меңгереді. |
||||||||
Сабақтың ресурстары: |
Рәсімдеу: Плакаттар, суреттер,стикерлер |
||||||||
Сабақ түрі: |
Танымдық сабақ |
||||||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
«Серпілген сауал» ,« Жағдаяттарды талдау», «Екі жұлдыз,бір-тілек» әдісі, «БББ» кестесі |
||||||||
Жоспар |
|||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
|||||||
Басталуы
Ортасы
Аяқталуы |
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген мына қанатты сөздермен бастасақ деймін.. Мемлекетіміздің Ата-Заңының 1-бабында «ҚазақстанРеспубликасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді айта отырып,бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу – заман талабы дей отырып « Біздің таңдауымыз –заңды мемлекет» атты сабағымызды бастаймыз. «Серпілген сауал» әдісі арқылы топқа сұрақтар беру.
1.
Бала дегеніміз кім? Конституциялық құқық туралы не түсінесіңдер?
Біз
құқылы мемлекеттің азаматтарымыз,
сондықтан әрбір ұжымның, оқу орнының,
ішкі міндеттері мен құқықтары, ережелері
бар. 8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті. І топ: Жарқын болашақ жағдаяттарды талдау әдісін қолдана отырып ,топқа ситуациялық жағдай беріледі.Топ мүшелері ақылдаса отырып,сұрақтарға жауап береді.
ІІ топ: Дарынды ұрпақ
«Заңсыз
арал» деп аталатын тақырып
беріледі(Оқушылар ойларынан әңгіме
құрастырып айтады.) Мұғалім:Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық. ІІІ топ: Кемел келешек Топқа екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп - тік әдемі салынған үйдің суреті.Екіншісі - фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті. Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?( Сурет жайлы оқушылардың ойы тыңдалады.) Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата - ананың назарын аудару керек. Топтар бірін-бірі екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды. «Жалғасын тап» әдісін пайдаланып,оқушылар мақал-мәтелдерді аяқтайды.
1.
Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
6.Хан
болсын, ханға лайық ... (Заң болсын )
6.
Абыз болсын, абыз
сайлау... ( парыз болсын)
«БББ» кестесі бойынша рефлексия (стикерге жазады)
Мұғалім: Азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң-дегеніміз — өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы-атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Бүгінгі сабағымызды Н.Ә.Назарбаевтың: «Ата- заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қолжеткіземіз» деген сөзімен аяқтаймыз.
|
Қима қағаздар
Постер, маркер
Топ бірін-бірі бағалайды.
Постер, маркер
Постер, маркер
«екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылыкері байланыс береді. екі жақсы жағы,бір тілегі
Стикер |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген