400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біздің тарихымыз айбатты

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе ,шығарма жазуға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Біздің тарихымыз айбатты

Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы

хандықты құрды,қазақтың мемлекеттілігінің

тарихы сол кезден бастау алады.

Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы,

бүкіл әлемге танымал әрі беделді,

осы ұғымның қазіргі мағынасындай

мемлекет болмаған шығар.

Ең маңыздысы,сол кезде оған негіз қаланды.

Біз - бабалардың ұлы істерінің жалғастырушысымыз.

Н.Назарбаев



Қазақстан даласында сан ғасырлар бойы көптеген тайпалар мен халықтар өмір сүрген.Қазақ халқы жеке халық болып, өз ұлттық аумағын ХV - XVI ғасырларда құрды.Халық болып қалыптасқанға дейін сан ғасырлық тарихты бастан кешті.

Ол бүгінгі егемен қазақ елінің мәдени мұраларының бастау бұлағы сан ғасырға созылған ежелгі түркілер мәдениетінен бастау алатын көне процесс.

Қазақ халқы- ерте заманда еліміздің Батыс өңірін, Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдария алқабын және Дешті Қыпшақ даласын мекендеген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, алан, қимақ-қыпшақ, дулат, түркеш, оғыз т.б. тайпалардың түрліше тарихи даму кезеңдерін бастан кешіре отырып, бірте-бірте этникалық бірігуі және этногенездің жалпы заңдылықтары бойынша табиғи түрде дамуы арқылы халық болып қалыптасқанын бұрын-соңғы тарихшы ғалымдардың бәрі растап отыр."Қазақ" атауы-бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар дегенді білдіреді.

Қазақ халқының шығу тегі туралы қазақтың байырғы шежіресінде де мол мәлімет сақталған. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабында да «Екі мың жылдық көне тарихы бар қазақ даласы- ұлы түркілердің қара шаңырағы» деп өте орынды атап өткен.

Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы-сырнай үнімен, асқақтата салған әсем әнімен, ғашықтық жырларымен, мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерімен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.

Бүкіл әлемдік өркениет тарихына өшпес мұра қосқан екінші Аристотель атанған әмбебап ғұлама, ұлағатты ұстаз Әл-Фараби бабамыздың да осы Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр рухани мұра қалдыруын да бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады.

Көшпелі қазақ жұртының ортақ негізгі кәсібі - мал шаруашылығы болды. Ал өзен, көл жағалағандары балық шаруашылығымен, егін егу, бау-бақша өсіру ісімен айналасты. Қосымша кәсібі аңшылық өнер саналды. Қысы қатты, жазы ыссы, қуаңшылық далада үнемі ат үстінде мал соңында болған көшпелі қазақтар тылсым табиғатқа бейімделе тіршілік етті. Олар өз ұрпақтарын еңбексүйгіштік пен төзімділікке, сөз асылын қадірлеуге, тапқырлық пен алғырлыққа, ат құлағын ойнауға, елін-жерін жаудан қорғауға баулып тәрбиеледі. Ұлттық ойындар арқылы жастарды әскери-патриоттық істерге баулыды.

Қазақ хандарының тарихы 1466 - 1847 жылдар аралығын қамтиды. Қазақ хандарының әулеті Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханнан тарайды.Ал осы Шыңғысхан ұрпақтары қазақтың төре руын құрған.

Қазақ хандығы 1466 жылы құрылды.Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек.Осы кезден бастап қазақ хандары тек қана Шыңғысханның ұрпақтары арасынын сайланып отырған. ХV ғасырдың ортасында сұлтандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп, қазақ аталған халықты ерітіп, Жетісу жеріне келеді.Осында Керей мен Жәнібек қазақ хандарының әулетін орнықтырады.Бұл екеуінен кейінгі хан Бұрындық қана Керейдің ұрпағы.Осыдан кейін хандық билік түгелдей Жәнібек ұрпақтарына көшеді.

XVI ғасырда Жәнібектің баласы Қасым қазақ хандығының аумағын кеңейтіп, хандықты іргелі мемлекетке айналдырады. Ол " Қасқа жол " атты тұңғыш заңдар жинағын шығарды. Қазақ Ордасын ұзақ жылдар билеген хан - Хақназар. Тәуекел, Еңсегей бойлы Есім хандардың тұсында да Қазақ хандығының күш - қуаты бұрынғыдан артып, толыға түседі. Салқам Жәңгір,Әз Тәуке хандардың билік құрған кезеңі Жоңғар шапқыншылығымен тұстас келеді. Әз Тәукенің жанындағы кеңес жасаған " Жеті жарғы " заңдар жинағы XVII - XVIII ғасырлардағы әдет - ғұрып ережелерінің жиынтығы ретінде белгілі.

XVIII ғасырда Қазақ хандығының некарасын ұлғайтып, үш жүздің басын біріктірген, қазақ халқының ұлы мемлекет қайраткері - Абылай хан болды. Абылай ханның шын аты - Әбілмансұр. Абылай хан ( 1711-1781) билік еткен жылдары Қазақ мемлекетінің бірлігін қалпына келтіріп, оның халықаралық жағдайын нығайтты.

ХІХ ғасырда қазақ жерінде Ресей империясының отарлау саясаты күшейді.





Ұлы тарихты шын мәнінде ұлы адамдар жасайды. Шын мәніндегі жасампаз- көшбасшылықтың керемет үлгі қасиеттері ғасырлар шебінде, зор өзгерістер дәуірінде өз халқының тағдырына тарихи жауапкершілікті мойнына алған. оның үстіне әлемдік үдерістерге айтарлықтай ықпал жасауға қол жеткізген Қазақ Елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тән.Тәуелсіз Қазақстанды әлем таныған елдер қатарына қосқан біздің Елбасымыз - аса көрнекті тұлға. Қазақ жұрты ежелден - ақ ел бастаған басшысын ардақтаған.

Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Қазақстанның негізін қалаушы тұлға ретіндегі баға жетпес рөлін әлемдік көшбасшылар да мойындайды. Тәуелсіздік жылдарының бәрінде Президент Н.Ә.Назарбаев өз халқының сенімі мен үмітін толықтай ақтап, туған елін сілкініссіз және толқуларсыз, бір қалыпты және сенімді түрде жаңа биіктер мен межелерге бастап келеді.

Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі түрлі келеңсіздіктерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық, осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.Жолдауда мемлекет басшысы "Мәңгілік -Ел" идеясын көтерді. Онда Мәңгілік Елдің егемендігін тұғырлы ету мәселесіне назар аударды. Мемлекетіміздің болашағын дұрыс бағдарлап, қазіргі замандағы даму үрдістерінен қалып қоймай, әлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иеленуге тиіспіз. Енді бұдан былай тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сәт сайын нығайта беруіміз керек. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз: белсенді,білімді және денсаулығы мықты жас азаматтар екені даусыз.Елбасы жыл сайынғы жолдауын негізінен жастарға арнайды. Себебін осы жолғы жолдауында " Оны ( "Қазақстан -2050" стратегиясын) жүзеге асыратын да ,жемісін көретін де сіздер" деп түсіндіріп кеткен болатын. Жастар арасындағы патриоттық сезімді қалыптастырудың бірден- бір жолы - мемлекеттік тіл екені белгілі. Жолдауда " Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады! " деген Президент сөзі көңілімізге қуаыш ұялатты.Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында.

Шеберліктің шыңына жете білсек мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман.Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады.Елбасы: " Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары ерік- жігер мен еңбек сүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын. Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның " алтын ғасыры " боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз",- деп келешектің кемелдігіне нық сенімін білдірді.

... Қазақ Елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған, барымызды жоғалтпаған, жоғымызды түгендей алған, өз дәулетіне өзі ие болып, өзгелерге есесін жібере қоймайтын Мәңгілік ел болайық!

















































Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Әлемдік педагогикалық ой-сана, 10 томдық, Таймас баспа үйі, Алматы 2010

Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында», Алматы Атамұра 2003

Қазақ әдебиеті, 8-сынып, «Мектеп» баспасы 2004



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.04.2019
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі