№
5 ҰОҚ
Білім беру
саласы: Әлеумет.
Бөлімі:
Қоршаған ортамен
танысу.
Тақырыбы: Біздің топтың ойыншықтары.
Мақсаты:
қоршаған орта
заттары, олардың
сапалары мен қасиеттері туралы түсініктерін жүйелеу және толықтыру.
Міндеттері:1. Балалардың ойыншықтар туралы білімдерін
кеңейту;
2.Бірнеше сенсорлық
белгілеріне қарап, заттарды топтастыра білуді, айналасындағы
заттарды ажырата және ортақ қасиеттері бар ойыншықтарды
топтастырып, оларды сипаттай білу дағдыларын игерту.
-
Ойыншықтарды күтіп ұстауға
баулу.
Күтілетін
нәтижелер:
орындайды:
ойыншықтардың қандай
материалдардан жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.
түсінеді:
ойыншықтар туралы берілген
мәліметтерді.
қолданады:
таныс ойыншықтарды негізгі
белгілеріне қарап анықтай білу дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: ойыншықтар – қуыршақ, қоян, жүк көлігі, аю, мәшине, доп.
Сөздік жұмыс:
материал.
Билингвалды
компонент: ойыншық – игрушка, қуыршақ –кукла, текшелер – кубики.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру
кезеңі
–
Балалар, біз бүгін
ойыншықтар әлеміне қонаққа барамыз. Мына ойыншықтар сөресінде
жиналып тұрған ойыншықтарды атайық.
–
Қуыршақ, қоян, жүк көлігі,
аю, мәшине, доп.
-
Негізгі кезең
Білімді
өзектендіру.
«Сиқырлы сандық»
ойыны.
Шарты: сандық ішінен
ойыншықтарды бір-бірден шығарып, оларды сипаттайды, олармен қалай
ойнайтындарын әңгімелейді.
«Қабырғаны тұрғызамыз»
саусаққа арналған жаттығуы.
Қабырғаны
тұрғызамыз,
Жоғары, жоғары.
Осылайша
Шатырды да
саламыз!
Педагог ойыншықтарды
көрсетіп тұрып:
–
Бұл заттардың бәрін бір
сөзбен қалай атаймыз? – деп сұрайды.
–
Ойыншықтарды арнайы мамандар
әртүрлі материалдардан жасайды. Мысалы, резеңкеден жасалған
ойыншықтар болады. Доп резеңкеден жасалған. Кәне, допты сипап
көрейік, ол қандай? Салмағы қандай?
− Сонымен қатар ағаштан
жасалған ойыншықтар да бар. Оларға текшелерді жатқызуға
болады.
–
Сипаттап көрейік, сипап
көргенде саусаққа қалай сезіледі?
–
Олар резеңкеден жасалған
ойыншықтарға қарағанда қатты, соған қарамастан оны күтіп ұстау
керек.
Сергіту сәті:
«Ойыншықтар». Билингвалды компонент:
ойыншық – игрушка, қуыршақ –
кукла, текшелер – кубики.
Резеңкеден және ағаштан
жасалған қуыршақ пен ұшақты сипаттау.
–
Балалар, бізге қонаққа тағы
бір ойыншық келді. Бұл ойыншық қалай аталады?
–
Қуыршақ ағаштан ба әлде
резеңкеден жасалған ба?
–
Мына ойыншық қалай аталады?
(Ұшақты көрсетеді).
–
Ұшақ неден
жасалған?
«Ғажайып қапшық»
дидактикалық ойыны.
–
Мына ғажайып қапшықта
ойыншықтар бар. Қазір ойыншықтарды бір-бірден алып, неден
жасалғанын анықтау керек. Сондықтан ойыншықтарды алып, ағаштан
жасалғандарды ұшақтың қасына, резеңкеден жасалғандарын қуыршақтың
қасына орналастыруларың керек.
3.
Рефлексия.
Ойыншықтар туралы алған
білімдерін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.