Картотека
№1
«Бізге
кім келгенің тауып ал»
Мақсаты:
Айтылу мен есту жағынанан бірдей сөздерді
айыра білуге, дауыс ырғағын қадағалай
білуге дағдыландыру. Кебір заттардың
аттарын бекіту.
Ойын
барысы: « Мө-мө-мө, бұл не мөңіреп жатқан
Аслан?» дейді тәрбиеші. «Мяу, мяу Айгерім
саған кіліп тұрған не?» «Айдынға біреу
келді де пи-пи деді. Ол не?» «Ал, қазір
Нұрай одан не тығылып тұрғанынын айтады.»
Тәрбиеші өз дауыс ырғағын өзертіп ,
үлкен әлде кішкентай тышқанның даусы
шықта ма деп сұрайды. Ойын осылайшы
жалғаса береді.
Картотека
№2
«Қай
жерде шырылдады?»
Мақсаты:
Дыбыстың қай жерден шыққанын анықтау.
Алдын-ала дайындық жұмысы: қоңыраушаны
дайындайды.
Ойын
барысы: Балалардың ішінен жүргізушіні
тағайындайды. Балалар шеңбер бойымен
отырады, жүргізуші ортаға шығып көзін
жұмады. Тәрбиеші бір балаға қоңыраушаны
береді, бала көзін ашпай қай жақтан
шыққанын қолымен нұқсайды.Егер бала
дұрыс таппаса,онда екінші рет ойнап
отырады. Сосын келесі бала шығады.
Картотека
№3
«Құстар
фабрикасы»
Мақсаты:
Бір тыныс алғанда үш-төрт сөз айта білу.
Ойын
барысы: Тәрбиеші 3-4 рет ойыншықтарды
көрсетіп, олардың шығаратын даусын
келтіреді,кейін ойыншықтарды алып
қояды. «Балалар құстар фабрикасына
барайық. Алдымыздан тауық шықты, ол
бізбен қалай амандасады:ко-ко-ко. Әрі
қарай барайық алдымыздан қаз шықты, ол
қалай амандасады:га-га-га»Кейін тәрбиеші
қалған ойыншықтарды көрсетеді, ал
балалар дауыстайды.
Картотека
№4
«Кім
шапшаң?
Мақсаты:Есту
қабілетін дамыту.Балаларды дауысқа
еліктіру.
Ойын
барысы: «Бақа аюдың үйіне секіріп келіп
терезенің алдында тұрып бақылдайды
бақ-бақ мен саған қонаққа келдім. Тышқан
жүгіріп келіп пи-пи-пи тәтті иіс шығып
жатыр.Қаз га-га-га дән шоқуға келдім.
Сиыр мө-мө-мө сум ішуге келдім.Бір кезде
аю үйден шығып р-р-р деп ырылдағанда,
барлығы қашып кетеді.Қорқақтар неге
қашып кеттіңдер мен сендерге қош
келдіндер деп айтқым келді ғой! Кіріңіздер,
төрлетіндер!»
Картотека
№5
«Алыста
ма жақында ма?»
Мақсыты:
затқа дейінгі аралықты өлшеу, жақын ба,
алыс па. Қажет сөздерді қолдана білу.
Ойын
барысы: «Балалар қарандар, біздің иттер
біреулерді көріп қалыпты. Балалардың
назары пингвинге (үйрекке, бақаға, т. Ба
ойыншыққа ауады.)»
Бір
пингвин келе жатыр. Өзінің кеудесі ақ,
денесі қара көргілерін келе ме? Онда
жақынырақ келсін деп айтындар. «Жақынырақ
келші»Пингвин келе жатып тоқтап қалады.
Енді пингвинді орындықтарында отырып
алып көріндерші. Ала-алдындар ма? Неге?
Өйткені алыста тұр. Онда алыста тұрсын
деп айтындар! т.с.с.
Картотека
№6
«Сиқырлы
қап»
Мақсаты:Балаларға
дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды
тануға баулу.
Ойын
барысы: Тәрбиеші балаларға таныс
ойыншықтар мен заттарды жәшікке жинайды.
Балаларға менде бір сиқырлы дорба бар
онда не бар екен дейді.Кәне көрейік! Бір
ойыншықты алып шығып, мынау не дейді?
Балалар заттың атын атайды. Кейін
жұмбақтарды шешуге болады.
Картотека
№7
«Өз
үйіңді тап»
Ойынның
мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру;
қабылдауын дамыту; ойынның ережесін
сақтауға үйрету.
Ойынның
құрал-жабдықтары: түрлі-түсті
дөңгелектер.
Ойынның мазмұны:
Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер
тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету.
Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің
түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра
қалады.
Картотека
№8
«Вагондарға
дөңгелек таңдау»
Ойынның
мақсаты: геометриялық пішіндерді
ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру,
ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның
құрал-жабдықтары: қағазға салынған
вагондар, әртүрлі геометриялық
пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар
вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі
пішіндердің ішінен табады.
Картотека
№9
«Жұбын
тап»
Мақсаты:
геометриялық пішіндерді ажыратуға,
салыстыруға жаттықтыру; білімдерін
бекіту, ойлау
қабілеттерін
дамыту.
Құрал-жабдықтары:
әртүрлі ретте орналасқан геометриялық
пішіндердің суреттері.
Мазмұны:
Балаларға геометриялық пішіндер
орналасқан суреттерді тарату. Үлгі
ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай
суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің
дұрыстығын тексеру үшін оларды
салыстыру.