Ақмола облысының басқармасы жанындағы
«Целиноград ауданы, Жанаесіл ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК
Пән: «Кәсіпкерлік негіздері»
І Тарау. Бизнес-ойлау психологиясы
Тақырыбы: Бизнес-мәдениетті қалыптастыру. Кәсіпкерлік қызметтегі команда ролі.
Білімділік:
• кәсіпкерлік ойлау түрінің ерекшеліктерін білу;
• кәсіпкерлік түрлерін білу (В2В, В2С, В2G);
• тауар мен қызмет арасындағы айырмашылықты түсіну;
• мемлекет экономикасын дамыту үшін кәсіпкерліктің маңызын түсіну.
Дамытушылық:
-
аналитикалық,логикалық және қәсіпкерлік қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік:
-
еңбек тәртібін, тазалығын сақтау
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты өту.
Қолданатың әдіс-тәсілдер: Дискусия, видео сабак қорытындысымен
Сабақтың көрнекілі: проектор,презентация, кейсы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезені: - Амандасу
-Студенттердің сабаққа келгенің тексеру
II. Бақылау сұрақтары
-
Кәсіп дегеніміз не?
-
Кәсіпкер деп кімді айтамыз?
-
Кез келген адам кәсіпкер бола алама?
-
Кәсіпкерлікке өздерінің түсініктеріңізді айтыңыз?
III. .Жана сабақ.
Кәсіпкерлік ойлау түрінің ерекшеліктерін білу
1-тапсырма
|
Кәсіпкер |
Кәсіпкер емес |
|
|
|
Кестені толтырар алдында студенттермен кәсіпкер деген кім және оған кімдер жатады деген сұрақты ауызша талқылаңыз. Студенттер мүмкіндігінше көп жауап ұсынсыну керек. Ең бастысы, олар ұжым болып өздеріне дұрысырақ болып көрінген жауаптарды таңдап алуға болатын нұсқалардың жеткілікті пулын жинауы үшін, олардың қайсысы дұрыс екенін айтпау.
Кәсіпкерлердің басқа адамдардан басты айырмашылығы – олар ойлаудың ерекше үш қасиетіне ие: олар белсенді, жауапты және нәтижені мақсат тұтады. XX ғасырдағы менеджменттің ең ықпалды
теоретиктерінің бірі Питер Друкер айтқандай, ойлау типі осындай адамдар әрқашан өзгерістер іздейді, оларға жауап береді және оларды мүмкіндік ретінде пайдаланады. Олар әлемді өзгертуге ұмтылады және осы себеппен, Evernote бас директоры Фил Либин пайымдауынша, компанияларды ашады. Американдық инвестор Джеймс Алтачердің пікірінше, олар сәтсіздікке төзе алады, идеяларды генерациялай алады, осы идеяларды сата алады, осы идеяларды жүзеге асыра
алады және өз қателіктеріне қарамастан, алға қарай келесі әрекеттерге ұмтылады. «Ашока: қоғам үшін инновациялар» коммерциялық емес қорының негізін қалаушы және төрағасы, әлеуметтік кәсіпкер Билл Дрейтон олардың қиындықты көре білетінін және оған жауап іздейтінін растайды. Garage Technology Ventures компаниясының басқарушы директоры, Apple Computer компаниясының алғашқы қызметкерлерінің бірі Гай Кавасаки олар үшін бизнес – жұмыс емес, болашақты өзгертетін ақыл-ойдың күйі екеніне сенеді. Ж.б.....
Көптеген кәсіпкерлердің тәжірибесін жинақтап, мынадай қорытынды жасауға болады: кез келген адам кәсіпкер бола алады. Өзісін өмір тарихы, мінез-құлқы мен мақсаттары мүлдем әр түрлі адамдар ашады. Тек бизнесте іс жүзінде табысқа жетуді қалайтындар төрт сатылы алгоритмді ұстануға тиіс.Біріншіден, олар шын мәнінде ойына алған істі істегісі келеді. Екіншіден, жетістіктерді
үлкен емес, кішкентай қадамдардан бастау. Үшіншіден, әрбір кішкентай қадамнан кейін өз идеясын зерделеу және қайта бағалау қажет. Төртіншіден, келесі қадамды жасау.
2-тапсырма
|
Бар қасиеттер |
Жоқ қасиеттер |
|
|
|
Студенттер әр түрлі ғалымдар анықтаған кәсіпкердің барлық қасиеттерін
жинақтауы тиіс.
Бұл: 1) тәуелсіздікке ұмтылу, 2) іс-әрекет еркіндігі, 3) шығармашылық жұмыс, 4) капитал құру, 5) үстемдікке, билікке, ықпалға қажеттілік, 6) жеңіске деген ерік, 7) қарсыластармен және өзімен күресте табысқа ұмтылу, 8) мүмкіндіктерді тану, 9) жобалай білу, 10) тәуекелдерді басқара білу, 11) сәтсіздікті бастан өткере білу, 12) жоспарлауға емес, әрекеттерге бейімділік.
Енді олар осы қасиеттерді кестеде көрсете алады: бірінші бағанада – оларда бар
қасиеттер, екіншісінде - әзірге жоқтары. Енді сіз студенттерден жоқ бағанына түскен әрбір қасиеттерді қалай дамыта алатындығын сұрай аласыз. Басқа студенттер пікірталасқа қатысып, өз нұсқаларын ұсынсын. Ең бастысы, оқушылар кәсіпкер үшін қажетті барлық қасиеттердің дамуы мүмкін екенін түсінуі керек.
Кәсіпкерлік
түрлері (В2В, В2С, В2G);
Біз мұндай кәсіпкерлердің кім екенін анықтадық. Бірақ кәсіпкерлік дегеніміз не?
Кәсіпкерлік – адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, оларға пайда әкелетін және қанағаттанушылық сезіміне бөлейтін игіліктерді өндіру.
3-тапсырма Студенттер кәсіпкерлер қандай игіліктерді өндіре алатынын және кәсіпкерліктің түрі қалай аталатынын талқылауы тиіс.
|
Игіліктерді өндіру түрлері |
Кәсіпкерліктін түрі |
|
|
|
Кәсіпкерлік әртүрлі болады. Кәсіпкерлікті түріне қарай бөлудің ең қолайлы тәсілі мыналар болып табылады: B2C, B2B және B2G. Business to Consumer B2C (яғни «тұтынушыға арналған бизнес») - бұл өндіруші немесе сатушы өз өнімін сату үшін тікелей тұтынушымен өзара әрекет жасайтын кәсіпкерлік
түрі. «Business to Business» B2B, (яғни, «бизнеске арналған бизнес») өнімдерді немесе қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске өткізетін кәсіпкерлік түрі.
Business to Government B2G (яғни «мемлекетке арналған бизнес») – қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске емес, мемлекеттік құрылымға өткізетін кәсіпкерлік түрі. Егер сіз кез келген дүкенге кірсеңіз, сөрелерде көптеген азық-түліктерді, мысалы,
сүтті көресіз. Ол сүт фермасында өндірілген.Фермада сиырлар бар, оларды ең соңында соңғы тұтынушы - біздер сатып алатын негізгі өнім – сүтті алу үшін бағып-қағады. Бұл B2C бизнесінің үлгісі. Бірақ ол сүтті сату үшін оны Tetra Pak қаптамасына, пластик немесе шыны бөтелкеге құю қажет. Барлық осы қаптамаларда
қақпақтар мен заттаңбалар болуы тиіс. Қаптаманы, қақпақтарды сататын және сүт фермасына арналған заттаңбалар шығаратын компаниялар – бұл B2B бизнестің мысалдары.Бизнес жасай алатындардың барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады, бұл – тауарлар мен қызметтер.
Тауарлар – ұстауға, өлшеуге, сақтауға, буып-түйюге болатын материалдық заттар
немесе бұйымдар. Тауарды кімнің өндіргені, станокта кімнің тұрғаны, оны кімнің қаптағаны тауарға маңызды емес. Тауарларды сатып алуға, үйге әкеліп, пайдалануға болады.
Қызметтердің заттай нысаны жоқ, олар қажет еткен адамдар үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттер болып табылады. Қызметтер деп шаштараз, мұғалім, пәтер сатушыға сатып алушыны, кеңесшіні және т.б. табуға көмектесетін риелтордың жұмысын атауға болады. Қызмет үшін оны кім өндіретіні өте маңызды, қызметтің нарықта танымал болуы қызмет өндірушісінің шеберлігі мен
кәсібилігіне байланысты. Нашар шаштаразға ешкім бармайды, сондай-ақ клиенттің қиындықтарына көмектесе алмайтын кеңесшіге де ешкім бармайды.
Осы екі жіктеменің тоғысында («B2C, B2B, B2G» және «тауар немесе қызмет») бизнестің көптеген түрлері туады. Олардың әрқайсысынан бірнеше мысал келтірейік. Мысалы, B2C Kaspi экожүй-
есі. «Kaspi дүкен» – Kaspi.kz онлайн-платформасының бір бөлігі, ол қаржы қызметтерін,онлайн-маркетплейсті, онлайн-төлемдерді, мобильді қосымшаны, бонустық бағдарламаны қамтиды. «Kaspi дүкен» әр түрлі сатушылардың тауар бағасын салыстыруға, қолайлы нұсқаны таңдауға, сатып алуды
бөліп төлеуге немесе несиеге ресімдегісі келген жағдайда, сондай-ақ тауарды кеңсеге немесе жұмысқа жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Мобильді қосымша интернет-дүкен, төлемдер, банк, бонустық бағдарлама, «Kaspi Гид» сұрақтарына жауап сервисі және Kaspi Bank бөлімшелері,
терминалдары және «Kaspi Maps» барлық банктерінің банкоматтарын іздеу бойынша сервисті біріктіреді.
Қазақстандық В2С Power Wi-Fi стартап Power Bank пен 4G WI-Fi біріктіретін құрылғыны жалға алу бойынша сервисті ұсынады. Қызмет саяхатшыларға арналған: роумингте, SIM-картада және айлық интернет пакетінде үнемдеу. Клиент power Wi-Fi-ді әуежайдағы ақпараттық тіректен алып, ұшып келгеннен кейін қайтарады. Жалға беру құны баратын елге байланысты, бірақ
ең төменгі баға 1Gb трафик үшін тәулігіне 2долл. басталады. Тағы 50 долл.сервис депозит ретінде ұстап қалады, оны құрылғыны қайтарғаннан кейін дереу береді. Барлық төлемдер PayPal арқылы жүргізіледі. Сервис Ресейде, Қазақстанда және Ұлыбританияда жұмыс істейді.
SmartSatu В2В платформасы өзара тәуелді бизнесті біріктіреді: азық-түлік дүкендері, тауар өндірушілер мен жеткізушілері. Өнім жеткізушілер тауарларды жариялайды, ал сауда орындары өнімді таңдап, тапсырыс береді. Тапсырыстар тәулігіне 24 сағат онлайн қабылданады, яғни дүкен өнім жеткізуші компаниялардың жұмыс режиміне тәуелді болмайды. Осылайша өтінімдер тез өңделеді, ал өнімді есепке алу электронды түрде қалыптасып келе жатыр. Стартап негізгі өнім өндірушілермен әрекеттестік жасайды және Seedstars CEE халықаралық конкурсында 1-ші орынға ие болды. В2В-SmartPay сервисі – бөлшек сауда дү кендерінде қолма-қол ақшасыз төлеуге
арналған шағын терминалдар. «Қазақтелеком» АҚ ауылдық елді мекен-
дерді талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін B2B, B2C, B2G секторларында жұмыс істейді.
4-тапсырма
Енді студенттер бизнестің түрлі үлгілері үшін өз 3 мысалын келтіруге тырысуы керек:
1) B2C тауарлары, 2) B2C қызметтері, 3) B2B тауарлары, 4) В2В қызметтері, 5) B2G тауарлары немесе қызметтері.
|
Бизнес түрі |
Мысал |
|
В2С тауары В2В тауары |
|
|
В2С қызметі В2В қызметі |
|
|
В2G тауары немесе қызметі |
|
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ
«Неге кәсіпкерлер экономика үшін маңызды?». Біз сіздермен кәсіпкерлік – бұл тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын игіліктерді өндіру немесе қайта бөлу екенін айттық. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет есебінен қоғамның байып жатқаны анық, тұтынушылар жаңа тауарлар мен қызметтерге қол жеткізе алады, кірістер мен шығыстарға байланысты неғұрлым сапалы немесе арзан тауарларды таңдай алады. Кәсіпкерлік бәсекелестіктің болуына немесе болмауына әсер етеді. Бір өнімді өндіретін бәсекеге қабілетті фирмалар неғұрлым көп болса, оның деңгейі соғұрлым жоғары, демек, тұтынушы алдында үлкен таңдау тұр. Кәсіпкерліктің көмегімен елдегі жұмыс орындарының саны өсуде, соның салдарынан жұмыссыздық азаюда. Сондай-ақ біз кәсіпкерліктің инновациялық қызметі туралы айта аламыз. Кәсіпкерліктің көмегімен және оның бәсекелестікке ықпал етуі нәтижесінде, экологияға зиянсыз, жұмысты жылдам немесе сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар пайда болады. Кәсіпкерлік елдің өзіне әлемдік деңгейге шығуға және басқа елдерден асып түспеседе, кем дегенде сол деңгейде болуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлігі дамыған мемлекет елдегі артылған өнімді шығарып, оны сатуға жібере отырып, өндірістік-өткізу рөлін атқара алады. Осылайша, елдің табысы, оның әлемдік нарықтағы мәртебесі артады.
Кәсіпкерлер түсіретін пайда олардың қоғам алдындағы жауапкершілігімен өтеледі. Жауапты кәсіпкер салық төлейді, өз тауарлары мен қызметтерінің сапасын қадағалайды, өз қызметкерлеріне уақытында жалақы төлейді, серіктестермен уағдаластықтарды бұзбайды. Осының бәрі компанияны табиғи жолмен өсіп келе жатқан біртұтас тірі ағзаға айналдырады және айналадағы барлық адамдардың өмірін жақсартады.
ІV. Қорытынды нұсқаулар
-
«Кәсіпкерлік ойлау» ұғымына анықтама беріңіз.
-
Кәсіпкерлік түрлерін атаңыз.
-
«Тауарлар» ұғымына анықтама беріңіз.
-
«Қызметтер» ұғымына анықтама беріңіз.
-
Кәсіпкерліктің мағынасын анықтаңыз.
V. Үй тапсырмаларын беру:
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ КОМАНДАНЫҢ РӨЛІ
• бизнес үшін команданың мәнін түсіну;
• команда қатысушыларының рөлдерін білу (PAEI моделі);
• компаниялар менеджменттің әртүрлі стилін талап ететін бизнесті дамытудың
әртүрлі кезеңдерінен өтетінін түсіну;
• ағынның күйі не екенін және оның артықшылықтары неде екенін білу;
• бизнес-жобамен бірлесіп жұмыс істеу үшін команда жинау.
Пән оқытушы: Барайкина Айгуль Алпысовна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бизнес-ойлау психологиясы

шағым қалдыра аласыз