Бизнес түрлері.Шағын және орта бизнесті талдау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бизнес түрлері.Шағын және орта бизнесті талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын және орта бизнес туралы. Бизнес түрлерін талдау. Бизнесті дамытатын құралдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бизнес түрлері.Шағын және орта бизнес түрлерін талдау

Кәсіпкерлік - пайдалы іс жүргізу ұйымдастыру арманы, жетістікке талпыну, практикалық зеректік сияқты шаруашылық жаңалығы. Кәсіпкерлік нарықтық экономика шарттарына негізделіп, өндіріс факторы бола алды. Дамыған елдердің экономикалық құрылымдарын еркін кәсіпкерлік жүйе деп бекер айтпаған. Адамдардың өз жеке ісін жүргізуіне түрлі себептер әсер етуі мүмкін. Жеке бас тәуелсіздігі, пайда табуға берілген шексіз мүмкіндіктер және өзі қалаған уақытта сүйікті ісімен шұғылдана алу еркіндігі – бұл тек себептердің бір бөлігі. Кім де болса кәсіпкер бола алады. Кәсіпкерлердің жас шамасына шекктеу қоылмайды. Мысалы, американдық бала Дэрил Бернстайн 15 жасына кітап жазды. Ол өз кітабында ақша табудың 50 әдісін сипаттады. Жетістікке жету кепілі болмаса да кәсіпкерлер бизнеске ұмтылады. Егер олардың есептері дұрыс болмаса, онда олар қаржы, уақыт және басқа да ресурстарын жоғалтады. Кәсіпкерлер өте қырағы келеді және әрбір мүмкіндікті пайдаланып қауіпті төмендетуге тырысады. Табыс табуға ұмтылу – еркін кәсіпкерлік жүйесіндегі негізгі қозғаушы күш. Пайда табу үшін кәсіпкер қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек. Бұл үшін тиімді технология шығару керек. Өндірісті қаржыландыру керек және тауар мен қызметін шығынды өртейтін бағада сатуы керек. Тәуекелге бару - жетістікке жету кепілі болмаса да кәсіпкерлер бизнеске ұмтылады. Егер олардың есептері дұрыс болмаса, онда олар қаржы, уақыт және басқа да ресурстарын жоғалтады. Кәсіпкерлер өте қырағы келеді және әрбір мүмкіндікті пайдаланып қауіпті төмендетуге тырысады.

Инновация - істі алға жылжытудың құралы. Тек инновация бар жерде - жаңаны енгізу, нағыз кәсіпкерлікке орын бар. Инновация – тек жаңа тауарлар мен қызметтер, жаңа жабдықтар мен технологиялар ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыру жаңашылдығы.  Электронды коммерция – электрондық пошта арқылы тұтынушыларға тауар ұсынатын немесе тауарлар мен қызметтерді жарнамалайтын және сататын инновация түрі. Бұл қызметтер Интернет байланысы арқылы атқарылады. Интернет бизнесі басқару жолдарын өзгертеді. Әр түрлі фирмалар арасындағы іскер адамдар Интернет байланысы арқылы хат алысып, іс жүргізеді. Кәсіпкерлер бұл салада жетістіктерге жетуде. Олардың ойлары мен қызметтерінің өзгеруіне электронды коммерцияның енуі себеп болды. Жаңалық 90 жылдардың басында енді. Қазіргі таңда Интернет – коммерция 1,2 миллион адамды жұмыспен қамтуда. Дәл сол адамдар желі бойынша сатып алады. Жуықтағы зерттеулердің көрсеткіші бойынша, ең танымал тауарларға кітаптар, компьютерлер бағдарламамен қамтамасыздандыру, әуәндер, туристік жолдамалар, киім және электроника кіреді. Электрондық комморция – экономиканың тек бір саласы, мұнда кәсіпкерлер тәуекелге бел буады және пайда алу үмітімен жұмыс жасайды.

  Қазақстан Республикасында заңдарына сәйкес шағын бизнестің субъектісі – заңды тұлғалар және кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалар. Шағын кәсіпорынның орташа жылдық жұмысшылар саны 100 адамнан аспауы керек, ал актив құны 60 мың ретті есептік көрсеткіш. Шағын бизнес (шағын кәсіпкерлік)- жұмысшылар санының шектеулілігімен және өндіретін өнім мөлшерінің шағын көлемімен сипатталатын кәсіпорын.   Біздің республика үшін шағын бизнес қоректік орта болуы тиіс, мұнда жаңа ойлар туындап, іске асарылады, мұнсыз тиімді экономикаға жету мүмкін емес. Қазақстанда шағын бизнестің көптеген жетістіктері бар. Оларда миллиондаған қазақстандықтар қызиет етуде. Мысалы, Ақтөбе облысында шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және дамыту аймақтық бағдарламасы сәтті жүгізілуде. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік аясында облыс бойынша 52 мың адам қызмет етуде (барлық жұмысшылардың санынан 30%). Облыс орталығының өзінде 2000 жыл 0,863 шағын кәсіпкерлік субъектісі,  оның ішінде жеке фермерлік шаруашылық болды. Жұмыс Істеушілер саны 29000 құрайды, олар өнімді 8 млрд. Теңгеге өндіріп, өңдеді, оның ішінде 840 млн. Елдің бюджетіне аударылды. Шағын бизнес алдында қандай мәселелер тұр? Шағын кәсіпкерліктің жетіспеушілігі неде? Қандай басымдықтары болса да, шағын бизнес тәуекелге тап келген кәсіпорын болуы мүмкін. Кем дегенде үш – төрт жыл ішінде екі – үш кәсіпорын сәтсіздікке ұшырайды. Экономиканың ауыр кезеңдері шағын бизнес үшін оңай болған жоқ. Шағын кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі ірі кәсіпорындарға қарағанда жоғары. 

Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 101-250 адам аралығында және жылдық орташа кірісі айлық есептік көрсеткіштің 300 мың – 3 миллион еселенген мөлшері (2016 жылға 636,3 млн. – 6 363 млн. теңге) аралығындағы дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Ал ірі кәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын және (немесе) айлық есептік көрсеткіштің 3 миллион еселенген мөлшерінен (2016 жылға 6 363 млн. теңгеден) асатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік стратегияның жаңа шарттарға бейімделуі кәсіпкерлік белсенділігі жүзеге асып жатқан орталарды жүйелі және толық зерттеуді талап етеді. Осыған орай, кәсіпкерлік аураны немесе іскерлік аураны зерттеудің маңыздылығы артып отыр. Бизнес ортаның сапалы және сапалы емес параметрлерінен көрініс табатын іскерлік аура белсенді кәсіпкерлікті анықтайтын фактор болып табылады.  

Іскерлік ортаны зерттеу – кәсіпкерлікті қолдау саясатының басты элементі.  Себебі, іскерлік ортаның тұрақсыздығы мен болжамсыздығы – бүгінгі инвестицияның құлауы мен ертеңгі өсім екпінінің төмендеуін көрсетеді. Осыған орай, бүгінде көптеген елдер ШОБ субъектілерін қолдау мен дамыту саласындағы саясаттың басымдықтарын анықтау мақсатында ксәпкерлік ортада, оның негізгі сипаттамаларындағы өзгеріс динамикасына сараптама жүргізу үшін бизнес-барометр құрылғыларын пайдаланады. Шағын және орта кәсіпкерлер субъектілеріне қызмет түрлері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттелетін заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары жатады. Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Қорыта келе кәсіпкерліктің қай түрі болмасын ерте жетіліп ,дамығаны әлеуметтік орта мен экономиканың дамуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің экспорт түрлерін дамыту арқылы еліміздің экономика саласын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндіктер бар. Ішкі нарық толыққанды сырттан келетін тәуелділікті қанағаттандыратын болса, ел қаржысы өз ішінде айналып, экономика нығаяды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2024
338
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі