400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

бжб

Материал туралы қысқаша түсінік
бжб
Материалдың қысқаша нұсқасы
























Жиынтық бағалауға арналған


әдістемелік ұсыныстар



Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде)



8-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.



Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
















































2

МАЗМҰНЫ


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4


Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» 4


Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика» 7


2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10


Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика» 10


Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис» 13


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16


Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» 16


Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң.


Синтаксис» 19


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 23


Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис» 23


Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация» 26













































3

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»


Оқу мақсаты 8.1.1.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге

сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау

8.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған

ақпараттан астарлы ойды анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы


  • Үзінді, дәйексөздер негізінде көтерілетін мәселені болжайды


  • Мәтіндегі ақпараттың астарлы ойын анықтайды


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі


Орындау уақыты 15-20 минут


Тапсырма

Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз.


Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым Алдан Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек?


(оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі) Мәтінде ары қарай не айтылуы мүмкін? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін? Мәтін жалғасын тыңдаңыз.


Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі мақсаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз . Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», – деп ой бөлісті түркітанушы.


Өз жауабыңызбен салыстырыңыз.

Шын мәнінде, мәтінде қандай мәселе көтерілді?

Ғалым не үшін қынжылады? Ол қандай ұсыныс білдірді?




4

Мәтін жалғасын тыңдаңыз.

Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне сауал жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте және жоғары оқу орындарында тереңдеп болмаса да, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін алға тартқан . Ол үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден, Қазақстанда жыл сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес, түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі тілдес елдердің парламенттік ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып отырмыз», – деп сөзін түйіндеді түркітанушы ғалым.


Ғалымның «мақұлдаған жауап алдық» дегені нені аңғартады? Сіздіңше, мәселенің шешімі қандай болды?






Бағалау критерийі

тап

Дескриптор

Балл




сырма






Білім алушы



Үзінді,

дәйексөздер


көтерілген мәселені болжайды;



негізінде

көтерілетін

1


1


мәселені болжайды



1








Мәтіндегі

ақпараттың

2

берілген сұрақтарға жауап береді;

1


астарлы ойын анықтайды














жауапты болжамымен салыстырады;

1






1










3

мәтіндегі астарлы ойды анықтайды.

1






1


Барлығы




7











































5

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі



Оқу жетістігі деңгейі




Төмен

Орта

Жоғары

Үзінді, дәйексөздер

негізінде

Көтерілген мәселені болжауда

Көтерілген мәселені болжауда

Көтерілген мәселені болжайды

көтерілетін мәселені болжайды

қиналады

қателеседі







Мәтіндегі ақпараттың

астарлы

Берілген сұрақтарға жауап

Берілген сұрақтарға жауап беруде,

Берілген сұрақтарға жауап

ойын анықтайды


беруде, жауапты болжамымен

жауапты болжамымен салыстыруда,

береді, жауапты болжамымен



салыстыруда, мәтіндегі астарлы

мәтіндегі астарлы ойды анықтауда

салыстырады, мәтіндегі



ойды анықтауда қиналады

қателік жібереді

астарлы ойды анықтайды






Shape1 Shape2 Shape3

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.10.2023
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі