«Бекітемін»
Қалалық білім берудегі
жаңа технологиялардың
ғылыми- әдістемелік
орталығының директоры
__________Д.Сағынғалиев
«06» қазан 2024ж.
«Бабалар аманаты» қалалық байқауының
Е Р Е Ж Е С І
І. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Алматы қаласында жыл сайын өткізілетін «Бабалар аманаты» байқауының (бұдан әрі қарай «Бабалар аманаты» байқауы) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.
2. «Бабалар аманаты» байқауы жыл сайын Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерінің ұйымдастыруымен өткізіледі.
ІІ. «Бабалар аманаты» байқауын өткізудегі мақсат пен міндеттер:
3. «Бабалар аманаты» байқауының мақсаты: атаулы күндері мен мерейтой иелерінің шығармаларын насихаттау, тарихқа құрметпен қарап, бабалар тағылымын дәріптеу.
4. «Бабалар аманаты» байқауының міндеттері:
-
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шығармашыл мұғалімдерін анықтау және қолдау көрсету, кәсіби дамуына жағдай жасау;
-
мұғалімнің беделін арттыру;
-
педагогтің ұлттық құндылықтарды шығармашылықпен насихаттауына жол ашу;
-
атаулы күндер мен мерейтой иелерінің рөлін бағалау.
ІІІ. «Бабалар аманаты» байқауын өткізу мен ұйымдастыру тәртібі
5. «Бабалар аманаты» байқауына оқыту қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде жүргізілетін мектептердің кемінде 5-10 жылдық еңбек өтілі бар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысады.
6. «Бабалар аманаты» байқауы 5 сайыстан тұрады. Әр сайыста насихатталатын мерейтой иесі (атаулы күн) сол жылы атап өтілетін атаулы күндер мен мерейтойлар тізімінен алынады:
1) «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» сайысы Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығы бойынша, сайыс 3 кезеңнен тұрады. Сайысқа әр ауданнан 1 адам қатысады.
-
1-кезең – «Ұлылар әлемі». Қатысушы мерейтой иесі шығармашылығының қазіргі кездегі өзектілігін, өміршеңдігін дәлелдейтін ғылыми жоба дайындап, 5 минуттық таныстырылым (презентация, бейнебаян, т.б.) арқылы қорғайды.
Ескерту! Ғылыми жобаның
-
көлемі: кіріспе бөлім – 1 бет, қорытынды бөлім – 1 бет, зерттеу бөлімі – 8 бет, аннотация – 250 сөз (тек қазақ тілінде), пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
рәсімделуі: Word, 14 шрифт
-
бағалау критерийі (қойылатын ұпай саны – 2 балл, барлығы – 10 балл):
-
тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігі;
-
жобаның ғылыми тұрғыдан ашылуы;
-
зерттеу әдістерінің тиімділігі;
-
жобаның шығармашылық деңгейі;
-
шешендік қабілеті.
-
2-кезең – «Көркемсөз шебері». Қатысушы мерейтой иесінің шығармаларынан жаттаған өлеңдерінің тізімін қазылар алқасына алдын ала тапсырады. Өзі ұсынған тізіміндегі 1 шығарманы жатқа оқиды (2 минут). Бұған қоса қазылар алқасы қатысушы өзі ұсынған тізімнен кез келген шығармадан үзінді оқуын сұрайды.
Бағалау критерийі (қойылатын ұпай саны – 2 балл, барлығы – 10 балл):
-
мәнерлеп оқу шеберлігі;
-
автор ойын жеткізе алуы;
-
жатқа білетін шығармалар саны;
-
сахналық мәдениеті;
-
көркемдік безендірілуі.
-
3-кезең – «Шабыт». Қатысушы мерейтой иесіне арналған өз туындысын жатқа оқиды.

туындының тақырыпқа сәйкестігі, жүйелілігі;
-
туындының мазмұнының тереңдігі;
-
туындының көркемдік қуаты;
-
туынды ұйқасы/ құрылымы;
-
сөйлеу мәдениеті, сахналық мәдениеті.
2) «Айтсын деп ақиқатты тілді берген» ақындар айтысы 2024-2025 оқу жылы Қасым ханның 580 жылдығына арналған, «Қасым ханның қазақ тарихындағы рөлі» тақырыбында өтеді. Әр ауданнан 2 адам қатысады. Айтыста әр жұпқа 15-20 минут уақыт беріледі. Қатысушылар белгіленген уақыт ішінде мерейтой иесінің (атаулы күннің) тарихтағы рөлін, ерлігін оқушыларға жеткізу мәселелерін көтереді.

суырыпсалма ақындық шеберлігі;
-
әдеби тіл байлығы;
-
қарсыласқа жауап беру / сұрақ қою шеберлігі;
-
тақырыпты аша алуы, қазіргі таңдағы өзекті мәселелермен байланыстыруы;
-
сахналық мәдениеті.
3) «Бір шығарма ізімен» әдеби сайысы 2024-2025 оқу жылында жазушы Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жылдығына байланысты ұйымдастырылады. Бұл сайыстың 3 кезеңіне әр ауданнан 1 адам қатысады. Қатысушылар Шерхан Мұратазаның «Қызыл жебе» роман-эпопеясы бойынша:
-
1-кезең – «Ой-түрткі». Қатысушы ұсынылған шығармаға алдын ала дайындаған жарнамасын ұсынады. Жарнама лифлет, слайд, бейнеролик, мультфильм, хабарландыру, т.с.с. формада дайындалады. Әр қатысушыға жарнама мазмұнын таныстыру және қорғау үшін 5 минут уақыт беріледі.

жарнаманың ұтымдылығы, тиімділігі;
-
креативтілігі;
-
мазмұнының тұтастығы;
-
мақсатты аудиторияға негізделуі;
-
жарнаманы таныстыру шеберлігі.
-
2-кезең – «Ой-көкпар». Қатысушы шығарманың мазмұны, сюжеті, идеясы, кейіпкерлердің әрекеті, көтерілген мәселелерді қамтитын жабық тест сұрақтарына (5 нұсқалы, 1 дұрыс жауапты тест сұрақтары) жауап береді. Сұрақтар саны – 10. Тапсырманы орындауға берілетін уақыт – 20 минут. Тапсырманы орындау жылдамдығы бойынша рейтинг анықталады. Рейтингті қазылар алқасы жұмысты тапсырған уақытты белгілеу арқылы анықтайды. Дұрыс жауаптар санына қарай 0-10 балл, тапсырманы орындау жылдамдығына қарай 0-2 балл беріледі.
-
3-кезең – «Ой-сарын» – қатысушы шығарма кейіпкерінің бірін сомдайды (монолог, диалог).

тіл тазалығы;
-
үзіндіні жатқа оқуы;
-
мәнері;
-
актерлік шеберлігі;
-
кейіпкерді сомдауы (костюм, гримм, ым-ишара, жүріс-тұрысы, т.с.с.).
4) «Шешендік өнер» сайысы 2024-2025 оқу жылында М. Қашқаридің 995 жылдығына арналады. Сайыс 3 кезеңнен тұрады:
-
1-кезең – «Ұлылар ұлағаты». Қатысушы 5-7 минут ішінде мерейтой иесіне (атаулы күнге) арналған 1 сабақтың барысымен, ресурстарымен, күтілетін нәтижесімен таныстырады.

оқу және сабақ мақсаттарының сәйкестігі;
-
әдіс-тәсілдердің тиімділігі;
-
тапсырмалардың саралануы;
-
ресурстардың мазмұны мен тиімділігі;
-
ұлттық құндылықтардың сабақта көрініс табуы.
-
2-кезең – «Тапқырлар». Қатысушы берілген жағдаятқа сәйкес мақал-мәтел, афоризм, т.с.с. қолданып, мәселені шешу жолын ұсынады.

ойдың жүйелі берілуі;
-
пікірдің / шешімнің дәйектілігі, дәлелділігі;
-
мақал-мәтелдерді, афоризмдерді орынды қолдануы;
-
мәселені шешу үшін ұсынған әрекеттерінің тиімділігі;
-
көпшілік алдында сөйлеу әдебі.
-
3-кезең – «Шешендік шиырлары». Қатысушы берілген тақырып бойынша 1 минут ішінде өз тұжырымын жеткізеді.

тақырыптың ашылуы;
-
уақытты тиімді қолдануы;
-
тіл байлығы;
-
ой тереңдігі;
-
аудиторияны баурауы.
5) «Өмір – өнер, өнер – өлшем...» сахна өнері сайысы. 2024-2025 оқу жылы І. Жансүгіровтің 130 жылдығына арналады. Сайыс 3 кезеңнен тұрады:
-
1-кезең – «Білгенге маржан». Қатысушы драма өнері, теориясы, драмалық шығармаларды қамтитын жабық тест сұрақтарына (5 нұсқалы, 1 дұрыс жауапты тест сұрақтары) жауап береді. Сұрақтар саны – 10. Тапсырманы орындауға берілетін уақыт – 10 минут.
-
2-кезең – «Экспромт». Қатысушыға Ілияс Жансүгіров шығармаларынан бір үзінді беріледі. Қатысушы оны берілген бағыттың бірінің қызметіне сай креативті өзгертеді, қорғайды. («Шығармадан тыс қалған көрініс». «Осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін?» деген сұрақты қоя отырып жазады. «Жалғастырып жазу» «Кейіпкердің тағдыры әрі қарай қалай болуы мүмкін?» деген сұрақты қоя отырып жазады. «Фокусты ауыстыру» шығармадағы қосалқы кейіпкер туралы жазады. «Моральдық қайта бағдарлау» жағымды кейіпкерді жағымсызға (немесе керісінше) айналдырады. «Жанрлық трансформация» мақала, пьеса, т.б. жанрларға айналдырады. «Кроссовер» шығарма кейіпкерлерінің диалогін жазады.

ойды жүйелілігі;
-
импровизациялық шеберлігі;
-
автор стиліне еліктеуі;
-
креативтілігі;
-
автор стилінен басқа тың шешім табуы.
-
3-кезең – «Портрет». Қатысушы Ілияс Жансүгіров шығармаларынан қойылым әзірлеп сахналайды. Ұзақтығы 5-7 минут.

киім кию, сахна мәдениеті.
IV. Ұйымдастыру комитеті
7.1. Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады, бағалау критерийлері бойынша бағалау парақтарын, хаттамаларын әзірлейді.
7.2. Іс-шараны өткізудің жалпы тәртібін, өтетін күнін, орнын белгілейді, қатысушылар тізімін бекітеді.
7.3. Байқаудың қорытындыларына талдау жасайды.
7.4. Іс-шараның материалдарын дайындайды.
7.5. Іс-шараның нәтижелерін БАҚ-та жариялайды.
7.6. Қазылар алқасын бекітеді.
7.7. Қорытынды шешім хаттамаға төраға мен хатшының қол қоюымен ресімделеді.
V. Қалалық «Бабалар аманаты» байқауына қатысушыларды қазылар алқасы бағалайды. Ұйымдастыру комитеті білікті мамандардан, кәсіби сайыстардың жеңімпаздарынан, өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасын бекітеді. Қазылар алқасы:
8.1. Қатысушылардың білімі мен өнерін өлшемдерге (критерийлерге) сәйкес бағалалайды.
8.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
8.3. Байқаудың қорытындысын шығарады.
V. Байқаудың ашылуы, қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау
Байқаудың ашылуы, қорытындысы, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтеді.
«Бабалар аманаты» байқауының әр сайысы бойынша орындар төмендегідей бөлінеді:
І орын – 1 қатысушыға;
ІІ орын – 2 қатысушыға;
ІІІ орын – 3 қатысушыға.
Сұраныс үлгісі
1-қосымша
|
№ |
Қатысушының аты-жөні (жеке куәлікке сәйкес) |
Ауданы |
Мектебі |
Сайыс атауы |
|
|
ҮЛГІ |
|||||
|
1 |
Әзірбек Жансая |
Бостандық |
31 |
«Ақынның қаламы –адалдық алаңы» |
+7 777 654 1514 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бжб

шағым қалдыра аласыз