400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

бжб

Материал туралы қысқаша түсінік
3 тоқсан. №1 бжб. «Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль» бөлімі бойынша бжб
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 тоқсан. №1 бжб. «Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль» бөлімі бойынша бжб

Оқу мақсаты

10.2.4.1 Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.


Бағалау критерийі

Білім алушы. Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігінсалыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады.


Ойлау дағд деңгейі

Қолдану


Тапсырма. Суреттерге мұқият зер салып қараңыздар. Нені байқадыңыздар?


1-тапсырма «Әлеуметтік теңсіздік - бұл...» тақырыбында өз ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. «Кедейлік психологиясынан арылмай, қазақ қалай байысын?!» А мәтінін және «Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік-құрылымдық өзгерістер» Ә мәтінін оқыңыз. Ұсынылған кестеге сүйеніп, салыстыра талдау жасаңыз

А мәтіні Кедейліктің психолгиясынан арылмай, қазақ қалай байысын

«Арамтамақ! Қиянатшыл! Қалтасы бар, түбі жоқ! Қанаушы!»- сұмдық-ай, қазақ неге бай десе, бірден осылай тітіркенеді де қалады? Әйтеуір, әл-ауқаттыларымыз жайлы жақсы сөзге сараңбыз, есесіне еңселі үйі мен оған кіріп-шыққан көліктерін көрген сайын көзімізге бәле көрінгендей, «осылар не істеп байыды екен?!.» - деп жыбыр ете қалатындарымыз аз емес. Сонда деймін-ау, кедейдің кедей болғанына бай жазықты ма? Яғни, байығанның бәрі жемқор ма? Санамызға бай жайлы, байлық жайлы осынша өшпенділік отын кім жақты екен?

Сананы тұрмыс емес, дұрысы – тұрмысты санаға билету.
Бүгінде біздерді осындай халықтың ұрпағы деп кім айтады? Бай көрсек, бәле көргендей жиырылып шығуымыз - сол ке­ңес­тік саясаттан. Байды қырып, «шолақ белсенді» етіп, кедей деген әлеуметтік топтың әлеуетін күшейту арқылы қазақтың психологиясына төңкеріс жасады. Содан не керек, «Ауруын жасырған өледі» демекші, ашығын айтуымыз керек, бүгін біз тәуелсіз ел болсақ та, әлі сол кедейлік психологиясынан арыла алмай отырмыз. Бізге бәрін біреу беру керектей: мәселен, жұмыс беруші жалақысын жоғарылатуы керек, мемлекет үй беруге тиіс, бағалар төмен болуы шарт, сондай-ақ көптеген қызмет тегін болуы тиіс! Ең арзан киім, арзан тамақ, әйтеуір, арзан атаулыны іздеп, кейде әлдебір затты сәл арзандау алу үшін сағаттап кезек күтуге бармыз. Таныс психо­логия ма? Көбіміздің осылай ойлайты­ны­мыз өтірік емес қой? Аталған қасиеттердің барлығы кедейлік психологиясына тән белгілер екен. Ал одан гөрі ақша табудың қосымша жолын қарастырып, әлгіндей кезекке кеткен уақытын одан да сол екінші жұмысқа кетірсе қайтер еді? Солай ете алса ғой, шіркін, «кедейлік психология­сынан» құлан-таза айығып кетер еді-ау!.. Қазақтың бай-қуатты болуына ең бірінші кедергі болып отырған – осы мәселе. (237 сөз)
Мариям Әбсәттәр «Алаш айнасы» газеті. http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=20&id=48526

Ә мәтіні. Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік-құрылымдық өзгерістер
Қазіргі таңда Қазақстандағы теңсіздіктің ресми көрсеткіштеріне халықаралық, адамзат дамуының индексі және елдің өз көрсеткіштері жатқызылады. Ресми статистикалық деректер бойынша, Қазақстандағы теңсіздік жағдайы дағдарыстық емес және жыл сайын теңсіздік көрсеткіші төмендеп келеді. Осылайша, Джини индексі 2001-2015 жылдар аралығында 0,366 дан 0,278 – ге төмендеген.

Қазақстандағы теңсіздік бірнеше көрсеткіштер арқылы анықталады: аймақтық және елді мекендік тұрғыдағы ресми көрсеткіштер, жан басына шаққандағы ақшалай көрсеткіш, еңбекақы және жұмыссыздық көлемі, «кедейшілікте» өмір сүретін халық үлесі.

Қазақстандағы теңсіздік мәселесін шешу мақсатында аймақтар арасындағы дисбалансты теңдестіру, сонымен қатар, моноқалаларды дамыту, түрлі индустриалды жобаларды жасау сынды бірқатар шараларды жүзеге асыруға акцент қойылып отыр. Теңсіздік мәселесін шешу мақсатында жұмысбастылық пен еңбекақы көлемін арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы қолға алынды. Барлық аймақтағы жалақы көлемінің теңдей болуына қол жеткізу, сонымен қатар кедейшілікті түбімен жою мақсатында «Болашақ» бағдарламасымен мамандар оқытылуда. Яғни, Жапонияны мысалға алар болсақ, кедейшілікті төмендетудің ең тиімді шарасы – білім алу деңгейін жоғарылату екендігін түсінуге болады. 2014 жылы аз қамтылған қазақстандықтардың 10 мыңы осы бағдарлама арқылы білім алуға қол жеткізді. Осылайша, мемлекет теңсіздікті төмендету мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. (169 сөз)

Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы Экономика ғылымдарының докторы, профессор. https://alashainasy.kz/economica/

Мәтіндер

А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы



Көзделген аудиториясы



Стилі,

негізгі белгілері



Авторлар қолданған тілдік ерекшеліктер



фразеологизмдер





теңеу



метафора



эпитет





инверсия



риторикалық сұраулы сөйлемдер



көне сөздер





Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын,

қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады

1-2

әлеуметтік теңсіздік тақырыбы бойынша өз ойын 3 сөйлеммен жазады;

3

негізгі тақырыбын анықтайды;

1

көзделген аудиторияны табады;

1

стилі мен негізгі белгілерін анықтайды;

авторлар қолданған тілдік ерекшеліктерді табады;

көркемдегіш құралдарды ажыратады.


1



4

1

Барлығы

11

2-тапсырма. «Теңсіздік – адами әрекеттердің нәтижесі» тақырыбында келісу/келіспеу ойыңызды білдіріп, публицистикалық стильде шағын мақала жазыңыз.( 80-100 сөз)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.02.2025
254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі