бжб

Тақырып бойынша 29 материал табылды

бжб

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі. 3 тоқсан. №1бжб. «Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі. 3 тоқсан. №1бжб. «Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.

Оқу мақсаты:

9.1.4.1Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;

9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі:

Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

Салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түріне қарай түрлендіріп қолданады.

Ойлау дағд. деңгейлері:

Қолдану. Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

Тапсырма. Мәтінді тыңдап, берілген кестені толтырыңыз.

Демография - мемлекет дамуының кепілі

Демография – кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Өйткені қай мемлекеттің де дамуына халық саны ықпал етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауының бiр тармағын демографиялық ахуалға арнайды. Әсіресе, Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық ахуалға айрықша көңіл бөлді.

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 272 мың 400 адамға жетті. Статистикалық деректерге шолу жасағанда халық санының өсуі бірінші кезекте туу көрсеткішіне тәуелді болып отырғаны аңғарылады. Жалпы, демографиялық өсімді арттыру үшін ана мен бала денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы тиіс. Халық денсаулығын жақсарту мақсатында арнайы бағдарламалар да қабылданды.

Ана мен бала денсаулығы – демографиялық саясаттың негізгі көрсеткіші. Демографиялық ахуалдың түзелуі – елдің экономикалық әлеуеті, әлеуметтік қорғалуы мен медициналық қызмет сапасының артуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының бастамасымен 2030 жылға дейін жүзеге асатын «Отбасылық-гендерлік саясат жөніндегі концепция» іске қосылды. Әлеуметтік төлемдердің жыл сайын артуы – отбасылық-демографиялық ахуалға да оң әсер етуде. Бүгінде жыл сайын елімізде 300-400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар жүзеге асып, жүйелі жұмыс істеп отырса, ол елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруына дем бере алады. Ал егер мемлекеттік тұрғыда ұлттық құндылықтар мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған шаралар жалғасын тапса, демографиялық өсімнің одан ары дамуына жол ашылады.(192 сөз) //turkystan.kz/article/71428-demografiya-memleket-damuyny-kepili

Мәтін бойынша графикалық органайзерді толтырыңыз.

Бірінші азатжолдағы негізі ой

Екінші азатжолдағы негізі ой

Үшінші азатжолдағы негізі ой

















Қорытынды:

мәтін қандай мақсатта жазылған?









2-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтаңыз. Жасалу жолын түсіндіріңіз.

Берілген сөйлемдер

Салаластың түрі

Жасалу жолы

Мен өзімді көпті көрген көнемін деп ойлаушы едім, - баланың батыл жауабынан қысылып қалдым.





Күн батты, тауды қара көлеңке басты.



Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.





Опасыз адам жел сияқты: алдыңда құдық барда артыңнан итереді. (Құтып)




3-тапсырма. Берілген салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай «+» «-» белгісі арқылы ажыратыңыз.

Сөйлемдер

Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

Кезектес салалас құрмалас

Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.




Не қазан-ошаққа араласа алмайды, не серуенге шығар серік таппай селтиіп жалғыз жүреді.




Қалың жұрт екіге бөлінеді: ұқпаған өлік, түсінген тірі.(Ж. Баласағұн)




Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.




Үш нәрсе тұрақтамайды: бірі – саудаға түспеген мал, екіншісі – таласқа түспеген ғалым, үшіншісі - саясаты жоқ патша. (С. Сараи)




«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

1


Мәтінді мұқият тыңдап, ой тұжырымдайды;

1

Мәтін мақсатын анықтайды, өз пікірін білдіреді;

1

Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтайды;

1

Ойын жүйелі жеткізеді;

1

Салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түріне қарай түрлендіріп қолданады.

2

Сөйлемнің салалас құрмаластың қай түріне жататынын ажыратады, жасалу жолын түсіндіреді.

1-cөйлем;

2-сөйлем;

3-сөйлем;

4-сөйлем.



1

1

1

1

Барлығы

8

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2025
211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі