400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БЖБ №2 4-тоқсан қазақ тілі 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 тоқсанға арналған №2 БЖБ тапсырмасы қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

8-сынып қазақ тілі пәні БЖБ

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм»

Оқу мақсаты:

8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;

8.4.5.1 - сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану.

Бағалау критерийі

  • тақырыбы ұқсас мәтіндердің стильін, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), салыстыра талдау жасайды;

  • сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Ойлау дағдыларының қолдану

деңгейі:

Орындау уақыты: 15-20 минут

Мәтінді түсініп оқыңыз.

1-мәтін

2-мәтін.

Саяхат бізге не үйретеді?

Өзіңізге қажет заттарды ғана алып, жалғыз саяхат тау мен арнайы тур арқылы топпен автобусқа мініп саяхаттаудың екі бөлек дүние екенін білесіз бе? Экскурсиялық және демалу үшін саяхаттау теледидардың алдында жатып, визуалды әсер алумен ғана тең. Ал жеке, жалғыз шығып ел-жерді аралау – мүлдем басқа саяхат. Онда керемет әсер алумен қатар, сіз өзіңізге жаңалық ашасыз, мүлдем өзгеше тәжірибе ала аласыз. Бұл – өмірлік сабақ.

Саяхаттауды демалыспен шатастырмайық. Біз «демалыс» деп үйде, жылы төсекте жатуды айтамыз. Туристік инфроқұрылымы дамыған елдерге барып келу де демалыс бола алады. Ал саяхат – демалыс емес. Сіз онда ауыр жүкпен тауға да шығасыз, ұзақ жол да жүресіз, тропикалық ормандарда терлеп-тепшіп, тундраларда тоңасыз. Бұл демалыспа?! Кейбір саяхаттар өте қиын болуы да мүмкін. Сондықтан саяхаттаудың демалыс емес екенін ұғу керек.

Ең керемет сәт – оралу. Сіз өз Отаныңызға, туған жеріңізге ораласыз. Әлемге өзгеше қарап, таныстармен өзгеше қарым-қатынас құра бастайсыз. Себебі сіз өзгердіңіз, тәжірибе жинадыңыз. Ең бастысы, сіз саяхаттаудан өмірлік сабақ аласыз, көзқарас қалыптастырасыз, жаңа әлемді көресіз, өміріңізде өзгеріс болады.

(Дайындаған Ардақ Құлтай)

Көлде жүрген қоңыр қаз

Қыр қадірін не білсін?!

Қырда жүрген дуадақ

Су қадірін не білсін?!

Көшіп-қонып жүрмеген

Жер қадірін не білсін?!

Көшсе қона білмеген,

Қонса көше білмеген,

Ақылыңа көнбеген

Жұрт қадірін не білсін?!

(Асан қайғы)

1-тапсырма. а)Мәтіндерді стилін анықтаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.

1-мәтін

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________2-мәтін

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ә)Мәтіндерді түрін анықтаңыз (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау). Дәлелдеңіз.

1-мәтін.

3-тапсырма. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілеріне байланысты құрылған тест тапсырмасын орындаңыз.

1. Тыныс белгілері қабаттаса келетін сөйлемдерді белгілеңдер.

A) Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі, қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады

B) Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен

C) Мына жайды байқадың ба

D) Көзіңе қарамайсың ба деп шаңқ етті!?

2. Тыныс белгілері қабаттаса келетін сөйлемді белгілеңдер.

A) Олжабек бұл жолы жауапты қолма-қол қайырды

B) Бименденің әкесінің аты Сыздық еді, ауылды «Сыздық ауылы» дейтін

C) Уа ағайын Арадағы түйткілді қан төкпей-ақ шешсек болмай ма?..

D) Қараңғыда кісінеген жылқының дауысы естілді.

3. Қабаттасып келген тыныс белгілердің қойылуына не себеп екенін белгілеңдер.

Астапыралда! – деді Итбай.

A) Төл сөз, одағай

B) Қаратпа сөз, төл сөз

C) Төл сөз, қыстырма

D) Лепті, қыстырма, диалог

4. Ой санамалап айтылғанда қойылатын тыныс белгі:

A) Үтір

B) Нүктелі үтір

С) Сызықша

D) Нүкте

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор Білім алушы

Балл

-тақырыбы ұқсас мәтіндердің стильін, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), салыстыра талдау жасайды;

2

Мәтіндерді стилін анықтайды.

1

Ойын дәлелдейді.

1

1

Мәтіндерді түрін анықтайды;

1

Ойын дәлелдейді.

1

1

сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

3

Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілеріне байланысты құрылған тест тапсырмасын орындайды:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

1

1

1

1

Барлығы

10

Дұрыс жауаптар

Мәтінді түсініп оқыңыз.

1-мәтін

2-мәтін.

Саяхат бізге не үйретеді?

Өзіңізге қажет заттарды ғана алып, жалғыз саяхат тау мен арнайы тур арқылы топпен автобусқа мініп саяхаттаудың екі бөлек дүние екенін білесіз бе? Экскурсиялық және демалу үшін саяхаттау теледидардың алдында жатып, визуалды әсер алумен ғана тең. Ал жеке, жалғыз шығып ел-жерді аралау – мүлдем басқа саяхат. Онда керемет әсер алумен қатар, сіз өзіңізге жаңалық ашасыз, мүлдем өзгеше тәжірибе ала аласыз. Бұл – өмірлік сабақ.

Саяхаттауды демалыспен шатастырмайық. Біз «демалыс» деп үйде, жылы төсекте жатуды айтамыз. Туристік инфроқұрылымы дамыған елдерге барып келу де демалыс бола алады. Ал саяхат – демалыс емес. Сіз онда ауыр жүкпен тауға да шығасыз, ұзақ жол да жүресіз, тропикалық ормандарда терлеп-тепшіп, тундраларда тоңасыз. Бұл демалыспа?! Кейбір саяхаттар өте қиын болуы да мүмкін. Сондықтан саяхаттаудың демалыс емес екенін ұғу керек.

Ең керемет сәт – оралу. Сіз өз Отаныңызға, туған жеріңізге ораласыз. Әлемге өзгеше қарап, таныстармен өзгеше қарым-қатынас құра бастайсыз. Себебі сіз өзгердіңіз, тәжірибе жинадыңыз. Ең бастысы, сіз саяхаттаудан өмірлік сабақ аласыз, көзқарас қалыптастырасыз, жаңа әлемді көресіз, өміріңізде өзгеріс болады.

(Дайындаған Ардақ Құлтай)

Көлде жүрген қоңыр қаз

Қыр қадірін не білсін?!

Қырда жүрген дуадақ

Су қадірін не білсін?!

Көшіп-қонып жүрмеген

Жер қадірін не білсін?!

Көшсе қона білмеген,

Қонса көше білмеген,

Ақылыңа көнбеген

Жұрт қадірін не білсін?!

(Асан қайғы)

1-тапсырма. а)Мәтіндерді стилін анықтаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.

1-мәтін

Публицистикалық стиль, қоғам өміріндегі маңызды мәселе талқыланып тұр. Мақала түрінде жазылған. Жұртшылықты мәні бар іске қатыстыру, халықтың санасына ықпал ету мақсатында жазылған. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________2-мәтін

Көркем әдебиет стилі, поэзиялық өлең. Өлеңнің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі жоғары. Ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі сөз риторикалық сұрау қолданылған.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ә)Мәтіндерді түрін анықтаңыз (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау). Дәлелдеңіз.

1-мәтін.

Пайымдау мәтіні. Мәтіннің ерекшелігі: сұраққа жауап іздеу мақсатында талқыланған.

Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылған. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденген.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________2-мәтін

Әңгімелеу мәтіні. Мәтін «не істейді? не істеді?» деген сұрақтарға жауап береді.

Сөйлемдер тізбектеле байланысады.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілеріне байланысты құрылған тест тапсырмасын орындаңыз.

1. Тыныс белгілері қабаттаса келетін сөйлемдерді белгілеңдер.

A) Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі, қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады

B) Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен

C) Мына жайды байқадың ба

D) Көзіңе қарамайсың ба деп шаңқ етті!?

2. Тыныс белгілері қабаттаса келетін сөйлемді белгілеңдер.

A) Олжабек бұл жолы жауапты қолма-қол қайырды

B) Бименденің әкесінің аты Сыздық еді, ауылды «Сыздық ауылы» дейтін

C) Уа ағайын Арадағы түйткілді қан төкпей-ақ шешсек болмай ма?..

D) Қараңғыда кісінеген жылқының дауысы естілді.

3. Қабаттасып келген тыныс белгілердің қойылуына не себеп екенін белгілеңдер.

Астапыралда! – деді Итбай.

A) Төл сөз, одағай

B) Қаратпа сөз, төл сөз

C) Төл сөз, қыстырма

D) Лепті, қыстырма, диалог

4. Ой санамалап айтылғанда қойылатын тыныс белгі:

A) Үтір

B) Нүктелі үтір

С) Сызықша

D) Нүкте

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
33 ұстаз жүктеп алған
29.04.2024
2455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі