400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БЖБ 3-сынып Әдебиеттік оқу 3-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ 3-сынып Әдебиеттік оқу 3-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: әдебиет 3 сынып (БЖБ-6)

Нұсқа-1

Бөлім

«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз

жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты

тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген

сұрақтар қою және жауап беру

3.2.6.1 Кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-

әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен

дәлелдер келтіріп бағалау

3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу,

соңын өзгерту ), өлең (төрт жолды), әңгіме

(оқығаны, көргені бойынша) жазу

Бағалау критерийі

  • Мәтінді түсініп оқиды, қажетті ақпаратты анықтайды

  • Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді

  • Шығарманың кейіпкерлерін сипаттайды

  • Оқығаны/көргені бойынша мәтін құрап жазады

Ойлау дағдысының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тыңдалым және айтылым, оқылым және жазылым

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

Ахмет Байтұрсынов - ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр тұрмысын, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсеткен. Халықты оқуға, білім - ғылымға, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке жалқаулық сияқты кемшіліктерді сынайды. Ол орыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуына негізделген қазақ әліпбиін құрастырған. Бұл «Жаңа емле» атты әліпбиін қазір де Қытай, Ауғанстан, Ресей, Ирандағы қазақтар пайдаланады. Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін елеусіз қалдырмау үшін оның туған күні 5 қыркүйек – «Қазақстан халқы тілдері күні» болып 2017 жылы қарашада жарияланды.

https://kk.wikipedia.org/wiki/Ахмет_Байтұрсынұлы

Мәтінге ат қой. _______________________________________________________________

Мәтін кім туралы? ___________________________________________________________

Ақын өлеңдерінде халықты не істеуге шақырады? _________________________________

_____________________________________________________________________________

5 қыркүйек - Қазақстан Республикасында «Тілдер күні» болып жариялану себебін жаз.

_____________________________________________________________________________

Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз. _____________________________

________________________________________________________________________________

Мәтіннің кейіпкеріне мінездеме бер. ________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма

Оқыған/көрген/естігендеріңнің негізінде суреттегі атақты тұлғалардың біреуі туралы

жаз.

Бауыржан Момышұлы

Абай

Құнанбайұлы

Ыбырай Алтынсарин

Тоқтар

Әубәкіров

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Нұсқа-2

Бөлім

«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз

жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты

тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген

сұрақтар қою және жауап беру

3.2.6.1 Кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-

әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен

дәлелдер келтіріп бағалау

3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу,

соңын өзгерту ), өлең (төрт жолды), әңгіме

(оқығаны, көргені бойынша) жазу

Бағалау критерийі

  • Мәтінді түсініп оқиды, қажетті ақпаратты анықтайды

  • Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді

  • Шығарманың кейіпкерлерін сипаттайды

  • Оқығаны/көргені бойынша мәтін құрап жазады

Ойлау дағдысының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тыңдалым және айтылым, оқылым және жазылым

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

Ыбырай Алтынсарин - ағартушы-педагог, жазушы, қоғам қайраткері. Әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өседі.  Тоғыз жасында 1850 жылы Орынборда ашылған мектепке қабылданады. Ол сабақты ынта қойып оқып, "өте жақсы" бітіреді. Өзінің еліне келіп тілмаштық қызмет атқарады. Бірақ Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалы қызмет істеуді мақсат етеді. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. Қазақтар үшін алғашқы бастауыш мектеп ашылғанда өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болып барады. Ол балаларға ана тілін ұқыптылықпен үйретеді. Көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез - құлыққа баулуды көздейді. Қазақ тілінде оқулық жасауды білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Сөйтіп "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден құрастырылады. Олардың біразын өзі жазады, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан аударып алады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/Ыбырай_Алтынсарин

Мәтінге ат қой. _______________________________________________________________

Мәтін кім туралы? ___________________________________________________________

Тілмаш болып жүрген Ыбырайдың алдына қойған мақсаты не? _____________________

_____________________________________________________________________________

Ыбырайдың "Қазақ хрестоматиясы" оқулығын жазу себебін ата.

_____________________________________________________________________________

Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз. _____________________________

________________________________________________________________________________

Мәтіннің кейіпкеріне мінездеме бер. ________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма

Оқыған/көрген/естігендеріңнің негізінде суреттегі атақты тұлғалардың біреуі туралы

жаз.

Қажымұқан Мұңайтпасов

Құрманғазы Сағырбайұлы

Ахмет Байтұрсынұлы

Әлия

Молдағұлова

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінді түсініп оқиды,

қажетті ақпаратты

анықтайды.

Мәтін бойынша

сұрақтар құрастырады

және жауап береді.

Шығарманың

кейіпкерлерін

сипаттайды.

1

мәтінге ат қояды;

1

мәтіннің кейіпкерін анықтайды;

1

мәтіннің мазмұны бойынша бірінші сұраққа жауап береді;

1

мәтіннің мазмұны бойынша екінші сұраққа жауап береді;

1

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ

құрастырады;

1

кейіпкерге мінездеме береді.

1

Оқығаны/көргені

бойынша мәтін құрап

жазады

2

оқығанының/көргенінің негізінде

атақты тұлға туралы мәтін құрастырып жазады

1

кейіпкерге қатысты ақпараттарды

қамтиды

1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
1307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі