Материалдар / БЖБ 4-тоқсан №2 9-сынып қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БЖБ 4-тоқсан №2 9-сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
4-тоқсанға арналған №2 БЖБ 9-сынып қазақ тілі тапсырмалар жинағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2024
1644
16 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9-сынып қазақ тілі пәні бойынша № 2 БЖБ

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.Пунктуация» бөлімі бойынша

жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда

мәтіндер құрастыру;

9.4.5.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану;

Бағалау критерийі

  • мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін жинақы мәтін құрастырады;

  • құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ережеге сай қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Орындау уақыты: 20 минут

1-тапсырма. Берілген мәліметтерді негізге алып, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін жинақы мәтін құрастырыңдар.

Адам  баласы  табиғатты  қорғау  үшін   оның  заңдылықтары  мен  негізгі  ұстанымдарын  білуге  міндетті:

1.Биосфера шегінде  барлық  тірі  организмдер  бір-бірімен  байланысты.  Бұл   байланыстардың біреуінің  бұзылуы

табиғаттағы  тепе-теңдікке  өзгерістен  әкелуі  мүмкін.

2.Табиғатта  ешбір  зат  жоғалып  кетпейді.  Егер    адам  баласы  жаңа  бір  затты  дүниеге  әкелсе  оны  жоюдың  да  жолын  ойлауы  керек.  Олзат  табиғи  айналымға  түсуі  тиіс.  Мысалы: адам  полиэтиленді  ойлап  тапты.  Полиэтилен     табиғатта  айналымға түспейді.   Себебі,  оны  ыдырататын  редуцент   яғни  бактерия  жоқ.

Осыдан  барып  жер  бетінде  қоқыстар  көбеюде.

3.Табиғаттағы экожүйелер  мен  ондағы  қарым-қатынас  ұзақ  жылғы

тұрақты  даму  эволюциясының   жемісі.  Сондықтан  адам  баласы  оныбұзбауы  керек.  Ал  бұзған  жағдайда  қайтымсыз  экологиялық

апаттарға  алып   келуі  мүмкін.  Осыған  орай,  табиғат

қорғау  ғылымы  алдында  бірнеше  маңызды  міндеттер  тұр:

    • өндірісті,өнеркәсіпті  және  агрокешендерді  игеру  кезінде  табиғатқа  түсетін  салмақ  ең  аз  мөлшерде  болуы  керек;

    • өндіріс пен  өнеркәсіп    салаларын  ұйымдастыру  кезінде

адам   баласы  мен  табиғат  арасында  экологиялық

қауіпсіздік  сақталуы  тиіс;

    • табиғат ресурстарын  игеру  кезінде  оның  қоршаған

ортаға  пайдалы  әсеріне  көңіл  бөлінуі  керек;

    • табиғат ресурстарын   сол  қалпында    сақтау  үшін

қорықтар,  ұлттық  саябақтар  мен  басқа  да ерекше  қорғалатын  обьектілерді  көбейту  қажет;

    • қоршаған орта  мен  адам  баласының  денсаулығын

сақтау  үшін  экологиялық  қауіпсіздік  шаралары  қадағала-

нып  отырады.

Табиғат- адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады.

Табиғатты қорғау дегеніміз – табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру.

  1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты.

  2. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек.

  3. Табиғаттағы экожүйелер бұзылмауы керек, ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін.

Қорыта айтқанда адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы.

2-тапсырма. Сөйлемдердің құрмаластың қай түрі екенін анықтап, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіріңдер.

Мысалдар

Құрмалас сөйлемнің

қай түрі?

Тыныс белгісі

1.Қазақстан су ресурсына онша бай емес, себебі өзендердің жартысына жуығы көрші елдерден келсе, ал кей өзендер сортаңдар мен құмдарға

сіңіп, ізін жоғалтады.

Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

Себебебі деген жалғаулық арқылы жасалған

Тыныс белгісі: үтір

2.Көрмеге келушілер «жасыл экономиканың» жетістіктерін өз көздерімен көрді, баламалы

энергияның өндіріс жолдарының жай-күйіне де қанықты.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

Жалғаулықсыз, қолданылған тыныс белгісі: үтір

3.Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті, - табиғатты қорғау заңдылықтары қазіргі таңда дұрыс орындалып жатқан жоқ.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Жалғаулықсыз, қолданылған тыныс белгісі: үтір, сызықша

4.Әлемнің көптеген елі бірлесе әрекет етсе, экологиялық мәселелер шешіледі.

Шартты бағыныңқы сабақтас

қолданылған тыныс белгісі: үтір

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

  • мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін жинақы мәтін құрастырады;

  • құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ережеге сай қолдану.

1

2

Берілген мәліметтерді негізге алып, мәтін жазады;

1

мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін жинақы мәтін құрастырады, құрылымын сақтайды;;

1

Сөйлемдердің құрмаластың қай түрі екенін анықтап, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіреді:

1-сөйлем;

2-сөйлем;

3-сөйлем;

4-сөйлем.

1

1

1

1

Сөйлемдерге қойылған тыныс белгісін анықтайды, қойылу себебін түсүндіреді:

1-сөйлем;

2-сөйлем;

3-сөйлем;

4-сөйлем.

1

1

1

1

Барлығы – 10 балл

Дұрыс жауаптар

1-тапсырма. Берілген мәліметтерді негізге алып, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін жинақы мәтін құрастырыңдар.

Адам  баласы  табиғатты  қорғау  үшін   оның  заңдылықтары  мен  негізгі  ұстанымдарын  білуге  міндетті:

1.Биосфера шегінде  барлық  тірі  организмдер  бір-бірімен  байланысты.  Бұл   байланыстардың біреуінің  бұзылуы

табиғаттағы  тепе-теңдікке  өзгерістен  әкелуі  мүмкін.

2.Табиғатта  ешбір  зат  жоғалып  кетпейді.  Егер    адам  баласы  жаңа  бір  затты  дүниеге  әкелсе  оны  жоюдың  да  жолын  ойлауы  керек.  Олзат  табиғи  айналымға  түсуі  тиіс.  Мысалы: адам  полиэтиленді  ойлап  тапты.  Полиэтилен     табиғатта  айналымға түспейді.   Себебі,  оны  ыдырататын  редуцент   яғни  бактерия  жоқ.

Осыдан  барып  жер  бетінде  қоқыстар  көбеюде.

3.Табиғаттағы экожүйелер  мен  ондағы  қарым-қатынас  ұзақ  жылғы

тұрақты  даму  эволюциясының   жемісі.  Сондықтан  адам  баласы  оныбұзбауы  керек.  Ал  бұзған  жағдайда  қайтымсыз  экологиялық

апаттарға  алып   келуі  мүмкін.  Осыған  орай,  табиғат

қорғау  ғылымы  алдында  бірнеше  маңызды  міндеттер  тұр:

    • өндірісті,өнеркәсіпті  және  агрокешендерді  игеру  кезінде  табиғатқа  түсетін  салмақ  ең  аз  мөлшерде  болуы  керек;

    • өндіріс пен  өнеркәсіп    салаларын  ұйымдастыру  кезінде

адам   баласы  мен  табиғат  арасында  экологиялық

қауіпсіздік  сақталуы  тиіс;

    • табиғат ресурстарын  игеру  кезінде  оның  қоршаған

ортаға  пайдалы  әсеріне  көңіл  бөлінуі  керек;

    • табиғат ресурстарын   сол  қалпында    сақтау  үшін

қорықтар,  ұлттық  саябақтар  мен  басқа  да ерекше  қорғалатын  обьектілерді  көбейту  қажет;

    • қоршаған орта  мен  адам  баласының  денсаулығын

сақтау  үшін  экологиялық  қауіпсіздік  шаралары  қадағала-

нып  отырады.

Табиғат- адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады.

Табиғатты қорғау дегеніміз – табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру.

Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:

  1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты.

  2. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек.

  3. Табиғаттағы экожүйелер бұзылмауы керек, ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін.

Қорыта айтқанда адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы.

2-тапсырма. Сөйлемдердің құрмаластың қай түрі екенін анықтап, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіріңдер.

Мысалдар

Құрмалас сөйлемнің

қай түрі?

Тыныс белгісі

1.Қазақстан су ресурсына онша бай емес, себебі өзендердің жартысына жуығы көрші елдерден келсе, ал кей өзендер сортаңдар мен құмдарға

сіңіп, ізін жоғалтады.

Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

Себебебі деген жалғаулық арқылы жасалған

Тыныс белгісі: үтір

2.Көрмеге келушілер «жасыл экономиканың» жетістіктерін өз көздерімен көрді, баламалы

энергияның өндіріс жолдарының жай-күйіне де қанықты.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

Жалғаулықсыз, қолданылған тыныс белгісі: үтір

3.Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті, - табиғатты қорғау заңдылықтары қазіргі таңда дұрыс орындалып жатқан жоқ.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Жалғаулықсыз, қолданылған тыныс белгісі: үтір, сызықша

4.Әлемнің көптеген елі бірлесе әрекет етсе, экологиялық мәселелер шешіледі.

Шартты бағыныңқы сабақтас

қолданылған тыныс белгісі: үтір

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!