400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БЖБ 4-тоқсан қазақ тілі 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
№2 БЖБ 4-тоқсан қазақ тілі 8-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

8-сынып

Театр өнері мен мәдениеті. Қазақстандағы туризм және экотуризм» бөлімі бойынша

4-тоқсан бойынша 2-БЖБ тапсырмсы

Аты - жөні:

1-мәтін

Тақырыбы

Қазақстандағы туристік маршруттар. БЖБ №8

Оқу мақсаты:

8.2.5.1 - перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;

8.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.

1-мәтін

Туризм – әлемде дамуы жағынан дес бермей келе жатқан ауқымы кең сала. Әлемде туризм саласымен ғана дамып, байып елдің ішкі және сыртқы экономикасын қалыптастырып отырған мемлекеттер бар. Атап айтқанда, Еуропа елдері, Оңстүстік Америка, Шығыс Азия және теңіз, мұхиттармен шектесіп жатқан арал тектес мемлекеттер.

Еліміздегі туризм саласын қалыптастыруға және дамытуға географиялық картасы да, орналасу аумағы да, табиғаты да сай келеді. Арысы мұнаймен, құмды даламен шектесетін, берісі Арқа, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларымен шектесетін елдің орталығы да, солтүстігі де ең керемет байлыққа байып жатыр. Ол, әрине, орманды алқаптар. Қазақстанға туристердің келу үрдісі жалғасып жатыр. Елімізге келетін туристердің, жиһанкездердің айтуынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Ақтау және қаншама мың жылдық тарихы бар Түркістан қаласы Қазақстандағы ең керемет туристік қалалар қатарына жатады. Бұдан өзге елдің туристік және мәдени дамыған қаласы ретінде Шымкент, Тараз қалаларын да атап өтеді. Туристік саланың дамуы тек бір табиғат ортасымен шектелмейді. Инфрақұрылымдық салалар бойынша дамыған, мәдени ошағы кең, қонақжайлығы және көз тартатын жәдігерлерімен де ерекшеленеді.

Қазақстандағы туризмнің дамуы – елдің ішкі экономикасының өсуіне әсер етеді. Сондықтан әрбір ел азаматы өз қаласының, ауданының осы саладағы мехнизімін құрып, дамытуға үлес қосуға міндетті. (176 сөз).

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/49120/


2-мәтін


Тарихи - археологиялық ескерткіштердің туристік - экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез - келген нысандары туристік - экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық - тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор.

Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ, Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6-3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген «Алтын адам», 2001 - 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археологиялық туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық  Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады. (130 сөз). https://kk.wikipedia.org/wiki


1-тапсырма. 1-мәтін мазмұнына байланысты өз ойыңызды білдіріңіз. Тақырыпқа сай тұжырымыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[3]

2-тапсырма. 2 - мәтін мазмұнына сәйкес перифразалау арқылы 3 сұрақ құрастырыңыз.

1.___________________________________________________________________


2.___________________________________________________________________


3.___________________________________________________________________

[3]


Жазылым

Тапсырма

Берілген екі тақырыптың біріне жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданып, аргументативті эссе жазыңыз. Өз жұмысыңызда сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілердің болуын ескеріңіз.

[6]

  1. Қазақстан туризмі шет мемлекеттердегі туризм саласымен бәсекелес бола ала ма?

  2. «Театр – тәрбие көзі» деген пікірмен келісесіз бе?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
10.05.2024
1082
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі