БЖБ 6-сынып 1-тоқсан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БЖБ 6-сынып 1-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 3-тоқсанға арналған БЖБ жұмысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы І тоқсан

І нұсқа

Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым . Жазылым

Оқу мақсаты 6.3.4.1. Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене

отырып, түрлерін салыстыру

6.4.1.1. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме,

түсініктеме, өмірбаян жазу

6.5.1.3. Реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша

жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі • Мәтіндердің стильдік, жанрлық ерекшелігін, түрін

салыстырады

Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазады

Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады

1.Тапсырма Мәтіндерді оқып, түрлерін, жанрын салыстырыңыз

1-мәтін

20 тамыз

Қалаға көшіп келгелі бір апта болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп қалған маған қаланың шулы өміріне үйрену қиындау болатын сияқты. Бүгін анаммен киім алуға базарға бардым. Автобуспен 1 сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша ішім пысып, зерігіп кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүретін сияқты көрінді. Биік ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды.

4 қыргүйек

Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.

2-мәтін

Біздің ауыл тамаша!

Көз тоймайды қараса...

Ағып жатыр өзені,

Жағасына өскен көп қамыстар аласа.

Әйтеке би атамыздың,

Есімімен аталған.


Қаздай болып тізіліп,

Әдемі үйлер салынған.

Мешіт те бар ауылда,

Саябақ бар тағы да,

Өзге ауылға бара қалсам,

Тез қайтамын ауылымды сағына



Салыстыру аспектілері

1-мәтін

2-мәтін

жанры




тақырыбы






Мазмұнын ашатын 1 сөйлем










2 сөз тіркесі





2. Жанрлық ерекшелігін сақтап, екі күнге арнап күнделік жазыңыз . Реттік сан есімдерді қолданыңыз





































Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор


Балл

Білім алушы:


Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін, түрін салыстырады


1

Мәтіндердің жанрын анықтайды

2

Тақырыбын анықтайды

2

Мәтін мазмұнын ашатын 1 сөйлем жазады

1


Тірек сөз болатын 2 сөз тіркесін табады

2


Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазады.

Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады

2

Жанрлық ерекшелігіне сай күнделік жазады

1

Ішінде реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады

1

Барлығы:



9


«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы І тоқсан

ІІ нұсқа

Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым. Жазылым

Оқу мақсаты 6.3.4.1. Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене

отырып, түрлерін салыстыру

6.4.1.1. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме,

түсініктеме, өмірбаян жазу

6.5.1.3. Реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша

жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийі • Мәтіндердің стильдік, жанрлық ерекшелігін, түрін

салыстырады

Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазады

Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады

1.Тапсырма Мәтіндерді оқып, түрлерін, жанрын салыстырыңыз

1-мәтін

Сарыарқа - Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі - 500-600 метрдей. Солтүстігінде Батыс-Сібір жазығы мен оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы.

Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілеміне жатады. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.

Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м).

2-мәтін

Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау көп еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.

Бір күні сол бала шайқастан кейін сəл тынығып алмақшы болады. Көлдің суына шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сəтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Байқаусызда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, əл-дəрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп алады. Сол батыр осы Оқжетпес болса керек.

Салыстыру аспектілері

1-мәтін

2-мәтін

жанры




тақырыбы







Мазмұнын ашатын 1 сөйлем








2 сөз тіркесі





2. Жанрлық ерекшелігін сақтап, екі күнге арнап күнделік жазыңыз . Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданыңыз




































Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор


Балл

Білім алушы:


Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін, түрін салыстырады


1

Мәтіндердің жанрын анықтайды

2

Тақырыбын анықтайды

2

Мәтін мазмұнын ашатын 1 сөйлем жазады

1


Тірек сөз болатын 2 сөз тіркесін табады

2


Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазады.

Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады

2

Жанрлық ерекшелігіне сай күнделік жазады

1

Ішінде реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады

1

Барлығы:



9







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2024
523
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі