400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

БЖБ Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер. Сөз мәдениеті Публицистикалық стиль

Материал туралы қысқаша түсінік
бөлім бойынша жиынтық бағалау. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер. Сөз мәдениеті Публицистикалық стиль
Материалдың қысқаша нұсқасы

11-сынып, 2-тоқсан №2 IVбөлім. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер. Сөз мәдениеті Публицистикалық стиль

Оқу мақсаты

11.2.4.1

Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс

қағаздар,



публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет



стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын,



мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын,



тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. 11.4.3.1- белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:көркемдеу, айшықтау дəлелдеу, сөздерді сұрыптайбілу(образды-эстетикалық)


Бағалау критерийі

Білім алушы





Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын,


мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік


ерекшелігін талдайды




Ойлау дағдыларының

Жоғары деңгей дағдылары



деңгейі






Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым, жазылым




Орындау уақыты

15-20 минут





Тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз.


1-мәтін


Бүгінгі жастардың тіл мәдениеті соңғы жылдарда әр қырынан талданып, зерделенуде. Сөйлеу мәдениетіне үлкен мән берген халқымыз «Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді» дейді.


Кез келген халықтың тарихына үңілсеңіз де, өнер алды саналатын қызыл тілге, шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табасыз. Шешендік өнерге биік парасат, жоғары мәдениеттілік керек. Ал мәдениеттілік тілмен тығыз байланысты.


Мәселен, бүгінгі таңдағы жастарымыз мүлдем батыстанып бара жатқан тәрізді. Олар қазақ халқының сөз кестелерін бұрмалап, елден ерекше көрінгілері келе ме, шетелдің жаргон сөздерімен сөйлеуді күнделікті әдетке айналдырып алған. Қазақ халқы қашан да сөзге шешен, суырыпсалма, дұшпанын бір ауыз сөзбен тойтарып отырған емес пе?! Бүгінгі жастардың сөйлеу мәдениеті мүлде өзгеше дәрежеде, жастарымыздың бір ауыз сөздің өзін кібіртіктеп, тұтығып барып әрең жеткізетініне бәріміз де куә болып жүрміз. Сөйлеу барысында жалпы қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді шектен тыс көп пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымша жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері бар.


Кейбір жастарымыз үйде, көшеде, қоғамдық орындарда бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда қалай болса, солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Тіл ерекшелігі, сөйлей білу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз – ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж.Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деген. Ендеше, түкке тұрғысыз сөздерді түбімен жоймасақ та, аз да болса дұрысырақ сөйлеп үйренейік.


2-мәтін

Өзім үшін ұялдым…

Газеттен хабарлама оқыдым. «Требуется наборщица». Қоңырау шалдым.

Сәлеметсіз бе? Мен хабарлама бойынша хабарласып тұр едім…

По-русски знаете?

Бір кісідей білемін.

А по-английски?

Білмеймін…

Стыдно! Компьютер знаете?

Білемін. Тарсылдатып тере аламын.

Раньше работали наборщицей?

Иә, істедім.

Стаж работы сколько лет?

20 жасымнан бері «наборщица» болып істеп келем. 23 жыл болды.

Сколько вам лет?

43 жастамын.

Нам, желательно, молодые нужны. Вы казашка да?

Иә. Қазақша сөйлеп тұрмын ғой.


Если бы вы были другой национальности и знали бы казахский, то… можно было. А вы «новый казах?»


Жоқ. Бұрыннан қазақпын…


Извините, нам молодые нужны. Желательно другой национальности или хотя бы «новые казахи» не помешали бы… До свидания!


«Гук-гук-гук-гук-гук...» Ұят-ай, не ағылшын тілін білмеймін, не «молодой» емеспін, не «жаңа қазақ» емеспін…«Стыдно!..»

1-тапсырма. Екі үзіндінің ұқсастығы мен айырмашылығын (мәтіннің түрін, мақсатын, мазмұнын, стилі мен тілін, аудиториясын) салыстырып, жазыңыз.



1-мәтін

2-мәтін

Мәтіндердің стилі




Мәтіндердің тақырыбы




Автор көзқарасы



Мақсатты аудиториясы және мәтіннің мақсатты аудиторияға қатысты мақсаты


Құрылымы


Стильдік ерекшеліктерге сәйкес тілдік қолданыстардан мысал келтіріңіз және себебін түсіндіріңіз


2-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Мәтінде келтірілген «сөзі мірдің оғындай екен» тіркесі қандай көркемдік құралға жатады?
A) Теңеу B) Нақыл сөз C) Гипербола D) Айшықтау
2. Мәтіндегі «Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді» сөйлемі қандай мақсатпен қолданылған?
A) Оқырманға көңіл көтеру үшін B) Жастардың тіл мәдениетін дәлелдеу үшін
C) Көркемдеу үшін D) Тек сөздік қоры көрсету үшін

3. Мәтін бойынша жастардың сөйлеу мәдениетін сипаттағанда қандай қате байқалады?
A) Салыстыру мен нақыл сөздерді көп қолданады
B) Қазақ тілінің қалыптасқан сөйлем тәртібін бұзады және кірме сөздерді артық пайдаланады
C) Тек әдеби шығармалардағы сөздерді қолданады
D) Сөздерді дұрыс айтып, мәнерлі жеткізеді





Бағалау критерийі

Дескриптор



Балл





тапсырма

Білім алушы





Әртүрлі


стильдегі

1

мәтіндердің стилін анықтайды;


1


мәтіндердің



мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

1


тақырыбын,

автор


автордық көзқарасын түсіндіреді;


1


көзқарасын,

мақсатты


мақсатты аудиторияны анықтайды;

1


аудиторияға

сәйкес








2мәтіннің

құрылымдық

бөліктерін

1


қызметін,

құрылымын,


көрсетеді;





тілдік


ерекшелігін









Мәтіннің стильдік ерекшеліктеріне тән тілдік қолданыстардан мысалдар келтіреді.



2


салыстыра талдайды










2

Тест сұрақтарына жауап бер

3























10




















































жауарпжауап




















жауап A) Салыстыру
B) Жастардың тіл мәдениетін дәлелдеу үшін
B) Қазақ тілінің қалыптасқан сөйлем тәртібін бұзады және кірме сөздерді артық пайдаланады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14.12.2025
46
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі