БЖБ дж тарих 8 сынып 3-тоқсан №1

Тақырып бойынша 31 материал табылды

БЖБ дж тарих 8 сынып 3-тоқсан №1

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ дж тарих 8 сынып 3-тоқсан №1
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып

Сталиннің билігі тұсында КСРО қалай дамыды?

Неліктен фашизм Италия мен Германияда өрбіді?


Оқу мақсаты

8.4.2.1 «жоспарлы экономика», «нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып,
XX ғасыр бірінші жартысындағы капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстыру

8.1.2.1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • «жоспарлы экономика», «нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып, капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстырады

  • қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалына талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

20 минут



Тапсырма

Сталиннің билігі тұсында КСРО-дағы әлеуметтік топтардың мәртебесіндегі өзгерістерге дәлел келтіріңіз.

Қорытынды ой-


1.Төмендегі термин сөздерге анықтама жазыңыздар

Қорытынды ой -




Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл



Білім алушы

«жоспарлы экономика», «нарықтық экономика» ұғымдарын қолдана отырып, капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстырады



1

Жұмысшы табы мәртебесіндегі өзгерістерге дәлел келтіреде.


1


Шаруалар мәртебесіндегі өзгерістерге дәлел келтіреде

1

Зиялылар мәртебесіндегі өзгерістерге дәлел келтіреде

1

Қорытынды ой жазады

1

қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалына талдау жасайды

2

фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық ұғымарына анықтама береді

5

Қорытынды ой жазады

1

Барлығы

10





«Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер» бөлімі бойынша «Иманды болу парызың» баяндама




Қатысушы: 8-11 сынып қыздары

Ата-бабаларымыз «Иман тұрған жерде ұят тұрады» деген мақалды бекерден-бекер қолданбаған ғой. Адамзаттың ең бір асыл қасиеттерінің бірі Ар, Ұят, Ұялу, парасатты тәрбиені көрген адамның ісі. Осы мақсатта міне бүгін өздеріңізбен бірге, «Иманды болу парызың»деген тақырыпта сіздермен жиналып отырмыз. Осы кешімізді өткізудегі негізгі мақсат: Иманды да ибалы ұрпақты тәрбиелеу және оны түсіну еді. Ендеше, «Әрбір ақылы бар адамға иман парыз,әрбір иманы бар адамға ғибадат парыз» деп Абай атамызда оның мәнін аша түскен.

Пайғамбарымыз: «Ұят иманнан болмаса,оның ұяты жоқ. Басқаша айтқанда иманы толық болмағанның ұяты болмайды»-деген. Бұл жастарға ғана емес,кей үлкендерімізге де қатысты нәрсе. Қазақ өзі қашанда теңіз ойдың тереңін,тұнған ақыл мөлдірін,айтар сөздің асылын тауып айтатын, «жүректен шыққан сөз,жүрекке жетеді»демекші ет жүректі селт еткізбей қоймайтын халық. Ата-бабаларымыз бір шумақ өлеңмен,нақыл сөздермен айтар ойын дөп басып айтқан.

«Ең әуелі керек нәрсе иман» -деген,

«Ақырет істеріне илан!» -деген!

«Құдай кешірер!» -деген мен іс бітпейді,

«Иман шартын білмесе, ибан» -деген,екен.

Еліміз тәуелсіздігін алып, әлемге таныла бастағалы дінімен халқымыз қайта қауышты. Өшкеніміз жанды, дінге деген көзқарас жақсылыққа қарай өзгерді. Ендігі міндет осы Алланың ақ жолымен адаспай дінімізді дамытып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру.

Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ.Әрбір қыз бала-болашақ ана. Ол өз өмірінің жалғасын, ертеңгі елді құрайтын және соған ие болатын ұрпақты өмірге әкеледі. Қыз баланың өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігін, мәдениетінің төмендігін көрсетеді.Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз- көңіліңе жақын дегендей- мейірімділік пен қамқорлыққасиеттерін, ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.

Қыз-ең қасиетті сөз.Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналған. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді.

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді.Қазіргі қазақ қыздарының жүріс-тұрысы, өз бойын күтуі, киім киісі, үлкен-кішіге ұшырамы мүлдем өзгеше.Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады.Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйел адам. Сондықтан да бүгін жалпы берілетін тәрбиенің ішінен қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алғандығы негізгі мақсатым: адамгершілігі мол, әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды тәрбиелеп шығару. Бұл бағыттағы жұмыстардың көпшілігі ата аналармен қоян-қолтық араласуды тікелей қажет етеді.
«Анасын көріп қызын ал» дейтін халық мақалы текке айтылмаса керек. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады. Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Өзінің ана тілін қадірлемейтін қыздардан жақсы ана шығады деп айта алмаймын. Тілін қадірлемеген адам, ол ұлттың салтынан да,дәстүрінен де хабарсыз болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет. Бойжеткендеріміз осыны ұмытпаса деймін.
Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймын. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлікпен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен, не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді,мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі-өнеге көрсетуде. Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты салдырлатпау, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді, тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз мииииии бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың жауапкершілігін сездіреді.

Қазақ қоғамындағы басты байлық адам болса, ақылды да иманды, парасатты да тəрбиелі қыздар-ортаймайтын ең құнды қазына. «Қоғамды тəрбиелеймін десең, қызыңды тəрбиеле» деген қағиданың мəні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты. «Қыз, əйел, ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені өмірдің бастау-бұлағы анадан адамзат тарап, ұрпақ өсіп, ұлт қатары көбейеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілі мен дінін, əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін де əйел-ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тəрбиелеу ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.

Ұлттық құндылықтарды ардақтайтын қазақтың қыздары қарапайымдылығымен, сыпайылығымен, инабаттылығымен танылып, халқымыздың үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ер-азаматты қадірлеу секілді дəстүрін ұстанады. Сондай ибалы қыздарданиманды ұрпақ өрбиді


Қыздарға ақыл кеңестер. 
Ерінің әдемі болсын десеңіз, жылы сөздер айтыңыз .

Көздерің әдемі болсын десеңіз, адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.

Сыртқы пішінің сымбатты болсын десеңіз, аш жалаңаштанбай талғамыңызды бөлісе біліңіз. 
Өз-өзіңе сенімді болу үшін әр кез өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліп жүріңіз. 
Есіңде болсын, егер бір күні сізге көмек болса сіз оны бір-біріңіздің қолдарыңыздан табасыз Есейе келе сіз бір қолыңыз өзіңізге жәрдем үшін, ал екінші қолыңыз өзгелерге көмектесу үшін екенін білесіз. 
Ал қазір отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
Ия, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлты на жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін-өзі ұстау этикасын білмеу. Міне осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті-ақ.
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі-ұлттық салт-дәстүрлер.
Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек.

Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру өсіру гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек.

Қазіргі қыздар тым сәнқой. Сәнқойлығы сондай, көп қыздар жазда жалаңаш (ашық-шашық деген мағынада), қыста жалаңбас жүреді. Жылуы жоқ жұқа бешпет, капрон шұлық киіп, қалтырап сабаққа не қызметке барады. «Қарағым-ау, бүйтіп жүріп денсаулығыңды жоясың ғой!» дегің келеді оларға. Жоқ, оларға денсаулық емес, сән керек. Санасын сән билеп кетсе, не дерсің оларға?!Қазіргі қыздар тарқылдап күледі, қайқаңдап жүреді. Үлкендерге ізет жасауды білмейді-ұлттық сыпайылық жоқ.

...Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады. Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпау керек, себебі қыздың жалаңаш денесіне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта “Есті қыз етегін қымтап ұстайды” деген мақал бар... Әсіресе, етекті қарасанға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Қазақтың жазба әдебиеті Абай, Ыбырай шығармаларынан бастау алады. Сол кездің өзінде-ақ көрнекті ағартушы Ы.Алтынсарин имандылық тәрбиесіне аса назар аударған. Имандылық тәрбиесінең бірінші орынға қойған. Алғашқы оқулық «Қазақхрестоматиясы» да осындай мазмұнда құрылған болатын.
Сөз соңын Елбасымыздың: «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей-еліміз толық түзелмейді» деген пікірімен қорытындылағым келіп отыр. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білгей.

Қыздарымыз ибалы болса, ұрпағымыз иманды болады




Мұғалімнің сабағына талдау кестесі

Сабақтың талдаушы: Оразбаева Индира


Сабақ өткізуші: Курманбекова Айгерим


Күні: 07.09.2023 Сыныбы:_8 «Ә» Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Сабақтың мақсаты: XX ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси процестерге баға береді.

XX ғасыр басындағы басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси процестерді түсіндіреді.

XX ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси процестерге өз пікірін білдіреді

Ескертпелер

Мұғалім пікірі


1

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?


Оқушылардың қызығушылығын ояту, өмірмен, оқушының білер білімімен байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.


2

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?


Аралас сабақ. Сабақта оқушыларға білім дайын түрде ұсынылмады, оны мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше алу қажет болды.Миға шабуыл әдісі арқылы оқуылар жаңа тақырыпқа шығады.


3

Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?

А) білімділік

Ә) дамытушылық

Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

Сауатты, таза, дұрыс сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту; Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтырып тұрды.


4

Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?


Сабақты өмірмен байланыстыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсілдермен өткізді.


5

Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс

болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?


Сабақтың әр кезеңдері бір – бірімен тығыз байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.


6

Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

«Сұрақтар кестесі», «Болжау кестесі», «Айтарым бар?» әдістері арқылы оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырды.


7

Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?


Ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға өз тарапымнан қолдау көрсетті.

8

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар мен берген тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары арттырды.


9

Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

Оқулық, жұмыс дәптерлері, суреттер топтамасы, кеспе қағаздар.


10

Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Сабақ барысында тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың бір бірімен ақылдаса жұмыс жасауы, ұйымшылдыққа, бір біріне сенім білдірулеріне, бір бірінің жауабын сыйластықпен тыңдауы басшылыққа алынды.


11

Үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма ХХғ.б.әлеуметтік экономикалық жағдайы тақырыбына шығармашылық ізденіс:. Оқушы үйде өз бетінше орындай алатын тапсырма берілді.


12

Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

Сабақ барысында қажеттілікке қарай туындап отырады. Мысалы оқушы тапсырманы орындауда қиналып отырса, «Көршіңмен ақылдас» әдісіне салып, жұптық тапсырма ете салды.


13



Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?





Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлайды.













Оқушының аты-жөні

«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІ тоқсанға арналған ТЖБ



1. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің қандай уәделері әсер етті?

a)

b)

c)

d)

XX ғасырдың басындағы Қазақстанда Ленин бастаған үкімет қандай уәделерді орындамады? Неліктен?



DrawObject1 [6]

2. Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметіне талдау жасаңыз.

Алаш автономиясының жетекшілері

Түркістан автономиясының жетекшілері

Әлихан Бөкейханов

Жаһанша Досмұхамедов

Мұхаммеджан Тынышпаев

Мұстафа Шоқай

Қоғамдағы қызметі мен рөлі







































Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

1.

2.

[6]

  1. Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуына қатысты терминдер мен цифрларға анықтама беріңіз. Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз.



1920 жылы 26 тамыз












1920 жылы 4 қазан


С. Меңдешев


В.А. Радус-Зенькович








Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз.

1.

2.

3.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2025
288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі