«Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис» бөлімі
1-нұсқа
|
Оқу мақсаты: |
8.2.3.1 Мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу; 8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану. |
|
Бағалау критерийі:
|
Білім алушы Мәтіннің ресімделуі арқылы оның жанрлық ерекшелігін ажыратады Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданады |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Қолдану |
|
Орындау уақыты: |
15-20 минут |
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.
Ғарыштық дәуір 1957 жылдың 4 қазанында, бұрынғы КСРО-да дүние жүзінде алғаш рет Жердің жасанды серігінің ұшырылуымен байланысты басталды.Екінші маңызды ғарыш дәуірі – 1961 жылы 12 сәуірде адам баласының (Юрий Гагарин) тұңғыш рет ғарышқа ұшуы; ал космонавтиканың үшінші тарихи оқиғасы — 1969 жылы шілде айының 16 – 24-і күндері аралығында адамның Айға сапары (Нил Армстронг, Эдвин Олдрин, Майкл Коллинз) болды. Қазір ракета тасығыштар мен ғарыштық аппараттар бірсыпыра елдерде (КСРО-да 1957 жылдан, АҚШ-та 1958 жылдан, Францияда 1965 жылдан, Жапония мен Қытайда 1970 жылдан, Ұлыбританияда 1971 жылдан, Үндістанда 1980 жылдан) жасалып, пайдаланылып келеді.
1957 жылдың 4 қазаны мен 2000 жылдың 9 ақпаны аралығында Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш алаңынан 1147 ракета тасығыштар, 1186 ғарыштық аппараттар ұшырылды. Қазіргі ғарышқа ұшу теориясы аспан механикасы мен ұшу аппараттарын басқару теориясына негізделген. Космонавтика ұйтқушы күштің әсерін ескере отырып, ғарыштық ұшу аппараттарының тиімді траекториясын есептеуді талап етті. Орбитаға шығарылған ғарыштық аппарат ракета тасығыштан бөлінеді де, аспан механикасының инерция заңдылығы бойынша өзінің ұшуын одан әрі жалғастырады. Ғарышқа шығарылған аппараттар ғарыш кеңістігінің қатаң шартына сай ұзақ уақыт өздігінен ұшуға қабілетті болуы тиіс. Бұл үшін олардың борты бірнеше жүйелермен: температураны тұрақты ұстайтын жүйе, энергия қоры, Күн сәулесін энергияға айналдыратын батареялар немесе ядролық энергия, Жермен тұрақты байланыс, Жерден басқару жүйелерімен жабдықталады. Сонымен қатар ғарыш аппараты бортына әр түрлі бағыттағы ғылыми аппаратуралар – ғарыш кеңістігінің физикалық қасиеттерін зерттейтін аспаптардан бастап, алып телескоптарға дейін орналастырылады.
Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарынан бастап, ғарыштық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады. Космонавтика саласында қазақтың екі ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев Қазақстан ғылымына қажетті құнды деректер қорын жинауға мол үлес қосты. (262 сөз). https://kk.wikipedia.org/wiki/
1-тапсырма. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтаңыз. Кестені толтырыңыз.
|
Мәтін қандай жанрда жазылған?
|
|
|
Мәтін қалай рәсімделген?
|
|
|
Мәтіннің құрылымы қандай?
|
|
|
Қандай жанрлық ерекшеліктер байқалады?
|
|
2-тапсырма. Мәтіндердің мазмұн желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазыңыз. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданыңыз. Астын сызып көрсетіңіз. Сөз саны – 80-90 сөз.
3-тапсырма. Оқылым мәтінінен байланысу түрлеріне мысалдар келтіріп жазыңыз.
|
Бағалау критерийі |
№ тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
|
Мәтіннің ресімделуі арқылы оның жанр лық ерекшелігін ажыратады |
1 |
мәтіннің жанрын анықтайды; |
1 |
|
ресімделуін көрсетеді |
1 |
||
|
құрылымын анықтайды |
1 |
||
|
жанрлық ерекшелігін анықтайды |
1 |
||
|
Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады |
2 |
мазмұнын сақтайды |
1 |
|
ақпараттарды әр бөлігінен алады |
1 |
||
|
мәтінді ықшамдап қайта жазады |
1 |
||
|
Көлемін сақтайды |
1 |
||
|
Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ажыратады |
3 |
Матасуды табады |
1 |
|
Меңгеруді табады |
1 |
||
|
Қиысуды табады |
1 |
||
|
Қабысуды анықтайды |
1 |
||
|
|
|
||
|
Барлығы |
|
|
12 |

2-нұсқа

Бағалау критерийі: |
Білім алушы Мәтіннің ресімделуі арқылы оның жанрлық ерекшелігін ажыратады. Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданады. |
|
Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Қолдану |
|
Орындау уақыты: |
15-20 минут |
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.
Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ғарыш технологияларының ғылымға, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Осы уақытта орбитада мыңдаған жерсеріктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға, Марсқа ұшып, түрлі зерттеулер жүргізуде. Қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты. Осы орайда ғарыш саласында өзіндік үлесі бар ел ретінде Қазақстанның да өзіндік мақсаттары болуы шарт.
Қазіргі жағдайда мемлекеттердің ғарыш саласын игерудегі көздеген мақсаты әртүрлі болып отыр. Мәселен, Иран Ислам Республикасының ғарыш саласы негізінен мемлекеттің әскери қорғаныс саласын, әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. Ал Ресей, АҚШ, Қытай сынды бірқатар елдер бірнеше бағытта қатар жұмыс жасай береді: байланыс саласы, әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерттеулер мақсатында. Ал көптен бері ғарыштық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш саласындағы барлық бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Себебі бұған өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді. Жалпы, капиталистік заманда кез келген тақырыпқа романтикалық қарым-қатынаста болу мүмкін емес. Яғни кез келген ел «ғарыштық держава» деген жалаң атақ үшін ғана бекер шығындала алмайды. Сондай-ақ еліміз дәл қазіргі жағдайда ғылым-білімнің ғарыш әлемін танып-білуге деген құштарлығы үшін салық төлеушілердің қалтасынан жиналған қаржыдан миллиардтар бөле алмайды. Әзірге ғарыштық ғылыми жобалар үшін қомақты қаражат құю төрт құбыласы түгенделген, дамыған мемлекеттердің қолынан келеді. Онда да әрбірінің емес.
Ендеше, Қазақстанның ғарыш саласы үшін Марс пен Венерада не болып жатқаны, «Күн системасында қандай ауытқулар бар», «өзге ғаламшарлар мен жатпланеталықтар бар ма» деген секілді сұрақтар уақытша қызықтырмауы керек. Демек, Қазақстан ғарыш саласын дамыту барысында негізінен өз жерімізді зерттеу мәселесіне көп икемделгені дұрыс. (255 сөз). https://qa.bilim-all.kz/57/

Мәтін қандай жанрда жазылған? |
|
|
Мәтін қалай рәсімделген? |
|
|
Мәтіннің құрылымы қандай? |
|
|
Қандай жанрлық ерекшеліктер байқалады? |

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бжб қазақ тілі 2-тоқсан №2

шағым қалдыра аласыз