400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БЖБ қазақ тілі мен әдебиеті ІІІ тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЖБ №5

«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты 7.1.3.1 әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну 7.2.6.1. Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен

сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы

  • әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді

  • Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген

ақпаратты сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20 минут

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.

Электронды кітапхананың өзінің айдарлары бар: «Жаңа кітаптар», «Қазақ әдебиеті», «Шетел әдебиеті», «Өлеңдер мен тақпақтар жинағы» және т.б.Айдарларды ашып, қажетті кітабыңды іздеп, тапсырыс жасай аласың.

Сабақ кезінде кітап оқуға уақыт табыла бермейді, сондықтан амалсыздан көркем шығарманы аз оқисың.Күзгі демалыста электронды кітапханадан бірнеше кітап оқыдым. Солардың ішінде ерекше ұнағаны- Жюль Верннің «Әлемді сексен күн ішінде шарлау» романы. Алдымен, осы ғажайып кітаптың авторы туралы қысқаша мәлімет бере кетейін.

Жюль Верн- француз жазушысы, ғылыми –фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі. Ол Францияның Нант қаласында 1828 жылы 8 ақпанда туған. Верн – 65 роман, повесть, әңгіме және геграфия тарихы туралы зерттеулер жазған адам. Жазушының «Капитан Гранттың балалары» (1867), «Сырлы арал » (1875), «Он бес жасар капитан» (1878) және т.б.шығармалары әлемге танылды. Оның шығармалары әлем халықтарының тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылған, фильмдер түсірілген.

Ғаламторды қарап отырып, мен Жюль Верннің Қазақстанмен де байланысы бар екенін білдім. Тек ондай мәлімет қолыма толық түспеді, лажсыздан бар тапқанымды бөлісейін дедім. Ол XIX ғасырда Қазақстан, Сібір жерлеріне саяхат жасаған. Соның негізінде кітап та жазған. Ол кітап алғаш рет орыс тілінде 1900 жарық көрген. Бұл кітап-жазушының Орта Азия мен Сібірге жасаған «әдеби саяхаты». «Мен қазір басқа ешнәрсе ойлағым келмейді, мені таңғажайып сюжет қатты еліктіріп отыр. Бұл романым татарлар мен Сібірдің тарихы жайлы», деп жазған екен Жюль Верн. Орта Азия халықтары бұл кітапта «татарлар» деп аталады. Оңтүстіктен басталған көтеріліс Сібірдің астанасы –Иркутскіге дейін жетеді. Осы романнан Қазақ даласында болған бірқатар тарихи деректерді кездестіруге болады.

Алғаш жарық көрген 1876 жылдың өзінде –ақ кітап оннан астам тілге аударылған. Артынша роман театр пьесасына айналып, ұзақ жылдар сахнада көрсетілген. Кейбір деректерге қарағанда, Жюль Веріннің жазған шығармаларының ішінде Францияда бұл роман таралымы жағынан төртінші орынды иемденіп, авторға 7 млн.франк пайда әкеліпті. Осылайша, Еуропа Орта Азия халықтарымен алғаш бір ғасыр бұрын Жюль Верн туындысы арқылы танысқан. Бірақ біз туралы жазылған кітаптың орыс тіліндегі толық нұсқасы қолымызға енді ғана тимекші.



Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Жюль Верн – кім?

___________________________________________________________

  1. Электронды кітапханадан кімнің қандай шығармасын оқыды?

_________________________________________________________

  1. Жюль Верн қай халықтың жазушысы?

_________________________________________________________

  1. Жюль Верннің қандай шығармалары бар?

_________________________________________________________

  1. XIX ғасырда қандай жерлерге саяхат жасаған?

_________________________________________________________

  1. «Әлемді сексен күн ішінде шарлау» романы 1876 жылы неше тілге аударылған?

____________________________________________________________

  1. «Әлемді сексен күн ішінде шарлау» романы авторға қанша пайда әкелген?

__________________________________________________________



АЙТЫЛЫМ

2-тапсырма. Суретті пайдаланып, «Ғаламтор біздің өмірімізде» тақырыбында сөйлесіңіз. Ғаламтордың пайдасын сипаттап айтып беріңіз.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді


1

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

1- сұрақ

2- сұрақ

3-сұрақ

4- сұрақ

5- сұрақ

6- сұрақ

7- сұрақ




1

1

1

1

1

1

1

Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды

2

Суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша әңгіме құрастырады;

Тақырыпты аша алады;

Лексикалық минимумды тиімді қолданады;

Сөйлемдерді дұрыс құрастырады;

Ойын жеткізе алады.

1


1

1

1

1

Барлығы



12



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
15.01.2024
1039
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі