жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бжб құрастыру
Қазақ әдебиеті . 9-сынып
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқылатын шығарма Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»,
Махамбет Өтемісұлы
«Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны»,
«Мен, мен, мен едім»
Оқу мақсаты 9.1.3. 1 - көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.
9.2.4. 1 - автор стиліне сүйене отырып,
шығармашылық жұмыс жазу.
Бағалау критерийлері Шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды
Автор стиліне сүйене отырып, өлең шумағын/қарасөз жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану
Орындау уақыты 15- 20-минут
1-тапсырма
Нысанбай жыраудың «Кенесары –Наурызбай» шығармасындағы Кенесары мен Наурызбайдың бойындағы қасиеттерді анықтаңыз, шығармадан мысалдар келтіріңіз.
|
Кенесары бейнесі |
Кейіпкер бойындағы қасиеттер |
Шығармадан мысал келтіріңіз |
|
|
|
|
|
Наурызбай бейнесі |
|
|
|
|
|
|
2-тапсырма
Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен едім, мен едім» өлеңінің идеясын анықтап, ақын бойындағы құндылықтарды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
3-тапсырма
Махамбет Өтемісұлының «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны» шығармасынан берілген үзіндіге сүйене отырып , Махамбеттің қандай ақын екендігін шығармадан дәлелдер келтіріп , өз ойыңызды өлең жолдарымен немесе қарасөзбен жеткізіңіз.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар,намысымды қашырман.
Бойың жетпес биікпін
Бұлтқа жетпей шарт сынбан...
Бағалау кестесі
|
Бағалау критерийі |
Тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
|
Шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды |
1
2 |
Кейіпкерлерлер бойындағы қасиеттерді анықтайды |
1 |
|
Шығармадан мысалдар келтіреді |
1 |
||
|
Өлең идеясын анықтайды |
1 |
||
|
Құндылықтарды жазады |
1 |
||
|
Шығармашылық жұмыс орындауда үзінділерді қолданады |
3 |
Автор стиліне сүйенеді |
1 |
|
Үзіндіні өз ойымен дамытады |
1 |
||
|
Шығармадан дәлелдер келтіреді |
1 |
||
|
Шығармадағы ой желісін сақтап жазады |
1 |
||
|
Барлығы |
8 |
||
|
|
|||
2-тоқсан
«Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі бойынша рубрика
Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай», Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім»
Білім алушының аты-жөні-------------------------------------------------
|
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістігінің деңгейі |
||
|
Төмен |
Орта |
Жоғары |
|
|
Шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.
|
Н
|
Н
|
Н
|
|
Автор стиліне сүйене отырып, өлең шумағын жазады. |
Махамбеттің қандай ақын екендігін шығармадан дәлелдер келтіре алмайды , өз ойын өлең жолдарымен немесе қарасөзбен жеткізуде қиналады.
|
Махамбеттің қандай ақын екендігін шығармадан дәлелдер келтіруде, өз ойын өлең жолдарымен немесе қарасөзбен жеткізуде қателеседі.
|
Махамбеттің қандай ақын екендігін шығармадан дәлелдер келтіріп, берілген үзіндіднгі ой желісін сақтап, өз ойын өлең жолдарымен немесе қарасөздермен жеткізеді.
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген