БЖБ «Тарихи тұлғалар. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БЖБ «Тарихи тұлғалар. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ-ның Оқу мақсаты: 6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру 6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу ТОЛЫҒЫМЕН МАҚСАТҚА СӘЙКЕС ТАПСЫРМАЛАР Тест+ашық сұрақ+диаграмма+дескрпитор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тарихи тұлғалар. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқу мақсаты 6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Бағалау критерийі Білім алушы 

  • Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді

  • Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен салыстырады

  • Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратады

Ойлау дағдыларының  деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

1 – тапсырма

Берілген мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.

Жүсіп Баласағұн

Қазақ даласынан шыққан ойшылдардың көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны қазақтың тарихы, мәдениетімен сабақтасып, өмір шындығын баяндауымен дараланады. «Құтты білік» дастаны өзінің тарихи мәнін еш уақытта жоймайтын рухани мұра. Әділетті басшы басқарған, ізгілік орнаған қоғамда өмір сүру қай кезеңде болмасын, адам баласының ізгі арман-мұраты болған. Әр халықтың өзге жұртқа ұқсамайтын бітім-болмысы, өзіндік тағдырын айқындайтын басты ерекшелігі болады.

Жүсіп Баласағұн өзінің құнды мұрасында адамгершілікті, адалдықты, адамды сүюді жырлайды. Дастандағы негізгі идея ел мүддесін ойлайтын адал басшының бейнесін көрсету арқылы әділетті қоғам орнату, мемлекетті дұрыс басқару, білімді игеру, ақылды, қанағатшыл және ізгілік, кісілік қасиеті бар тұлға тәрбиелеу. Дастанға тән ерекшелік адамгершілікті насихаттау.

Ұрпақтан ұрпаққа мұра боп қалған бұл дастанда қоғам туралы, адам баласының асыл қасиеті ізгілік туралы айрықша жырланады. Ұлттық тәрбие құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіруде Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны үлкен рөл атқарады. Өз заманынан озық туған ұлы тұлғаның «Құтты білік» дастаны - тәлім-тәрбиелік құндылықтың қайнар көзі. Бұл дастан адам баласын ізгілікке, имандылыққа үндейді, рухани тазалыққа шақырады.

(Н. Келімбетов)

Мәтінді негізге ала отырып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

  1. Дастандағы негізгі идеяға жатпайды:

А) Әділетті қоғам орнату

Ә) Мемлекетті дұрыс басқару

Б) Білімді игеру және кісілік қасиеті бар тұлға тәрбиелеу

В) Патшаны қуып, демократиялық қоғам орнату

  1. Дастанға тән ерекшелік:

А) Адамгершілікті насихаттау

Ә) Патша бұйрықтарын бұлжытпай орындауға баулу

Б) Суды үнемдеуге шақыру

В) О дүние туралы көбірек ойлау

  1. Жүсіп Баласағұн – ...

А) Қарақалпақтардың белгілі зерттеушісі

Ә) Қазақ даласынан шыққан ойшылдардың көрнекті өкілі

Б) Ресей империясын басқарған ұлы патша

В) Қазақстанның тәуелсіздік жылдарынан кейінгі ақыны

  1. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын сипаттаңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2 – тапсырма

МShape1 әтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Дастандағы рухани мұра қазіргі қоғамда өзінің тарихи мәнін сақтады ма?

Дастандағы рухани мұра Қазіргі қоғам

Shape3 Shape2



Shape4

Shape5



3 – тапсырма. Берілген сөздерді түрлеріне қарай ажыратып, кестеге жазыңыз.

Бәйбіше, сөзуар, қортық, былшиған, болыс, ұлыма, толықтау, ала жіп, сұлтан,дүрия

Көнерген сөз

Эвфемизм

Дисфемизм

Табу









Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінді негізге ала отырып, нақты сұрақтарға жауап береді

1




Мәтін бойынша тест тапсырмасын орындайды:

1-сұраққа дұрыс жауап береді

2-сұраққа дұрыс жауап береді

3-сұраққа дұрыс жауап береді



1

1

1

Мәтінді негізге ала отырып, жалпы сұраққа жауап береді

1

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын сипаттайды

2

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады

2

Дастандағы рухани мұра мен шынайы өмір арасында байланыс табады.

3

Берілген сөздерді түрлеріне қарай ажыратып, кестеге жазады.

3

Көнерген сөздерді ажыратады

Эвфемизмдерді ажыратады

Дисфемизмдерді ажыратады

Табу сөздерді ажыратады

1

1

1

1

Барлығы


12









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2024
424
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі