Материалдар / БЖБ,ТЖБ Қазақ тілі 4-сынып, 2- тоқсан. 2 нұсқада жасалған

БЖБ,ТЖБ Қазақ тілі 4-сынып, 2- тоқсан. 2 нұсқада жасалған

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен БЖБ,ТЖБ тапсырмалары 2-нұсқада жасалған, дескрипторы салынған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

1-нұсқа

Тыңдалым және айтылым

1.Бейнежазбаны қара және мәтінді тыңда. https://www.youtube.com/watch?v=EgGTYfw95M4

Таңбалы тас

Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында «Таңбалы» тас деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Мұндағы тас өте жұмсақ болғандықтан, жазуға да сондай қолайлы. Көне дәуірден келе жатқан Таңбалы тас жазуында ғасырлар бойы Қазақстан өлкесін қоныстанған тайпалардың тасқа жазып түсірген мыңдаған танбалары және ел басқарушылардың қол қойған аттары, ұрандар, тасқа қиып түсірген əдемі өрнектер, "қошқармүйіз", "түйе табан", "кісінің ізі", "аттың ізі" т.б. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Археологтардың «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеу нәтижесінде, бұл жердің тас дәуірінде адамдардың табынатын «қасиетті мекені» болғандығы анықталған. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жылдай өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер келетін мекенге айналған.


а)Сұрақтарды және суретті пайдаланып , «Таңбалы тас» туралы айтып бер .


1.Таңбалы тас қайда орналасқан?

2.Ежелгі адамдар неге тасқа жазған?

3.Тастарда қандай суреттер бейнеленген?

4.Бұл суреттер нені білдіреді?

5.Қазақстанның тарихи ескерткіштерін ата

Оқылым 2. Мәтінді түсініп оқы

Сарыарқа - Қазақстанның орталығындағы кең аймақты алып жатыр.

Сарыарқа деген ұғым Қазақтың сары даласын Шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар

желісін білдіреді. Қола дәуірінен бастап бұл аймақта кен өндіру, ал ерте темір дәуірінде мыс, алтын

және басқа да металдар өндіру жақсы өркендеген. Сарыарқаның мыңдаған жылдар бойы жел, су әсерімен үгілген, мүжілген аласа таулары адамдарды ерекше қызықтырған.

а)Бірінші сөйлемнен күрделі мүшені тап, астын сыз.

ә)Бұл күрделі мүше қай сөз табынан жасалғанын анықта._________________________


Жазылым

3. Қашан? Қайда? Не? Кіммен? Қалай өтті? деген сұрақтарды басшылыққа алып,

«Жазушымен кездесу» тақырыбына мақала жаз. Мақалаңда сөйлемнің күрделі мүшелерін, бірыңғай мүшелерін пайдалан. (4)


Орындау уақыты 25 минут ІІ нұсқа

Тыңдалым және айтылым

1.Бейнежазбаны қара және мәтінді тыңда. https://www.youtube.com/watch?v=qJLCC4ELWGg

Алтын адам

1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: «Алтын адам» - Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.

Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.


а) Сұрақтарды және суретті пайдаланып , «Алтын адам» туралы айтып бер . (4)


1.Алтын адам қай жылы, қай жерден табылды?

2. Ол кім екен? Оны неге алтын адам деп атаған ?

3. Алтын адамның киімін сипаттап айт.

4.Қазақстанның мәдени мұраларын ата.

Оқылым

2. Мәтінді түсініп оқы.

Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан екі жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті –менің әкем Момынәлі екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен.

Әжемнің аты –Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. (Б.Момышұлы)


а)Мәтіннен күрделі мүшелері бар сөйлемді тап, күрделі мүшелердің астын сыз. (2)

ә)Күрделі мүшелер қай сөз табынан жасалғанын анықта. ________________________


Жазылым

3. Қашан? қайда? не? кіммен? қалай өтті? деген сұрақтарды басшылыққа алып,

«Ақынмен кездесу» тақырыбына мақала жаз. Мақалаңда сөйлемнің күрделі мүшелерін, бірыңғай мүшелерін пайдалан. (4)





Тапсырма

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Сұрақтарды және суретті

пайдаланып ,

«Алтын адам»

(«Таңбалы тас«) туралы

айтып береді .

1

тақырыпқа сәйкес ақпараттарды айтады;

1

сұрақтардың мазмұнына сәйкес, нақты жауап береді;


1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.


1

ойын дәлелді, жүйелі, еркін жеткізеді;


1

Мәтіннен күрделі мүшелері

бар сөйлемді тауып, күрделі

мүшелердің астын сызады


2


Күрделі мүшелері бар сөйлемді тауып, күрделі мүшелердің астын сызады


1

Күрделі мүшелер сын есімнен(етістіктен) жасалғанын анықтайды




1

«Жазушымен кездесу» («Ақынмен кездесу»)

тақырыбына мақала

жазады.


3


«Жазушымен кездесу» («Ақынмен кездесу») тақырыбына мақала жазады


1

Сөйлемдерді жазу кезінде орфографиялық ережелерді қолданады.

1

Ой бірізділігін сақтай біледі


1

Күрделі мүшелерді ,сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қосады.

1

Барлығы



10
























«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің

Оқылым

түрлері

Жазылым

Оқу мақсаты

4.2.6.1 Белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін,



жанрын, стилін (мақала, репортаж, жаңалық, өмірбаян,



мінездеме, жарнама, хабарландыру) салыстырып,



ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау


4.4.2.1 Күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз,



қос сөз, қысқарған сөз)


4.3.3.1* Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар



бойынша жоспар құрып мазмұндама/ тірек сөздерді



пайдаланып эссе жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы


Мәтіндерді түріне, жанрына, стиліне қарай салыстырады


Күрделі сөздерді түрлеріне қарай ажыратады


Тірек сөздерді қолданып эссе жазады

Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну

деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты


20 минут

1-нұсқа

Оқылым

1. Берілген мәтіндерді оқы. Олардың түрін, жанрын, стилін анықтап, кестеге жаз. (3)

1- мәтін 2- мәтін

Байқоңыр

Күтіп күнін жаңа бір,

Көп сарғайып шөл жатты

Байқоңырдан корабль

Биік – биік жұлдыздарға

Зымыратып жол тартты.

Жиырма миллион ат күші

От дауылды сапырды.

Зымыранның ақ түсі

Найзағайдай атылды.

Байқоңыр

ҚР-да «Байқоңыр» ғарышайлағы 1955 жылы салына бастады.Ол Қызылорда облысының Төретам ауылына жақын жерде орналасқан.Ең алғашқы жасанды Жерсерік, ең алғашқы адамзат баласының ғарышқа жолы осы Байқоңырдан басталады. Сол кезден бастап талай-талай ғарышкерлер көк жүзіне самғады. Сондықтан Байқоңыр «жұлдызды қала» деп аталып кетті.



1 мәтін

2 мәтін

Мәтіннің түрі



Мәтіннің жанры



Мәтіннің стилі




2.Мәтіндегі қарамен берілген күрделі сөздерді түрлеріне қарай жіктеп, кестеге жаз. (3)

қос сөздер

біріккен сөздер

қысқарған сөздер











Жазылым

3.Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында эссе жаз. (4)

Тірек сөздер: мамандық иесі, мамандық таңдау, қызығушылық, икемділік, өзіндік ерекшелігі бар,

аянбай еңбек ету, терең білім алу, еліңді, жеріңді көркейту.




2-нұсқа

Оқылым. 1.Берілген мәтіндерді оқы. Олардың түрін, жанрын, стилін анықтап, кестеге жаз. (3)

1- мәтін 2- мәтін


Геолог

Бір арман кетпей есінен,
Шам сөнбей терезесінен.
Қазына теңін ашсам деп,
Далиған дала төсінен
Ұйқысыз өтті жыл-айлар.
Күлкісіз өтті жыл-айлар.
Картаға сызды сеніммен,
(Бұл байлам емес тегінен)
«Тереңде, тұздың астында,
Шалқыған теңіз—мұнай бар».
(Ғылым-ай, ғылым бүгінгі)
Геолог тағы қазбадан,
Шыққан тастарға үңілді

Қаныш аға

Қ.И.Сәтбаев - ұлы ғалым, академик, қазақтан шыққан тұңғыш геолог. Ол Томск технология институтының тау-кен факультетінің геология барлау бөліміне оқуға түседі. Бес жылдан соң оқуды бітіріп, тау-кен инженері-геолог мамандығын алады. Жас маман Жезқазған мыс кен орнын және Қарсақбай мыс заводын біріктіретін "Атбасцветмет" тресіне жұмысқа жіберіледі. Көп жылдар бойы Жезқазған, Қарсақбай, Ұлытау, Торғай, Атбасар, Есіл даласын зерттеді. Сол зерттеудің нәтижесінде Жезқазғанның байлығын анықтап, көптеген кен орындарын ашады.Қазақстан ғылымындағы геологиялық қызметтің негізін қалаушы, Қазақ ССР ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті.


2.Мәтіндегі қарамен берілген күрделі сөздерді түрлеріне қарай жіктеп, кестеге жаз. (3)

қос сөздер

біріккен сөздер

қысқарған сөздер








Жазылым

3.Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Болашақта кім болам?» тақырыбында эссе жаз.

Тірек сөздер: мамандық иесі, мамандық таңдау, қызығушылық, икемділік, өзіндік ерекшелігі бар, аянбай

еңбек ету, терең білім алу, еліңді көркейту.





















Пәні Қазақ тілі БЖБ Білім алушы_____________________________________________

«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Орындау уақыты 25 минут 1-нұсқа

Оқылым

  1. Берілген мәтіндерді оқы. Олардың түрін, жанрын, стилін анықтап, кестеге жаз. (3)

1- мәтін 2- мәтін

Байқоңыр

Күтіп күнін жаңа бір,

Көп сарғайып шөл жатты

Байқоңырдан корабль

Биік – биік жұлдыздарға

Зымыратып жол тартты.

Жиырма миллион ат күші

От дауылды сапырды.

Зымыранның ақ түсі

Найзағайдай атылды.

Байқоңыр

ҚР-да «Байқоңыр» ғарышайлағы 1955 жылы салына бастады.Ол Қызылорда облысының Төретам ауылына жақын жерде орналасқан.Ең алғашқы жасанды Жерсерік, ең алғашқы адамзат баласының ғарышқа жолы осы Байқоңырдан басталады. Сол кезден бастап талай-талай ғарышкерлер көк жүзіне самғады. Сондықтан Байқоңыр «жұлдызды қала» деп аталып кетті.



1 мәтін

2 мәтін

Мәтіннің түрі



Мәтіннің жанры



Мәтіннің стилі




2.Мәтіндегі қарамен берілген күрделі сөздерді түрлеріне қарай жіктеп, кестеге жаз. (3)

қос сөздер

біріккен сөздер

қысқарған сөздер








Жазылым

3.Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында эссе жаз. (4)

Тірек сөздер: мамандық иесі, мамандық таңдау, қызығушылық, икемділік, өзіндік ерекшелігі бар,

аянбай еңбек ету, терең білім алу, еліңді, жеріңді көркейту.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________






Пәні Қазақ тілі БЖБ Білім алушы_____________________________________________


«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Орындау уақыты 25 минут 2-нұсқа

Оқылым. 1.Берілген мәтіндерді оқы. Олардың түрін, жанрын, стилін анықтап, кестеге жаз. (3)

1- мәтін 2- мәтін


Геолог

Бір арман кетпей есінен,
Шам сөнбей терезесінен.
Қазына теңін ашсам деп,
Далиған дала төсінен
Ұйқысыз өтті жыл-айлар.
Күлкісіз өтті жыл-айлар.
Картаға сызды сеніммен,
(Бұл байлам емес тегінен)
«Тереңде, тұздың астында,
Шалқыған теңіз—мұнай бар».
(Ғылым-ай, ғылым бүгінгі)
Геолог тағы қазбадан,
Шыққан тастарға үңілді

Қаныш аға

Қ.И.Сәтбаев - ұлы ғалым, академик, қазақтан шыққан тұңғыш геолог. Ол Томск технология институтының тау-кен факультетінің геология барлау бөліміне оқуға түседі. Бес жылдан соң оқуды бітіріп, тау-кен инженері-геолог мамандығын алады. Жас маман Жезқазған мыс кен орнын және Қарсақбай мыс заводын біріктіретін "Атбасцветмет" тресіне жұмысқа жіберіледі. Көп жылдар бойы Жезқазған, Қарсақбай, Ұлытау, Торғай, Атбасар, Есіл даласын зерттеді. Сол зерттеудің нәтижесінде Жезқазғанның байлығын анықтап, көптеген кен орындарын ашады.Қазақстан ғылымындағы геологиялық қызметтің негізін қалаушы, Қазақ ССР ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті.


2.Мәтіндегі қарамен берілген күрделі сөздерді түрлеріне қарай жіктеп, кестеге жаз. (3)

қос сөздер

біріккен сөздер

қысқарған сөздер








Жазылым

3.Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Болашақта кім болам?» тақырыбында эссе жаз.

Тірек сөздер: мамандық иесі, мамандық таңдау, қызығушылық, икемділік, өзіндік ерекшелігі бар, аянбай

еңбек ету, терең білім алу, еліңді көркейту.



_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________












Бағалаукритерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білімалушы

Мәтіндерді түріне, жанрына, стиліне қарай ажыратады.

1

мәтіндердің түрлерін анықтайды

(әңгімелеу, пайымдау)

1

мәтіндерді жанр бойынша ажыратады

(өлең, әңгіме)

1

мәтіндердің стилін анықтайды

(көркем шығарма, ғылыми ақпарат)

1

Күрделі сөздерді түрлеріне қарай ажыратады

2

мәтінен күрделі сөздерді табады


  • қос сөздерді

1

  • біріккен сөздерді

1

  • қысқарған сөздерді

1

Тірек сөздерді қолданып эссе жазады

3

құрылымын сақтай отырып,тақырыпқа сәйкес эссе жазады

1

Қатесіз, сауатты жазады;

1

тірек сөздерді орынды қолданады;


1

ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді

1

Барлығы

10























































«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Оқушының аты-жөні__________________________________________________________

Орындау уақыты 45 минут

Тыңдалым және айтылым

І- нұсқа

1.Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып,

«Домбыра – ұлттық аспап» деген тақырыпта монолог құрап айт.


Тірек сөздер: қасиетті аспап, үні жағымды, кең таралған, күй, терме, ұрпаққа мирас, ұлттық өнерді насихаттаушы, ұлттық болмысты бейнелейтін символ, күй тыңдау, ұлттық музыка өнерінің жаршысы.

Жоспар:

Қазақ халқының көне аспабы

Домбыраның қолданысы

Домбыра – ұлттық символ [6]

Оқылым

  1. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

Патша нөкерлерімен бірге серуендеп келе жатып, жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып, еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып , онымен сөйлесуге ықыласы ауады . Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, оның күніне

15 лира үшін жалданып еңбек ететінін түсінеді. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Мұны байқаған шаруа :

- Қанағатшыл адамға бұл ақша тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін . Бір бөлігін біріктіріп , қор жинаймын , - дейді .

Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді . Ақкөңіл , мейірімді, адал егінші күлімсіреп:

- Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім , бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешеме беремін . Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім , ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін . Мен қартайған кезде олар да маған көмектеседі деп үміттенемін . Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын , - дейді .

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады . Шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады . Балалар да ер жеткен соң ата – анасына , халқына қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті деседі .


1) Мәтіндегі «лира» деген сөз қандай мағынаны білдіреді ?________________________


2) Патша кедейге неліктен таңғалды?

А) жұмбақтап айтқан жауабына В) жалданып еңбек ететіндігіне

С) еңбек ақысының тым аздығына D) егістік жердің өзгенікі екендігіне


3) Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мәтелді анықта.

A) Не ексең соны орасың. B) Қанағат қарын тойғызар.

C) Еңбегі көптің өнбегі көп. D) Ханда қырық кісінің ақылы бар.


4) Егінші ақшасының бір бөлігін ата- анасына беретінін қалай жұмбақтап айтты?

_________________________________________________________________________


5) Мәтіннің мазмұны бойынша шешім қабылдауға болатындай бір сұрақ құрастыр және жауап бер

Сұрақ:__________________________________________________________________________


Жауап:___________________________________________________________________________ [6]




Жазылым

3.Оқыған мәтінге сүйеніп , диаграммаға егіншіні сипаттайтын сөздерді жаз.Сол сөздерді қолданып,егіншіге жазбаша мінездеме бер.

Shape1

Shape2 Shape3


Shape4

Егінші



Shape5 Shape6




______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



4-тапсырма

а) Берілген сөйлемнен сын есімді тауып , қай сөзбен байланысқанын сызба арқылы көрсет .


Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болды.


ә) Мәтіннен бірыңғай мүшесі бар сөйлемді тауып , көшіріп жаз .Бірыңғай мүше қай сөз табынан жасалғанын айт .


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


б) Мәтіннен қос сөзі бар сөйлемді тауып , көшіріп жаз . Қос сөз қалай жасалғанын айт.


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
















«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Оқушының аты-жөні__________________________________________________________

Орындау уақыты 45 минут

Тыңдалым және айтылым

ІІ нұсқа

  1. тапсырма

Берілген тірек сөздерге сүйеніптақырыбына берілген мәтіннің мазмұнына болжам жаса.Жасаған болжамыңның себебін түсіндір.

1.Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып,

«Қобыз- ұлттық аспап» деген тақырыпта монолог құрап айт.

Тірек сөздер: қасиетті аспап, үні жағымды, кең таралған, күй, терме, ұрпаққа мирас, ұлттық өнерді насихаттаушы, ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы.

Жоспар:

1. Қазақ халқының көне аспабы

2. Қобыздың қолданысы

3. Қобыз – ұлттық символ


Оқылым

2 тапсырма.Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

Shape7

Бір қарт адам өмір сүріпті.Көздері жақсы көрмей, құлақтары естімей, аяғынан жүре алмапты. Дастарқанда отырғанда қолы қалтырап,қасығын ұстай алмайды. Сорпасын үстел үстіне төгіп, аузынан ағызыпты.Ұлы мен келіні оның бұл жағдайына ызалары келіп,қатты ұрысып, жүрегін жаралапты.Соңғы кезде дастарқанға да шақырмай,пештің артындағы бір жерге отырғызыпты.Сол жерде отырып,сол жерде тамағын жепті.Қолына бір тостақ ұстатыпты.Мүсәпір адам сол бұрышта қозғалмай отырыпты.Жанары сөне бастаған сулы көздерімен дастарқанға мұңайып, жабырқап қарайтын болыпты.Күндердің бір күнінде қолдары қалтырап,тостағын жерге түсіріп сындырып алыпты.Келіні ауыр сөздер айтып айғайлайды.Ертеңінде атайдың ұлы дүкеннен ұсқынсыз ағаш тостақ сатып алады.Мүсәпір адам енді тамағын сол ағаш тостақтан жейтін болады.Бір күні осы үйдің алты жасар ұлы ағаш кесінділерін үйге алып келеді.Әкесі ұлына:

-Ол ағаштарды не істемекшісің?-деп сұрайды.

-Ағаш тостақ жасаймын,әке ....Қартайғанда сіз де осы тостақтан тамақ жейтін боласыз,-дейді ұлы.

Ұлының бұл сөзін естіген әке-шешенің көздеріне жас толып, жасаған істеріне қатты ұялады.Атасын қайта дастарқан басына отырғызады.Содан кейін тамақты үстіне дастарқанға төксе де , оған сөйлемейтін болыпты.























1) Мәтіндегі «тостақ» деген сөз қандай мағынаны білдіреді ?________________________


2) Әке –шешесі не үшін ұялды?

А) Ұлының ағаш тостақ жасағанына

В) Қартайғанда осы тостақтан тамақ жейтін боласыз,-деген ұлының сөзіне

С) Атасын дастарқан басына отырғызбағанына



3)Мәтінге сәйкес тақырыпты анықта

А) Ағаш тостақ В) Отбасы С) Ата-анасының болашағы


4)Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мәтелді анықта

А) Не ексең, соны орасың Б) Үлкенге құрмет- кішіге ізет.

С) Еңбек түбі-береке Д) Отан-отбасынан басталады.


5) Мәтіннің мазмұны бойынша шешім қабылдауға болатындай бір сұрақ құрастыр және жауап бер


Сұрақ:___________________________________________________________________________


Жауап:___________________________________________________________________________


Жазылым


3Shape8 Shape9 .Оқыған мәтінге сүйеніп ,диаграммаға қарт кісіні сипаттайтын сөздерді жаз.Сол сөздерді қолданып, қарт кісіге жазбаша мінездеме бер.

Shape10



Shape11

Қарт кісі


Shape12

Shape13





______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4- тапсырма

а)Берілген сөйлемнен сын есімді тауып , қай сөзбен байланысқанын сызба арқылы көрсет .


Мүсәпір адам сол бұрышта қозғалмай отырыпты.


ә)Мәтіннен бірыңғай мүшесі бар сөйлемді тауып , көшіріп жаз. Бірыңғай мүше қай сөз табынан жасалғанын айт .

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


б)Мәтіннен қос сөздері бар сөйлемді тауып, көшіріп жаз. Қос сөз қалай жасалғанын айт.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



















Балл қою кестесі

І нұсқа

тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым және айтылым

1

Білім алушының ықшам жауабы:

Тірек сөздерге сүйеніп,бұл мәтінде домбыра ұлттық аспап екендігі оның қолданысы,құрылымы, бабадан қалған мұра екендігі туралы айтылады деп ойлаймын

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы жауаптар қабылданады.Мәтіннің мазмұнына болжам жасайды.

1

Өз болжамын негіздейді.


Білім алушының ықшам жауабы

Домбыра –қазақ халқының ең кең тараған,көп пернелі көне музыкалық аспабы.Домбыраның үні құлаққа өте жағымды.Домбырада әртүрлі музыкалық шығармалар орындалады.Ән,күй,терме,жыр,толғау,тіпті класикалық шығармаларды да орындауға болады.

Домбыра – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра.

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы жауаптар қабылданады.Тақырыпқа сәйкес мәтін құрады.

1

Ойын жүйелі,еркін жеткізеді.

1

Тірек сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.

1

Сөздік қорының жеткілікті деңгейін көрсетеді.

Барлығы

6


2 тапсырма

тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Оқылым

2

Ақша

1


С)

1


В)

1


Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын

1


Білім алушының ықтимал сұрақтары:

Егер сен патша болсаң не істер едің?


1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы жауаптар қабылданады..

Білім алушының ықтимал жауабы:

Егер мен патша болсам халқыма,кедей-кепшіктерге қол ұшын берер едім.

1

Барлығы

6



тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат


Жазылым

3

Білім алушының ықтимал жауабы:

Еңбекқор,ақкөңіл,үнемшіл,мейрімді,қарапайым,қанағатшыл,...

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады..


Білім алушының ықтимал жауабы:

Егінші тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам.Жалданып еңбек етеді.Азға қанағатшыл.Мейрімді болашақ өмірін ойлайтын,қартайғанда зейнет көргісі келетін адам.Ашық,көпшіл,ақ көңіл,сыпайы,әдепті кейіпкер.

1



4

Сын есімді табады



1

Сын есімнің қай сөзбен байланысқанын айтады


Мәтіннен бірыңғай мүшесі бар сөйлемді тауып , көшіріп жазады

1

Бірыңғай мүше қай сөз табынан жасалғанын айтады



Мәтіннен қос сөздері бар сөйлемді тауып, көшіріп жаз.

1

Қос сөз қалай жасалғанын айт.


Грамматикалық және пунктуациялық ережені сақтайды

1

Грамматикалық және пунктуациялық қателері жоқ.


Барлығы

6












Балл қою кестесі

ІІ нұсқа

тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Білім алушының ықшам жауабы:

Тірек сөздерге сүйеніп,бұл мәтінде домбыра ұлттық аспап екендігі оның қолданысы,құрылымы, бабадан қалған мұра екендігі туралы айтылады деп ойлаймын

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы жауаптар қабылданады.Мәтіннің мазмұнына болжам жасайды.

1

Өз болжамын негіздейді.


Білім алушының ықшам жауабы

Қобыз –қазақ халқының ең кең тараған,көп пернелі көне музыкалық аспабы.Қобыздың үні құлаққа өте жағымды.Қобызда әртүрлі музыкалық шығармалар орындалады.Ән,күй,терме,жыр,толғау,тіпті класикалық шығармаларды да орындауға болады.

Қобыз – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра.

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы жауаптар қабылданады.Тақырыпқа сәйкес мәтін құрады.

1

Ойын жүйелі,еркін жеткізеді.

1

Тірек сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.

1

Сөздік қорының жеткілікті деңгейін көрсетеді.

Барлығы

6


2 тапсырма

тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Ыдыс

1


В)

1


А)

1


В)

1


Білім алушының ықтимал сұрақтары:

Егер сен әкесі болсаң не істер едің?/Ұлының істеген ісін құптайсың ба?

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы жауаптар қабылданады..

Білім алушының ықтимал жауабы:

Егер мен әкесі болсам,қарт атаға көмектесер едім,бірге дастарқан басында тамақтанар едім.Ұлының істеген ісін дұрыс деп ойлаймын.Себебі әкесінен көргенін істеп жатыр.Сондықтан ұлының ісін құптаймын.

1

Барлығы

6



тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат


3

Білім алушының ықтимал жауабы:

Көздері жақсы көрмейді,құлағы естімейді,қолы қалтырайды,аяғы жүрмейді,мүсәпір адам,қарт...

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады..

Білім алушының ықтимал жауабы:

Көздері жақсы көрмейді,құлағы етімейді,аяғынан жүре алмайды,дастарқанда отырғанда қолы қалтырап,қасығын ұстай алмайтын қарт кісі.

Көз жанары сөне бастаған,қолынан күш қуаты кеткен мүсәпір адам.

1


4


1

Сын есімді табады

1

Сын есімнің қай сөзбен байланысқанын айтады

1

Бірыңғай мүшені табады

1

Бірыңғай мүше қандай сөз табынан жасалғанын айтады.

Барлығы

6














ЖИ арқылы жасау
24 Қараша 2024
1084
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі