жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
БжС технологиясы бойынша ": Ресей мен КСРО "сабағы
Аты-жөні: Князова Балзира Бақытжанқызы
Жұмыс орны:
Қызметі : тарих пәнінің
мұғалімі
Дүниежүзі тарихы пәні. 10- сынып. Сабақ әзірлемесі
Сабақтың тақырыбы: Ресей мен КСРО
Сабақтың мақсаты: Қазан төңкерісі және Ресейде большевиктердің билікке келуі,Кеңес үкіметінің алғашқы жүргізген шаралары,КСРО-ның құрылуы,ұлттық автономия мәселелері,комитерн және оның ролі,КСРО-ның саясаты туралы мағлұмат беру
Сабақтың типі: Ауызша сабақ 1 (технология БжС) (автор Вассерман Ф.Я)
Көрнекілігі: мультимедиялық проектор, карта, портреттер.
Сабақтың барысы:тренинг .Жақсы көңіл күй.оқушылар өз есімдерінің бас әрпінен басталатын жылы лебіз айту.
1.Ұйымдастыру сәті. Мақсат қою.
- Карта бойынша жұмыс жасау тәртібі.
- Оқушылардың суьекті тәжірибесін өзектендіру.
- Сабақтың тақырыбына кіріспе.
- Тақырып бойынша тақтадағы негізгі сөздерді ашу .
- ООМ бойынша жұмыс жүргізу.
2. Қабылдауды ұйымдастыру.
Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою.
1.Франция бірінші дүниежүзілік соғысты қалай аяқтады? (Жеңіспен аяқтады.)
2. Франция Германиядан қай жерлерді қайтарып алды? (Эльзас пен Лотарингия)
3. 1920 ж президент болып сайланған кім? (А.Мильеран)
4. 1922 ж Ресейді аралап, "Жаңа Ресей" деген кітап жазған кім? (Э.Эррио)
5.
1926-1928 жж президент міндетін атқарған?
(Р.Пуанкаре)
6. Соғыстан соң Францияның шикізат базасы қай өңірлер есебінен
көбейді? (Эльзас пен Лотарингия және Саар
обл.)
7. Ашық диктатура ұсынған жазушы-журналист (Ш.Моррас)
8. Қызметте жоқ полковник Казимир де ля Рок ұйымдастырған лига ("Әскери крест")
9. "Әскери крест" лигасының көтерген ұрандары ("Коммунизмді құрту", "сатқын демократияны" құрту т.б.)
10. Фашизмге қарсы наразылық ереуілдері қашан басталды? (1934 ж 12 ақпан)
11. Халықтық майдан құру туралы пактіге қашан қол қойылды? (1934 ж 27 шілде)
12. Социалист Леон Блюмге үкіметті құру міндеті жүктелді (1936 ж)
13. Халықтық майдан билігі кезінде кәсіпкерлер мен кәсіподақ өкілдері еңбекақыны орта есеппен қаншаға көбейтті? (7-15 пайызға)
14. Орташалар мен шаруалардың жағдайын жақсарту үшін үкімет не істеді? (жеңілдікпен қарыз берді, шағын кәсіп-дің салығын азайтты.)
Біріншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша ООМ қосу немесе алу белгілері қойылады.
-есте сақтауды дамыту.
Тақтада 7 сөз жазылған. (ТҚШ – төменгі қиындық шегі)
Жаңа тақырып бойынша негізгі сөздер:
1.В.И.Ленин
2. Жер туралы Декрет
3.әскери коммунизм
4. большевиктер
5. И.В.Сталин
6. коминтерн
7. карлаг,степлаг
3. Есте қалған сөздермен жұмыс.
- Жадыдағы негізгі сөздерді жазу. 7 сөз – 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз – 2 мин-30 сек.
- Екіншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша ООМ қосу немесе алу белгілері қойылады. (6-7 сөздер= «+» белгісі)
4. Қабылдауды ұйымдастыру
5. Қарама-қарсы сұрақ қою. (Түсінудің біріншілік тексеруі) Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты негізгі сөздерді қоса сұрайды. Сұрақ қойылады, жауапқа – 3 сек. беріледі(жауап берілсе «+» белгі қойылады).
1. «Ақырына дейін жеңу»ұстанымын көздеген үкімет? (Уақытша буржуазиялық үкімет майданға миллиондаған солдаттарын жіберип жатты)
21917 жылдың қазан айында большевиктердің саны қанша мыңға жуық болды? (350 мың)
3.Халық Комиссар Кеңесінің төрағасы болып сайланған кім? (В.И.Ленин)
4. Жер туралы Декретті Кеңестердің қай сьездінде бекітті? (Кеңестердің II Бүкілресейлік сьезінде)
5. Азамат соғысы жағдайында Кеңес үкіметі төтенше саясатқа көшті,Кеңес үкіметі тарихында бұл саясат қалай аталды? (әскери коммунизм саясаты)
6. 1920 жылы көктемінде қай екі мемлекет арасында соғыс болды? (кеңестік Ресей мен Польша арасында)
7. Ресей көпұлтты мемлекет болды,ұлттық мәселе бойынша большевиктик бағдарламаның іс жүзінде іске асқан құжат басы қалай аталды?(Ресей халықтары құқықтарының Мәлімдемесі)
8. КСРО қашан құрылды? (1922 ж 30 желтоқсанда.)
9. В.И.Ленин қайтыс болғаннан кейін Комитерн қызметінің нешінші кезеңі басталды (екінші кезеңі)
10. Қайда және қашан өткен жалпықазақ сьезінде «Алаш »партиясы құрылып ,10 бөлімнен тұратын бағдарлама жобасы әзірленді? (1917 жылы шілдеде Орынборда өткен)
11. Қазақстан жері қылмыстыларды қамайтын лагерьлер орталығына айналды,олар қандай лагерьлер (Карлаг,Степлаг,Жезқазған,Озерлаг,деген КСРО-ның Ішкі істер министрлігіне бағынатын лагерьлер мен қатар,Қазақстан Ішкі істер министрлігіне бағынатын 70-тен астам лагерьлер мен колоннияларқұрылды)
12. Қай жылы ,қай елдермен Кеңес үкіметі келісімдерге қол қойды? (1921 ж Иран,Ауғанстан,Түркия )
13. 1934 ж 18 қыркүйекте қанша елдің ұсынысы бойынша КСРО неге қабылданды? (30-дан астам мемлекеттің ұсынысыбойынша Ұлттар Лигасының мүшелігіне қабылданды)
6. Қарама-қарсы қойылған сұрақтарды талдау және рефлексия (жылдамдық пен зейін)
Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері
бойынша қосу немесе алу белгілері
қойылады.
7. Сыни сұрақ қою. (Біріншілік бекітуді
ұйымдастыру) Мұғалім тақырыпқа сай ретсіз оқушыларды ООМ
арқылы сұрайды. . Сұрақ қойылады, жауапқа – 3 сек.
беріледі(жауап берілсе «+» белгі қойылады).Сұрақтар меңгеру сапасын
тексеруге арналған тұрғыда болғаны
абзал.
Сыни сұрақ
қою
1. Барлық жерде большевиктердің басшылығымен ҚызылАрмия қосындары құрылды (+)
2. Сьезд шешімімен Халық Комиссарлар Кеңесі құрылды (+)
3. 1918-1920 жылдарда Ресейде әртүрлі әлеуметтік топтар арасында саяси билік үшін қарулы қақтығыстар болды ,оны Бірінші дүниежүзілік соғыс деп атады (жоқ, азамат соғысы)
4. Мемлекеттің ұлттық саясатын жүзеге асыру үшін арнаулы ұйым-ұлттар ісі жөніндегі Ұлттық Комиссариат құрылмады (жоқ,құрылды)
5. 1936 жылы Кавказ Федерациясы таратылып ,Армения,Грузия,Әзірбайжан Республикалары жарияланды (ия)
6. 1917ж желтоқсанда Түркістанда дербес мемлекеттік бірлестік Алашорда жарияланды (жоқ,Орынборда)
7. 1923 жылы 26 шілдеде АвтономиялықҚырғыз Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру жөнінде Декрет қабылданды ,орталығы Орынбор каласы болып.(1920ж 26 тамызда)
8. В.И.Ленин сырқаттансада Орталық Комитеттің мәжілістеріне қатысты (жоқ,қатыса алмады)
9. 10 жылға созылған үздіксіз шайқастар Ресей елін бұрын болмаған дағдарысқа ұшыратты (жоқ,7 жылға)
10. соғысқа дейінгі 12 жыл шамасында 9 мың ірі кәсіпорын салынды (ия)
11.Партиялық-мемлекеттік басқарудың ең басында партияның бас хатшысы В.И.Ленин тұрды(жоқ,И.В.Сталин)
12.Комитерннің қызметін 2 кезеңге бөлуге болады(ия)
13.1943 жылы мамырда Комитерн құрылды(жоқ,таратылды)
8. Сыни сұрақтарды талдау және рефлексия (жылдамдық пен зейін)
- ООМ ға үшінші белгіні қою
9.Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық
сөздік қорды (ТСҚ) тексеру
жүргізіледі. Уақыт 5 минут. 10
сынып оқушыларына норма- 63 сөз және одан жоғары.
Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде
жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып
саналмайды. ТСҚ нормативі төменде
келтірілген. Төртінші белгілеу,барлық оқушылардың нәтижелері
бойынша қосу немесе алу белгілері
қойылады.
10.Журналға баға
қою
Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс. 4- 5 белгі – 5
ұпай.
- 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2
ұпай.
11. Үй
тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма
алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген