Материалдар / "Блапан арнасында" музыка оқу қызметі, ересек топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Блапан арнасында" музыка оқу қызметі, ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйымдарға арналған музыка оқу қызметі. ересек тобына арналған. "Шығармашылық" және "таным" білім беру салалары кіріктірілген. Музыкалық тапсырмаларды орындау мақсатында балаларды "Балапан" телеарнасын тамашалауға шақырдым. топ тәрбиешісі математикалық тапсырмасын орындату мақсатында тосын сәтке телебағдарлама жүргізушісі ретінде кірді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
771
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape3

Кунчаева Күлмайра Жағыпарқызы

І санатты тәрбиеші

Shape1

Shape2

Мантекова Толқын Сәлімбайқызы

ІІ санатты музыка жетекшісі

Picture 3






Флипчарт сабақ № 19


Тобы: «Еркетай» ересектер тобы

Кіріктірілген білім беру салалары: «Шығармашылық», «Таным»

Бөлімі: Музыка, Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»

Оқу қызмет тақырыбы: «Балапан арнасында»

Мақсаты: Музыкалық сипаттағы сабырлы әуенді, ән мазмұнындағы көңіл -күйді сезіне, қимылмен көрсете білу дағдыларын қалыптастыру. Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей- тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Әннің ырғағын сақтай білу қабілеттерін дамыту. Би қимылдарын ырғақты сезініп, жасауға баулу. Салмақты бағдарлау. Заттардың салмағын анықтауға қызығушылықтарын арттыру. Достыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта

Тілдердің үштұғырлығын іске асыру: достық-дружба- friendship,


БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру кезеңі

2-бет: Амандасу әні. (бетке аудиофайл қою арқылы)


Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі


3-бет: Ән тыңдау: «Достық» Әли мен Айяның әні (бетке видеофайл қою арқылы)


  • Әнде не туралы айтылған? Достық дегеніміз не? Достарыңды ата!

  • «Достық» сөзін үш тілде айтайықшы (достық-дружба- friendship)

  • Әннің екпіні қандай? Көңіл күйі ше?

  • Бұл әнді кім орындады?

  • Әли мен Айя мульфилімін көресіңдер ме?

  • Қай телеарнадан? (Балапан телеарнасынан)

  • Дұрыс, «Балапан» телеарнасы сендерге ұнайды ма?

  • Онда бүгін біз «Балапан» телеарнасына барайық

  • Қандай көлікпен барсақ болады?

Балалар өз ойларын айта бастайды.

4-бет: (Сипаттаса шолушысын ашып, «шырағдан» аспабы арқылы автобус суретін жасыру. «Шырағданның жабу» функциясы арқылы автобус суретін көрсету).


-Ендеше бәріміз автобусқа отырып Балапан арнасына барайық.

«Автобус» жаттығу әні (аудиофайл)


Ұйымдастырушылық-ізденістік:


5-бет: Тақтадан «Балапан» арнасының гимні шығады. (видеофайл)

Тақтадан жүргізуші сөйлеп тұрады. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің телеарнамызға қош келдіңдер!

  • Қазір телеарнада қандай бағдарлама болады екен?


Тақтадан «Ән салайық» бағдарламасының бейнебаяны шығады


  • Балалар, қандай бағдарлама? (Ән салайық)

  • Демек, ән айтамыз.

  • Қандай ән айту керек екенбіз?

  • Алдыңғы оқу қызметінде қандай ән үйрендік? («Балабақша» әнін үйрендік)

  • «Балабақша» сөзін орыс және ағылшын тілінде айтайықшы.

  • Детский сад- kindergarten

  • Әннің авторы кім? (Бота Бейсенова)

-Бота Бейсенованың суретін көрсету арқылы естеріне түсіру.

5-бет: Ән айту: «Балабақша» әні Б.Бейсенова (аудиофайл)

Тақтадан Балапанның суреті көрсетіледі. Дауыс шығады:

  • Балалар, менің аспаптарым көп, бірақ арасынан ұрмалы аспаптарды ғана ажырата алмай тұрмын. Көмектесесіңдер ме? (аудиофайл)

  • Балалар, көмектесеміз бе? (Көмексеміз)

6-бет:


Shape4

-Қараңдаршы, мында көп аспаптар бар екен, аспаптарды ойналу түріне қарай бөлейікші.

Аспаптардың арасынан ұрмалы аспаптарды ажыратып, сандықшаға салу.

Музыкалық –дидактикалық ойын:

«Ұрмалы аспаптарды ажырат!»




7-бет: (Әрбір суретті «қайта реттеу», «төменгі, жоғарғы қабатқа» функциялары арқылы орналастыру. Дұрыс болса, төменгі қабатқа, қате болса, жоғарғы қабатқа. Сандықшаны ортаңғы қабатқа орналастыру. «Ағытпа» аспабы арқылы сөре құрастырып, барлық бөлшектерін құлыптау. Суреттерді жылжыту арқылы тапсырманы орындау)

8-бет:

Shape5

Балапан дауысы:

-Жарайсыңдар, балалар! Тапқыр екенсіңдер! Көп рахмет!



9-бет: Тақтадан Балапан арнасының бағдарламасы «Кім тапқыр?» басталады. (видеофайл)

Тосын сәт: Залға «Кім тапқыр?» бағдарламасының жүргізушісі Зере (тәрбиеші) келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! «Кім тапқыр?» бағдарламасында берілетін тапсырмалар өте көп, сендердің тапқырлықтарыңды тексеріп көрейік.


10-бет: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінен 1-тапсырма: «Жеңіл заттарды тауып, сөреге орналастыр!»

Shape6

Сипаттаса шолушысын ашып, «контейнер» бөліміне кілтсөздер жазу арқылы, дұрыс болса қозғалу, қате болса қозғалмауды басу. «Ағытпа» аспабы арқылы сөре құрастырып, барлық бөлшектерін құлыптау. Егер зат жеңіл болса –дұрыс, ауыр болса-қате.




11-бет: Сергіту сәті: «Жүгіреміз» қимылды әні (видеофайл)


12-бет: 2-тапсырма: «Сол жақтағы жүк машина ауыр заттарды, оң жақтағы жүк машина жеңіл заттарды тасиды. Сызып қос.»

Shape7

Қойылған суреттердің барлығын құлыптау, «қалам» аспабымен сызу арқылы тапсырманы орындау.



13-бет: 3-тапсырма: «Қай зат ауыр болса, соны боя»


Shape8

Қойылған суреттердің барлығын құлыптау, ауыр заттарды «маркер» аспабымен бояу арқылы тапсырмагы орындау.



Зере: Жарайсыңдар, балалар! Недеген тапқыр, білімдісіңдер! Өздеріңмен бірге «Кім тапқыр?» бағдарламасын өткізген өте көңілді екен.


  • Зере, сізге де көп рахмет! Бірақ біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз болды. Балалар, бақшамызға немен қайтамыз.

  • Келгенде автобуспен әндетіп келгенбіз, енді шаршадық, тезірек жету үшін қандай көлікпен барған дұрыс?

14-бет: Балалар өз ойларын айта бастайды.

Shape9

Сипаттаса шолушысын ашып, «пердеше» құралын қолдану арқылы ұшақ суретін жасыру.

  • Пердешені ашып көрейік, қандай көлік екенін? (Ұшақ)

  • Ұшақпен ұшып барсақ, біз тез жетеміз. Сондықтан ұшақпен қайтайық.

  • Балалар, Зеремен қоштасайық та ұшаққа мінейік.

Зере қоштасып шығып кетеді.

15- бет: Ырғақты қимыл-қозғалыс: «Ұшқыштар» (видеофайл)

Қорытынды:

  • Балалар, біз қайда бардық? («Балапан» арнасына бардық)

  • Саяхатымыз ұнады ма?

  • Саяхатымыздың барысында қандай көліктерге отырдық? (автобус, ұшақ)

  • Осы көліктер және «Балапан» арнасын бір сөзбен алғанда не деп айтамыз? (Бізді қоршаған әлем)

  • Бүгін сендер өз өнерлерің мен тапқырлықтарыңды жақсы көрсеттіңдер.

  • Жарайсыңдар! Барлығымыз бір-бірімізге қошемет көрсетейік.

Балалар бір-біріне көтеріңкі көңіл-күймен қошемет көрсетеді.

16-бет: «Қоштасу» әні. (аудиофайл)

Балалар қоштасып топтарына қайтады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!