Материалдар / Блум таксономиясының талдау деңгейі арқылы білім алушылардың зерттеушілік дағдысын қалай жетілдіреміз?

Блум таксономиясының талдау деңгейі арқылы білім алушылардың зерттеушілік дағдысын қалай жетілдіреміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылған осы зерттеу жұмысында Блум таксономиясының талдау деңгейі арқылы білім алушылардың жоғары деңгейде ойлау дағдыларын қалыптастыру зерттеледі. Зерттеу нәтижесі соңында көрсетіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша білім алушылардың ойлау дағдыларының жоғары дейгейде арттыру жолдары қарастырылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2022
251
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Блум таксономиясының талдау деңгейі арқылы білім алушылардың зерттеушілік дағдысын қалай жетілдіреміз?

Биология пәні мұғалімі: Жетесова Аягөз Болатқызы

География пәні мұғалімі: Джарасова Баян Базарбаевна

Өнер пәні мұғалімі: Узакбаева Жулдызай Сапарбаевна

Аннотация

Ұсынылған осы зерттеу жұмысында Блум таксономиясының талдау деңгейі арқылы білім алушылардың жоғары деңгейде ойлау дағдыларын қалыптастыру зерттеледі. Зерттеу нәтижесі соңында көрсетіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша білім алушылардың ойлау дағдыларының жоғары дейгейде арттыру жолдары қарастырылады.

Аннотация

В данном исследовании рассматривается формирование мыслительных способностей учащихся на высоком уровне через уровень анализа таксономии Блума. Результаты исследования отображаются в конце. По результатам исследования рассмотрены пути совершенствования мыслительных способностей учащихся на высоком уровне.

Annotation

This study examines the formation of students' thinking skills at a high level through the level of analysis of Bloom's taxonomy. The results of the study are displayed at the end. According to the results of the study, ways to improve the thinking skills of students at a high level are considered.



Сабақтың зерттеу мақсаты: Талдау деңгейіндегі тапсырмалар жүйесі білім алушылардың білімді терең меңгеріп, ой қабілеттерін арттырып, зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады.

Сабақты зерттеудің міндеттері:

Сауалнама алу, сұхбаттасу, бақылау, ресурстың қолжетімділігін анықтау.

Сауалнама нәтижелеріне байланысты сараланған тапсырмаларды дайындау, сабақ соңында анализ жасап, оң нәтижелер мен жетістіктерді анықтау.

Зерттеу соңында оқушылардан тағы да сауалнама алынып, алдыңғы алынған сауалнама нәтижесімен салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын талдау. Зерттеу барысында мәліметтер жинақтау(фото, видео, аудиот және жазба жұмыстар т.б) Зерттеу жұмысынын қорытындылау.

Өзектілігі: LS бойынша зерттеуге Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқыту тілі қазақша 10-сынып оқушылары алынды.

Өнер, география , биология сабақтарында төмендегідей кедергілер туындады:

  1. Оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істегенде тапсырманы толық орындамау,

  2. Пробелмалық жағдаттарға қатысты тапсырмаларды орындағанда толық талдай алмау;

  3. Өзіндік ой пікірін толық жеткізе алмау;

Аталған кедергілерді анықтай отырып, сабақ барысында тек слайд-презентациямен, бейнематериалмен шектелмей тиімді белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану көзделді. Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың ой –өрісін дамытып, шығармашылық жұмыс жасауына жағдай туғызу. Талдау тапсырмаларын қолдану арқылы зерттеу дағдысы жетілген оқушының білім сапасы артады.

Зерттеу нысаны: 10-сынып оқушылары

Зерттеу барысында білім алушылардан төмендегідей сауалнама алынды:





















10 Сабақты жақсарту үшін сіз қандай әдіс ұсынар едіңіз?

Кітаптан іздену топтық жұмыс ұсыныс жоқ

Қызықты ойындар қосу

Ойын, сергіту сәті

Ешкандай

сергіту сәті

мумкин сабакка катысты топтык жумыстардан баска интерактивтерди откизу, мысалы ойындар

Ұсынар ұсынысым жоқ, өйткені барлығы маған ұнайды

Топтық жұмыстар санын арттыруға болады

Барлығы жақсы

Ойын уымдастыру

Озиндик жумыс

Есеп коп шыгару

Ұсыныс жоқ

Индивиудалды тапсырмалар орындау

Кызыкты откизу

ужымдык жумыстарды кобейту

Киль


Зерттеу жұмыстары:

Әр түрлі әдістерге сүйене отырып, үш пәнде үш апта бойы бірдей стратегияларды қолданылу керектігі шешілді. Зерттеуге үш деңгейдегі (А, В, С) оқушылар анықталып алынды. Таңдалған әдістер-тәсілдер:

  1. DEAL әдісі

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E – Explain – түсіндіру (ерекше құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

2. Модельдеу әдісін қолдануды қарастырдық. Өйткені модельдеу арқылы сабақты толық түсінуге, креативті дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

3.Бейнекөрсетілім пайдалану ақпаратты толық қамтуға және зерттеуге мүмкіндік береді.Сабақ та қызықты өтеді. Бейнематериал бойынша сұрақтар қойғанда өзіндік пікір қалыптасады.Үш пәннен де бейнематериал бойынша талдау тапсырмалары алынды.

Жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдер қолданылған сабақ барысы.

Бірінші әдіс-тәсілге сай өткізілген сабақ нәтижесі:

  1. География пәнінен «Қазақстанның климатын түзуші факторлар» тақырыбы жоспарланды. Білім алушыларға сабақ мақсатына сай « DEAL» стратегиясы арқылы Қазақстан жеріне әсерін тигізетін климат факторларын таңдау бойынша бір факторды таңдап , талдайды. Арнайы бағалау критерийлері арқылы бағалайды. «DEAL» стратегиясының алгортимі қолданылды

  2. Биология пәнінен алғашқы кезекте «Жүйке жасушасының құрылысы және қызметі. Жүйке ұлпасының қызметі және оның құрылысы.» тақырыбындағы зерттеу сабағы өткізілді. Сабақ барысында қарастырылған мақсаттар:

  • Жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасында байланысты орнату;

  • Жүйке ұлпасының қызметі мен құрылымдық бөлімдерінің қызметтерін талдау.

Алдымен сабақ басында оқушыларды топтарға бөліп, сабақ мақсатына сай постер қорғады. Содан соң жеке жұмыс ретінде жүйке ұлпасы мен жасушасының қызметін талдау кезінде « DEAL» стратегиясын қолданды.


  1. Өнер сабағында «Бизнес-жоспар құру» тақырыбындағы зерттеу сабағы өткізілді. Білім алушылар сабақ мақсатына сай « DEAL» стратегиясын шағын топтарда өнермен (сән журналы, дизайнерлік компания, жарнамалық агенттік, өндірістік компания) маңыздылығы, өзектілігі, сұраснысқа ие бизнес жоспарын жоспарлады.





Оқушы

География сабағында

Биология сабағында

Өнер сабағында

А

1 факторға толық анализ жасаған, берілген сұраққа жеткілікті түсіндірме берген.

Үшінші топ оқушыларына күрделі тапсырма түскендіктен, оқушы талдау кезінде нақты жауаптарды бере алды, алайда ақпараттық мәтінді қолдана отырып жауап берді.

Оқушы бизнес жоспарын құрып, сұрақтар дайындап онлайн сауалнама жүргізіп, диаграммамен көрсете білді

В

Мәтінге қатысты тапсырмасы бойынша берілген сұраққа әлсіз түсіндірме берген. Ойын нақты мысалдармен дәлелдей алмаған,қортынды ой жазылмаған

Екінші топ мүшесі ретінде алдымен нейронның түрлерін қарастырғандықтан, «DEAL» стратегиясына сәйкес талдау кезінде аздап қателіктер жіберді.

Бизнес бастау үшін алғашқы қадамдар : кіріс-шығыстарды есептеу, мүмкіндіктер, қауіп –қатерлерді көрсететін постер жасап, аудиторияға таныстырды. «DEAL» стратегиясына сәйкес талдау кезінде ақпараттарды толықтыру қажет екені байқалды

Picture 3

С

Топтық жұмыстарда өзінің білгенін тежеп, ортаға сала алмайтыны байқалды.Сол себептен оған жұмыс қызықсыз болды. Бірақ топтың атынан жазғандарын оқып шықты.


Топтық жұмыс кезінде нейроннцң құрылысын қарастырғандықтан, жеке жұмыс кезінде оқушы талдауды толық орындай алмай, топ мүшелері көмектесіп отырды.

Постер арқылы бизнестің өзектілігі оның ішінде: отандық өнімді әлемдік нарыққа шығару; экологиялық мәселелерді назарға алу; табыс көзі- жеке бизнесті дамыту жолдарын ұсынды.Топпен жұмыс барысында белсенділігі төмен, бірақ постерді аудиторияға ауызша жақсы жеткізе білді, сұрақтарға нақты жауап бере алды



Бір аптада үш пән бойынша сабақтарда осы әдісті қолданғаннан кейін тиімді және тиімсіз жақтарын анықтап зерделенді. Жеке тапсырмадан гөрі топтық тапсырмада тиімді екенін көрсетті.

Екінші әдіс қарастырылған сабақтар:

  1. Биология сабағында «Бүйректің құрылысы және қызметі» тақырыбы қарастырылды. Сабақта «бүйректің құрылымдық бөліктерін тану» оқу мақсатына сәйкес модельдеу әдісі қолданылды. Яғни үш топтағы оқушылар қағаз қиындыларынан, пластилиннен және де қарапайым сурет салу арқылы бүйректің әрбір құрылымдық бөліктері мен қызметтерін сипаттап, көрсету керек болды.

  2. География сабағында «Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбы өтілді. Сабақта модель жасау арқылы тау өзендері мен жазық өзендердің ерекшеліктеріне талдау берілді. 3 топ өзердердің таралуы ,жас ерекшеліктері бойынша ерекшеліктеріне сипаттама берді.

  3. Өнер сабағында Графикалық дизайн. Идея құрастыру (логотип, тауар белгісі, корпоративті кейіпкер) тақырыбы қарастырылды. Сабақта графикалық дизайн логотипін оқу мақсатына сәйкес модельдеу әдісі қолданылды. Яғни топтағы оқушылар қалдық материалдарды қолдана отырып, бизнес жоспарының логотипін жасау қажет болды. Жоба жұмысының негізгі идеясы осы логотипті киім-кешектермен, аксессуарлық бұйымдарға (cөмке, кепка, белдік) басып шығару.





Оқушы

География сабағында

Биология сабағында

Өнер сабағында

А

Оқушы өзен туралы толық сипаттама берді.

Оқушы қағаз қиындылары арқылы бүйректің әрбір бөлігін дұрыс әрі анық көрсете отырып, қызметтерін де толық сипаттай алды

Оқушы бизнес жоспарының Логотипін құрастыра білді, өнім моделін жасай алды. Трафареттік баспа әдісі арқылы матаға түсіре білді

В

Оқушы 2 өзеннің ерекшеліктерін атап, түсіндіре алды.

Пластилин арқылы бүйрек бөлімдерін көрсетіп, қызметтеріне сипаттама келтірді.

Композициялық тұрғыда ерекше дйзаинмен логотипін электронды нұсқада жасады.

С

Оқушы 2 өзеннің ерекшеліктерін сипаттай отырып, неге олай ерекшеленетінін түсіндіре алмады.

Сурет салу арқылы бүйрек бөлімдерін ауызша айтты, қызметтеріне толық тоқталмады.

Постер арқылы бизнестің өзектілігі айтылды, логотип эскизін жасады.





Үшінші әдіс қарастырылған сабақтар:

  1. Биология сабағында «Нефронның құрылысы және қызметі. Ультрафильтрация және реабсорбция.» тақырыптары өткізілді. Сабақ барысында қарастырылған оқу мақсаттары:

  • нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау;

  • фильтрация және несептің түзілу үдерістерін сипаттау

Оқушылар арнайы бейнересурстар арқылы нефронның құрылысына, қызметіне және нефронда болатын зәр түзілу үдерістеріне тоқталды. Сол арқылы бейнекөрсетілім әдісінің көмегімен тақырып толықтай ашылды.


  1. География сабағында «Қазақстандағы қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар» тақырыбы өтті. Мұнда әртүрлі құбылыстардың пайда болу бойынша бейнематериал көрсетілді. Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстарының қалыптасуын талдайды, түсіндіреді және таралу аумақтарын картада көрсетеді, сақтану шараларын ұсынады.

  2. Өнер сабағында «Бизнес жоспарын құру» тақырыбы өтілді. «Бизнес бастар алдында не білу керек?!» атты бейнематериал көрсетілді. Бизнестің өзектілігі ұтымды, әлсіз тұстарын топта талқылайды, талдайды және бизнес жоспарын жазудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді.



Оқушы

География сабағында

Биология сабағында

Өнер сабағында

А

Оқушы Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстарының қалыптасуын талдады, түсіндірді және таралу аумақтарын картада көрсетті.

Оқушы бейнематериал арқылы зәр түзілу процесстерін ретімен айттты және сызба арқылы көрсете алды

Оқушы бейнематериалды көру арқылы –бизнестің не үшін қажет екені,оны құру жолдары бренд, логтип, визитка т.б. жоспарлады.

В

Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстарының қалыптасуын талдай отырып, таралу аумақтарын картада көрсете білді.

Бұл оқушы нефронның қызметін талдап, жекелей сипаттама бере алды.

Бұл оқушы бейнематериал қатысты сұрақтарға жауап бере алды

С

Оқушы қолайсыз құбылыстардың қалыптасуын түсіндіре отырып, таралауын картада көрсете алды.

Оқушы нефронның құрылысын әртүрлі түстерді пайдалана отырып, сызбанұсқасын жасап, түсіндірме жұмысын жақсы атқарып шықты.

Оқушы қазіргі таңдағы сұранысқа ие бизнес жоспарын жоспарлады





Зерттеу нәтижесі:

3 пәнде де жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдер қолданылды. Зерттеу барысында қолданған әдіс- тәсілдер оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамытуға бағытталған.Өнер, биология, география сабақтарында тереңдету саралау қағидатына негізделген тапсырмалар оқушылардың шығармашылық бағытын дамытты. Сонымен қатар, ойын еркін, жүйелі жеткізуді, ақпараттарды дұрыс қолданып, тапсырмаладарды талдауда мұғалімнің көмегінсіз орындай алды. Жеке, жұптық және топтық жұмыстарда талдау үшін түрлі тәсілдерді қолдана отырып, талқылау, талдау жұмыстарын жүргізді, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, осы сұрақтар бойынша өзара пікір алмасты. Ұтымды тəсілдерді сабақтың әр кезеңінде дұрыс қолдану - сабақтың мазмұнды әрі қызықты өтуіне септігін тигізді.

Қорытынды:

Қорытындылай келе, сабақты зерттеу арқылы Блум таксономиясының талдау деңгейі арқылы білім алушылардың зерттеушілік дағдысын жетілдіру жұмысында оң нәтижеге қол жеткізе алдық. Болашақта осындай саралаудың тереңдету қағидатына негізделген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушының білім, білік дағдыларын арттыруға және «С» деңгейіндегі оқушылармен әлі де қарқынды жұмыс жасап, «В» деңгейіне жеткізуге, ал «В» деңгейіндегі оқушыларды «А» деңгейіне жеткізуге жұмыстану керек екені ұйғарылды.





Әдебиетке шолу:



  1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік кеңесі ұсынған «Мұғалімге арналған нұсқаулық», 2012ж





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ