Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Б.Момышұлы "Ұшқан ұя"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақы
рыбы:Б.Момышұлы. Ұшқан ұя
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.

2.Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап,оқулықпен жұмыс
Көрнекілік: Б.Момышұлының суреттері,кітаптар,мақал-мәтел.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Психологиялық ахуал
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сермейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Хат жазып келу.
3-4 оқушыға оқыту.
- Хатты кімге жаздың?
- Хатты не үшін жазады?

ІІІ.Жаңа сабақ.
Жеті атасын білмеген – жетесіз.
Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.

Кіріспе
Бугінгі сабағымызда батырлық,ерлік туралы білетін боламыз.
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен танысатын боламыз.

Бауыржан Момышұлы өмірі жайында түсінік беру.Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.

Оқулықпен жұмыс.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.

Дәптермен жұмыс
Сөздікпен жұмыс:
Ата тегі –арғы аталары
Баппен –асықпай
Араз –тату емес,өш.

Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.

Сергіту сәті:
Б.Момышұлының өз даусымен соғыс кезіндегі сөзін тыңдату.

- Сен де ата - аналарыңнан сұрап, ата - тегіңді біліп ал. Ата - текті білу – ел тану екеніне мән бер.

- Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөзді құрастыр:
Ел тану деген -......(ата-тегін білу)


- Сызбаны толтыр.

Жеті ата ----------------------------- Сенің жеті атаң
Ата
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене

Бекіту:
1. Шығарма кімнің атынан баяндалған?
2. Бала Бауыржан әдептіліктің басы сәлемдесу екенін қалай түсінеді?
3. Бауыржанға ата-тегін кім үйретті?
4. Сен ата-тегіңді білесің бе?
5. Бауыржан кім нің баласы?
6.Момыш кімнің баласы?

Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау.
Жеті аталарын жазып , жаттап алу.
Бағалау



- тапсырма. Тест
1. Өсімдіктердің жер асты мүшесін тап.
а) сабақ
ә) жапырақ
б) гүл
в) тамыр
2. Өсімдіктің тыныс алу мүшесін тап
а) тамыр
ә) сабақ
б) жапырақ
в) гүл
3. Өсімдік бөліктерін ретімен тап
а) жапырақ
ә) гүл
б( сабақ
в) тамыр
г) жеміс
4.
Тірі табиғатқа не жатады?
а) жаңбыр, қар
ә) торғай
б) ай
5. Табиғат заттарын ата
а) шкаф, телефон
ә) саз, топырақ
б) аяқ - киім

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12