400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің өміршеңдігі Ашық сабақ 8-сынып әдебиет

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға,өзім сияқты әріптестеріме әдіс алмасу үшін қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 7.02.2019 жыл Сыныбы: 8 Пәні: қазақ әдебиеті


Сабақ тақырыбы

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің өміршеңдігі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.2.1 - шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Материалдық және рухани құндылықтарды өзара салыстырып баға береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Рухани құндылықтардың заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Материалдық және рухани құндылықтардың заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беруде өз көзқарастарын дәлелдейді.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: салыстырып баға береді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: махаббат, абырой, салт-дәстүр

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...

Шығарманың басқа шығармалармен үндестігін салыстыра қарайтын болсақ:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Кейіпкерлер заманға сай ма?

  • Дәлелде?

  • Жаңашылдығы неде деп ойлайсың?

Құндылықтарды

Игерту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттық, ұлтжандылық тәрбие.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Бағалау критерийі

  • Рухани құндылықтардың заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді.

  • Өз көзқарастарын, ойын дәлелдейді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Алдыңғы білім

«Ұшқан ұя» повесінің мазмұны, тілі туралы біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

Ресурс

Сабақтың басы


3минут

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу,сынып оқушыларын түгендеу.

2.Психологиялық ахуал

«Уәде беремін»шаттық шеңбері. Бұл шаттық шеңбері мұғалімнен

бастап өз уәдесін айнаға қарап айтады да аяғында уәде беремін дейді. Дәл солай шеңбер бойымен оқушылар өздеріне уәделерін айтып өтеді. Мысалы мұғалімнің уәдесі: «Мен бүгінгі сабақта жақсы ат салысып қатысқан оқушыны міндетті түрде марапаттауға уәде беремін» деген сияқты. Бұл әдіс оқушыларды өз бойына міндет алуға үйретеді. Және сол міндетті орындауға тырысады.



















3.Топқа бөлу. Сыныпты балмұздақ таяқшасы арқылы 4 топқа бөлу. 1-топ: «Имаш»,2-топ: «Қызтумас»,3-топ: «Момыш»,4-топ: «Бауыржан».

5 минут

Үй тапсырмасын сұрау:

«Бір қадам алға...» әдісі арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру.

-Бауыржан туылғанда берген көпшіліктің,атасының батасы қабыл болды ма? Ойларыңмен бөлісіңдер.

-«Ертексіз өскен бала-рухани мүгедек» деген автор пікірімен келісесіңдер ме?

-Бауыржанның балалық шағы мен қазіргі заман балаларының өмірін салыстырыңдар.

-«Даланың дарқан балабақшасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақтың ортасы


2минут




3минут










2минут



5минут











5минут




















10 минут

Ой шақыру

-«Ұшқан ұя» повесі несімен құнды?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және оқу мақсаты, бағалау критерилерімен таныстырып өту.

1.Жұптық жұмыс

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды алдарыңдағы стикерге жұптарыңмен ақылдаса отырып жазып көрейкші.Тақтаға үйшік макеттері ілінеді.Сол үйшікті жарық ету үшін құндылықтарды ілейік.

Дескриптор:

- Шығармадағы рухани және материалдық құндылықтар туралы біледі.

-Екеуін бөліп жазады.

ҚБ. «Бас бармақ»

Видео .«Өмір жолы» Б.Момышұлының келіні З.Ахметованың атасы туралы естелігінен қысқаша үзінді көрсету.

2.Жеке жұмыс. «Кейіпкерге хат» әдісі арқылы орындалады.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе! » тақырыбына шығарма авторына хат үлгісінде шағын ойтолғау жазу.

Дескриптор:

-Ойын тұжырымдай алады ;

- Авторға хат үлгісінде шағын ойтолғау жаза алады.

ҚБ. «Екі жұлдыз,бір тілек»

Сергіту сәті. Жазира Байырбекова «Бесік жыры».

3.Топтық жұмыс.

«Жылдам дебат» әдісі арқылы орындалады.

Электронды бесік жыры мен баланың өз ата-анасының айтатын бесік жырының арасында айырмашылық бола ма? деген сұрақ төңірегінде ойларын салыстыра отырып дәлелдеп, нақты көзқарастарын білдіру.

Орындалу шарты:

1-топ: жақтаушы тарап, өз анасының

айтатын бесік жырының өзіндік құндылығын айтады.

2-топ: даттаушы тарап, электронды бесік жырының тиімділігі мен ерекшелігін айтып, жақтаушы тараптың пікірін теріске шығарады.

3-топ : жақтаушы тарап,«Ұшқан ұя»повесіндегі Бауыржанға әжесі Қызтумастың айтқан әлди әнінің құлақта қалған үні,

4-топ бағалаушы болады. Олар бағалау жүргізеді Дескриптор:

Тақырыптың ашылуы;

Дәлелдер мен фактілердің келтірілуі;

Сөйлеушінің сөз саптауы;

ҚБ. «Жұлдызша» арқылы бағаланады.

4.Топтық жұмыс. «Әуе шары» тәсілі

-Әуе шарында кім немесе кімдер болу керек?

-Ұя, яғни отбасы табысты,берік болуы үшін оларда не болу керек?

- Оны не кідіртеді?Кедергі жасайтын фактор.

-Қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады?

-Шарды бағытынан не шатастыра алады?Екі жағына туындауы мүмкін проблемаларды жазу.

Дескриптор:

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.

ҚБ: Шапалақ

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Бауыржан Момышұлы 1-том «Ұшқан ұя»повесі,

Хрестоматия






https://youtu.be/MdfRJTYKcc8

Сабақтың соңы


5минут

Кері байланыс

«ҚҚҚ кестесі»

Маған қызық болған 2 нәрсе

Маған қиын болған 2 нәрсе

Маған құнды болған 2 нәрсе


Үйге тапсырма: БЖБ-ға өтілген екі тақырып бойынша дайындалып келу.








Кері байланыс

«ҚҚҚ кестесі»

Маған қызық болған 2 нәрсе

Маған қиын болған 2 нәрсе

Маған құнды болған 2 нәрсе









____________________________________________________________________________

Кері байланыс

«ҚҚҚ кестесі»

Маған қызық болған 2 нәрсе

Маған қиын болған 2 нәрсе

Маған құнды болған 2 нәрсе










____________________________________________________________________________________

Кері байланыс

«ҚҚҚ кестесі»

Маған қызық болған 2 нәрсе

Маған қиын болған 2 нәрсе

Маған құнды болған 2 нәрсе










_____________________________________________________________________________________

Кері байланыс

«ҚҚҚ кестесі»

Маған қызық болған 2 нәрсе

Маған қиын болған 2 нәрсе

Маған құнды болған 2 нәрсе










































халқымыздың үлкенді сыйлау ата - ананы ардақтау сияқты асыл қасиеттері қазақтардың ары мен намысы үшін жан аяспайтындығын халық ауыз әдебиетінің адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелейтін жақсы үлгілерін бүкіл дүние жүзі әдебиетінің асыл мұраларымен теңестіре суреттейді.

«Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ» (Сараин) 

Ұлы тұлғаның бойындағы отаншылдық, туысқандық, әділеттік, шыншылдық сезімнің негізгі өзегі де ата-ананың , демек әжесі мен әкесінің тәрбиесінде жатқан секілді. Әкеден үйренген «жеті ата», жыл қайыру, әже айтқан Қазығұрт, қарлығаш, жарқанат, жылбасы жайлы ертегілер бала Бауыржанның қиялын тербеп, ұғымын кеңейтіп, таным шеңберін аша түсті.

Суреткер «Ұшқан ұя» повесі арқылы бүкіл қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік болмысын салт-сана, әдет-ғұрпын өз аулы арқылы ұрпақ алдына шыншыл жайып салған.

Ертексіз өскен бала рухани мүгедек адам... Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланыңкөкірегі кейін керең болып қалмасын деп қорқамын... балаларымның мен сияқты ғұлама әжелері азайып бара жатқанына қатты өкінем, қабырғам қайысады», - деп тебіренуі адам санасында тәрбие берілудің алғашқы сатылары өмір бойы сақталатындығын ескеруінде болса керек.

"Ұшқан ұя" ұлттық негіздің түп тамыры болып табылатын қазақи тәлім-тәрбиенің озық үлгісі болды.

Зейнеп Ахметова өз естелігінде былай дейді: «Ағыны жойқын тасқынды алақанмен сипап тоқтатуға бола ма?... Менің атам әділдік пен шындықтан сығылған алмас семсер болатын. Сезімтал жанды, өткір ойлы, табиғаты тәкаппар жаратылған өзгеше адам».

Б.Момышұлы әділдік пен шындықты сүйетіні "Ұшқан ұясында" да ерекше атап көрсетеді.

«Шаруамыз шап - шағын еді. Біздің үй іші қартайған Имаш бабамнан бастап, есін енді - енді біліп келе жатқан баласына дейін жеген нанын табан ақы, маңдай терімен тапқан. Ешкімді жалдамаған, ешкімге жалданбаған». Мұнда Бауыржан адал еңбекті сүйетіндігін көрсетіп отырған жоқ па.



Ел ішіне келетін ақындар ауыл адамдары үшін үлкен мереке іспеттес. Бұл ең сәтті, ең қызықты күн болып саналатын. Дүйім ел ақын түскен үйдің есік алдына жиналып, иін тіресіп тұратын. Үйге сыймағандары жабықтан сығалап, ал кейбіреулері ақынның үнін алыстан естігендеріне риза болып тарасатын. Адамның жан сарайын ашатын, рухани баюына жол сілтейтін осындай ғажап көріністер Баукең өзі еске алғандай: «Мен осынау халық қазыналарын алғаш рет ақындармен, көкем сияқты көзі ашық білімділерден сіңіргенмін. Солардан дәм татып солардан сусындағанмын».

Шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен. Ал М.Жұмабаев: «Тәрбие - адам баласын кәмелет жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру» - деген екен.



Қазақтың шешендік өнерін жоғары бағалаған Б.Момышұлы ұлттық мінезді бойына сіңірген ұлы адам, ұлы тұлға. Өркен жайған ортасы туралы: «Менің бірінші ұстазым, ненің жақсы, ненің жаман екендігін үйреткен профессорым, ақылшым - әжем. Әкем - дала интелегенті этнограф, тарихшы еді. Осы бірінші мектебім, бірінші университетім маған өшпес өнеге қалдырды» деуі өмірге жол сілтеген алғашқы құс жолы әкесі мен әжесі екендігін мойындағандық еді.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
1300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі