400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөбекжайдағы қызықты қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге газет-журналдарға мақала жазу үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

№13 «Золотой ключик» бөбекжайының «Құмырсқалар» ересек орыс тобында қазақ тілі мұғалімі Саменова Гүлжан Болатқызы «Қызықты қазақ тілі» тақырыбында қазақ тілінен ашық оқу қызметі өтті.

Балалар жыл бойы өткен материалдарын бекіту мақсатында ұйымдастырылған ашық оқу қызметінде түрлі дидактикалық ойындар: «Қай мезгілде болады?», «Құйрығын тап», «Төлдерін ата», «Кім жылдам?», «Қандай жануардың дауысы?» қолданылды. Мұғалімнің «Көңіл-күйлерің қалай?», «Қазір жылдың қай мезгілі?», «Бүгін ауа райы қандай», т.б. қойған сұрақтарына балалар толық сөйлеммен қазақ тілінде жауап берді. Қонаққа орманнан аю келді. Ол өзімен бірге әр түрлі тапсырмалар әкелді. Балалар тапсырмаларды орындау барысында үй және жабайы жануарлар, ойыншықтар, киімдер, отбасы, адамның дене мүшелері,жемістер, көкөністер тақырыптары бойынша сөздік қорларын қайталап, дидактикалық ойындар ойнап, санамақтар айтты. Санамақтарды Минуллина Анастасия, Мусатов Александр, Цомаев Роман, Кужаниязов Али деген балалар өте жақсы деңгейде жатқа айтты.Тірек-сызба арқылы қазақ тілінде «Азық-түліктер» тақырыбына сөйлемдер құрастырды. Бұл тапсырмада алғырлығымен Шершень София, Жиберина Ангелина, Устинов Денис, Панкратова София, Пак Александр көзге түсті. Мысалы: Мен бауырсақ жеймін. Мен айран ішемін.

Ашық оқу қызметінде жаңа технологиялық құралдар кеңінен қолданылды. Бұл балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтарын одан әрі арттыра түседі. Қонаққа келген аю балаларды өзі ала келген «Сиқырлы әріптерімен» таныстырды. Бұл әріптер (ө, ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, һ) тек қазақ тілінде кездесетінін айтып, орыс тіліндегі ұқсас әріптермен салыстырып, айтылу ерекшеліктерімен таныстырды. Сол әріптерден басталатын сөздерді экраннан көрсетіп, балалармен бірге буынға бөліп жарысты. Бұл жарыста Аренова Жансая, Шигаева Майя, Канжагали Мерлан, Сикоева Мадина алға суырылып шықты. Ашық оқу қызметінің соңында аю өзінің уақытын көңілді әрі қызықты етіп өткізгені балаларға сыйлықтар таратты. Балалар да аюмен қимай қоштасты. Мұғалім өзі қойған мақсатына жетті.

«Қызықты қазақ тілі» тақырыбындағы қазақ тілінен ашық оқу қызметін ұйымдастыруға, қызықты етіп өткізуге көп көмегін тигізген «Құмырсқалар» ересек орыс тобының тәрбиешісі Кукавская Светлана Григорьевнаға алғысымды білдіремін.


№13 «Золотой ключик» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі:

Саменова Гүлжан Болатқызы








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі