15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бойдағы қорқынышты төмендету.Тренинг
Тренинг тақырыбы: «Бойдағы қорқынышты төмендету»
Қорқу- бақыттан бас тарту. (Иоганн Вольфганг Гете)
Мақсаты: Жағымсыз уайымды жеңу, бойдағы қорқынышты төмендету техникасын меңгерту, эмоциялық қобалжуды басу.
Тренинг барысы:
І.Ұйымдастырылу кезеңі:
«Есімім және қорқынышым» жаттығуы.
ІІ Кіріспе сөз.
ІІІ «ОЖСБ-да мен неден қорқамын?» жаттығуы
ІV «Қорқыныштың суретін сал»жаттығуы.
V «Еркін кеңістіктің иесі болу» Медитация.
VІ Бейнеролик “Шегенің ізі”
VIІ Қорытындылау бөлім. Кері байланыс
І.Ұйымдастырылу кезеңі: Сәлемдесу.
«Есімім және қорқынышым» жаттығуы есімін және оның басқы әрпінен басталатын өзіне тән қасиетті айту қажет. (2 мин)
ІІ. Негізгі бөлім. Кіріспе сөз.
Қорқыныш (үрей) туралы қысқаша лекция (5-7 мин)
Қорқыныш деген адам бойындағы алдын ала болатын іс- әрекетке даярлау сезімі болып табылады. Қорқыныш жүре пайда болатын үдеріс, жас таңдамайды. Кез келген жаста кездеседі.
Қорқыныштың өмірде кезедесетін 6 түрі бар:
Денсаулықтан айырылып қалу;
Махаббаты тастап кету;
Ақшасыз қалу;
Кәріліктен;
Өлімнен;
Бос еркіндіктен.
Сізде осының қайсысы басым? Осыны іштей шынайы бөліп қарауды жүзеге асыру. «Ата- ананың сенімінен шықпай қалу», «мектепке жаман сөз әкелуден...» деген, сол махаббаттан айырылудан қорқу түріне жататын болады. Сондықтан оның бойында бар екенін қабылдау, сондай- ақ, оны бақылауда ұстау. Оны қалай төмендетуге болады деген сұраққа бірге жауап іздейтін боламыз. Жауапты бір кезеңде қорқыныш бойда, ағзада қандай жағдай болып еді, еске түсірейік (алақан терлеу, тамақ құрғау, аяқ- қол дірілдеу, іш ауру, санада еш сөз қалмау және тағы сондай). Сізді ОЖСБ-ға кіргенде не мазалауы мүмкін? Соны шынайы қабылдай алу керек. Сол жағдайды қабылдап, қағаз бетіне түсіру.
ІІІ. «ОЖСБ-да мен неден қорқамын?» жаттығуы:
1-нұсқа: Сіздің жазғаныңызды ешкім оқымайды, іштей айта алмай жүрген ой болса қағазға түсіру, бүгінгі күні сізді қандай қорқыныш мазалап жүр, бәрін толық қағаз бетіне түсірейік. Сонда басымыз босап, оны төмендету жолын қарастыруға мүмкіндік алады. Асықпай шынайы болып, толық жазуға мүмкіндік алу.
ІІ- нұсқа: Сол жазғаны бар қағазды ішке бүктеп жүрекке қою. Тағы да бір іштей қайталап шығу. Мен өмірде неден қорқамын? Еске түсіріп, сол сезімде болу. Ал сол жазған нәрсе болды дейік сонда не болмақ. Біз неден қашсақ не болмақ. Қашпайық қорқынышты қабыл алайық. Енді ары- қарай не болмақ?
ІІІ- нұсқа: ОЖСБ- тапсыру соңғы баспалдақ па? Одан өтпей қалсақ не болмақ? Келеңсіз жаңддай туралы әңгіме ету. Өзін шарасыз сезіну. Кез келген сәтсіздіктің жақсы жағын ала білуге болады. Ғұлама адамдардың өмір жолы алғаш сондай сәтсіздіктен басталған, ол ерте есеюге шынықтырады. Өмірде ең жақын нәрседен айырылғаннан гөрі, басқаша өзіңді шынықтырған жақсы. Міне жүректегі қойған қағазды жерге төмендете отырып тастау керек. Сізде сондайды болдыртпауға толық мүмкіндік бар. Күнделік қандай жаман ой келсе, соны тоқтатып: «Мен күш- жігерімді сала отырып дайындалып, қалаған бағаны тесттен алып шығуға лайықпын» деп өзіңді қайрап отыру керек. Психологияда оны аффирмация- бекіту сөзі дейді. Футболист допты түзу қақпаға жіберу үшін күнделікті қанша мәрте теуіп, боксшы бұлшық етті шығару үшін грушаны қанша ұрып жаттығады. Сол сияқты болатын жауапты іске алдын –ала дайындық болса, іштей өзіне сеніп соны жеке күшіңмен алып шығуға болатынына алдымен өзің, екінші ата-анаң сенуі керек. Сонда сенің бағындырмайтын белесің болмайды.
Келесі сұрақтар бойынша:
1.Қорқыныш дегенді қалай түсіндіңіз?
2.Қорқыныш бойда қалай байқалады?
3.Қорқынышты төмендетуде қандай жаттығулар жасауға болады?
4. қорқыныш туралы жалпы ойыңыз қалай?
ІV «Қорқыныштың суретін сал» жаттығуы (10 минут)
Қажетті құралдар: түрлі-түсті қарындаш, фломастер немесе бояу, А4 форматындағы ақ қағаз.
Нұсқау: қатысушыға бойдағы қорқынышының суретін салып оған ат беру ұсынылады. Олар өз кезегімен суреті жайында әңгімелейді. Талқылау жүреді. Одан кейін қорқыныштан құтылудың бірнеше нұсқасы ұсынылады:
-суретті (қорқынышты) майдалап жырту, мыжу, т.с.с.
-суретті қосымша аяқтау арқылы, оны күлкілі суретке айналдыру;
-өзіне ұнайтындай мейірімді қылып безендіру;
-суретті жүрек тұсына қойып , бойдағы қорқынышты толығымен қабылдап, оны төмен жіберіп аяқпен талдау.
Сұрақтар:
Суретте не бейнеленген? Ол туралы толық айтып беру.
Сурет салу кезінде қандай сезімде болдыңыз?
Қорқынышты төмендету, бұдан қандай тәсілді таңдауға болады. Қазір ол қандай?
Одан құтылу кезінде қандай сезімде болдың?
Бойдағы қорқынышқа қатынасың, көзқарасың өзгерді ме?
V . «Еркін кеңістіктің иесі болу» Медитация.
Нұсқау: Жаймен медитациялық әуен қою. Ыңғайлы отыру. Көзін жұму. Жүрек тұсына назар аударып, оны күш-қуаттың алтын нұрымен толтыру. Жер ана мен Ғарыш, Оңтүстік пен Солтүстіктің барлық күш- қуаты сіздің жүрек тұсына түйісті. Бойыңыздан күш-қуат тасқыны төгілуде. Өзіңіздегі күш-қуатты жарық сәулені сыныпқа , мектепке, көшеге, ауылға, қалаға, бүкіл әлемге тарату. Сіз ғұлама, ақыл-парасат иесісіз. Өзіңізді барлық әлемнің орталығы деп сезіну.
Осы уақытқа дейін бойыңызда болып келген қорқыныш пен қобалжуға рахмет айту. Оны толығымен қабылдап , түсініп, қош айтысу. Әлемнің төрт бұрышынан келген күш бойыңыздағы қорқыныштан түгелдей арылуға көмектесуде. Сіз толығымен қорқыныш атаулыдан арылудасыз. Енді сіз еркін, өзіне сенімді, батыл тұлғасыз.
Кері байланыс: Бүгінгі кездесуден не алдыңыз? Ішкі көңіл-күймен бөлісуін өтіну.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген