Тақырыбы:
Болашағы зор мамандықтар
Мақсаты:
Білім
алушылардың болашақ мамандығын айқын да сеніміді таңдауға бағыт
беру, мамандыққа байланысты термин сөздердің мағынасын
ашу.
Білім алушының жеке басының сапалық
қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану
аумағын кеңейту.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен білім
алушылар!
Бүгінгі конференциямыздың
тақырыбы: Болашағы зор
мамандықтар
Мамандық дегеніміз
не?
Кәсіп,табыс көзі,сүйікті
іс, шығармашылық,қоғамға
қажеттілік.
Мамандық таңдау адам өміріндегі
маңызды әрі жауапты қадам. Адамар мамандықты
жақындарының пікірлерімен есептесе отырып, сыртқы жағдайлардың
әсеріне және оның экономикалық тиімділігіне байланысты жиі
таңдайды.
Өздерінің
қызығушылықтарына аса мән бермейді. Сол себепті өздерінің оқыған
мамандығы бойынша жұмыс жасамайды.
Мамандық
таңдауда біз өзіміздің қызығушылығымызды, бейімділігімізді,
қабілетімізді анықтап алуымыз керек?
Қызығушылық қалай пайда
болады?
Қызығушылық-сол мамандықты
ұнату
ата ана мамандығына
еліктеу
өмірге көз қарасының
болуы.
Бейімділік дегеніміз
-ата ана жолын қууы,
орындау икемділігі,мамандықты
игеруге құштарлық
Қабілет-туа біткен
талант
өзіндік ізденіс,
үйренуге талпыну.
Дұрыс таңдаған
мамандық:
Адам өміріне жағымды әсерлер
қалдырады
Өзін өзі құрметтейді
Өмірге құлшыныс сезімі
артады
Рухани дамиды
Қоғамның дамуына үлкен үлес
қосады
Мамандық таңдау өміріңіздің бір
кірпішін дұрыс қалау.
Қазіргі заманғы жоғарғы білімі
бар маманға қандай талаптар қойылады?
1. Компьютерді білу
2. Бірнеше тілді,ағылшын тілін
білу
3. Адамдармен қарым қатынас жасай
білу
4. Өз тауарын қызметін өткізе білу
5. Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау
6. Үнемі білім алуа, қайта оқуға бейімділік.
Алуан алуан кәсіп
бар
Таңдай біл де талап
қыл.
Әрбір сыныпқа 1 мамандықтан
берілді, Білім алушылар
өздеріне берілген тақырып бойынша презентация
дайындау тапсырмасы берілді
IT-дәрігері (11 а)
Мабилограф (10 б)
Биоинженер (11 б)
Урбанист эколог
(9 а)
Жоба менеджері
(9 б)
Жасанды интеллект және
машиналық оқыту саласындағы маман (10 а)
Олай болса 9 а сынып оқушыларынан бастайық
Урбанист эколог-Экологиялық
биотехнологияға негізделген жаңа қалаларды жобалаушы. Осы мамандық
туралы нақты мәліметтерді 9а сынып білім алушыларынан біле
аламыз
Жоба менеджері-белгілі бір
жобаны жүзеге асыратын негізгі маман.Ендеше осы мамандық туралы 9б
сынып білім алушыларына сөз кезегін берейік.
Жасанды интеллект және
машиналық оқыту-бұл соңғы жылдардағы барлық саладағы ең ыстық екі
термин. Келесі сөз кезегін 10а сынып білім алушыларына
берейік.
Мабилография-бұл кәсіби
фотоапараттың көмегіне жүгінбей,электронды құрылғыларды қолдану
арқылы сапалы бейне жасайтын фотосурет түрі. Мобилография тура
қызықты ақпараттарды 10 б сынып білім алушыларынан біле
аламыз.
IT-технологияларын енгізу медицина қызметкерлерінің жұмысын
жеңілдетеді. IT дәрігерлердің жұмысы қандай? 11 а сынып білім
алушыларына сөз кезегін берейік.
Биоинженер-биология мен медицинада
инженерлік принциптердің қолданылуын дамытатын ғылым мен техниканың
бағыты. Инженерлік технологияның қыр сырын 11 б сынып білім
алушыларынан біле аламыз.
Айтылған мамандықтар мен мәліметтер
сіздерге пайдалы болды деп ойлаймыз. Мүмкін болашақта осы
мамандықтарға қызығушылықтарыңыз артып, бір кәсіби маман болып
шығатын шығарсыздар. Біз себепкер болуымызда
мүмкін.
Көрермендерге дайындап қойған
ойынымыз бар!
Ортаға 6/6 дан оқушылар шықса?
Ойынның шарты:
Сіздерге 6 сұрақ қойылады, қай
команда жылдам әрі дұрыс жауап беретін болса, сол команда арқанды 1 тартады,команда
барлық сұраққа жауап берсе сол команда ұтады!
1.int функциясының қызметі?
(бөлшек санды бүтін санға айналдырады)
2.Контур дегеніміз не?
(белгіленген аймақты не сыртқа
не ішке тартады)
3.Не таңдауда қателеспеу
керек? (мамандық)
4.Ақпараттық процестер
бұл? (Ақпаратты
жинау,түрлендіру,беру,қабылдау,сақтау жеткізу)
5.Массив дегеніміз не?
(бір типтегі берілгендер
жиынтығы)
6. 8 биттен тұратын код не деп аталады?
(байт)
Мектебіміздің директоры
Букабаева Күлшат Сейдоллақызына сөз берсек осы мамандықтар бойынша
мектебіміздің білім алушыларына кеңес айтып өтсеңіз?
Кенжегүл апай болашақта жақсы
маман иесі болу үшін сіз қандай кеңес бересіз?
Кері
байланыс: Көрмендерге қай
мамандық сізді қызықтырады стикерге жазыр іледі
Жүргізушінің қорытынды
сөзі: «Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп
таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі
қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі
толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды
талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір-
бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар.
Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды
таңдаңдар.
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!-
дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын
десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді
еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен
тілектеспін
Бүгінгі конференциямыз өз
мәресіне жетті. Келіп,
қатысқандарыңызға көп көп рақмет.