Болашағым өз қолымда!

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Болашағым өз қолымда!

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-25 оқу жылында өткізілген тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәжен мектеп-бөбекжай кешені» КММ












Болашағым өз қолымда!

Тренинг





Өткізген: педагог-психолог Аширбаева К

Өткізген күні: 22.11.2024 ж

Қатысушы: оқушылар

Сыныбы: 9



















2024-2025 оқу жылы

Тренинг тақырыбы: «Болашағың өз қолыңда»

Мақсаты: Оқушылардың өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, болашаққа деген арман, мақсаттарын қалыптастыру.

Тренинг жоспары:

1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.

2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.

3. «Менің өмірім...» жаттығуы.

4. «Айдар тағу» жаттығуы.

5. «Күлкі «К» витамині» тренингі.

6. Қорытынды.

Тренинг ережесі:

- Тыңдау әдебін сақтау;

- Өз пікірін ашық білдір;.

- Ашық, көңілді болу;

- Белсенділік таныту;

- Сыйластықта болу;

- «Мен»принципін ұстану;

- «Мұнда және қазір» болу.


1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі Әрбір адам – өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір – бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!

Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы – мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен. Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда, болашағымызға деген арман, мақасттарды, мамандықты дұрыс таңдап, өкінбейтіндей өмір сүру.  Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.


2. «Ойланып көрейік» жаттығуы

Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.

Уақыты: 5 минут

Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап беру

(қатысушылар іштей екі топқа бөлінеді).

Адам не үшін өмір сүреді?

- Үлгілі отбасын құру үшін

- Білім алу үшін

- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін

- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін

- Өзін өзгелерге таныту үшін

Өмірден өз орнын табу деген не?

- Жоғары атаққа ие болу

- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету

- Тату және берік отбасын құру

- Адал достар көп болу

Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Еңбекқор, адал, әділ болу

- Қабілетті, дарынды болу

- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу

- Адамдармен тіл табыса білу


«Менің өмірім» жаттығуы

Бұл жаттығу сұрақ – жауап түрінде өтеді. Яғни, біздің сүріп жатқан өмірімізге қатысты сұрақтар. Мәселен, күнделікті қарап жүрген киноларымызға, қызығушылық танытатын компьютерлік ойындарымыз жөнінде болмақ.



Сұрақтар:

1. Қандай телесериалдарды білесің?

2. Қандай компьютерлік ойындарды білесің?

3. Сәнге айналып жатқан ұялы телефондар мен оның түрлері.


4. «Айдар тағу» жаттығуы

Біз сіздерге айдар таққымыз келіп отыр, яғни өз өнерлеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз. Қазақта «Өнерлі болсаң, өнерің тасысын» деген сөз бар. Сондай - ақ, қазіргі таңда жастардың бойынан біздер күтпеген, біздер білмейтін өнер түрлері кездесіп жатады. Сол сияқты сіздерден де сондай бір біздер көрмеген, білмейтін өнерлеріңіз болса, ортаға салсаңыздар


5. «Күлкі «К» витамині» тренингі

Бұл тренингте «Мен таңдаған өмір...» тақырыбында 1 әзілден көрсетеді.


6. Қорытынды

Мен өмірді сүйемін!

Өмір мені қолдайды!

Өмірім өз қолымда! – деген өлең жолымен бүгінгі тренинг – сабақты аяқтағым келіп отыр.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі