400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Болашағымыз өз қолымызда» дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
«Болашағымыз өз қолымызда» дөңгелек үстел
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Болашағымыз өз қолымызда»


«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, жасөспірімді білімге бағыттау, рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 2019 жылдың 10 қазан күні 8-9 сынып оқушыларына «Болашағымыз – өз қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөнгелек үстелге ауданынымыздың құрметті азаматшасы,аяулы ана,өз мамандығының шебері,медицина саласының майталманы Төлеутай Құтжанқызы, Ұлағатты ұстаз,ұстаздардың ұстазы,аяулы ана Ғалия Абдрахманқызы, Аудандық маслихат депутаты Гүлжәмила Ермекбайқызы, Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қанат Тұрғынұлы келіп оқушылармен ой бөлісті. Кездесуді Төлеутай Құтжанқызы : - Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңіріп келесіздер, - деген сөзбен бастады. Ал Ұлағатты ұстаз Ғалия Абдрахманқызы оқушылардың қазіргі таңда балдай-тәтті өмірде жүргендерін ескеріп,болашақта әлі түрлі сынақ күтіп тұрғанын,сол сынақтан мүдірмей өтулерін, болашаққа бағдар жасап ,оқушылармен ой бөлісті. Кездесуді қорытқан Гүлжәмила Ермекбайқызы бүгінде тәлімді тәрбиенің шырақшысы болып жүрген аға буынның бойындағы терең жауапкершілік, уәдеге беріктік, кей жасөспірімнің өзінің бойынан табыла бермейтін сергектік, саналылық қасиеттерді жас буын тал бойына сіңірсе ғанибет деген ойын айтып тұжырымдады.Кездесу соңында Төлеутай Құтжанқызы мектебімізге «Ақын ана жырлары» атты кітабын сыйға тартты.Мектеп әкімшілігі бұл кісілерге алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін,оқушыларымызға түрлі ақыл-кеңестерімен бөліскендері үшін, шын жүректен алғыс айтып,отбастарыңа береке бірлік тілей отырып кездесуді тәмәмдады.








Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім

беретін орта мектебінің әлеуметтік

педагогы Әбдікова Әсем Серікқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі