Материалдар / Болашақ энергиясы-болашаққа көзқарас
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Болашақ энергиясы-болашаққа көзқарас

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанда өткен ЭКСПО көрмесі туралы мағлұмат береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2018
580
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының жоспары

Пәні: тәрбие сағаты

«Бейнеу»мектеп-интернаты» КММ

Сынып:7

Мұғалім: Сейилханова Нуршат

Тақырыбы:

«Болашақ энергиясы-болашаққа көзқарас»

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Оқушыларды «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудің маңыздылығымен таныстыру

  • «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудің маңыздылығын ашу

  • Баламалы энергия көздерімен таныстыру

  • Оқушылардың шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауын дамыту


Кәсіби даму мақсаты

АКТ арқылы сыни ойлау дағдысын қалыптастыру

Көрнекіліктер

Баламалы энергия көздерінің суреті, презентация, компьютер, постер

Барысы:


Уақытты жоспарлау

Жоспарланған іс - әрекеттер

Корнекіліктер




Ұйымдастыру кезеңі

Басы:

3 минут

Сыныппен амандасу,түгендеу.

Кіріспе: Бүгінгі откізгелі отырған тәрбие сағатымыз «Болашақ энергиясы-болашаққа көзқарас». Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызға Елбасы сөзі эпиграф болады.

«Бұл Қазақстан  үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО — 2017» көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың  ең үздік бренді болады»   


Презента

циялар

Ортасы:

17 минут














































































































































































5 минут

1-бөлім. ЭКСПО деген қандай көрме? 

Ұлмекен:

Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.

Мейрамбек:


ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған, »экспонат» деген сөзден шыққан, қазақшасы - жәдігер. Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң.         

Жаңылсын:

Жалпы, ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар. Оның бірі - халықаралық әмбебап көрме. Ол бес жылда бір рет өткізіледі. Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай алады. Екіншісі - халықаралық мамандандырылған көрме. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, 2-2,5 жылда бір рет өткізіледі. Мерзімі – үш ай. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы. Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді. 

2-бөлім. Халықаралық көрмелердің тарихы.

Ұлдай:

ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның ханзадасы Альберт есептеледі. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 166 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген (сол кезде Лондонда 3 млн. адам тұрған болатын). Көрме ғимаратынаның ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын ғимарат — Хрустальді сарай салуды ұсынған Джозеф Пакстон жеңіске жеткен.Сол кездегі дәуірді дүр сілкіндірген сарай қазіргі күнге дейін сақталмаған. 1936 ол өртеніп кеткен.Алғашқы көрмеде сол кезде әлемде өндірілген заттардың барлығын көруге болатын.

Рысбек:

Көрмеден түскен пайда қомақты болған — шамамен 186 000 фунт стерлинг. Осы ақша бірнеше мұражайларының құрылысына, солардың ішінде, әйгілі Виктория мен Альберттің мұражайының бой көтеруіне жұмсалған. Ұлыбританияның екінші көрмесі 1867 жылы, ал үшінші көрмесі 1924 жылы өткен.  

Самал:

Наполеон да ЭКСПО-ны қалаған. Көрменің әлемді дүр сілкіндіргендігі соншалық, Францияның императоры III Наполеон өз үйінде осыған ұқсас бірдеңе ұйымдастыруды ұйғарыпты. Ол өзінің шарасын былай атаған екен: Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және өнер көрмесі. Ол 1855 жылы Париж қаласында, 15 мамыр мен 15 қараша аралығында өтіп, оған 5 млн аса адам келген. Дәл сол Парижде адамдар алғашқы рет көгалшапқыш, кір жуу машинасы, сөйлейтін қуыршақ, алты атқыш және мұнаймен қозғалатын алғашқы көлік құралдарының бірі – автокөлік сияқты «инновациялық» өнертабыстарды тамашалаған болатын.                                                                

Рүстем:

Парижде 1925 жылы Дүниежүзілік көрмеде қазақтың дарынды әншісі Ә.Қашаубаев қатысқан.Ол этнографиялық концертке қатысып, байқаудан екінші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді. Әміре аты әлемге танылған әйгілі Энрико Карузо және Марио Ланца сынды әншілерді басып озды деуге болады. Қазақ әншісінің ән орындауының арқасында бүкіл әлем біздің елді, қазақ музыка өнері туралы, қазақ елінің ұлттық киімі жайлы білді.    

  Әсел:

1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады. Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.

                                                

3-бөлім. Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы:

Бекзат:

    2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев өтініш жасап 10  маусымда Казақстан Астанада  ЕХРО-2017  көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.

4-бөлім. EXPO алаңы

Элеонора:

EXPO-2017 халықаралық көрмесiн өткізу үшін алдын ала белгіленген аумақ:

Шәмші Қалдаяқов көшесі мен Гольфклуб ауданындағы К-1 шығыршықты жолының қиылысындағы Астана қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан учаске.

Нұрдәулет:

Учаске сипаттамасы:

Аумақтың ауданы - 113 гектар.

Нагима:

Қала құрылысының бас жоспарымен үйлесімділігі:

EXPO орталығының көрме кешені қаланың бас жоспары мен бөлшекті жоспардың жобаларында жетілдірілген жоспарлау құрылысына жатады.

5-бөлім.ЭКСПО бізге не береді?

Нұрбақыт:
ЭКСПО бұл өнертабыстар алаңы.Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты – тіпті көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген.

Шаттық:
Жұртшылықты техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің күнделікті тұрмысымызға жол тартқан. Ал ЭКСПО-2017 бізді жаңа техникалық дүниелерімен таң қалдырды. Өнертапқыштар өз дүниелерін Астанада көрсетті.

   

Видеоролик ЭКСПО туралы                                                                    

Слайдтар

5 минут

Берілген бейнелер нені біріктіреді?


2011 жылдың 10 маусымында Парижде Халықаралық Көрме Бюросының штаб - пәтерінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рапиль Жошыбаев ХКБ Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жошыбаев ҚР Премьер-министрімен қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды.

Жасырын дауыс беру нәтижесінде Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас Ассамблеясында Қазақстанның Астана қаласы, басым дауыс жинап (103 бірі 161), бельгиялық Льеж қаласынан озып шықты және"ЭКСПО-2017" өткізу орны ретінде жарияланды.


«Болашақтың Энергиясы тақырыбымен өтетін алдағы көрме әлемдік қауымдастықтың ең өзекті мәселесі - баламалы энергия көздеріне арналады. Алдағы көрменің тақырыбын "Экспо-2017"логотипы бейнелейді.


Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді және 100-ге жуық қатысушы елдерді және 10 халықаралық ұйымдарды қабылдайды. 2017 жылдың Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесінде қатысушы елдер жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану саласындағы жетістіктері мен қолданудағы олардың артықшылықтары, экологиялық тазалығы, төмен құны, пайдалану және қоршаған орта үшін зиянсыздығын көрсетеді. Қазақстан үшін "ЭКСПО-2017" маңызды оқиға болмақ: осындай ауқымдағы халықаралық көрмесі бұрын-соңды ТМД және Орталық Азия аймағы елдерінде болған емес.

"Болашақ Энергиясы" жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз етудегі қоғамдық шешімге және әдістерге жұртшылық назарын аударуға негізделген.

Бұл әдістер бағытталған:

көмірқышқыл газ шығарындыларын төмендету және климаттың өзгеруіне қарсы күреске;

энергияның баламалы көздерін пайдалануды ынталандыру, атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздерін және бағдарламаларды енгізу;

энергиямен қамту сенімділігін қамтамасыз ету;

энергияны сақтау мен пайдалануды өндіруді бақылау;

тұрақты энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Баламалы энергия көздерінің суреттері көрсетіледі.






























"Экспо-2017"логотипы көрсетіледі





















«Болашақ Энергиясы» жобасының бағыттары презентация арқылы көрсетіледі.



7 минут

Мәтінмен жұмыс жасау (1-Қосымша)

Постер дайындау. Әр топ өздеріне берілген энергия көзі туралы әңгімелеу.

Күн батареялары

Су электр станциялары

Жел энергиясы

Маркер,А3 формат,

Стикер,таратпа қағаздар

Рефлексия

3 минут

Рефлексия

«Күншуақ»: оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды.

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндет қойды: Қазақстан-2030 таза ауасы мен мөлдір суы бар таза және жасыл ел болуы тиіс. Біздің негізгі байлығымыз: мұнай, газ, көмір мәңгі емес. Сондықтан да ертеңгі күні энергия тапшылығына тап болмас үшін біз «Болашақтың Энергиясын" дамытуға міндеттіміз.

көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы; 

Қорытынды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!