жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Болашақ есепші" сайысының сценарийі
«БОЛАШАҚ ЕСЕПШІ»
сайысының сценарийі
Касенова Мунира Зайтиновна
Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
Семей қаласы
Жүргізуші 1 Қайырлы күн құрметті «Есепшілер» ойынының қатысушылары және көрермендері. Мен сіздерді осы ойында көргеніме қуаныштымын, себебі тек осы ойында ғана сіздер өз білімдеріңіз, қабілеттеріңіз арқылы өз-өздеріңізді болашақ үзік бухгалтер және қаржыгер ретінде көрсете аласыздар.
Жүргізуші 2 Қазақстандағы ірі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық есептің халықаралық стандарттарына көшкені бізге мәлім. Қазіргі уақытта мемлекеттік кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық қаржылық есеп стандарттары бойынша жұмыс жасайды.
Жүргізуші 1 Сол себепті келешек экономикалық тұрақсыздыққа және болатын өзгерістерге дайын болу үшін, біз қазірден бастап есептің барлық қыр-сырын тануымыз қажет. Біз өзіміздің ойынымызды бастаймыз!
Ойын жалпы 3 турдан тұрады.
Ітур
- Дұрыс
жауап бер!
ІІ
тур – Болашақ
кассир!
ІІІ тур – Үздік есепші!
Ал ойынымызды бастайық.
Ітур - Дұрыс жауап бер!
Шоттар корреспонденциясы
10- Сатып алушылардан кәсіпорынға табыс түсті (1030 6010)
20- Жарғылықты капиталға жарна ретінде кәсіпорынға станоктар алынды. (2413 5110)
30- Еншілес ұйымдар кәсіпорынға компьютерлер сыйлады ( 2414 6220)
40- Кәсіпорын балалар үйіне машина сыйлады (7410 2410)
50- оң бағалы қаржылық нәтижені анықтаңыз (5610 5510)
Есептер жинағы
10- Менеджер еңбекақысы 50 000 тенге. Осы жұмысшының еңбекақысынан МЗЖ қанша көлемде ұсталынады? (5 000)
20- Құрылғының бастапқы құны 1 200 000тенге. Жойылу құны 350 000тенге. Пайдалану мерзімі 6 жыл. Амортизацияны түзу сызықпен есептеңіз. (141 666,6)
30- Бухгалтердің еңбекақысы 120 000тенге. Қолға алынатын еңбекақысының мөлшері қандай?(101 450)
40-
|
Саны |
Данасының бағасы (теңге) |
Сомасы |
Ай басындағы қалдығы |
120 |
50 |
6000 |
Есептік айдың 7 күні кірістелді |
100 |
65 |
6500 |
Есептік айдың 15 күні кірістелді |
150 |
60 |
9000 |
Есептік айдың 22 күні кірістелді |
50 |
70 |
3500 |
Барлығы ай ішінде кірістелді |
300 |
|
19000 |
Есептік айда өндіріске босатылды |
270 |
? |
? |
Ай аяғындағы қалдық |
? |
? |
? |
Өндіріске босатылған тауарлы-материалдық құныдылықтарды орташа өлшенген әдіспен есептеңіздер.
50- Бухгалтердің еңбекақысы 120 000тенге. Бухгалтердің еңбекақысының негізінде бюджетке төленетін әлеуметтік салық мөлшерін есептеңіз. (ӘЖ – 3780, ӘС – 10260-3780=6480)
Құжаттар
10- Кассаның негізгі құжаттары болып қандай құжаттар табылады? (ККО және ШКО)
20- егер банкте шот бойынша операциялар жасалынса, онда банк шот иесіне қандай құжат беруі тиіс? (выписка из расчетного счета)
30-тауарлы материалдық қорларды үздіксіз босатқан кезде қай құжат толтырылады? (лимиттік жинақтама картасы)
40- Қаржылық есеп беру құжаттарын атаңыз. (бух баланс, кіріс және шығыс есебі, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебі, меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп, түсніктеме хат)
50- банктен салықты аударған кезде қандай құжат толтырылады? (төлем тапсырма)
Еркін сұрақ
10- Алғашқы бухгалтер атағын алған тұлға. (Кристафор Штехер)
20- Фото сұрақ. (лука пачели)
30- Ағылшын тілінде "insurance" – "сенімділік" - қауіпсіздік жастығы. Қаржы тілінде қалай аталады? (сақтандыру)
40- салық түрлерін атаңыз. (жер салығы, мүлік салығы, КТС, ЖТС, акциз, көлік салығы, ҚҚС, экспортқа рента салығы, жер қойнауын пайдаланушыларға салық, әлеуметтік салық, ойын бизнесіне салық, арнаулы салық режимі, басқада міндетті төлемдері)
50- Фото сұрақ. (министр финансов Алихан Смаилов)
ІІ тур «Болашақ кассир!»
Әр топқа кіріс касса ордері, шығыс касса ордері және кассалық есеп беріледі. Сіздерге 5 минут уақыт, сол уақыттың ішінде құжатты толтырыңыз. Әр дұрыс толтырылған құжат 10 баллмен есептеледі.
Есеп№1
Тапсырма: №23 2019 жыл 2 наурызынан кіріс кассалық ордер құру.
Бастапқы мәліметтер: 2 наурыз күні кассир Искакова Н.Л. есеп айырысу шотынан № 816351 чегі бойынша іс сапар шығындарына 50000 теңге алынып, №23 кіріс кассалық ордер бойынша кассаға тапсырылды. Ақшаны бас кассир Аблаева Д.М. қабылдады. №1 өткізбені бас бухгалтер Адамзатова А.Ж. құрды.
Есеп№2
Тапсырма: №41 2019 жылдың 2 наурызынан шығыс кассалық ордерді құру.
Бастапқы мәліметтер: 2 наурыз күні №41 шығыс кассалық ордер бойынша бас кассир Абалева Д.М. жинақтау цехының механигі А.А.Агламбековқа жабдықталған құрал жабдықты баптау бойынша кеңес үшін Павлодар қаласына іс сапар шығындарына 35000 теңге берді. Сол күні бас бухгалтер Адамзатова А.Ж. №2 тиісті өткізбені құрды.
Есеп№3
Тапсырма. 2019 жылдың 2 наурызына кассалық кітап пен кассирдің есебін құру және касса бойынша күн аяғында қалдық шығару.
Бастапқы мәліметтер: 1Касса бойынша күннің басына қалдық 2 наурыз 2019 ж. -20 000 теңге.
№1 тапсырмада құрылған кіріс кассалық ордерлер.
№2 тапсырмада құрылған шығыс кассалық ордерлер.
ІІІ тур «Үздік есепші!»
Әр топқа есеп беріледі. Сіздердің міндеттеріңіз осы есепті шығару, айналым балансын құру және соңғы баланспен аяқтау. Дұрыс есеп 50 баллмен бағаланады.
Есеп №1
Шаруашылық операциялар журналында шаруашылық операцияларға шоттар корреспонденциясын құрыңыздар
Синтетикалық және аналитикалық шоттар ашыңыздар
Синтетикалық және аналитикалық шоттарға шаруашылық операцияларды жазаңыздар
Әр шот бойынша айналымын жәна соңғы қалдығын есептеңіздер
Айнылым ведомосын құрыңыздар .
Бухгалтерлік баланс құрыңыздар .
Бастапқы мәліметтер
1. Ағымдағы жылдың 1 маусынын синтетикалық шоттардағы қалдықтар :
№ п/п |
Шоттар атауы |
Сомасы, теңге |
|
Дебет |
Кредит |
||
1. |
«Көлік құралдары» |
550000 |
|
2. |
«Шикізаттар мен материалдар» |
53000 |
|
3. |
«Дебиторлық қарыз » |
15000 |
|
4. |
«Есеп айырысу шотындағы ақша» |
340000 |
|
5. |
«Жабдықтаушылармен есеп айырысу» |
|
480000 |
6. |
«Басқа да салықтар» |
|
25000 |
7. |
«Жалақы бойынша есеп айырысу» |
|
253000 |
8. |
«ЖЗҚ» |
|
200000 |
|
Барлығы: |
958000 |
958000 |
3. Маусым айындағы шаруашылық операциялар:
№ п/п |
Шаруашылық операциялар мазмұны |
Сомасы, теңге |
Дт |
Кт |
1. |
Қоймаға келген шикізаттар мен материалдардың шоты акцептелінді |
38800 |
1310 |
3310 |
2. |
Есеп айырысу шотынан аударылды: - бюджетке салықтар - жабдықтаушылардың қарызы |
25000 44620 |
3190 3310 |
1030 1030 |
3. |
Жалақы төлеу үшін есеп айырысу шотынан кассаға ақша аударылды |
162000 |
1010 |
1030 |
4. |
Кассадан жалақы берілді |
130000 |
3350 |
1010 |
5. |
Кассадан іс-сапар сомасы берілді |
22000 |
1250 |
1010 |
6. |
Төленбеген жалақының қалдық сомасы кассадан есеп айырысу шотына аударылды |
10000 |
1030 |
1010 |
7. |
Негізгі өндіріске материалдар босатылды |
65000 |
8111 |
1310 |
Шот |
Бастапқы қалдық |
Айналым |
Соңғы қалдық |
|||
Дт |
Кт |
Дт |
Кт |
Дт |
Кт |
|
2414 |
550 000 |
- |
0 |
0 |
550 000 |
- |
1310 |
53000 |
|
38800 |
65000 |
26800 |
0 |
1250 |
15000 |
|
22000 |
0 |
37000 |
0 |
1030 |
340000 |
|
10000 |
231650 |
118350 |
0 |
3310 |
|
480000 |
44650 |
38800 |
0 |
474150 |
3190 |
|
25000 |
25000 |
0 |
0 |
0 |
3350 |
|
253000 |
130000 |
0 |
0 |
123000 |
3210 |
|
200000 |
0 |
0 |
0 |
200000 |
1010 |
0 |
|
162000 |
162000 |
0 |
0 |
8111 |
0 |
|
65000 |
0 |
65000 |
0 |
Баланс валютасы |
958,0 |
958,0 |
497420 |
497420 |
797180 |
797180 |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген