жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Болашақ жас сарбаздар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Х. ӨЗБЕКҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
« Бекітемін» Директордың ТЖ орынбасары _______ Асылбай Г.И. «__»_________2020 ж.
Әскери-спорттық сайыс сабақ Тақырыбы: «Болашақ жас сарбаздар» Пәннің атауы: «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»
Дайындаған:АӘ жТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Шәріп Болат Ибрагимұлы
Ақтау-2020 ж. |
Х. ӨЗБЕКҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Шәріп Болат Ибрагимұлы.
Әскери-спорттық патриоттық ойындарды өткізу бағдарламасы
Тақырыбы: «Болашақ жас сарбаздар»
Мақсаты мен міндеттері:
1.Қазақстан армиясының тарихы мен әскери қызмет негіздерін оқып, үйренуде студентердің білімін жетілдіру және патриотизмге тәрбиелеу.
2.Студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға және төзімділікке тәрбиелеу.
3.Студенттер арасында шығармашылық және қоғамдық мінез-құлықты, сондай-ақ бір-бірімен достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Өткізу орны: Спорт залы, оқу-ату тирі.
Уақыты: 45 мин.
Көрнекілігі:
1. Оқу қаруы АК-74;
2. Пневматикалық винтовка;
3. Газқағар;
4. Санитарлық сөмке жаралыға көмек көрсету;
5. Гир көтеру;
6. Арқан тартыс топ мүшелрі;
7. Комплексті жаттығулар матаның үстінде;
Әскери-патриоттық ойынға (эстафетаға) қатысушылар:
1.Эстафетаға колледждің 2-ші курс топтары командалары қатынасады. Команда құрамына 8 студент кіреді.
2.Командалардың үздік көрсеткіштерге жетулері үшін, қолдаушы топтар келіп, көтермелеулеріне болады.
Қазылар алқасы:
1. _____________________________________________________
2. ____________________________________________________
3. ____________________________________________________
Әскери-патриоттық ойынды ұйымдастыру:
1.Әскери-патриоттық ойынның басталуына топтарды сапқа тұрғызу.
2. Мемлекеттік гимінді орындау.
3.Топтардың сәлемдесуі.
Әскери-спорттық патриоттық ойынды жүргізу жоспары:
1.Автоматты толық емес бұзып, жинауды орындау.
Автоматты толық емес бұзып, жинауды командалардың екі қатысушысы орындайды.
Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі:1 студент
Оқжатарды бөлшектеу;
Жабдықтар пеналын дүмбі ұясынан шығарып алу;
Сүмбіні алу;
Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын;
Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу;
Қайтармалы механизмді бөліп алу;
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу;
Бекітпені бекітпе жақтауынан алу;
Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу
Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті: 1 студент
Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу;
Бекітпені бекітпе жақтауына қосу;
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу;
Қайтармалы механизмді қосу;
Ұңғы қорабының қақпағын қосу;
Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою;
Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды;
Сүмбіні қосу;
Пеналды дүмбі ұясына салу;
Оқжатарды автоматқа қосу.
2.«Егер сен жаралы жауынгермен бетпе-бет қалсаң». 2 студент
Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіп, яғыни жарасын дәкемен таңып, жаралыны ұрыс аумағынан алып шығу (қатысушы екі студент).
Керек жабдықтар: бинттер, дәкелер орау тәсілдері.
(практикалық түрде көрсету)
3. Газқағарды кию, төрт тағандап жаттығу жасау 20 рет және ұрыс алаңында қозғалыс (қатысушы 1 студент).
Норматив №1 "газқағарды (респираторды) киу.
«өте жақсы» «жақсы» «қанағаттанарлық»
7 сек. 8 сек. 10 сек.
(практикалық түрде көрсету)
4. Пневматикалық винтовкадан ату:
Пневматикалық винтовкадан орнында тұрып ату, нысанаға дейінгі қашықтық 8-10 метр (қатысушы барлық команда мүшелері).
5. Кір тасын көтеру 16 кг. 1 студент
6. Арқан тартыс; Топ мүшелері.
7. Комплексті жаттығулар; жерден денені көтеру, прес. Екі студент.
8. Тест сұрақтары;
1. Калашников автоматы қай жылы, қай жерде жасалды?
Жауабы; КА 1947 жылы Қазақстанда Семей обл. Матай бекетінде жасалды.
2. АК-47 мен АК-74 тің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Жауабы; Калибрінде.
3. Колибрь дегеніміз не?
Жауабы; Калибр дегеніміз ұңғы ішінде оиық және спираль тәрізді өріс болады, сол өрістің екі арасы калибрь деп аталады.
4. Автоматты толық емес бөлшектеу қанша механизмнен тұрады?Атап бер.
Жауабы; 9 бөлшектен тұрады. Оқжатарды бөлшектеу;
Жабдықтар пеналын дүмбі ұясынан шығарып алу;
Сүмбіні алу;
Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын;
Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу;
Қайтармалы механизмді бөліп алу;
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу;
Бекітпені бекітпе жақтауынан алу;
Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу
5. Қазақстан армиясында қол гранаталарының қандай түрлері бар?
Жауабы; РГД-5,Ф-1,РГО,РГН.
6. Қол гранаттарының бөлінуі ,ұрыстық қасиеттері қандай?
Жауабы; Екіге бөлінеді, ұрыстық және қорғаныстық.Гранатты лақтыру қашықтығы, жарылу уақыты, салмағы, жарықшақтардың ұшу радиюсы.
7.Саптың қарапайым элементтері. Қатар және лек дегеніміз не?
Жауабы; «Саптал», Түзел, Тік тұр, Еркін тұр, Жинақтал.Қатар дегеніміз әскери қызметшілердің бір-бірінің жанында аралықты сақтап тұруы. Лек дегеніміз әскери қызметшілердің бір-бірінің ту сыртында қол созым жерде арақашықтықты сақтап тұруы.
8. Арқан тартыс қандай ойын? Сипаттама.
Жауабы; Арқан тартыс қазақтың ұлттық ойыны. Оны екі топқа бөлініп ойнайды. Белгіленген сызықтан бір топ екінші топты сүйреп шығаруы керек.
9. Әскери қолданбалы спорттың түрлері қандай?
Жауабы; Бел темір,кедергілер алаңы, гимнастика қалашығы,арқан тартыс. Кір тасын көтеру т.б.
10. Оқушыпар мен студенттердің арасында өтетін республикалық әскери-спорттық ойын түрлерін ата.
Жауабы; Республикалы «Алау» және «Жас ұлан» әскери спорттық ойындары.
Қорытынды бөлім: Сапқа тұрғызу, бағалау, марапаттау.
Құрастырған: Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Шәріп Болат Ибрагимұлы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген