400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Болашақ-жастарда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бітіру кешіне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №13 орта мектептің» 2018-2019 оқу жылының түлектерге арналған жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанаты мен «Болашақ-жастардікі!»-атты мектеп бітіру кешіне арналған сценарий

Өтетін күні: 12.06.2019ж.

Өтетін уақыты: 18.00

Ф а н ф а р ы

1-жүргізіші

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

2-жүргізіші

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып - толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты - ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілімізбен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға!

-деп мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсырып,болашаққа жолдама алайын деп отырған мектебіміздің жас түлектерін қошеметпен қарсы алайық!

Ортаға 11 «А» сынып түлектері сынып жетекшісі Жайлыбекова Бақытгүл

11 «Ә» сынып түлектері сынып жетекшісі Шаметова Аякөз



1-жүргізіші

Армысыздар! құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі «Болашақ-жастардікі!» атты Аттестат тапсыру кешіне қош келдіңіздер!

Бүгінгі мектеп бітіруші кешінің құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар!


  • Талғар ауданының әкімі Сатпаев Рыскелді Ахметқалиұлы

  • Талғар ауданының білім бөлімінің міндетін атқарушы Құрманбаева Ляззат Серікқызы


  • __________________________________________________________


  • __________________________________________________________


  • Тұздыбастау ауылының «Нұр Отан» партия ұйымының орынбасары Мұсаханов Бектеміс Ермекұлы




Мектеп үшін жаратылған жүрегіңіз,

Міне бүгін ұшқалы отыр түлегіңіз

Ақ жол тілеп,сәт-сапар деп мерекеде

Арналсын түлектерге тілегіңіз.

2018-2019 оқу жылының қорытындысы мен түлектер жетістігі бойынша сөз кезегін мектеп директоры Қонысбаева Құралай Стыбайқызына береміз.



1-жүргізіші

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің.

Ортаға мектеп бітіруші түлектерді «Мектеп вальсіне»шақырамыз


2-жүргізіші

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді

– деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз Талғар ауданының әкімі
Сатпаев Рыскелді Ахметқалиұлы

беріледі


1-жүргізіші Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті шыңдала
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген - азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі
Аттестат тапсыру кезеңі.


2-жүргізіші

Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте- дей келе,
Алтын белгі иегерлеріне
аттестат тапсыру салтанатты рәсімі ___________________________________ тапсырылады.


«Ерекше үлгідегі»жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру рәсімі ___________________________________ тапсырылады.


_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Сөз кезегі

1-жүргізіші Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,
Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.
Саған деген махаббатым - әнімді
Асқақтата шырқай салып жүремін
. Деп ортаға жас түлек Білдебаева Дананы « » әнімен шақырамыз.

2-жүргізіші Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді деп
Жақсы оқығандары үшін жалпы орта білім аттестатын тапсыру үшін ________________________________________________ шақырамыз.


1-жүргізіші Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады ___________________________________________


Жақсы оқығандары үшін жалпы орта білім аттестатын тапсыру үшін ________________________________________________ шақырамыз.


Түлектердің музыкалық номері____________________________________________



2-жүргізіші

Біліммен қатар өз қызығушылығын дамытып,спорт,өнер бағытында біліктіліктерімен мектеп,аудан,облыс,республика мақтанышы болған түлектерімізді марапаттауға мектеп директоры Қонысбаева Құралай Стыбайқызын шақырамыз.

-Олимпияда

-Спорт

-Өнер


1-жүргізіші

Ата-ана тәрбиелеп балапаның,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің
ата-аналары ___________________________________________________________


2-жүргізіші

Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір –дей келе құттықтау сөз кезегін 11-сынып түлектердің жетекшілеріне берсек.


Түлектердің музыкалық номері________________________________________


1-жүргізіші

Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе,
балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі _______________________________________


2-жүргізіші

Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
-.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол,сәт сапар тілейміз.

1-жүргізіші

Құрметті қонақтар жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанаты мен «Болашақ дастардыкі» атты мерекелік мектеп бітіру кешінің 1-ші бөлімі осымен аяқталды,кешіміздің 2-ші бөлімін бастауға рұқсат етініздер...

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 мамыр
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі