Жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар
қауымы, оқушылар! Бармысыздар, бүгінгі ойынға
қатысушылар!
Құрметті көрермен! «Мәңгілік
Ел» тәрбие-білім беру орталығының
ұйымдастыруымен «Болашақ жастардың
қолында» тақырыбында өтілетін аймақтық
көңілді тапқырлар клубының ойынына қош
келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымыздың
мақсаты ауыл жастарын өнерге,
тапқырлыққа, шеберлікке, ізденімпаздыққа баули отырып,
ұлтжандылыққа, ұлттық қадір қасиетті қастерлей білуге, мәдениетке,
еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның белсенді
ұшқыр ойлы жастарын жетілдіру болып
табылады.
Өмірді шаттандырып,
нұрландырған бұл әзіл,
Риза қылып кәрі-жасты, бала
қылған бұл әзіл.
Келіп тұрған ойыншылары
КТК-ның ортамызға,
Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән
мен сәтті әзіл – деп, бүгін оқушылардан құралған көңілді тапқылар
командалары өздерінің әдемі әзілдерімен қоса тапқырлықтарын
ұтымды жолдармен жеткізуге асығуда.
Көңілді тапқырлар клубына
қатысушы командалармен таныс болыңыздар!
(Командалардың шығу ретін
белгілеу үшін капитан командалары шақырылып реттік номер
таңдалынады.)
Жүргізуші:
1.
2.
3.
4.
Қол соғып қошеметпен қарсы
алыңыздар.
Шын жүйрік шабысынан
танылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол
соғады.
Бүгінгі ойынымыздың әзілдерін,
КТК ойындарын бағалайтын әділ-қазылар алқасымен таныс
болайық.
1.
2.
3.
Мінеки ойыншылар әділ қазылар
алқасымен таныс болдық. Енді дәстүр бойынша ойынның шарттарымен
таныстырып кетейін:
1. Таныстыру. Әрбір қатысушы команда өз
қалауымен таңдалған жанр түрінде өздерін таныстыру арқылы
сәлемдесу. (7 минут)
2. Ширату. Әрбір топтың бір-біріне деген
сұрақ жауаптары. Бір сұраққа жауап беру уақыты 5 минут (қарсы
командалар сұраққа жауап бере алмаса сұрақ қоюшы команда өздері
нақты жауабын айтулары керек).
-
3. Ұй
тапсырмасы. Балалар фильмін, анимациялық
фильмдерді және мультфильмдерді жанды дыбыстандыру. Ең жоғарғы 5
баллмен бағаланады.
Ендеше, бұл әділ де қатал,
қазылар алқасына, көрермен қауымға шексіз күлкі, ұтымды әзілдер
сыйлауларыңа тілектеспіз. Сіздерге
сәттілік!
Сонымен КТК
ойынының 1-кезеңі -
Таныстыру. Ортада
1. ____________ командасын
қошеметпен сахнаға шақырамыз.
2. ____________ қомандасын
қошеметпен сахнаға шақырамыз.
3. ____________ командасын қол
соғып қошеметтеп қарсы алайық.
4. ____________ командасын
қошеметпен сахнаға шақырамыз.
Жүргізуші: Мінеки 1 кезең аяқталды. Енді
әділ қазылар ойыншыларға өз бағасын берсін. Бірінші болып
бастаған
1. ____________ командасының
ұпайлары.
2. ____________ қомандасының
ұпайлары.
3. ____________ командасының
ұпайлары.
4. ____________ командасының
ұпайлары.
Жүргізуші: Ойынымыздың
келесі кезеңі Ширату.
Сахнаға
___ топты да қошеметпен шақырамыз.
Әр топ өздері дайындап келген 2 қызықты сұрақтарын қояды, оған
басқа топтар өздерінің қызықты да ұтымды жауап беруі
тиіс.
Жүргізуші: Екінші кезең аяқталды.
Көрерменге әзіл сыйлай білген командаларға әділ қазылардың берген
бағасын тыңдайық, ойыншыларға өз бағасын берсін. Бірінші болып
бастаған ____________ командасының ұпайы.
Екінші ____________
қомандасының ұпайлары.
Үшінші ____________
командасының ұпайлары.
Төртінші ____________
командасының ұпайлары.
Жүргізуші: Үшінші кезеңіміз
«Көңілді
күйсандық» Музыкалық номер 10 минут
(музыканың сүйемелдеуімен әзіл түрінде өлең, немесе сахналық
көрініс)
1. ____________ командасын
қошеметпен сахнаға шақырамыз.
2. ____________ қомандасын
қошеметпен сахнаға шақырамыз.
3. ____________ командасын қол
соғып қошеметтеп қарсы алайық.
4. ____________ командасын
қошеметпен сахнаға шақырамыз.
Жүргізуші: Мінекей 3 кезең аяқталды. Енді
әділ қазылар ойыншыларға өз бағасын берсін. Бірінші болып бастаған
бастаған ____________ командасының ұпайы.
Екінші ____________
қомандасының ұпайлары.
Үшінші ____________
командасының ұпайлары.
Төртінші ____________
командасының ұпайлары.
Жүргізуші: Әділқазы алғалары
командалардың ұпайларын қорытындылағанша
Ортаға ______________________
әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Ойын ойнаған
тозар,
Асық ойнаған
озар.
Бәрінен де әзіл
айтып,
КТК ойнаған озар – деп әзілдей
келе ортаға барлық командаларды шақырамыз.
Ендеше ойыншыларымызды көп
күттірмей ойынның барлық қорытынды ұпай сандарын тыңдап аймақтық
КТК ойындарының үздіктерін анықтауға рұқсат
етіңіздер.
Келесі сөз кезегін әділ
қазылар алқасына береміз. Марапаттау.
(Әр әділ қазылар
ойыншыларға өз пікірлерін айтады.)
Бойларыңда от бар
екен байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екен
байқадым.
Әрқашанда осы шоқты
өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар
әрдайым.
Өрендер, өрлей берсін
өнерлерің,
Айналаң, бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін, дәл осылай
барлығыңның
Тек
қана биіктерден көрінгенін, - деп, бүгінгі
ойын-сайысымызды аяқтаймын.
Бүгін ойында жеңіске жеткен
командаларды құттықтаймыз. Ойында жеңілсеңіздерде, өмірде
жеңілмеңіздер. Әркез жүздеріңізден күлкі кетпесін, көңілдеріңіз
көтеріңкі, өмірлеріңіз шат күлкіге толы болсын көрермен! Келесі
кездескенше сау болыңыздар!
|