400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашақ көшбасшыларды тәрбиелейтін орта

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір жас маманның жолы өзін-өзі танудан, тұлғалық қалыптасудан және білім мен тәжірибе алудан басталады. Біз үшін бұл жол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қалыптасты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашақ көшбасшыларды тәрбиелейтін орта

Әрбір жас маманның жолы өзін-өзі танудан, тұлғалық қалыптасудан және білім мен тәжірибе алудан басталады. Біз үшін бұл жол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қалыптасты.

ҚазҰУ - сапалы білім мен рухани дамудың ордасы

1934 жылдан бері еліміздің жетекші оқу орындарының бірі ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ғылым мен білімнің, руханият пен тәрбие бірлігін негіз етіп келеді. Университеттің басты мақсаты – білім беру жағынан үздік және әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айнала отырып, бәсекеге қабілетті және ел дамуына үлес қоса алатын білікті, кәсіби мамандарды даярлау. Мақсатын айқындай білген бұл университет көптеген жетістіктерімен, еліміздегі сонымен қатар әлемдік университеттер арасындағы рейтингтік жүйеде алдыңғы қатарда. Мәселен, THE Awards Asia – 2020 рейтингінде «Басшылық пен басқарудың көрнекті командасы» номинациясына ұсынылғанын айта кету керек. World Academic Ranking of Universities – European Standard (ARES) беделді еуропалық рейтингінің «АА+» бағасын алуы мен рейтингте жетекші еуропалық университеттермен қатар орналасуы да ҚазҰУ-дың білім беру жүйесінің тиімділігін көрсетеді.

Университет қабырғасында студенттер сапалы білім алумен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларға қатысып, өмірлік дағдыларды қалыптастырады. Академиялық біліммен қатар, студенттер түрлі студенттік ұйымдарға кіріп, қоғамдық іс-шараларда өз бастамаларын ұсынып, командалық жұмысқа үйренеді. Бұл орта – болашақ көшбасшыларды қалыптастыратын маңызды алаң. Мұндай ортада студенттер өз пікірін анық жеткізіп, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіре алады.

Басқару психологиясы - тұлғалық және кәсіби дамудың негізі

Студенттердің тұлғалық дамуын жетілдіру мақсатында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге де айрықша көңіл бөлінеді. Солардың бірі – басқару психологиясы. Бұл пән студенттің ішкі әлеуетін ашуға, ұйымдағы қарым-қатынас орнату мен көшбасшылық дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

Басқару психологиясы – басқару саласындағы психологиялық заңдылықтарды қарастыратын ғылым. Оның негізінде қызметкерлердің ұйымдағы қарым-қатынасы, шешім қабылдау мен мотивацияны басқару, эмоция мен стресс жағдайлары сынды үрдістердегі психологиялық ерекшеліктерге назар аударылады. Бұл пәннің мазмұны қазіргі қоғам талабына сай келеді деп айтуға болады. Себебі кәсіби ортада табысты болу үшін тек кәсіби біліммен шектеліп қана қоймай, адамдармен коммуникация жасай алу, эмоциялық интеллектті дамыту және ұйымдағы орын алған жағдайларда дұрыс әрекет ете білу қабілеттері де жоғары бағаланады.

Осы тұрғыда сабақ барысында ең бір керекті тақырыптардың бірі шешім қабылдау процесі екенін айта кеткен жөн. Бұл тақырып басқару психологиясының негізін құрайды. Кез келген маман үшін белгілі бір жағдайларда шешім қабылдау қажеттілігі туындайды. Шешім қабылдау тек логикалық ойлауды ғана емес, одан да күрделі дағдыларды талап ететін маңызды кезең. Атап айтқанда, эмоциялық тұрақтылық, жауапкершілік, жағдайды жан-жақты талдап, анализ жасай алу қабілетін қажет етеді. Пән барысында бұл тақырып тек қана теориялық тұрғыдан емес, нақты өмірлік мысалдарды қолдану арқылы түрлі жағдайларда дұрыс бағыт таңдай білу қабілеті практикалық негізде игеріледі. Мысалы, студенттер топтарға бөлініп, ұжым ішінде болатын процестерді сахналап, шешім қабылдау кезінде болатын қиындықтар туралы ой бөлісіп, тұжырым жасайды. Бұл студенттерге өзін сол ортада сезініп, өз кәсіби саласында тиімді әрі сенімді шешімдер қабылдауға дағдыландырады.

Шешім қабылдау барысында мотивация да ерекше рөл атқарады. Адам таңдау жасаған кезде, оның ішкі қалауы мен мақсатқа жетемін деген ұмтылысы шешімге әсер етеді. Мотивация – алға қарай ұмтылуға түрткі болатын ішкі қозғаушы күш. Жоғары мотивациясы бар адам мақсатқа жету жолында, барлық мүмкіндіктерді қарастырып, саралап, нәтижеге бағытталған тиімді шешім қабылдай алады. Себебі адам күтетін нәтижесін біледі және оған жету үшін саналы түрде ойланады.

Зерттеу жұмыстарындағы психологиялық аспектілер

Қазіргі таңда магистратурада оқу барысында ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалуда. Диссертациялық жұмыс машиналық оқыту негізінде сымсыз байланыс желісіндегі энергия тұтынуды оңтайландыруға бағытталған. Бұл тұста зерттеу барысында түрлі алгоритмдер мен әдістерді қолдану арқылы әр әдістің тиімді тұстарына анализ жасап, оңтайлы шешім қабылдау қажеттілігі туады. Бұл процесс тек теориялық білімді ғана емес, аналитикалық ойлауды талап етеді.

Қорытындылай келе, басқару психологиясы келешек маманның маңызды құралы деген тұжырым жасауға болады. Университет қабырғасында бұл пәнді негізгі пәндермен ұштастыруы да соған дәлел. Болашақта ұйым қызметкері ретінде ұжымда берік әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, көшбасшы рөлін алуда бұл пәннің көмегі зор. Осы тұста Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өз кезегінде мамандарды дайындауда жан-жақтылыққа баса көңіл бөлуге бағытталған білім беру жүйесін қалыптастырып отыр.



Тленчиева Н. С.

педагогика ғылымдарының кандидаты

Әбжанова Г. М.

радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

мамандығының магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 сәуір
185
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі