БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ АҒЫЛШЫН
ТІЛІНДЕ СҰХБАТТАСУҒА ДАЙЫНДАУ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРБИЕМЕН
БӨЛІСУ
Аяпбергенова Орынгүл
Асқарқызы
«APEC PetroTechnic жоғары
колледжі» ЖШС-і, ағылшын тілі пәні аға оқытушысы. Атырау,
Казақстан.
Аңдатпа. Мақала «Мансапқа арналған
ағылшын тілі» авторлық бағдарламасы аясында колледж студенттерін
ағылшын тілінде ауызша сұхбатқа дайындау мәселесіне арналған.
Мақалада нақты сұхбаттарды имитациялау контекстінде коммуникативтік
дағдыларды, сенімділікті және кәсіби ағылшын тілін дамытуға
бағытталған оқыту тәжірибесі, жаттықтырулар мен сабақтарды
ұйымдастыру әдістері берілген. Дайындық үдерісінде қолданылатын
құралдар мен дереккөздер ашылып, мансапқа бағытталған ағылшын тілін
оқытатын мұғалімдерге ұсыныстар берілген.
Түйін
сөздер: сұхбат, іскерлік, мансап,
жұмсақ дағдылар, кәсіби дайындық.
Ағылшын тілінде ауызша
сұхбаттасудан өту түлектердің кәсіби дамуының маңызды элементіне
айналуда. Жаһанданған еңбек нарығында, болашақ түлектер тек ағылшын
тілінде сөйлеп қана қоймай, өздерінің біліктіліктерін және
мансаптық мақсаттарын сенімді түрде көрсете білуі керек. Осы
мүдденің өзектілігін түсіне отырып, «Мансапқа арналған ағылшын
тілі» авторлық бағдарламамның аясында «Сұхбатқа дайындық» модулі
әзірленді.
Модульдің әзірлену
мақсаты:
-Колледж студенттерін нақты
өмірлік сценарий контексттеріне негізделген ағылшын тіліндегі
сұхбаттардан сәтті өтуге машықтандыру.
Модульдің әзірлену
міндеттері:
-Сұхбаттасудың типтік
форматтарымен және құрылымдарымен
таныстыру;
-Өзін-өзін таныстыру, дәлелдеу
және сұрақтарға жауап құрастыру дағдыларын
дамыту;
-Кәсіби лексика мен жұмсақ
дағдылар деңгейін арттыру;
-Кері байланыс беру және алу
арқылы сенімділікті арттыру.
Оқытудың
әдіс-тәсілдері:
Оқыту модельдеу-симуляциялық
әдісіне негізделеді, сонымен қатар келесідей әдістер
қолданылады:
-Кейс әдісі: нақты бос жұмыс
орындары мен жұмыс берушінің талаптарын
талдау;
-Рөлдік ойындар:
кандидат/жұмыс беруші рөлдерін ауыстыра отырып, жұптық сұхбат
жүргізу;
-Бейнежазба негізіндегі жұмыс:
интернет желісіндегі шынайы сұхбаттардың фрагменттерін
талдау;
-Рефлексия: өзін-өзі бағалау
және модельдеуден кейінгі кері байланыс.
Модульдің
құрылымы:
-
Кіріспе
-
Сұхбат түрлері (онлайн,
офлайн, панельдік)
-
Сұхбат құрылымы және жиі
қойылатын сұрақтар
-
Сөздік қор және тілдік
клишелер
-
Жауп беруге
жаттықтыру
-
Сұхбаттасуды
симуляциялау
-
Қорытынды
кезең
Жүзеге асыру
нәтижесі:
-Жұмыс берушілермен сұхбаттасу
барысында өзіне деген сенімділіктің артуы;
-Жауптарды дұрыс құрылымдауы
және бос лауазымдық орынға сәйкес
бейімдеуі;
-Ауызша сөйлеу сапасының артуы
және кәсіби терминологияны қолдануы;
-Ағылшын тілінде онлайн
сұхбаттасуы мен презентация жасауға дайын
болуы.
Мұғалімдерге арналған
ұсыныстар:
-Сабақ барысында қазіргі еңбек
нарығының талаптарын басшылыққа ала отырып, нақты, шынайы өмірдегі
бос лауазымдық орындарға сұраныстарды
пайдалану;
-Рөлдік ойындар мен сандық
ресурстарды белсенді қолданыңыз;
-Жүйелі кері байланыс беруді
қамтамассыз етіңіз;
-Білім алушылардың өзін-өзі
және бір-бірін бағалау дағдыларын
дамытыңыз.
Тәжірибе көрсеткендей, болашақ
мамандарды сұхбаттасуға дайындау оқыту үдерісінің құрамдас бір
бөлігіне айналуы керек. Бұл тіл дағдыларын дамытып ғана қоймайды,
сонымен қатар түлектің мансаптық табысына тікелей әсер етеді. Тек
шынайы өмірдегі жағдаяттарды модельдеу, жүйелі жаттығу және
мұғалімнің қолдауы арқылы ғана студенттер бүгінгі бәсекелестік
ортада өздеріне қажетті сенімділікке ие бола
алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Powell, M. Presenting in
English-Heinle ELT, 2016.
-
Cotton, D. Market
Leader.-Pearson Education, 2019.
-
Harmer, J. The Practice of
English Language Teaching.-Pearson Education,
2015.
-
Ellis, R. Task-Based Language
Learning and Teaching.-Oxford University Press,
2018.
-
CEFR-Common European Framework
of Reference for Languages.-Council of Europe,
2020.
-
Duolingo, LinkedIn, Grammarly,
-тілдік дайындыққа арналған сандық
құралдар.