15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"БОЛАШАҚ МАМАНДЫ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІММЕН ҚАРУЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА, ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІН АШУ"
БОЛАШАҚ МАМАНДЫ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІММЕН ҚАРУЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА, ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІН АШУ
Магистр, арнайы пән мұғалімі Бердиева Мейрамгул
«Бейнеу политехникалық колледжі» МКҚК
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің, оның ішінде ұлт жандылық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» атты халыққа Жолдауында «Олар күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады және Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отанының – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс және шетел тілдерін меңгеру» - деп айрықша атап көрсетілген.
Менің басты бағытым – ол халқымыздың ғасырлар бойы мысқалдап жинаған тәлім-тәрбиелік әдет-ғұрыптарын, салт-саналақ дәстүрлерін, асыл құндылықтарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық тәрбиені меңгерту. Мәселен, бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өскендіктен, оның көзі қырағы, көкірегі ояу болып өседі. Аң аулап, мал баққан жас ұрапақ ақын-жыраулардың тағылымын, әншілердің өлеңдерімен әуендерін, күйшінің күмбірлеген күйін көкейіне қондырып, ел аузындағы ұлағатты мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, жыр мен шежірені жадында сақтап, халық даналығынын өзіне рухани азық етіп отырған. Көшіп-қонуға дағдыланған халық үшін аң-құс аулау, мал күзету т.б тұрмыс машығына айналып отырған. Сондықтан халқымыз мақал-мәтелдерді шығарған: «Өнерді үйрен де жирен», «Өнер алды қызыл тіл», «Шебердің қолы ортақ», «Түзде жүріп, ат ойнат».
Сондықтан болашақ мұғалімдерді жан-жақты педагогикалық білімге сәйкес халықтық педагогикалық дәстүрлерді сақтау, қайта жаңғырту, нығайту, жұмысына теориялық дайындау, алған білімді тәжірибеде қолдану. Қазақстан этнопедагогикасының жалпы негіздерін оқыту арқылы Қазақстан Республикасын мекендеген әрбір этностың дамуын ынталандыру, жалпы мәдени құндылықтарды меңгеру, этникалық мәдениетті өзара шығармашылықпен байыту бағытында студенттердің педагогикалық дүниетанымын, педагогикалық мәдениетін және жалпы кәсіби құзыреттеліктерін қалыптастыру.
1) этнопедагогиканың негізгі ұғымдары, Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білімін;
2) болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (педагогикалық ойлау, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық такт, әдеп, ұтқырлық, толеранттылық және т.б.);
3) қоғамдық-саяси, этнопедагогикалық әдебиеттерді талдап зерттеу біліктілігін;
4) этнопедагогика саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстарға даярлығын;
5) білім алушылардың көпұлтты ортадағы педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері туралы білімін және этнопедагогикалық жүйені теңестіре-салыстырмалы талдау дағдыларын;
6) білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне ҚР этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсінуін қалыптастыру.
Қазіргі этнопедагогикалық және қоғамдық даму кезеңі тұлғаға жоғары талаптар қояды:
-
Еңбекті маңызды қоғамдық борыш ретінде бағалай білу;
-
Барлық жұмыс түрлерінің маңыздылығын тану, еңбекті және оның нәтижесін құрметтей білу;
-
Еңбекте үнемі белсенділік, жаңалық, шығармашылық таныту;
-
Ой-сана және дене күші деңгейіне қарай еңбек ету қажеттілігін іштей түсіну;
-
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру принцптеріне сүйене отырып жүргізу;
-
Еңбекке адам өмірінің негізгі қажеттілігі ретінде қарым-қатынас жасау.
Бүгінгі білім берумен тәрбие үдерісіне этнопедагогиканы ендіруде төмендегі жағдайларды еске алуды ұсынамын:
-
Этносаралық қарым-қатынасты реттеу. Ол кірігу, қан араласу, этникалық ыдырау;
-
Ұлттарды толық танып білу үшін ол ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі тәрбие жүйесін ұлттық ерекшелігін білу қажет;
-
Барлық халықты бірдей көру керек. Ұлы халық, кіші халық, аға халық немесе мәдениетті халық, мәдениетсіз халық деп бөлмеу керек;
-
Тарихи ескерткішсіз дәстүр жоқ, дәстүрсіз мәдениет жоқ. Тәрбиесіз руханилық жоқ. Руханилықсыз жеке тұлғаны тәрбиелеу мүмкін емес. Әр жеке тұлға бірігіп келіп бір халықты, оның психикалық құрылымын құрайды;
-
«Дені саудың-тәні сау». Себебі дені сау адамның психикасы дұрыс, мінез-құлқы орнықты болады; Халық педагогикасында шынайы ұстаздардың бір туар шәкірті болу керек. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы». Баланы еркіндікке тәрбиелеу. Қазақ еркін тәрбиелеп, оған «төре» деп қарау ежелгі дәстүр.
Білім беру мен тәрбие жүйесін этнопедагогикаландыру жағдайында әр ұлттың бойындағы рухани және мәдени байлық жаңаша прогрессивтік түрге ие болады да, ол әлемдік озық мәдениеттің озық үлгілерімен сабақтасады.
Білім негізінің мектепте - ана тілі арқылы берілетінін, айта келіп, Ж.Аймауытовтың мына сөзімен дәлелдейді: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Біздің ойымызша нағыз патриотизм ана тілінен, туған жерінен, салт-дәстүрінен басталады. Бұл жөнінде заманымыздың белгілі ақыны Мұхтар Шаханов былай депті:
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айдыны,
Туған тілі - сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы – тірлігі
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы - ғасырлардың үні еді
Сондықтан этонопедагогиканы баршылыққа алып,оқу орындарында ұлттық тәлім тәрбие салалары бойынша мынандай іс-шараларды жүйелі жүргізіп отыруды ұсынамын. Бұл жұмыстар педагогикалық мамандықтар студенттерінің арасында, педагогикалық олимпияда, ұлттық тәлім-тәрбие апталығы, «Шешендік сөздер», «Сөз мәйегі - мақал-мәтелдер», ұлттық ойындар, имандылық тағлымдар, салт-дәстүрлер, «Жеті жарығы», «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» (пікірталас), «Қазақтың халық өлеңдері», «Салауатты өмір салты» тақырыптарында өткізуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 1999 ж
-
«Ұстаз – ғалым өмірі - көпке өнеге – сексеннің сеңгіріндегі – Серағаң» атты кітапта ғалымның «Қазақстан мектебі» журналының тілшісіне берген сұхбаты. – Алматы, 2009-6,13б
-
Бөлеев Қ. Қазақстан халық педагогикасы.- Жамбыл, 1993-22б
-
Нұрахметов Н.Н. Ұлттың педагогика тарихының білгірі, әрі көшбасшысы - сексеннің сеңгіріндегі - Серағаң кітабында. - Алматы, 2009-51б
-
Қалиев С. Жаңа замандағы сай ұлттың идеология керек.- Этнопедагогика журналы, 2008-4,5б
-
Қалиев С., Оразаев М., Смайлова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: Рауан,1994-222б
-
Құдайқұлов М. Ізденуден жалықпаған феномсы ғалым. Сексеннің сеңгіріндегі – Серағаң кітабында. – Алматы, 2009-25,54б
-
Қазақтың тәлімдік ой-пікір тарихынан. - Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. - Алматы: «Рауан», 1994-320 б.
-
Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Гебоксары, 1974-16б
-
Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 1т-304б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген