400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашақ мамандығым - журналистика

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақтағы мамандығым журналистиканы таңдау себебтерім жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің болашақ мамандығым – журналист


Әркім өмірден өз орнын тапқысы келеді. Әр адам «күн астындағы» жерден орын алып, алаңсыз өмір сүргісі келеді. Бұл – заңдылық. Соны жүзеге асырудың бір жолы – мамандығыңды қателеспей таңдау. Мамандық - бір жағынан, өз қалауыңды орындау болса, екінші жағынан, өз наныңды өзің тауып жеу. Сондықтан болашақ мамандығы туралы ойланбайтын түлек, сірә, жоқ шығар. Биыл алтын ұя мектебімнен қанат қаққалы отырған мен де елімнің білікті мамандарының қатарынан көрінгім келеді.

Бүлдіршен кезімнен оқуға құмар болдым. Бастауыштан бастап сыныптағы, мектептегі түрлі сайыстарға белсене қатысамын. Жарыс десе, делебем қозады. Әсіресе, сөз өнеріне ғашықпын. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болғым келіп, көркем әдебиетті оқуға ден қойдым. Ертегілер, аңыздар, батырлар жырын сүйіп оқимын. Оған отбасым да қолдау білдірді. Жеткіншек боп жеткенде, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, ел аралағым келді. Ағылшын тілі мұғалімі болсам, арманыма оңай жетемін ғой деп, ағылшын тілінен қосымша курстарға да қатыстым. Енді, міне, бой түзеп, жан-жағыма қарай келе, Қазақстанның әлі де шешілмей жатқан түйткілді мәселелері барын байқаймын. Кей әттеген-ай деген сәттерге ішім ашиды. «Осындай мәселелердің шешімін неге таппасқа?» деп, журналистика саласын таңдадым.

Журналистика – қоғамда маңызды ақпарат таратуға бағытталған кәсіби қызмет түрі. Ол оқырмандарды, көрермендерді немесе тыңдаушыларды жаңа оқиғалар, пікірлер мен талдаулармен таныстырады. Журналистиканың мақсаты - шынайылықты қамтамасыз етіп , қоғамдағы ашықтық пен әділдікті қолдау. Бұл сала тілшінің объективтілігі мен этикалық принциптерге адалдығын талап етеді. Бұл талаптардың менің қағидаттарыммен сәйкес келетіндігі де журналист мамандығын таңдауыма түрткі болды.

Оксфорд сөздігі “brain rot” сөзін жылдың сөзі деп атапты. Оның тура аудармасы – «мидің шіруі». Қазіргі жаһандану дәуірінде бұқаралық-ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде сапасыз контент тым көп. Осы сапасыз контентті пайдаланушылардың көптігі сонша – қоғамдағы ақиқатқа айналған түсініктерге, адамгершілік қағидаттарына нұқсан келуде. Мен тілші ретінде осындай «миді шірітетін» ақпараттардың азаюына үлес қосқым келеді.

Тілшілерді «төртінші билік» деп те атайды. «Төртінші билік» өкілдері елге елеулі өзгеріс әкеле алады: қоғамдық пікірге БАҚ арқылы әсер ете алады. Жылдар бойы тоң боп қатқан проблемаларды шешуге атсалысады.

Журналист ретіндегі менің миссиям да - қоғамдағы өзекті мәселені талқылау. Журналистиканың қоғамның айнасы, шындықтың дауысы екенін ескерсек, тілшінің атқарар ісі ұшан-теңіз. Оның еңбегінің басты жемісі – халықтың сенімі мен алғысы.

«Журналист болу – тек мамандық емес, бұл өмір салты» дей келе, ауданның барлық іс-шараларына белсене қатысып, қолыма қалам алып, мақалалар жазудамын. Болашақта журналистика мамандығын дамытып, қазақ елінің бетке ұстар азаматшасы әрі мықты тілшісі болып, еліміздің дамуына өз үлесімді қосамын деген ойдамын.

Төлеуханова Нұрдана

№3 Күршім гимназиясының 11-сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 сәуір
174
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі