400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы инновациялық-педагогикалық технологиялардың рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы инновациялық-педагогикалық технологиялардың рөлі ерекше. Заман талабына сай әрбір болашақ мұғалімдерді даярлайтын білім мекемелерінде инновациялық-педагогикалық технологияларға баса мән берілуде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы инновациялық-педагогикалық технологиялардың рөлі


ПШЕМБАЕВА АЙДАНА

ПМПУ магистранты


Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау - өзекті мәселе. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі оқу орындарындағы оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады[1, б. 35].

Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы инновациялық-педагогикалық технологиялардың рөлі ерекше. Заман талабына сай әрбір болашақ мұғалімдерді даярлайтын білім мекемелерінде инновациялық-педагогикалық технологияларға баса мән берілуде.

Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттіліктің өлшемі, тетігі, құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты. Себебі әлемдегі ғажайып жаңалықтардың өзі білім, білікті шығармашылық құндылық ретінде бағалаумен, оны ізгі мақсаттарға сәйкес қолданып, жаңаны табумен мүмкін болады[2, б. 239].

Болашақ мұғалімдерді даярлау мақсатындағы білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, студенттердің қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктіліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.

Болашақ мұғалім жаңа білім қорымен қаруланған, оның ішінде инновациялық-педагогикалық әлеуеті жоғары тұлға болуы қажет. Инновациялық-педагогикалық технологиялар кәсіби ойлауды қалыптастырып, толыққанды теориялық білім негіздерімен және тәжірибелік ыңғайдағы дағды-икем, машықтарды меңгерулеріне жол ашады. Болашақ мұғалімдерді инновациялық-педагогикалық технологияларды игеруге бағыттау білім берудегі жаңалықтарды бойларына сіңіруге бағыттап, мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық бағытқа тұлғалық-бағдарлы ыңғайда жұмылдырумен ерекшеленеді. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайларда болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық және инновациялық-педагогикалық даярлықтарын ұштауда ең алдымен, жоғары оқу орындарында білім алатын студенттерге инновациялық-кәсіптік әрекеттердің субъектілері ретінде бағыт-бағдар ұсынудың мәні үлкен.

Бүгінгі күні педагогикалық теория мен тәжірибе саласында орын алып отырған инновациялық-педагогикалық үрдістер болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау ісіне қатаң талаптарды алға тартуда. Сол себепті бүгінгі таңда білім беру саласында инновациялық-педагогикалық технологиялардың мәніне бойламаған жас мамандарды педагогикалық тұрғыдан мықты маман деуге келмейді.

Болашақ мұғалім қазіргі жолға қой ылып отырған талаптардың үдесінен шығуы үшін алып отырған оқу орнындағы біліммен ғана шектеліп қоймайды. Инновациялық идеяларға әдістемелік тұрғыдан назар аударып, өзіндік шешімдер шығаруға талпынуы керек. Өзі таңдап алған инновациялық идеяларға сараптама, бағалау жасай алуы қажет. Өзі білім алатын оқу орнының жұмыс тәжірибесіне өзінің тарапынан инновациялық-педагогикалық идеяларды, жаңалықтарды енгізетін болса құба-құп. Бұл бағытта жұмыс істеуде, әрине, студенттердің тәлімгерлерінің бірлесімді жұмыстары болары айқын. Болашақ мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орнының инновациялық тұрғыдан дамуының мақсатты бағдарламаларын жүзеге асыру мен дайындауға білім алушыларды тарту, пікірлерімен санасу да оң нәтиже береді. Осы мақсатпен оқу орнының инновациялық-педагогикалық дамуының тұжырымдамалары қарастырылып, оқу орнының жұмысының тәжірибесіне білім беру инновацияларын енгізудің стратегиялық жоспарлары дайындалады. Лайықты нормативтік құжаттарға арқа сүйеу арқылы студенттердің де аталмыш бағыттағы жұмыстарға тартылуына серпін беру оң нәтижелерге бастайды. Болашақ мамандарды білім берудегі жаңалықтарға, инновациялық-педагогикалық жүйелерге дайындау әр болашақ тұлғаның кәсіби ойлау деңгейін көтереді.

Инновациялық-педагогикалық технология жоғары блім берудегі Еуропалық кеңістіктің нұсқауларымен сәйкестікте мынадай міндеттердің шешімін табуына ықпал етеді:

- болашақ мұғалімдердің дайындық мазмұнының дәрежесін еуропалық деңгейге жақындату мен білім сапасын арттыру;

- базалық қағидалар мен талаптарға толықтай сай келу;

- отандық білім беру жүйесінің барлық орын алып отырған талаптарын ескеру[3, б. 102];

Инновациялық-педагогикалық технология болашақ мұғалімдерді дайындауда болашақ мамандардың кәсіби дағдылары мен машықтарын қалыптастыруға ықпал етеді, оларды қарқынды танымдық әрекеттерге тартады; ойлау белсенділігі артып, білім алушылардың белсенді ұстанымдары көрініс алады.

Педагогикалық-инновациялық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдер мынадай әрекеттерді атқаратын болады:

- интерактивті дәрістерді өткізуге машықтанады;

- белгілі бір тақырып бойынша қысқаша презентацияларды жүзеге асыруға қабілеттері болады;

- «дөңгелек стөл», шығармашылық шеберхана» атты жұмыс пішіндерін өткізіп, өз дайындамалары бойынша маңызды тақырыптарды талдап, қарастырып, зерттеп, түрлі мәселелер бойынша өз көзқарастарын ұсынады;

- пікірсайыс, дебаттық жарыстар, педагогикалық жағдайларға талдау жасай алатын дәрежеге жетеді;

- жеке ғылыми – ізденіс тапсырмаларын атқарып, ғылыми дереккөздермен жұмыс жасай алатын деңгейге жетеді;

- рөлдік, іскерлік ойындар, «миға шабуыл» стратегияларын қолдау мүмкіндіктеріне ие болады;

- іскерлік ойындар, тренинг сабақтар өткізетін де болашақ мұғалімдер болады;

- мультимедиялық құралдарды кең ауқымда пайдалану арқылы тәжірибелік сабақтарды іске асыру жалғасады[4, б. 86].

Нәтижесінде болашақ мұғалімдердің танымдық әрекеттерінің белсенділігі ұшталып, өз мамандықтарына деген құлшыныстары арта түседі. Студенттер өздерінің тұлғалық және кәсіби маңызды сапалық қасиеттерін көрсетіп, шұғылдылық, креативтілік, біліктілік, бәсекеге қабілеттілік сияқты қабілеттері ұштала түседі.

Инновациялық-педагогикалық технологиялар бойынша студенттермен өтілетін кейбір тәжірибелік бағыттағы жұмыстарға назар аударалық.


DrawObject1 1 сызба. Инновациялық-педагогикалық технологиялар жүйесі

Инновациялық-педагогикалық технологиялардың болашақ мұғалімдерді дайындаудағы қажеттілік шарттары

Оқыту мақсаттары

Инновациялық-педагогикалық бағыттағы құралдар

Білім берудегі жоғары сапа

Бағдарламадан тыс білім алу

Студенттердің біліктілік машығын, дағдыларын дамыту

Қосымша дереккөздермен жұмыс

On-line-сабақтар

Тестілеу.


Ғылыми-ізденіс жұмыстарын іске асыру

Нақты тақырыптар аясында зерттеушілік жұмысы

Тың идеялармен жұмыс

Ғылыми жобалармен жұмыс

2 сызба. Инновациялық-педагогикалық технологиялардың болашақ мұғалімдерді дайындаудағы қажеттілік шарттары


Сурет 1 –Студенттердің инновациялық-педагогикалық технологияларды игеруіне қатысты нәтижелер




Студенттердің инновациялық-педагогикалық технологияларды қолдану арқылы білім, біліктілік жайларының даму деңгейлерін 1 суреттен байқауға болады. Эксперимент тобы зерттеудің бастапқы кезеңінде жоғары деңгейде 40 %-ды көрсетсе, тәжірибелік экспериментте 60%-ға дейін өсті, орта деңгейдегі 20% - дан соңғы кезеңде 25% -ға жетті. Бақылау тобында да өсу дәрежесі байқалады.

Қорыта айтқанда, мақалада инновациялық-педагогикалық технологияларды қолдану арқылы студенттердің білім сапасы артып, біліктілік, машық, икем деңгейлері артады. Логикалық ойлау барысы артып, тың идеялармен жұмыс жасау қабілеттері жетіледі.


Тұжырымдайтын болсақ, болашақ мұғалімдерді дайындаудағы инновациялық-педагогикалық технологиялардың мәні орасан зор. Әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, еуропалық білім кеңістігінің жұмыстарына белсенді қатысуларына мүмкіндіктер туындайды. Студенттер бұл бағытта жүйелі жұмыс жасайтын болса, болашақта өздері жұмыс атқаратын білім ордаларында шәкірттеріне сапалы білім дарытатыны сөзсіз.


Қолданылған әдебиеттер


1. А. Несіпбекова Д. Ш. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. «Ізденіс» ғылыми-педагогикалық журналы. –Алматы, 2012. №2. 32-36 беттер.

2.Сабырова Н. Т. Ақпараттық-компьютерлік технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану. //«Ізденіс». – Алматы, 2009. – № 4(2). – Б. 238-241.

3. Қабылова К.З. Жаңа ақпараттық технологиялар. Монография. – Алматы: Шұғыла, 2014. – 184-бет.

4. Шалабаева И. Е. Педагогикалық технологиялар. Астана: Фолиант, 2011. – 268-бет.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
400
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі