400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыретілігін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру аясында берілген оқытуды өнімді ету әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы, диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейін бағалаудың диагностикалық құралдары таңдалды. Оқытуды өнімді ету әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасалып, нәтижелері ұсынылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


КЕРЕМЕТ БАСТАУЫШ МЕКТЕП-БАЛАБАҚША КЕШЕНІ



Берік Назым Берікқызы



Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру.



6М010300 – Педагогика және психология



Ғылыми жұмыс























Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2020


Ғылыми жұмыс "Керемет" бастауыш мектеп балабақша кешенінде орындалған





Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,

доцент Ортаев Б.Т.




Ресми оппоненті: Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік

педагогикалық университетінің

профессоры,п.ғ.к.Пошаев Д.Қ.





































"Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыретілігін қалыптастыру" тақырыбына

АҢДАТПА

Магистрлік диссертация болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесіне арналған. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Бірінші бөлімде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылған. Мұнда болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі зерттелу деңгейі талданып, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық аспектісі анықталып негізделінеді және болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру теориялық моделі құрылып, ғылыми тұрғыда негізделеді.

«Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі» атты екінші бөлімінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны айқындалады және оқытуды өнімді етудің диагностикасы жүргізіледі.. Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру аясында берілген оқытуды өнімді ету әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы, диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейін бағалаудың диагностикалық құралдары таңдалды. Оқытуды өнімді ету әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасалып, нәтижелері ұсынылды.

Қорытындыда болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру аясында оқытуды өнімді ету факторлары айқындалып, тұжырымдар жасалынды.

Кілт сөздер: құзырет, құзыреттілік, диагностикалық құзыреттілік, диагностика, оқыту өнімділігі


АННОТАЦИЯ

на тему "Формирование диагностической компетентности будущих педагогов-психологов"

Магистерская диссертация посвящена проблеме формирования диагностической компетентности будущих педагогов-психологов. Диссертационная работа состоит из введения, двух разделов и заключения.

В первой части рассмотрены теоретические основы формирования диагностической компетентности будущих педагогов-психологов. Здесь проанализирован уровень изученности психолого-педагогической литературой диагностической компетентности будущих педагогов-психологов, определен психологический аспект формирования диагностической компетентности будущих педагогов-психологов, сформирована теоретическая модель формирования диагностической компетентности будущих педагогов-психологов.

Во второй части определяется содержание формирования диагностической компетентности будущих педагогов-психологов и проводится диагностика продуктивного обучения. В рамках формирования диагностических компетенций будущего педагога-психолога выбраны программы опытно-экспериментальной работы по апробации методики продуктивного обучения, диагностические средства оценки уровня формирования диагностических компетенций. Проведена опытно-экспериментальная работа по апробации методики продуктивного обучения, представлены результаты.

В заключении были определены факторы продуктивного обучения в рамках формирования диагностических компетенций будущих педагогов-психологов, сделаны выводы.

Ключевые слова: компетентность, компетенция, диагностические компетенции, диагностика, производительность обучения.

.

ANNOTATION

on the topic "Formation of diagnostic competence of future teachers-psychologists"

Master's thesis is devoted to the problem of formation of diagnostic competence of future teachers-psychologists. The thesis consists of an introduction, two sections and a conclusion.

In the first part the theoretical bases of formation of diagnostic competence of future teachers-psychologists are considered. Here the level of study of psychological and pedagogical literature of diagnostic competence of future teachers-psychologists is analyzed, the psychological aspect of formation of diagnostic competence of future teachers-psychologists is defined, the theoretical model of formation of diagnostic competence of future teachers-psychologists is formed.

In the second part, the content of the formation of diagnostic competence of future teachers-psychologists is determined and diagnostics of productive training is carried out. In the framework of the development of diagnostic competences of future teacher-psychologist of the selected program of experimental work on approbation of the methodology of productive learning, diagnostic assessment level of development of diagnostic competences. The experimental work on approbation of the method of productive training is carried out, the results are presented.

In conclusion, the factors of productive training in the formation of diagnostic competencies of future teachers-psychologists were identified, conclusions were drawn.

Key words: competence, diagnostic competence, diagnostics, performance training



ÖZET

"Gelecek psikolog eğitimcilerin teşhis yetkinlik oluşumu "

Yüksek Lisans Tezi, gelecekteki psikolog eğitimcilerinin teşhis yeterliliğini oluşturma sorununa ayrılmıştır. Tez çalışması giriş, iki bölüm ve sonuç oluşur.

İlk bölümde, gelecekteki psikolog eğitimcilerinin teşhis yeterliliği oluşumunun teorik temelleri ele alınmıştır. Burada, gelecekteki psikolog eğitimcilerinin teşhis eğitiminin psikolog-pedagojik literatürünün çalışma seviyesini analiz eder, gelecekteki psikolog eğitimcilerinin teşhis yetkinlik oluşumunun psikolojik yönü belirlenir, gelecekteki psikolog eğitimcilerinin teşhis yetkinlik oluşumunun teorik modeli oluşturulmuştur.

İkinci bölümde, gelecekteki psikolog eğitimcilerinin teşhis yeterliliği oluşumunun içeriği belirlenir ve üretken eğitimin teşhisi yapılır. Gelecek öğretmen-psikologun teşhis yetkinliklerinin oluşumu çerçevesinde, üretken eğitim metodolojisini test etmek için deneysel çalışma programları, teşhis uzmanlıklarının oluşum düzeyini değerlendiren tanı araçları seçilir. Üretken eğitim metodolojisini test etmek için deneyimli ve deneysel bir çalışma yapılmıştır, sonuçlar sunulmaktadır.

Sonuç olarak, gelecekteki psikolog eğitimcilerinin teşhis yetkinliklerinin oluşumunun bir parçası olarak üretken eğitimin faktörleri belirlendi, sonuçlar elde edildi.

Anahtarkelimeler: yetkinlik, yetkinlik, tanıyetkinlik, tanı, öğrenmeperformansı
























КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі білім беру жүйесінің қойған мақсаты – бәсекеге қабілетті білікті, құзыретті маман қалыптастыру. Жаңа заман педагогіне қойылатын бірден - бір талап - кәсіби құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасқан білімді, білікті, сапалы қасиеттері жоғары, бәсекеге қабілетті маман иесі болу.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халқына жолдаған мақаласында: "Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.", -деп баршамызға көрсетілген еді .

Отанымызда орын алып жатқан қарқынды өзгерістерге байланысты қоғамда шығармашылықпен ойлай білетін креативті мамандар қажеттілігі туындайды. Бұл білімді дамыту бағыттарында педагог кадрларды даярлауды жаңартуды қажет етеді. Елімізде 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында мақсат етіліп қойылған басым бағыт ұлттық білім беруде сапалы бірегей білім беру жүйесі бар барлық буынның сапасын жақсарту мақсатында педагогтан өзіндік ізденіс, сындарлы ойлау мен кәсіби, ақпаратты, коммукативті құзыреттіліктерін арттыруын талап қойды. Бұл бағдарлама кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру бағытында педагогтың құзыреттілігін, болашақ маманнан кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды, білімді, білікті, бәсекеге қабілетті тұлғалар тәрбиелеуді міндеттейді.

Білім берудің жаңғыртылуы - бұл ең алдымен барлық деңгей бойынша тұлға деген көзқарастың өзгеруі. Өйткені тұлға-өзіндік ішкі құрылымы бар адамзат. Сол себепті білімнің көп деңгейлік жаңа модулінде тұлғалардың даралық ерекшеліктері мен ақыл-ой қабілетінің даму деңгейін зерттеу аса маңызды. Заманауи білім беру жүйесінің барлық үдерісінде, білімнің ерекше тұстарын ескеру, оқушының тұлғасына және қабілетіне бағыталып ықпал жасау талап етіледі. Бұл жерде басты мақсат саналы оқушы тәрбиелеп, оның дара ерекшеліктерін қалыптастырып, жан дүниесін айқын біліп оқып-үйрену. Осы орайда педагог-психологтың диагностикалық қызметінің маңызы ерекше. Ол үшін жоғары оқу орындарында психологиялық-педагогикалық диагностикалық қызметтің оқу-тәрбие үдерісінде қаншалықты маңызды екенін жете түсініп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін пайдалана алатындай диагностикалық құзыреттілігі қалыптасқан болашақ педагог-психолог мамандарды даярлау қажет. Мұның өзі болашақ педагогтардың диагностикалық құзыреттілігі болу мәселесін көкейкесті етеді.

Болашақ маманның-студенттердің қабілеттерін дамыту арқылы шығармашылық ойлауды, интеллектуалды белсенділікті жоғарғы деңгейге шығару, жаңаны тез түсінуді, білімнің жетіспеушілігін сезінуді үйрету арқылы қалыптастырудың күтілетін соңғы нәтижесі құзыреттілік болып табылады. Мұндай маман иелері әрдайым құбылмалы әлеуметтік және экономикалық үдерістерді талдай білуі, нарық бәсекелестігіне сәйкес шешім қабылдай алып, оны іске асыра білуі керек. Осыған байланысты педагог мамандарды даярлаушы жоғары оқу орнындарының басты міндеті ең бір маңызды міндеті кәсіби қалыптасқан құзыретті мама нәзірлеу болмақ.

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру жалпы білім беретін мекемелерде қаншылықты маңызды екендігін жете түсініп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс -тәсілдерін іздестіру психология және педагогика ғылым саласы тұрғысынан басты мәселе болып саналады. Болашақ педагог-психологтарды даярлауда диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың өзектілігі болашақ білім беру қызметінде психологиялық-педагогикалық міндеттерді кәсіби тұрғыда сауатты шешу қажеттілігіне байланысты оны жетілдірудің оңтайлы жолдарын іздеуді нәтижелі етеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілінің мәні мен мазмұнын анықтау мақсатында «диагностикалық құзыреттілік» ұғымының бар анықтамаларына талдау жасалынды.

Зерттеу мәселесінің ғылымды қарастырылу жайы кәсіби педагогикалық және психологиялық іс-әрекетте диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың түрлі аспектілері шетелдік зерттеушілердің жұмыстарында да көрініс тапқандығын көрсетті: J. Klug, S. Brude, А. Kelava, С. Spiel, B. Schmitz , Rorschach .

Жақын шетелдік ғалымдар: Е.П. Ивутина, А.В. Фурлетова , О.И. Дорофеева, Г.А. Рязанова, О.В. Вечканова, Л.Н. Титова , Н.В. Кутовая , Л.Ю. Александрова, О.М. Красноярдцева , В.Н. Косырев , О.В. Еремкина, Е.А. Михайлычев , Л.Н. Волошина, Г.Е. Воробьева, Н.Д. Лащенко, А.Н. Марина, Л.В. Покушалова, В.И. Долгова, В.К. Шаяхметова, Т.В. Куприянчик, В.В. Беликова т.б. да аталмыш мәселені зерттеудің теориялық негіздерін жасауға өз үлестерін қосты.

Зерттеу барысындағы талдаулар болашақ педагог - психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдіснамалық, технологиялық, дидактикалық, әдістемелік астарлары, білімдік үдерісті психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету және осы іс-әрекетті жүзеге асыратын мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту мәселелеріне: Г.Ж. Лекерова, Р.Ж. Аубакирова, Г.С. Тұрсынгожинова, У.Б. Төлешова, Н.С. Жұбаназарова, П.Ш. Маханова, К.Ж. Төребаева, Н.О. Перепелкина, Е.П. Мутавчи, Н.А. Ермакова, М.Р. Битянова, А.Г. Шмелева, Н.И. Шевандрин, Б.А. Тұрғынбаева, Б.Т. Кенжебеков т.б. өз үлестерін қосқандығын көрсетті.

Талданған ғалымдардың еңбектері білім беру бағытындағы педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелерін зерттеудің теориялық негіздерін құрайды.

Бұл ұғым психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті кең қарастырылмағандығын, сонымен қоса қазірде «диагностикалық қызмет» бөлек ұғым ретінде жиі кездесетіндігі анықталды.Ұғымды қолданудың көпфункциялылығы диагностикалық құзыреттілікті анықтауда педагог-психолог тұлғасының интегралды кешенді сипаты ретіндегі, кәсіби қызмет субъектісі ретіндегі міндеттерді қояды. Бірақ нақ осы сапада диагностикалық құзыреттілік дәстүрлі психологиялық- педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті қарастырылмайды. Сәйкесінше, бұл ұғымның жалпы қабылданған түсіндірмесі жоқ, бұл оны тәжірибелік қызметте қолдануда және түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеулерден алынған мәліметтерді салыстыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Дегенмен, бұл ұғымның теориялық мәнін зерделеуге мүмкіндік беретін қазіргі таңда алғышарттары қалыптасты деуге болады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Болашақ педагог-психолог мамандардың диагностикалық құзыреттіліктерін теориялық негіздеу және болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың моделін әзірлеу, оқытуды өнімді етуді диагностикалау әдістемесін жасау.Қойылған мақсатты жүзеге асыру келесі міндеттерді орындауды көздейді:

  1. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі зерттелуін айқындау.

  2. Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық аспектісін көрсету.

  3. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың моделін әзірлеу.

  4. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру бағытында оқытуды өнімді етуді диагностикалау әдістемесін жасау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелерінің қорытындысын ұсыну.

Зерттеу пәні мен нысаны. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы. Болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлау жүйесі.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру тақырыбы аясындағы ресейлік, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы ережелерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары деректерін, "5В010300 – Педагогика және психология" мамандығының типтік оқу бағдарламасы нұсқаулықтарын кең көлемде пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Автордың ғылыми жаңалылық элементтері бар қағидаларының ішінен келесілерді көрсетуге болады:

Бірінші нәтиженің жаңалық дәрежесі болашақ педагог-психологтардың диагностикалақ құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық әдібиеттерде зерттелу деңгейі айқындалған.

Екінші нәтиженің жаңалық дәрежесі автор болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық аспектісін айқындап ашып берген;

Үшінші нәтиженің жаңалық дәрежесі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі құрастырылған;

Төртінші нәтиженің жаңалық дәрежесі ЖОО-да болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз ету бағытында «Оқытуды өнімді ету бағытындағы педагог-психологтың сауалнамалар жинағы» атты диагностикалық тапсырмалар құрастырылып, тәжірибеде тиімділігі дәлелденген.

Әзірленген модельге сәйкес «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау» курсының мазмұны бойынша жаңартылған курсты оқытуға сәйкес ОБСӨЖ тақырыптарына өзгерістер енгізіледі. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жүзеге асырылды.

Зерттеуге ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігі- қоғам үшін аса маңызды білім беруді тиімді ету үшін оқу-тәрбие үдерісінің алғы шарттарын, жағдайын және нәтижесін талдауға, жеке тұлғаның даму мәселелерін, оның біліміндегі олқылықтар мен себептерін сауатты анықтауға, соның негізінде оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс таңдауға бағытталған білім және құндылықты қатынастар бірлігі.

2. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық аспектісі ішкі мотивация, тұлғалық рефлексия ұстанымдарының кешенді қолданылуымен қамтамасыз етіледі.

3. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру моделі: бір-бірімен тығыз байланыстағы құндылықты мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық, рефлексивті компоненттер жүйесінен тұратын, төмен, орта, жоғары деңгейлері анықталған модельге сәйкес, дайындық, негізгі, қорытынды кезеңдермен жүзеге асырылуы ойластырылған құрылым болып табылады.

4. Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудағы оқушылардың оқу үлгермеу себептерін анықтау іс-әрекеттері, оқытуды өнімді ету бағытындағы бағдарлы жұмыстарды: оқу материалдары, ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдар, оқушының оқуы, уақытты диагностикалауды жүзеге асырумен,алған нәтижелерінің себеп-салдарын айқындаумен, заманауи тәсілдерді қолдана білуімен қамтамасыз етіледі.

Жұмыстың ғылыми тәжірибелік маңыздылығы. Диагностикалық құзыреттілікті дамытудың теориялық моделі және әдістемесі, магистрлік диссертация қорытындысының ғылыми жаңалығы ретінде болашақ педагог-психолог мамандарының диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру жүйесін жетілдіруге бағытталуы үлкен мәнге ие. Сондай-ақ, зерттеуді жүргізу барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді:

  • болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі зерттелу деңгейі айқындалады;

  • болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық моделі жасалынды.

  • болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру аясында оқытуды өнімді етуді дианостикалау әдістемесі жасалып, тиімділігі тәжірибеде сынақтан өткізілді;

Жұмыс нәтижелерінің басылымдарда жарық көруі және сынақтан өтуі. Диссертация орындағанда алынған нәтижелер "Педагогикалық ғылымдар" кафедрасының және Қ.А. ясауи атындағы ХҚТУ ғылыми-техникалық кеңестің отырысында талқыланып, қорғауға жіберілді. Диссертацияның негізгі мазмұны бойынша 2,41 баспа табақ құрайтын 6 ғылыми мақалада жарияланды. Олардың төртеуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарияланды (ЖАҚ-журналында); екеуі Халықаралық және Республикалық конференция материалдарында жарияланды.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс құрылымы нормативті сілтемелерден, анықтамалардан, қысқартулар мен белгілеулерден, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Магистрлік диссератция 20 кесте, 3 сурет, 89 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын көлемі 109 бетті қамтитын қолжазба.




















НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері.

Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамыту бағдарламасында тұлғаның толық қанды дамуы үшін жағдайының жасалуы және оның әлеуметтік ортада өз орнын табуы туралы баяндалып, кәсіби бағыттағы білім беру сапасын жоғарлатуға үлкен жол ашу керектігі туралы талап қойылады. Бұл жерде басты мақсат саналы оқушы тәрбиелеп,оның дара ерекшеліктерін қалыптастырып, жан дүниесін айқын біліп оқып-үйрену. Осы орайда педагог-психологтың диагностикалық қызметінің маңызы ерекше. Ол үшін жоғарғы оқу орындарында психологиялық-педагогикалық диагностикалық қызметтің оқу тәрбие үдерісінде қаншалықты маңызды екенін жете түсініп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін пайдалана алатындай диагностикалық құзыреттілігі қалыптасқан болашақ педагог-психолог мамандарды даярлау қажет.

"Құзырет", "құзыреттілік" ұғымдарына анықтамалар берілген және құзыреттілікті қалыптастыру бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліген. Ол жөнінде ҚР-да білім беру саласында басшылыққа алынатын нормативті құжатта анықтама беріліп көрсетілген. Соның бірі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Онда "Құзыреттер- студенттердің оқыту үрдісі кезінде алған білім,шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті"- деп көрсетілген. Н.Ф.Ефремова пікірінше құзыреттілік бұл -көп жағдайда міндеттерді шешетін қабілеттілік ретінде қарастырылады, ал құзырет - осы қабілеттіліктерді қамтамасыз ететін мінез-құлық моделі. [107].

Көрсетілген анықтамаларды есепке ала отырып, біз «құзырет» терминінің келесідей түсініктемесі шығады: «құзырет – бұл білім алушы оқу барысында меңгеруі керек және соңғы нәтижесінде қандай да бір сала бойынша оның құзыреттілігін қалыптастыратын білім, білік, дағдылар жиынтығы». Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдасақ, құзыреттілік – бұл педагогтың кәсіби міндеттердің орындалуын, мақсатқа жетуді, нәтиже алуды қамтамасыз ететін әрекетті сапалы жүзеге асыру мүмкіндігі деген қорытынды жасаймыз.

Құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстардың жүргізілуіне сәйкес, "Құзырет дегенімізді қалай түсінеміз?", "Құзыреттің құраушылары қандай болуы мүмкін?",т.б. сұрақтардың туындағаны да белгілі. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың анықтамаларына сәйкес біз құзырет ұғымының мәнін анықтадық. Нәтижесі ретінде білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын анықтауда зерттеуші ғалымдардың берген ортақ пікірлерінен туындаған құзыретті құраушы үш компонентті бөліп көрсеттеміз.

Зерттеулерге сәйкес құзырет үш құраушыдан тұрады:

1. Когнитивті (білімдік) сала;

2. Психомоторлы (іс-әрекеттік) сала;

3. Эмоционалды -құндылықтар (құндылық қатынастар) саласы.


1-сурет. Құзыретті құраушы компоненттер.

Осылайша, құзыреттілік өзіне үш аспектіні кіріктіреді: когнитивті (білім); операциялық (іс-әрекет тәсілдері және іс-әрекетті жүзеге асыруға дайындық); аксиологиялық (белгілі бір құндылықтардың болуы).

Осы аталған құзыретті құраушы үш сала болашақ педагог-психологтарды даярлау үрдісіне сапалы маманға қол жеткізу үшін басты бағдар беруші болып табылады.

Жоғарыда келтірілген ғалымдардың анықтамалары мен зерттеулерін сараптай келе, біз маманның кәсіби құзыреттілігі деген атаудың бастамасы маманның кәсіби даярлығы мағынасынан таралып, замануи өзгерістерге орай жаңа формациядағы білім саласына атауы өзгеріп, енгендігін аңғардық. Осыдан келетін түйін, педагогтың кәсіби құзыреттілігі деп біздің зерттеу мәселесінде педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі, оның кәсіби даярлығын яғни диагностикалық даярлығымен тең дәрежедегі түсінік деп айта аламыз.

Зерттеуші А.Ж. Сапаргалиева педагог-психологты көмекші кәсіп маманы ретінде кәсіби даярлауды жетілдіруге арналған диссертациялық зерттеу жұмысында, педагог-психологты кәсіби даярлау мәселесі толық айқындалмағандығын және қазіргі күні оның ғылыми негіздерін анықтау талап етілетіндігін атап өтеді. Сонымен қоса оның зерттеуінде педагог-психологтың көмекші кәсіп маманы ретіндегі кәсіби қызметінің келесідей түрлерін бөліп қарастырады: психодиагностикалық, түзетуші-дамытушы, кеңес беруші, алдын алушы, бағалаушы, болжаушы, әдістемелік, басқарушы.

Зерттеушілер М.Р. Битянова, А.Г. Шмелев және т.б. психодиагностикалық қызметті жүзеге асыруда бірінші орынға мынадай кәсіби маңызды сапаларды қояды: психодиагностика негіздерін білу, психодиагностикалық жұмыс біліктері мен дағдылары (психологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу білігі мен дағдылары, психологиялық диагностика әдістері мен әдістемелерін меңгеру, мәліметтерді математикалық өңдеу, балаға, ұжымға психологиялық қорытынды жасау және т.б.), мәліметтерді баяндауда нақтылық, объективтілік, мәліметтерде өңдеуде асқан дәлдік .

Жоғарыда берілген тұжырымға сәйкес маманның кәсіби даярлығын мән мағынасы және қолдану аясы мен қызметі тұрғысынан кәсіби құзыреттілік атауымен тең дәрежеде қарастыруды оң шешім деп тапқан болатынбыз. Сол себепті болашақ педагог-психологтың диагностикалық даярлығын оның диагностикалы құзыреттілігі деп анықтап, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерттелу деңгейін қарастыратын боламыз.

Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілінің мәні мен мазмұнын анықтау мақсатында «диагностикалық құзыреттілік» ұғымының бар анықтамаларына талдау жасалды. Бұл ұғым психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті кең қарастырылмағандығын, сонымен қоса қазірде «диагностикалық қызмет» бөлек ұғым ретінде жиі кездесетіндігін айта кетеміз (Кесте 1).

1-кесте – «Диагностикалық құзыреттілік» ұғымына берілген авторлардың анықтамасы

Автор

Ұғым

Ұғымның мәні

1

2

3

О.И. Дорофеева

Диагностикалық құзыреттілік

«Кәсіби педагогикалық қызметтің шынайы жағдайларында пайда болатын кәсіби мәселелер мен міндеттерді шешу үшін диагностикалық қызметті жүзеге асыруға педагогтың теориялық және

тәжірибелік даярлығының тұтастығы».

О.В. Вечканова, Л.Н. Титова

Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикаға позитивті қатынас синтезінде көрінетін даярлық, тәжірибелік педагогикалық қызмет шарттарындағы білім алушылар мен ұжымды зерттеу барысында психологиялық- педагогикалық білім мен біліктерді қолдануы


Е.П. Ивутина

Диагностикалық құзыреттілік

Кәсіби қызметті меңгерудегі пайда болатын тұлғаның маңызды өзгеруі

Г.А. Рязанова

Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикалық қызметтің барлық кезеңдеріндегі кәсіби қызметтің нысандары жайлы болашақ маманның терең және толық ақпарат алуы үдерісіндегі тұлғалық берік көзқарастары, сенімдері,

мақсаттары жүйесі

А.В. Фурлетова

Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті теориялық және тәжірибелік даярлықтың бірлігі: диагноз қоя білу, диагностикалық гипотез ұсыну, психологиялық-педагогикалық қызметтің шынайы жағдайларында пайда болатын мәселелер мен міндеттерді шешу, өз қызметіне үнемі мақсатты толықтырулар енгізу және т.б. тұратын тұлғаның

интегралдық сапалары

А.В. Сеничкина

Диагностикалық құзыреттілік

«Тұлғалық-саналы позитивті қатынасында көрінетін, білім берудің түрлі кезеңдерінде диагностикалық қызметке оның қабілеттілігі мен даярлығы, диагностикалық міндеттерді шешуге бағытталған терең, берік диагностикалық білім мен білігінің болуы»

Н.В. Кутовая

Диагностикалық құзыреттілік

Жеке диагностикалық қызметінде болашақ мұғалімнің психологиялық-педагогикалық білімі мен білігін қолдануға даярлығы және қол жеткізілгендер негізінде өзіндік диагностика жасау қабілеті

О.М Краснорядцева

Диагностикалық құзыреттілік

Өзіндік диагностикалық қызметте стратегия мен тактиканы таңдау мүмкіндігі

Л.Ю. Александрова

Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикалық үдеріс логикасына сай ойлау мен тәжірибелік әрекеттердің және операциялардың жиынтығы, ол белгілі бір әдістер мен әдістемелерді қолдану арқылы балалар әрекеті мен тұлғаны тиміді зерттеуді қамтамасыз етеді

В.Н. Кoсырeв

Диагностикалық құзыреттілік

Дәрігердің диагностикалық міндеттерді тиімді шешу даярлығы мен мүмкіндігі. Құрылымдық қатынаста ол тұлғаның интегралдық сапасынан құралған және теория мен практиканың синтезі

негізінде қалыптасатын жеке құзыреттіліктер қатарынан тұрады

Кестеден көріп отырғанымыздай, зерттеушілердің «диагностикалық құзыреттілік» ұғымына көзқарастары бірыңғай емес, оны анықтау үшін жеткілікті деңгейдегі кең терминологиялық аппарат қолданылуы тиіс деген қорытынды жасауға болады. «Диагностикалық құзыреттілік» түсінігі әдетте жиі «педагогикалық және психологиялық диагностика» түсініктерімен синонимдес сипатталатындығы анықталды.

Бұл ретте «диагностикалық құзыреттілік» ұғымының түрлі әдеби дереккөздерде өзіндік жан-жақты жеткілікті талданбағандығын айта кету қажет. Анықталғандай ұғымды қолданудың көпфункциялылығы диагностикалық құзыреттілікті анықтауда педагог-психолог тұлғасының интегралды кешенді сипаты ретіндегі, кәсіби қызмет субъектісі ретіндегі міндеттерді қояды. Бірақ нақ осы сапада диагностикалық құзыреттілік дәстүрлі психологиялық- педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті қарастырылмайды. Сәйкесінше, бұл ұғымның жалпы қабылданған түсіндірмесі жоқ, бұл оны тәжірибелік қызметте қолдануда және түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеулерден алынған мәліметтерді салыстыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Дегенмен, бұл ұғымның теориялық мәнін зерделеуге мүмкіндік беретін қазіргі таңда алғышарттары қалыптасты деуге болады.

Болашақ педагог-психолог студенттердің диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі күрделі және көп аспектілі. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мәселені ғылыми еңбектерде жеткілікті терең негіздеме алған құзыреттілік тәсіл тұжырымдамасы контекстінде қарастыру қажет.

Мұғалімнің педагогикалық даярлығы педагогикалық мінез-құлықтарын қалыптастыруға әсерін тигізеді. Олардың қалыптасуы:

  • педагогикалық құзыреттіліr негізін қандай деңгейде меңгергеніне;

  • педагогикалық құзыреттілікті толық қанды түсіну деңгейіне;

  • ерекше педагогикалық құзыреттілікке;

  • әр педагогтың жеке тұлғалық ерекше шығармашылық даралығына байланысты.

Сонымен педагогикалық кәсіп мағынасына ұстаздың қоғамдық функцияларының мақсаты мен мәселелерін адамтану проблемаларын түсінудегі рөлін анықтайтын жоғары дамыған парыздылық санасы, құзыреттілік нышаны енеді.

Білім берудің құзыреттілікті-бағдарланған парадигмасы жағдайында педагог-психологтарды даярлаудың маңызды мақсаты студенттердің тұлғалық сапаларын, сонымен қатар жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық- басқарушылық, тәжірибелік-аналитикалық, өндірістік-технологиялық және оқытушылық қызметте оларды жүзеге асыру дағдыларын дамыту болып саналады. Педагог-психолог жоғары оқу орнын аяқтай отырып өз пәніне қатысты тек біліммен ғана қамданып қоймай, сонымен бірге жеткілікті тұлғалық сапалар мен құзыреттіліктер жиынтығын меңгеруі қажет .

Осыдан талданған дереккөздер айғақтағандай, жоғарғы мектеп жүйесіндегі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылатындығын және оның шешімін табу психологиялық-педагогикалық білімдерді кеңінен қолдануды талап ететіндігін аңғардық. Бұл үдерістің тиімділігін анықтайтын маңызды факторларға болашақ педагог- психологтарды оқуға және алдағы кәсіби қызметіне деген мотивациясы,білім сапасының, қажетті құндылықтық сенімдерінің, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, рефлексивті қабілеттері мен адекватты өзін-өзі бағалауының болуы кіреді.

Диагностикалық қызметті ұйымдастырудың заманауи көзқарастары тұрғысынан құзыретті маманды диагностикалық қызметті орындауға деген жоғары мотивациясы, ниеті және диагностикалық гипотезалар ұсына білуі, міндеттер қоя алуы, олардың шешілу барысын және нәтижесін талдай білуі, ақпаратпен жұмыс істей алуы ерекшелеп тұруы қажет. Жоғары мектептегі білім беру жағдайындағы болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде құзыреттілік тұғыр жүзеге асыру арқылы болашақ түлекті даярлау сапасы мәселесіне жаңаша келуге мүмкіндік береді. Осы тұста біз болашақ маманның диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық аспектілерін диагностикалық құзыреттіліктің болмыстың сипаттамасын құрайтын құзырет құраушы компоненттерді: 1. Когнитивті (білімдік); 2. Психомоторлы (іс-әрекеттік) ; 3. Эмоционалды -құндылықтардың (құндылық қатынастар) меңгерілу үрдісі мен жүзеге асыру кезеңдерін саралап,талдау арқылы түсіндіреміз.

Диагностикалық құзыреттіліктің психологиялық аспектілері: таным, қызығушылық, белсенділік, ынта, қабілет, қажеттілік сынды процестер жоғары сападағы оқу өнімін алу үшін маңызды әсер етуші факторлар қатарында екендігін аңғарамыз. Бұнда ең жоғары әсер ететін фактор ол оқудың мотивтері содан кейін оқуға қатысуы және соңында жалпы қабілеттері болып отыр. Осыдан біз болашақ маманды қалыптастыруда оның ең алдымен атқаратын жұмысына деген қызғушылығын, мотивін оятуымыз тиіс. Студент бойындағы оқу қажеттіліктерін қамсыздандырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білуіміз керек. Тұрақты оқытуды қадағлап, оқу тапсырмаларын жүйелі орындауға шақыруымыз тиіс. Сонымен қатар тәжірибеде білімін қолдана алуына машықтандыруымыз дұрыс болады. Және де диагностикалық білімді жақсы қалыптастырушы орта, ЖОО-да арнайы мамандандырылған кабинеттер мен лабораториялық бөлімшелерді сапалы түрде ұйымдастыру қажет.

Біздің зерттеу жұмысының басты міндеттерінің бірі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделін әзірлеу болып табылады. Атап айтқанда, ЖОО-да жалпы орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог мамандарға тиесілі мақсаты, міндеттері, білімі, іс-әрекет дағдылары мен құндылық қасиеттері болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың мінсіз нәтижесін құруда болып табылады.

Белгілі болғандай, модельдеу педагогикалық ғылымда ғылыми зерттеу әдістерінің бірі ретінде кеңінен қолданылады. Модельдеу әдісі эксперименттің педагогикалық түріне және логикалық құрылымдар мен ғылыми тораптарды құрастыруға сәйкес келеді. Жалпы, бұл көшірмелерді, педагогикалық материалдарды, құбылыстардың үлгілерін жасау процесі. Зерттелетін педагогикалық жүйенің схемалық бейнесінде қолданылады.

Педагог-психологтың кәсіби маңызды функцияларын табысты жүзеге асыру үшін тиісті білім мен дағды қажет. Білім, Дағдылар мен қабілеттер топтарын анықтау педагог-психолог қызметінің моделін анықтайды және келесі қадамды көрсетеді. Біз әзірлеген модельді құру негіздері-педагог-психологтарды диагностикалық құзыреттілікке даярлаудың әлеуметтік тәртібі. Зерттеудің алдыңғы бөлімдерінде ұсынылған қорытындылар болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіне елеулі әсер етті. Жоғарыда айтылғандардың барлығы педагог-психологтардың кәсіби даярлығының маңыздылығын куәландырады, оның жалпы мақсаты тез өзгеретін ортада диагностикалық құзыреттілігі бар белсенді және тиімді кәсіби өмірге қабілетті маманды қалыптастыру болып табылады.

Ұсынылып отырған үлгі болашақ педагог-психологтарды диагностикалық құзыреттілікке жоғары деңгейде дайындау үдерісіне бағытталған педагогикалық жүйенің сипаты болып табылады. Модель болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру процесін сипаттайды, олардың көмегімен объектілер мен құбылыстардың өзара байланысы мен қарым-қатынасын көрсетеді, оның басты қызметі зерттелетін мәселенің мәнін ашуға мүмкіндік беру, оны құрылым ретінде түсіну болып табылады.

Біз қарастырып отырған модельге және әдіснамалық тұрғыда қойылатын талаптарға сүйене отырып, біз 2-суретте көрсетілген модельдің келесі құрылымын анықтадық.

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылған моделі келесі элементтердің жиынтығынан тұратын құрылымдық-функционалдық жүйені қамтиды:

мақсатты компонент -әлеуметтік тапсырыс пен мақсатты анықтайды, диагностикалық құзыреттіліктің ұстанымдарын, тұғырларын сипаттайды мазмұндық компонент –жоғарғы білім беру мазмұнын айқындап, білім беру барысында білімгерлердің игеретін пәндік курстар мазмұнын және педагогикалық тапсырмалар түрлерін көрсетеді ;

процессуалдық компонент –диагностикалық құзыреттіліктің қалыптасу кезеңдерін, диагностикалық құзыреттіліктің құрылымын (құрылымын, әдістерін, құралдарын және диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуін) көрсетеді;

бағалаушылық компонент- нәтиже, диагностикалық құзыреттіліктің компоненттерінің көрсеткіштері мен диагностикалық құзыреттіліктің өлшемдерін сипаттайды, оның бағаларының деңгейлерін береді.

2-суретте көрсетілген теориялық моделді жүзеге асыру үшін біздер бірқатар педагогикалық шарттар орындалуы керек деп білеміз

Педагогикалық шарттарға байланысты зерттеу жұмыстарын зерттеу негізінде біз келесі шарттар кешенін анықтадық:

1. Әдіснамалық – Болашақ педагог-психолог мамандардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды (ЖОО-да) жүзеге үшін оқу материалдарын іріктеу принциптері;

2. Теориялық – Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіне сәйкес оқу материалдарының жүйеленуі;

3. Дидактикалық – Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру технологиясының жасалынуы;

4. Әдістемелік – Болашақ педагог-психологтардың диагностикалау қызметтерін жүзеге асыру әдістері мен тәсілдері;

5. Практикалық – Болашақ педагог-психологтардың диагностикалау жұмыстарының мазмұны мен құралдарын тәжірибелік жұмыстар арқылы қамтамасыз етілуі.


















СDrawObject1 урет 2- Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі.


DrawObject2

Әлеуметтік тапсырыс: Болашақ педагог-психорлогтардың диагностикалық даярлығын жетілдіру. Педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін негіздеу.


DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3

DrawObject8


DrawObject9

Мақсат: Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру





Әдіснамалық тұғырлар:

тұлғалық-іс- әрекеттік

жүйелік

құзыреттілік

Ұстанымдар

Педагог-психологтың теориялық-әдіснамалық тұрғыда байқалу, көріну

Білім беру ортасын кәсібилендіру.

Оқытудың тәжірибелік бағыттылығы

Ішкі мотивация

Тұлғалық рефлекция







DrawObject10




DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11




DrawObject14






DrawObject15

DrawObject16

DrawObject17






DrawObject18





DrawObject19


DrawObject20


DrawObject22 DrawObject21


ЖОО жүйесінде болашақ педагог-психологтарды диагностикалық қызметті іске асыруға қабілетті етіп қалыптастырудың педагогикалық шарттары бар және оны оқу үдерісіне батыл қолдануға болады. Мәселеге қатысты зерттеулер барысындағы ғылыми талдаулар негізінде біз осындай тұжырымға тоқталдық. Келесі тақырыпта біздер осы педагогикалық шарттардың жүзеге асырылуының қамтамасыз етілуін сипаттап жазамыз.

Болашақ педагог- психологтың тәрбие жұмысын кезең-кезеңімен ұйымдастыруды, болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың нақты жолдарын және құралдарын таңдауды қарастырады.

Диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру-оның барлық компоненттерін кезең-кезеңімен сапалы түрлендіруді қамтитын тұтас, қайтымсыз процесс. Сондықтан біз Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру процесінің кезеңдерін анықтадық: дайындық, негізгі және қорытынды. Осы кезеңдерді құру кезінде біз диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру болашақ педагог-психолог өзін кәсіби қызметтің белсенді субъектісі ретінде сезінетіндіктен, оның мақсаты мен құндылығын, одан жеке - маңызды мәнін табатын жағдайдан басталады деген қағиданы негізге алдық.

әАталғандай, диагностикалық құзыреттілік болашақ педагог-психолог тұлғасының аралық сапасын білдіреді және өзінде келесі компоненттерді қамтиды: құндылықты-мотивациялық (олардың құндылығы мен мағынасын ұғыну, эмоционалдық-мотивациялық қатынастарды дамыту), мазмұндық (теориялық-әдіснамалық білімдердің, әдіснамалық бекітулердің, ойлаудың ғылыми стилінің болуы), процесуалдық (диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажет диагностикалық дағдылардың болуы ), рефлексивті (орындалатын кәсіби іс-әрекеттің рефлексивті-тұлғалық тәсілі).


Кесте 2 - Диагностикалық құзыреттілік компоненттері, критерийлері мен көрсеткіштері

Диагностикалық құзыреттілік құрылымы

№

Компонеттер

Критерийлер

Көрсеткіштер

1

Құндылықты мотивациялық

Мотивтер бағыттылығы; өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы.

1 Құндылықтарды меңгеруге және оларды оқытуға мотивінің және қызығушылығының болуы.

2 Өзіндік білім алуға ұмтылысы.

3 Педагог-психологқа тән кәсіби іс- әрекетте диагностикалау бойынша тұрақты қызығушылықтар және оң нәтижеге жетуге деген тырысулар, ұмтылыстар, табандылық, адалдық .

2

Мазмұндық

Психология және педагогика саласы бойынша, диагностика-

лық іс-әрекетті жүзеге асыруға

қажет теориялық-әдістемелік білімдерді меңгеруі.

1.Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастырушылық түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды білуі; 2.Диагностикалық әдістер, тәсілдер туралы жүйеленген білімге ие болуы, білім беру үдерісіндегі психологиялық- педагогикалық диагностиканың рөлін жеткілікті түсіуі.

3.Диагностикалау бойынша алған білімді практикада қолдануы.

Процессуал-дық

Диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті дағдылар жүйесі.

1.Диагностиканың құралдары мен түрлерін, әдістерін өздігінен таңдауы.

2.Стандартты дидактикалық диагностикалық материалдарды өз бетінше өңдеуі.

3.Диагностика процедурасына белсенді қатысуы.


4

Рефлексивті

Бағалау мен ой елегінен өткізе білуге, талдауға , рефлесияға қабілеттілік.

Рефлексия жақсы дамуы, білімін бағалауы,психологиялық педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын дәлелдеуі


Осылайша, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін модель өзара байланысты компоненттерден тұратын ойластырылған құрылымды, зерттелетін сапа деңгейін анықтай отырып, осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру кезеңдерін білдіреді.


2. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі.

Білім беру мекемесінде педагог-психологтың кәсіби міндеттерін білікті орындау үшін келесі жалпы педагогикалық құзыреттерге ие болуы тиіс: басқарушылық, әдістемелік, аналитикалық, коммуникативтік. Айта кету керек, диагностикалық құзыреттілік педагог-психологтың негізгі құзыреттілік жүйесіндегі компонент және байланыстырушы буын болып табылады. Осыған сәйкес, біз маманның алғашқы зерттеу қызметін қамтамасыз ететін диагностикалық құзыреттілікті анықтаймыз. Ол педагогтың одан әрі басқарушылық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, коммуникативтік, сараптамалық қызметі үшін негіз болады.

Болашақ педагог-психологтарды даярлау негізгі жағдайларда нормативті- құқықтық құжаттармен реттеледі. Оған МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты), типтік оқу жоспары және мамандықтың типтік оқу бағдарламасы кіреді. Білім беру мазмұнын реттеуде жетекші тетіктер бола отырып нормативті құжаттардың әрқайсысы оқытудың білім беру траекториясын құруға қатысты талаптарды ұсынады.

"5В010300 – Педагогика және психология" мамандығының РК 3.08.253-2006 ҚР МЖМБС және 3.08.003-2004 ҚР МЖМБС ретроспективті талдау болашақ педагог-психологтарды диагностикалық іс-әрекетке даярлау мазмұны сұлбалы, үзік-үзік келтірілгенін көрсетті.

Бұл типтік оқу бағдарламасында міндетті ретінде келесі пәндер бөліп көрсетіледі:

  1. Педагогикалық мамандыққа кіріспе

  2. Педагогика

  3. Педагогиканың тарихы

  4. Этнопедагогика

  5. Әлеуметтік педагогика

  6. Педагогикалық менеджмент

  7. Педагогикалық шеберлік

  8. Педагогиканы оқыту әдістемесі

  9. Бейіндік білім беру педагогикасы.

Сонымен қатар типтік оқу бағдарламасын талдау "050103 - Педагогика және психология" мамандығының базалық міндетті пәндері мазмұны педагогикалық пәндерді зерттеуге бағытталғандығын және психологиялық- педагогикалық диагностика сұрақтарын толықтай аша алмайтындығын дәлелдейді.

Осылайша, ҚР 2016 жылғы Типтік оқу бағдарламасында психологиялық- педагогикалық диагностиканың мәселелері мен сұрақтарын толық болмағанымен ішінара қарастыратын бір пән бар болғаны әрине, мамандардың келешектегі кәсіби қызметте өте маңызды екені айқын.

Білім беру бағдарламасы мамандықтың типтік оқу жоспары және МЖМБС негізінде жасалады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті "5В010300 - Педагогика және психология" мамандығының ОБ мазмұны 5В010300 - Педагогика және психология мамандығының Типтік оқу жоспарына сәйкес келеді және мамандарды даярлаудың толықтығын қамтамасыз етеді. Мамандықтың оқу жоспарында пәндер курсының логикалық тізбегі анықталған. Әр пән бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалынды. Білім беру бағдарламасын жасау барысында еңбек нарығының және жұмыс берушілердің қажеттіліктері ескеріледі.

Мамандық сипаттамасында педагог-психолог алдында тұрған міндеттер білім беру процесінде тұлғаны, сондай-ақ оның жеке даму деңгейін зерттеу, тұлғаны зерттеу міндеті ретінде анықталған; психологиялық қасиеттерін, жеке сипаттамаларын, қасиеттерін зерттеу, яғни студенттердің (оқушылардың) қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділігін зерттеу; мінез-құлық ерекшеліктерін зерделеу, білім беру процесінің басқа да қатысушыларымен қарым-қатынас жасау, топтарда (сыныптарда) қарым-қатынас жасау және психологиялық климат; даму, білім беру және оқыту саласындағы бұзушылықтардың себептерін анықтау. [108].

Осыған орай жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін оның диагностикалық құзыреттілігі болу керек. Осы тұста педагог – психологтарды даярлаудың бүгінгі күнгі мазмұнына да теориялық талдау жасауды жөн көрдік.

Төмендегі кестеде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің "Педагогика және психология" мамандығының оқу жоспарындағы «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау» пәнінің мазмұнына жасалған талдау келтіріледі..

Пәннің мақсаты: Пәнді оқыту мақсаты оқытудың келесі нәтижелеріне қол жеткізу болып табылады:

студенттердің теориялық білімдерін арттырып, психологиялық дайындықтарын нығайту;

жеке адам психодиагностикасының ғылыми-теориялық негізін тереңдетіп оқыту;

психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу ережелерімен таныстыру;

психологиялық көмек көрсету кезінде маманның практикалық дайындығын және кәсіби дағдыларын игеру.

Пәннің міндеттері:

- психологиялық-педагогикалық диагностиканың қазіргі ғылыми-теориялық негізі;

- адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін бағалау амалы мен жолдары;

- психологиялық практиканың әр түрлі облыстарында психологиялық-педагогикалық диагностикалауды ұйымдастыра алу дағдысы;

- өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығын қамтамасыз ету.

Пәнді оқытудың сонғы нәтижесі: тұлғаның даму ерекшелігін меңгерген, диагностика жасау әдіс-тәсілдерін біледі; педагогикалық-психологиялық үдерістің мазмұнын анықтап, өз бетінше диагностикалық бағам жасайды; жас ерекшеліктеріне қарай және тұлғаның қалыптасу диагностикасының мәнін белгілі дәрежеде бақылап, тәжірибеде іске асырады.

«Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау» курсы құзыреттілік моделіне көшуіне байланысты жаңартылған мазмұнмен білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге дайын және біліктілік деңгейін қалыптастыруға ықпал ететін жоғары білікті мамандарға тәжірибе талап етуге тікелей жауап береді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу үдерісі бойынша болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Дегенмен пән мазмұнына жүргізілген теориялық талдау қазіргі практиканың және уақыт талаптарын ескере отырып, оны жетілдіруді, «Тұлғаны психологиялық- педагогикалық диагностикалау» курсының мазмұнындағы ӨБСӨЖ тақырыптарына толықтырулар енгізу қажет етеді деп санаймыз. Бұл бағыттағы жүргізілген жұмыстарымыз диссертацияның тәжірибелік бөлімінде сипатталатын болады.

Біздер анықтау эксперменті материалдары нәтижелерін талдау негізінде төмендегідей тақырыптарды болашақ педагог-психологтарға оқыту керек деп білеміз.

1. Оқытуды өнімді етуге ықпал ететін факторлар жөніндегі түсінік.

2. Оқу материалдары және оның оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор ретіндегі маңызы.

3. Оқыту үдерісіндегі ұйымдастыру-педагогикалық ықпал - оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор.

4. Уақыт және оны басқару оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор.

5. Оқушының оқу мүмкіндіктері мен жағдайлары – оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор.

6. Оқытуды өнімді ету факторларын анықтау бойынша диагностикалық тесттер мен сауалнамалар әзірлеу мазмұны.

7. Оқытуды өнімді ету факторларын жеке және кешенді диагностикалау мен оның нәтижелерін өңдеу.

Осылайша, педагог-психологтың кәсіби қызмет мазмұнын талдау арқылы, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, олардың нәтижелеріоның пәні ретінде ұсынылған; білім алушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту мақсатында, тұлғалық-бағдарланған білім беру арқылы, психиканың тұлғалық және когнитивті салаларын зерттеу қарастырылған мамандықтың кәсіби қызметінің нақты айқындалған саласы қалыптасқан деген қорытынды жасауға болады.

Педагог-психолог жұмысының табыстылығы оның жоғары оқу орнында, теориялық және практикалық қызметтерден тұратын, кәсіби дайындығымен тікелей байланысты. Оқыту үдерісінде ЖОО-да болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті барлық алғышарттар қамтылған. Ол педагог- психологты даярлауда қалыптасқан қиындықтарды оңтайлы шешу әдістерін табуға мүмкіндік бере отырып, Қазақстан Республикасының заманауи білім беру ұйымдарындағы оның статусы мен рөлін арттырады. Болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің әдістері мен формаларының мәнін түсіндіруге келесі тарау мазмұны арналатын болады.

Педагог-психолог маман «білім», «іскерлік» және «сапалық» құзыреттерді бойында қалыптастыра отырып, білім беру үдерісінде ұтымды шешім қабылдай алуы, тұлғаға немесе топ мүшелеріне кәсіби қызмет көрсете алу қабілеті оның қалыптасқан «диагностикалық құзыреті» болып табылады. Сол себепті, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді, педагог-психолог мамандарды даярлау барысында оларды кәсіби құзыреттілігін құраушыларын меңгеруге бағытталған оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігіне оқушылардың оқу үлгермеу себептерін анықтауда қатысты болып табылады. Сонымен қатар, оқытуды өнімді ету бағытындағы бағдарлы жұмыстарды анықтау педагог-психологтың қызметі түріне енеді. Оқытуды өнімді ету бойынша бірқатар ғалымдар өздерінің зерттеулерін жүргізген және өзіндік анықтамаларын берген. Солардың бірі М.И. Башмаков өнімді оқытуды былайша сипаттайды: «Өнімді оқытудың негізі білім берудің ең маңызды мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның жеке дамуын қамтамасыз ететін өнімді іс-әрекеттер. Ол жеке өсуді және жеке дамуды, тұлғааралық дағдыларды, қатысушылардың өзін-өзі анықтауын қамтамасыз етуге бағытталған өмірлік дағдыларды қалыптастыру» - дейді

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде өнімді оқыту үдерісін қалыптастыратын кешеннің төрт құраушысы, негізгі факторлар анықталған. Олар

1) Оқу материалдары;

2) Ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдар;

3) Оқушының оқуы;

4) Уақыт.

Көріп тұрғандай басты фактор ретінде оқу материалы алынады. Сол себепті де бұл факторды анықтау үшін пән мазмұнын айқындауды педагог-психолог мектеп мұғалімімен біргелікте оқыту мазмұны, оқу материалдары мен элементтерінің оқушыға ұғынықты жағын қамтуы тиіс. Оқу материалының ұғымдық және психологиялық тұрғыдан ұғынықтылығы басты мәнге ие. Екінші басты фактор ретінде алынған ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдар отбасы мен әсіресе білім беру мекемелеріндегі педагогтардың (мұғалімдердің) ұйымдастыру, оқыту және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыруға байланысты болады. Бұл бағытта да бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс. Олардың қатарында мұғалімнің өзінің жеке басының педагогикалық қызметке сәйкестілігі, оқушы тараптан бағаланатыны педагогтардың (мұғалімдердің) жеке тұлғалық/қарым-қатынасы, білімі, тиімді оқыту әдістерін таңдаумен педагогикалық үдерісті ұйымдастыруы. Психологиялық әсерлер мен жағымды қатынастарды орнату да аталған факторға қатысты болып табылады.

Үшінші фактор ретінде оқушының оқуы, яғни мұнда оқушының оқуға қабілеттілігі немесе жарамдылығы қарастырылады. Мақсатты түрде оқушының топтық және жеке дара оқуы қамтылады. Мұнда оқушының оқуын тағы да сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеті ретінде бөліп көрсетуге болады. Оқушының психикалық үдерістері де осы фактор аясында қарастырылады.

Өнімді оқытудың соңғы басты факторы уақыт үлкен мәнге ие. Уақыттың өзін сабақтағы жұмсалған және өзіндік дайындыққа (өзіндік оқу) жұмсалған уақыт деп бөлуге болады. Бұл фактор аталған басқа факторлармен байланысты және солардың оқытудағы үлесін, мәнін арттыруға бағытталады.

Сонымен, педагог-психологардың оқытуды өнімді етуді айқындауы бойынша диагностикалық құзыреттілігі төмендегідей құраушыларды:

1) өнімді оқытудың басты факторларын: оқу материалдары, ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдар, оқушының оқу қабілеттілігі (жарамдылығы) мен оқуға жұмсайтын уақыты бойынша білімді, олардың өзара байланысын, жүзеге асырудың әдістері мен технологияларын қолдана алуды;

2) оқытуды өнімді етудегі негізгі төрт факторды педагогикалық үдеріс құраушылары мен қатысушыларына қатысты диагностикалауды жүзеге асыруды, алған нәтижелерінің негізгі себеп-салдарларын айқындауда заманауи тәсілдерді қолдануды;

3) оқушылардың оқу үлгермеушілігін және өнімді оқыту үдерісіне ықпал ететін факторларды анықтауға деген мотивациясының болуын, алдына мақсат қоюы мен оған жетуге деген ұмтылысының жоғары болуын, алған нәтижелерді рефлексиялауды қамтиды деп білеміз.

Педагог-психологтың өнімді оқытуды ұйымдастырудағы диагностикалық құзыреттілігі жоғарыдағы аталған төрт фактор бойынша диагностикалық тест білімдерін және оларды қолдануға сәйкес іскерліктерді қамтуы тиіс.

Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде:

- оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор – ұйымдастыру-педагогикалық ықпал бойынша

мұғалімнің жеке басы мен оның педагогикалық білімін, іскерлігін және қабілеттерін анықтау бойынша диагностикалық тесттік тапсырмалар жеткілікті;

- оқушының оқуға қабілетін анықтау, оның тәртібін жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін айқындау бойынша да диагностикалық тестерді (тапсырмаларды) табуға болады;

- оқытудың өнім ететін фактордың бірі - оқу материалдары мен оның кешенін анықтау бойынша да диагностикалық тесттер педагогикалық, психологиялық еңбектерде баршылық.

Ал, оқытуды өнімді етудегі уақыт факторы бойынша диагностикалық тестерді интернет ресурстардан кездестіруге болады және басқа салаларда бұл аталған фактор бойынша материалдар жеткілікті.

Ол үшін алдымен осы тұста дидактикадағы оқу өнімділігін анықтаушы факторларды анықтап, соның негізінде диагностикалық құзыреттілікке қол жеткізу жолдарын қарастырамыз.

Педагогикалық үдерісте мұғалім оқытуды нәтижелі ету мен оқытуды өнімділігін арттыру мақсатында ұйымдастыру-педагогикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.Ол іс-әрекеттердің тізбесін төмендегі кестеден көруге болады (кесте -8)

Кесте - 8- Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері және оны бағалау

Мұғалімнің ұйымдастыру-педагогикалық іс-әрекеттері

Ұпайлар

1

2

3

4

5

- Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеруі






- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлауы






- Қойылған сабақ мақсаттарын оқушылардың түсінуін нақтылауы






- Оқуға қатысты мәселе тудырады






- Сабаққа көтеріңкі эмоционалдық көңіл-күй тудыруы






- Тапсырма қалыптастыруы






- Қалай орындау керектігін оқушылардың есіне түсіруі






- Жеке тапсырмаларды ұсынуы;






- Алдынырақ зерделенгенматериалдармен байланысты қамтуы






- Орындауға мотивацияны қамтамасыз етуі






- Жұмысты орындауды бақылайды: жеке және іріктеп алып жүзеге асыруы






- Өзінің көзқарасын айтуға мүмкіндік береді, ықпал етуі






- Сабақтағы жұмысқа оқушылардың қатысу дәрежесін белгілеуі






- Педагогикалық талап етуі






- Үй тапсырмасына түсіндірме жасауы






- Оқу материалындағы ерекшеліктерді іздеуге тапсырма беруі






А) өзара, ұжымдық, жаттығуды орындауды тексерудіұйымдастыруы






Б)алғашқы түсініктерді анықтау мен нақтылау бойынша әңгімеұйымдастыруы






В) оқушылардың ойларын айтудыұйымдастыруы






Г) шешу тәсілдерін талқылаудыұйымдастыруы






Д) оқушылардың іздену жұмыстарын (әрекет мақсаты мен жоспарын қою)






Е) - оқулықтармен өз бетінше жұмыс жасаудыұйымдастыруы






Ж) оқу нәтижесімен, оның мақсаттарымен байланыстыра әңгімені ұйымдастыруы






- Оқушылардың сабақ тақырыбы, т.б. бойынша қорытынды шығаруына бағыт беруі






- Себеп-салдарлық байланысты бағыттаушы сұрақтар қоюмен айқындауға көмектесуі






- Балалардың сыныптастарының шығармашылығына оң ықпалын қамтамасыз етуі






- Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетінің соңғы нәтижелеріне зейін аудартуы







Мектептегі педагогикалық үдерісте оқушының оқуының өнімді жүзеге асырылуын айқындайтын іс-әрекет құраушылары бар. Олардың қатарын біздер төменегідей көрсетуді дұрыс деп білеміз (кесте -9)

Кесте-9- Оқушының педагогикалық үдерістегі іс-әрекеттері және оларды бағалау

Мұғалімнің ұйымдастыру-педагогикалық іс-әрекеттері

Ұпайлар

1

2

3

4

5

- Тапсырманы жазып алуы






- Дәптерге жаттығуларды, тапсырмаларды орындауы






- Кезек бойынша түсіндірме жасауы






- Тапсырманың орындалуын негіздеуі






- Мысалдар келтіруі






- Тапсырманы (айтқанды) жазуы






- Тізбек, алгоритм бойынша айтып шығуы






- Негізгі мәселені айқындауы






- Сызбалар әзірлеуі






- Тапсырмаға, мысалыға талдау жасауы






- Мұғалімнің берген сұрақтарына жауап беруі






- Тапсырманы орындауда негіз болатын ережені айтып беруі






- Ережелерді, бір-біріне айтуы






- Ұғымдарды, түсініктерді айтуы






- ... заңдылықтарды айқындауы






- ... талдауы






- ... себептерін анықтауы






- Байқаудың қорытындысын қалыптастыруы






- Өзінің таңдауын түсіндіруі






- Біргелікте өзінің ұсынысын айтып беруі






- .... салыстыруы






- Мәтінді оқуы






- Орындау жоспарын түзуі және оқуы






- Баяндама, жобаны тыңдауы және өзінің ойымен бөлісуі






- Өзінің пікірін білдіруі






А) - өзіндік бағалаудыжүзеге асырауы






Б) - өзіндік тексерудіжүзеге асырауы






В) - өзара тексерудіжүзеге асырауы






Г) - алдын ала бағалаудыжүзеге асырауы






- Сабақта өзінің жұмысының соңғы нәтижесін қалыптастыруы






- Жаңа сабақтың негізгі позициясын атап шығуы және оларды қалай меңгергендігін (не орындалды, не орындалмады және неге олай болды) айтуы






- Орындаған психомоторлы дағдыларды меңгергендігін көрсетуі






- Меңгерген жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін сипаттауы






Жиынтық ұпайы







Педагогикалық үдерістегі мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің нәтижелілігі оқытуды өнімді ету факторларын құрайды.

Болашақ педагог-психолог аталған факторларды немесе іс-әрекеттерді олардың орындалу сапасына сәйкес бағалауды дұрыс жүзеге асыруды білуі тиіс және олардың кемшіл тұстарын жетілдіруді жүзеге асыруға дайын болғаны абзал.

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін апробациялау бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрады::

Анықтаушы кезең-болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің бастапқы деңгейін анықтау.

Қалыптастырушы кезең-болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістерін апробациялау.

Қорытынды кезең-болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін тексеру және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарға талдау жүргізу.

Қалыптастырушы тәжірибенің соңғы пәні болашақ топ-педагог-психологтарды таңдау, олардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша әдістемелермен жұмыс болды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 3 және 4 курс студенттерімен және орта мектеп оқушыларымен, оқушылардың ата-аналарымен жүзеге асырылды. Студенттер екі топқа бөлінді: бақылау (n=20) және тәжірибелік (n=20).

Тәжірибелік топ студенттерімен кәсіби қызметтегі педагог-психологтың диагностикалық қызметінің рөлі туралы әңгіме өткізілді, диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыратын әдістерді қолдану арқылы оқудан өту ұсынылды.

Бақылау тобы практикалық топтың барлық сипаттамалары бойынша маңызды таңдау алды (жынысы, жасы, мамандығы).

Тәжірибе сипаты бойынша шынайы болды, өйткені онда ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісін реттеуге қойылатын әдеттегі талаптар сақталған.

Төменде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін диагностикалау бағдарламасы ұсынылған.

Кесте-12 - Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру деңгейін диагностикалау бағдарламасы


Критерийлер

Диагностика әдістері

1

2

Мотивациялық- білімдік

1.О.И. Дорофеева бейімдеуімен, Д.И. Михайлова әзірлеген “Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық қызметінің мотивациялық доминанттарын талдау” сауалнамасы [87]

2.“Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін зерттеу” авторлық әдістемесі.

3.Эллерс бойынша жетістіктерге ынталандыру

Іс-әрекеттік

1.Коммуникативтік ұйымдастырушылық бейімділікті анықтау әдістемесі. “(Б.А. Федоришин) [88]

2.“Болашақ педагог-психологтың өнімді оқытуды ұйымдастырудағы факторларды диагностикалау” авторлық әдістемесі.

Рефлексивті

1.“ Уақытты өнімді пайдалану құзыреттілігін анықтау диагностикасы” сауалнамасы.

2.О.В. Козловскаяның интеллектуалды құбылмалылық тесті [89]


Диагностикалық құзыреттілік деңгейін бағалауға арналған диагностикалық құралдарды қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу, диагностикалық құралдардың ұсынылған жиынтығы мен өлшеуді жүзеге асыру тәртібі зерттелетін сапаның деңгейін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

ЖОО-да болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру - болашақтағы кәсіби қызмет үшін қажет болатын керекті құзыреттіліктер мен маңызды кәсіби сапаларды игеру үшін арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процессті қарастырады. Бұл процесс болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі аясында жүзеге асырылады.

ХҚТУ -де тәжірибелік-эксперменттік жұмыс барысында жүргізілген болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін сынақтау өткізу зерттеудің негізгі теориялық тұжырымдарын растады. Оқытуды өнімді ету факторларын жеке және кешенді диагностикалау мен оның нәтижелерін өңдеу әдістемесі ұсынылды Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру асяныдағы ұсынылған оқытуды өнімді ету әдістемесінің тиімділігін және диагностикалық құралдардың жарамдылығын растады.

Тәжірибелік жұмыс нәтижелері тәжірибелік топтағы болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің бақылау тобындағы қатысушылармен салыстырғанда елеулі түрде өзгергенін көрсетеді. Математикалық статистика әдістерін пайдалана отырып нәтижелерді тексеру олардың статистикалық маңыздылығын және сенімділігін нақтылады.

Осыған байланысты, зерттеу алдына қойған міндеттері орындалды және гипотеза дәлелдендідеп тұжырымдауға болады. Болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша диссертациялық жұмыстағы келтірілген, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі негізінде құрылған әдістерді оқу-тәрбие үдерісіне ендіру, бұл үдерісті жоғары білім беру ортасында сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Практиканың анықтаушы материалдары диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың нақты жағдайын сипаттауға мүмкіндік берді. Осы сапаның нақты жағдайын көрсететін теориялық модельдің салыстырмалы талдауы келесі қорытындыға әкелді:

- диагностикалық құзыреттіліктің бастапқы жағдайын өзгерту, идеалға жақындау үшін тиісті әдіснаманы әзірлеу және іс жүзінде оның тиімділігі мен әрекет ету қабілетін тексеру қажет.;

- диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыратын әдістерді сынау зерттеудің қалыптастырушы кезеңінің басталуы болуы тиіс;

- бұл әдістеме белгілі бір уақыт кезеңінде іске асырылатын болады, оның барысында диагностикалық құзыреттіліктің негізгі компоненттері өзгертіледі.

Анықтаушы практика барысында алынған қорытындылар диагностикалық құзыреттіліктің нақты жағдайларының оң өзгеруі үшін келесі міндеттерді шешу қажет екенін көрсетті::

- студенттердің қалыптасуындағы дидактикалық мазмұнды жүзеге асыру арқылы диагностикалық қызметті орындауда жоғары уәждемені дамыту;

- болашақ педагог-психологтардың теориялық-әдістемелік дайындығын арттыру;

- диагностикалық іскерлікті жетілдіру;

- диагностикалық құзыреттіліктің қалыптасу динамикасын және оның үздіксіз практикасын қадағалау қажет.


Кесте 19- Болашақ педагог-психологтың өнімді оқытуды ұйымдастырудағы факторларды диагностикалау нәтижелерін тіркеу


Сту.

Саны

Сұрақтар және оларға берілген жауаптардың бағалануы

Оқытуды өнімді ету факторлары бойынша даярлығы

∑

Диагностикалық даярлығы бойынша


∑

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

1

2

1

2

1

2

9

2

2

1

2

1

1

9

2

3

2

1

2

2

2

12

2

2

2

2

1

1

10

3

2

2

1

1

2

1

9

2

2

1

2

1

1

9

4

1

2

0

1

1

2

7

2

2

2

2

2

2

12

5

3

2

1

2

3

2

13

2

2

2

2

1

2

11

6

1

2

0

1

1

0

5

2

0

0

2

1

1

6

7

1

2

1

1

1

2

8

2

2

1

2

1

1

9

8

2

1

1

0

1

0

5

0

0

0

2

1

1

4

9

2

2

1

2

2

2

11

2

2

2

2

1

2

9

10

2

1

1

1

1

2

8

2

2

1

1

1

1

8

11

2

2

1

2

3

2

12

0

2

2

2

2

1

9

12

2

3

1

2

3

2

13

2

0

2

2

2

2

10

13

2

3

3

3

2

2

15

0

0

0

2

1

0

3

14

1

2

1

2

3

2

11

2

2

1

2

1

1

9

15

2

3

0

1

2

2

10

2

2

2

2

2

2

12

16

1

1

1

1

1

0

5

2

2

2

2

1

1

10

17

1

1

1

3

2

2

10

2

2

2

1

1

2

10

18

3

3

2

3

2

2

15

2

2

2

2

1

1

10

19

2

3

1

3

2

1

12

2

2

2

2

1

2

11

20

3

1

2

1

3

2

12

2

2

1

2

1

1

11


37

40

21

34

38

32


34

32

28

38

24

26



Оқыту үдерісінің өнімділігін арттырушы басты факторлар қатарында уақытты қарастырып, оған талдау жүргізіп, тайм менеджмент ұғымына анықтама алдық. Зерттеу жұмысымыздың ендігі мақсаты "Уақытты жас өспірім ұрпақ қалайша, қандай деңгейде пайдаланады?", "Уақыты ұтымды басқара біледі ме?" деген сауалға жауап табу. Осы тұста біз уақыт диагностикасын жүргізуді жөн көрдік. Зерттеу нысаны ретінде мектеп оқушылары мен ата-аналарды алдық. Уақытқа байланысты бірқатар сауалдардан тұратын сауалнамалар алынды. Сауалнамалар бастауыш сынып оқушылары мен орта және жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріліп құрастырылды. Бастауыш сынып оқушыларына арнайы, орта және жоғары сынып оқушыларына арнайы бірнеше сауалнамалар қатары алынды. Оқушылардың ата-аналарына да арнайы жасалған сауалнама тарқатылды. Сауалнама сұрақтары уақытты тиімді басқару, пайдалану үшін оң әсер ететін факторларға , кері әсерін тигізетін факторларға және тұлға бойында болу шарт білімдерге байланысты үш деңгейге бөлініп жасалынды. .(Қосымша (сауалнамалар)) Алынған сауалнамалар нәтижесі төменгі кестеде көрсетілген.

Кесте 20- Уақытты өнімді пайдалану құзыреттілігін анықтау диагностикасының нәтижерелі.


Төмен құзыретті

Орта құзыретті

Жоғары құзыретті

Ата-аналардан алынған сауалнама нәтижесі

3(8%)

37(74%)

9(18%)

Жоғарғы және орта сынып оқушыларынан алынған сауалнама нәтижесі

21(42%)

28(56%)

1(2%)

Бастауыш сынып оқушыларынан алынған сауалнама нәтижесі

14 (28%)

29(58%)

7(14%)

Диагностикалық құзыреттілік деңгейін бағалауға арналған диагностикалық құралдарды қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу, диагностикалық құралдардың ұсынылған жиынтығы мен өлшеуді жүзеге асыру тәртібі зерттелетін сапаның деңгейін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

ЖОО-да болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру - болашақтағы кәсіби қызмет үшін қажет болатын керекті құзыреттіліктер мен маңызды кәсіби сапаларды игеру үшін арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процессті қарастырады. Бұл процесс болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі аясында жүзеге асырылады.

ХҚТУ -де тәжірибелік-эксперменттік жұмыс барысында жүргізілген болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін сынақтау өткізу зерттеудің негізгі теориялық тұжырымдарын растады. Оқытуды өнімді ету факторларын жеке және кешенді диагностикалау мен оның нәтижелерін өңдеу әдістемесі ұсынылды Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру асяныдағы ұсынылған оқытуды өнімді ету әдістемесінің тиімділігін және диагностикалық құралдардың жарамдылығын растады.

Тәжірибелік жұмыс нәтижелері тәжірибелік топтағы болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің бақылау тобындағы қатысушылармен салыстырғанда елеулі түрде өзгергенін көрсетеді. Математикалық статистика әдістерін пайдалана отырып нәтижелерді тексеру олардың статистикалық маңыздылығын және сенімділігін нақтылады.

Осыған байланысты, зерттеу алдына қойған міндеттері орындалды және гипотеза дәлелдендідеп тұжырымдауға болады. Болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша диссертациялық жұмыстағы келтірілген, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі негізінде құрылған әдістерді оқу-тәрбие үдерісіне ендіру, бұл үдерісті жоғары білім беру ортасында сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

































ҚОРЫТЫНДЫ

Педагог-психолог жұмысының табыстылығы ЖОО-дағы теориялық және практикалық қызметтен тұратын оның кәсіби дайындығымен тікелей байланысты. Жоғары білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады және оны шешу психологиялық-педагогикалық білімді кеңінен қолдануды талап етеді. Бұл үшін қазіргі уақытта еліміздің жоғары оқу орындарында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін барлық қажетті алғышарттар бар. Педагог-психологты дайындауда қалыптасқан проблемаларды шешудің оңтайлы әдістерін табуға мүмкіндік бере отырып, қазіргі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мәртебесі мен рөлін арттырады.

Жүргізілген «Болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру» атты диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми болжамы дәлелденіп, төмендегідей бірнеше теориялық және қолданбалы нәтижелер алынды.

Қазіргі білім беру жүйесінің жұмысын реттеуге бағытталған ғылыми еңбектер мен бағдарламаларды, нормативтік құжаттар мен бағдарламаларды талдау негізінде педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі теориялық және практикалық тұрғыдан да аз зерттелген, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру проблемасының өзектілігі дәлелденді.

Психологиялық-педагогикалық қызметтің болашақ мамандарының диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыр әдіснаманың: құзыреттілік жүйелілік, тұлғалық бағдарлы және ортаға бағытталған тәсілдерін қолдану кезінде тиімді жүзеге асырылатыны негізделді.

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың бір-бірімен өзара байланыстағы құндылықты- мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық және рефлексивті компоненттер жүйесінен тұратын, төмен, орта, жоғары деңгейлері анықталған, дайындық, негізгі, қорытынды кезеңдермен жүзеге асырылыуымен ойластырылған құрылымдық моделі жасалып, негізделді. Модель болашақ мамандардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мазмұнын және оны өлшеудің диагностикалық құралдарын анықтауға мүмкіндік берді.

Әзірленген модельге сәйкес «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау» курсының мазмұны бойынша жаңартылған курсты оқыту арқылы жүзеге асатын жоғарғы оқу орынындағы ОБСӨЖ тақырыптарына өзгерістер енгізіледі. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету бағдарламасы жасалды.

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті апробациядан өтіп, ол тәжірибеге «5В010300 Педагогика және психология» мамандығының 50 студенті қатысты. Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптасыру бойынша жүргізілген тәжірибелік эксперименттік жұмыс өзінің тиімділігін көрсетті.

ЖОО-да болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз ету бағытында «Оқытуды өнімді ету бағытындағы педагог-психологтың сауалнамалар жинағы» атты диагностикалық минимумы құрастырылып, тәжірибеде тиімділігі дәлелденді.

Сонымен, зерттеу нәтижелерін қорыта болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін ұйымдастыру барысында оның жүйелілігін және тәжірибеге бағытталғандығы, білім алушының қызығушылықтары ескеріліп, жаңа әдіс тәсілдер қолдану арқылы олардың субъектілігін дамыту бағытындағы мақсатты жұмыстар жүргізулері қажет.

Жалпы, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, орындалған зерттеу жұмысы болашақ кәсіби маман ретінде педагог-психологтың тұлғалық әлеуетін, диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жағдай жасау перспективаларымен байланысты бірқатар жаңа мәселелерді қойды деп есептейміз.

Зерттеу тақырыбы күрделі болу себебінен оның барлық салаларын қамту мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешілді. Болашақта университеттік білім беру ортасында педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен бұқаралық ашық онлайн курстарды қолдану арқылы қалыптастыру процесін ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету бағытында зерделеу қажет деп ойлаймыз.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
1901
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі