Материалдар / БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КРЕАТИВТІК ПОТЕНЦИАЛЫН ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КРЕАТИВТІК ПОТЕНЦИАЛЫН ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КРЕАТИВТІК ПОТЕНЦИАЛЫН ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕРІ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КРЕАТИВТІК ПОТЕНЦИАЛЫН ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕРІ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КРЕАТИВТІК ПОТЕНЦИАЛЫН ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕРІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2021
437
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КРЕАТИВТІК ПОТЕНЦИАЛЫН ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕРІ

Қоғамдағы адамзаттық қажеттіліктер артқан сайын, кез-келген өзгерістерге шығармашылық арқылы жету, мәселелерді дәстүрлі емес және сапалы шешетін, қоғамның жылдам ырғақпен дамуына байланысты, адамдарды жағдайлары тез ауысатын өмірге дайындау қажет. Қоғамның жеке тұлғаның шығармашылық ынтасына деген қажеттілігі неғұрлым табанды болса, соғұрлым шығармашылық мәселелердің стимулын және жағдайын, оның шығу көзін теориялық тұрғыда тереңірек қарастыру қажет. 

Қазіргі білім беру стратегиясы барлық білім алушыларға өз таланттарын және шығармашылық талаптарын, жеке жоспарларын іске асыруларына мүмкіндік жасауда. Бұл позициялар Отандық мектептердің гуманистік даму тенденциясына сәйкес келеді. Білім алушылардың жеке мүмкіндіктерімен педагогтар хабардар болып, оларды үздіксіз дамытып «арттырулары» қажет. Ұжымдық немесе жеке оқу түрі болсын бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеттерімен байланысты ойлау қабілеттерін дамыту өзекті мәселе[1,б. 44].

Негізгі құндылықтарды білмей, балалар жалған, күмәнді құндылықтарды тез қабылдайды. Білім берудің негізгі мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақты болашаққа дайындау болып табылады. Шығармашылық – бұл осы мақсатты тиімді іске асырушы жол.

Шығармашылық – дамудың көрсеткіші креативтілік болып табылады. Психологиялық зерттеулерде креативтілік ұғымы  индивидтің жеке және ақыл-ой ерекшеліктерін, мәселелерді дербес шеше алуға  қабілеті бір тума ойлардың туындауы және оларды шеше білу кешенімен түсіндіріледі. 

Креативтілікті индивидтің жеке және тұлғалық ерекшеліктерімен көптеген тұлғаларға тән үрдіс және кешен деп қарастыру қажет.

Қазіргі ғылыми зерттеулер тұлғада шығармашылық  дамыту бұл жалпы дамуға қайталанбас ықпал беретінін дәлелдейді: эмоциялық сферасы қалыптасады, ойлауы жетіледі, әсемдікке, өнерде және өмірде бала сезімтал бола бастайды. Сабақтағы шығармашылық тапсырмалар тұлғаның жалпы шығармашылығының дамуына, бұл өз кезеңінде қайырымдылықты, қиялды, образдық – ассосиациялық ойлауды, есті белсендіріп, байқампаздықты, интуицияны тәрбиелеп, баланың ішкі әлемін қалыптасуына себепші болады.

Интеллектуалдық белсенділіктің креативтілік деңгейіндегі адамдар құбылыстардың себептерін түсінуге тырысады, ал бұл өз кезегінде зерттеудің жаңа мақсаттарына айналады, талдау үрдісін тереңдетеді.

Болашақ мамандардың интеллектуалдық капиталы осы көрсетілген барлық талаптардан тұратындықтан, педагогика және психологиядан алынатын білім де оны биік деңгейде, яғни ғылыми жаңалықтар ашу, жоғары технологияларды күнделікті қолдану сияқты талаптарға сай болуы керек. Педагогика мен психологияға  деген қызығушылықты, ол арқылы адамның креативтік қабілетін ашу, оның шығармашылық ойлауын қалыптастыру, әлемді өзінше тани білуге жетелеу арқылы  дамытуға болады.

Қазақстан  Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан - жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті  жеке тұлғаны қалыптастыру.  Жақсы мұғалім - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында  «педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу» қажеттігі көрсетілген[2, б 36].

Студенттердің креативтілік белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.

 Зерттеуші ғалымдар оқудағы креативтілік белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:

 - оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде оқытушы мен студенттің бірлескен іс-әрекеті арқылы (Т.Сабыров, Н.Хмель, Е.Галант, Б.А.Оспанова);

 - креативтілік іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Н.Меньчинская, П.Пидкасистый, Т.Шамова, А.Әбілқасымова, Р.Омарова, А.Мустояпова);

 - оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И.Лернер, Б.Коротяев);

 - іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П.Гальперин, Н.Талызина, Ш.Т.Таубаева)[3,б. 15-16].

 Оқыту үрдісінде студенттің креативтілік белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етілуі тиіс.

Студенттердің креативтілік белсенділігінің даму деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі креативтілік міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал, орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады. Төменгі деңгейде студентке белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана креативтілік әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады[4,б. 23].

Креативтілік  ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады. Ол – сезімталдық, креативтілік және еріктік үрдіс нәтижесі, креативтілік уәж бен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын креативтілік әрекетке бейімделу.

Студенттердің креативтілік белсенділігін арттырудың негізгі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, студенттердің өз таңдауымен жұмыс істеуі, оларға оқытушы тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінің сәйкес болуы, т.б. жатады.

Студенттердің креативтілік іс-әрекетін белсендіруді қалыптастырудағы тиімді әдістерге жеке-жеке тоқталайық.

 Проблемалық - дамыта отырып оқыту әдістер жүйесі. Бұл әдістер жүйесі мынадай негіздер бойынша топталды: проблема деңгейіне байланысты; мұғалім әрекеті түріне байланысты ( оқытушының  баяндау әдісі: монологты, көрсету, диалогты; студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдісі, эвристикалық, зерттеу).

Монологты оқыту әдістері. Белгілері: оқытушының оқу материялын ауызша баяндауы, фактілерді қызғылықты суреттей отырып түсіндіруі, т.б., проблемалық жағдайлардың пікірталас түрінде пайда болуы. Студенттердің орындаушылық іс-әрекеті басым: белсенді ойлау, бақылау, тыңдау және есте сақтау, іс- әрекеттің үлгі бойынша орындалуы; білімін, сапасын бағалау.

Көрсету әдісі. Белгілері: оқу-креативтілік немесе ғылыми проблеманың шешілу логикасы көрсетіледі; дәлелдеме, пікірлер үлгілері беріліп, шындыққа жету жолы көрсетіледі.

Диалогты әдіс. Негізгі белгілері: оқу материалын әңгіме формасында беру.

Эвристикалық әдіс. Негізгі белгілері: материалды оқыту эвристикалық әңгіме ретінде ұйымдастырылады; креативтілік сұрақтар қойылады; креативтілік тапсырмалар шешіледі; оқу проблемалары қойылып, оны студент мұғалім көмегімен шешеді.

Зерттеу әдісі. Негізгі белгілері: оқытушы проблемалық сипаттағы тапсырмаларды береді, жұмыстың мақсатын студентпен бірлесе отырып құрайды, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады. Теориялық және практикалық сипаттағы проблемалық жағдайлар студенттердің тапсырларды орындауы барысында туындайды.

Алгоритмдік әдіс. Негізгі белгілері: студенттің ауызша жауап беруі; әрекет үлгісін көрсету және оның орындалу алгоритмін көрсету (ережелер біртұтастығы); студенттердің өздері жасағанда мүмкін болатын жағдайлар.

Интерактивті әдіс. Оқу процесінде оқу ақпаратын меңгеру және қабылдау өзара креативтілік қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.  Қазіргі кезеңдегі студенттердің белсенділігін қалыптастырудың шарттарының бірі – оқытушы мен студенттердің өзара қарым-қатынасындағы ынтымақтастық болып табылады.  Білім берудің ұлттық моделіне көшуде ойшыл, зерттеуші, өз ісінде жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген псхолог – педагогтік диагностика қоя білетін іскер оқытушы қажет. Оқытушының бағыттаушы рөлінің арқасында студенттердің білімді игеруге бағытталған, әрі қарай өз бетімен білім алуды қажетсінуі, ізденуі креативті түрде ойлауы қалыптасады. Оқу-креативтілік және ғылыми ізденістер жүйесі студенттердің көзқарасын кеңейтуде интеллектін көтеруде, болашақ маманның әлеуметтік-психологиялық мінезіндегі жеке қасиеттерінің дамуына елеулі әсер етеді[5,б. 15-16].

Демек, студенттердің креативтілік белсенділігі – олардың жеке дамуын қамтамасыз етеді, өзіндік шығармашылық ой-өрісін кеңейте білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән қасиет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың    Қазақстан халқына жолдауы. – Астана: Елорда, 2006. - 44 б.

2. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы – Астана, 2007. -36 б

3. Хайдарова С. Оқушының шығармашылығын дамыту. //  Бастауыш мектеп. – 1997. -  №4. – 15-16 бб.

4. Шевченко Л.Л. Педагогическое творчество. - М., 1996.- 23 б.

5. Козырева Л.А. Лекции по педагогике и психологии творчества. - Пенза, 1994.- 65 б.

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!