Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Болашақ технологиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Ерубаева Бахытжан Сериковна

Күні:

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Болашақ технологиялары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

6.2.5.1. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру.

6.3.6.1. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау

6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсіну, дұрыс қолдану (ӘТН)

Сабақ мақсаты

1.Ұсынылған ақпаратты анықтау, мәтін мазмұнына сай сұрақтар құрастыру.

2. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету.

3. Қазақ тіліндегі тыныс белгісін түсініп дұрыс қолдану.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды және сұрақтар құрастырады

  • Анықталған мәселеге өз ойын, пікірін білдіреді

  • Мәтіндегі тыныс белгілерінің түрлерін, қызметін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты терминдер: пойыз, инженер, рельс, технология, электр, магнит

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер:Циндао қаласы, электр қозғалтқыштар, шудың деңгейі, кішкентай рельс, салмағы жеңіл, әуе пойызы

Талқылауға арналған сұрақтар:Қытайдың Циндао қаласында қандай пойыз сынақтан өткізілді? Пойыз кіші рельспен жерден қанша метр биіктікте жүреді? Пойыздың орташа жылдамдығы сағатына қанша шақырым?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында құндылықтар қалыптастыру. Талдау, зерттеу жұмыстарында білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, ізденуіне, шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал ету.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі пәнінен «Үштілділікке» байланысты мәтіндегі термин сөздердің ағылшынша аудармасымен жұмыс жасайды

Алдыңғы білім

Жаңа технологиялардың адам өміріндегі маңызы жайлы ақпараттары бар. Осы тақырып аясында өз ойларын тұжырымдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут





2 минут






3 минут


Жағымды психологиялық ахуал тудыру

«Есімдер аллитерациясы» әдісі

Әр оқушы өзінің есімінің алғашқы әрпінен басталатын жағымды қасиеттерін айтады.


Топқа бөлу

Оқушылар қораптан кәмпит алады.

Әр оқушы кәмпит алғаннан соң түстері бойынша топқа бөлінеді.

1-топ 2-топ 3-топ

«Сары кәмпит» «Көк кәмпит» «Қызыл кәмпит»


Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс

«Миға шабуыл» әдісі

-Мәтін дегеніміз не?

- Мәтін құрамындағы сөйлемдердің орнына

ауыстырып айтуға бола ма?
- Мәтіннің қандай түрлері бар?

ҚБ «Өте жақсы!»

Жақсы, олай болса біз бүгін мәтінмен жұмыс жасаймыз.

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсатымен таныстырылады












Оқулық, маркер, ватман



Сабақтың ортасы

15 минут
















3 минут

















2 минут










5 минут












Мәтінмен жұмыс кезеңі

Оқылым/жазылым

«Аспан пойызы»

1.Мәтінді 3 топ оқиды

2. Мәтін мазмұнына сай сұрақтар құрастырады.

3. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады

4.Постер құрастырады.

Бағалау критерийі:

-Білім алушы мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтайды.

-Өз ойын білдіреді.

Дескрипторы:

-Білім алушы мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтай алады.

-Ойын анық білдіре алады, тиянақты жеткізе алады

ҚБ «Тамаша! Жарайсыңдар!»

Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.

Жазылым

ЖЖ «Кір жаятын жіп» әдісі

1.Оқушылар жұптаса отырып, мәтіннен орфографиялық, орфоэпиялық нормаға сай сөздерді табады.

2.Стикерге жазып жіпке іледі.

Бағалау критерийі:

-Мәтіннен орфографиялық, орфоэпиялық нормаға сай сөздерді табады.

-Ойларын жинақтап, стикермен жұмыс жасайды

Дескрипторы:

-Мәтіннен орфографиялық, орфоэпиялық нормаға сай сөздерді таба алады.

-Ойларын жинақтап, стикермен жұмыс жасай алады

ҚБ «Смайликтер» арқылы бағалау


«Қима қағаздағы терминдер» әдісі

Тапсырма: Қима қағаздағы термин сөздердің ағылшынша атауын табу.

Бағалау критерийі: Термин сөздердің атауын ағылшынша айтады.

Дескриптор: Білім алушылар термин сөздердің ағылшынша атауын дұрыс айта алады.

ҚБ «Шапалақ» әдісі арқылы

Тапсырма. Жазылым

Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсіну, дұрыс қолдану (ӘТН)

Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойып, келесі сөйлемді бас әріппен жазыңдар.


ХХІ ғасырды «Технологиялардың даму заманы» деп атасақ болады. Робот, ақылды үй, ұялы телефон, сымсыз құлаққап, смартфон мен ноутбуктар жылдан жылға жаңарып, жетілуде. Келешекте бұл техника құралдарының одан да жетіле түсетіні – түсінікті нәрсе. Болашақта роботтардың көбеюі, транспорттың өзі жүруі мүмкін. Сонда адам еңбегі керексіз болып қалады. Сондықтан қоғам талабына сай адамдардың ой-өресі мен зияткерлігі болуы тиіс. (www.elzhastary.kz/index.php/59-bolasha-terhnogiyalar)

Бағалау критерийі:

-Білім алушы мәтіндегі қойылмаған тыныс белгісін қойып жаза алады.

-Жаңа сөйлемдерді бас әріппен жаза біледі.

Дескриптор:

-Білім алушы мәтінді мәнерлеп түсініп оқи алады. -Қажетті тыныс белгілерін қойып жаза біледі.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы

Қазақ тілі 6 сынып «Арман-ПВ» Т.Н.Ермекова, Ж.К.Отарбекова, Г.Б.Тоқтыбаева




















Қима қағаздағы термин сөздер






Оқулық, дәптер.














Сабақтың соңы


3 минут

Рефлексия

«Рефлексиялық шеңбер» әдісі

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

-Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдің? Сен үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйің? Неліктен?

3 минут










1 минут

Кері байланыс

«Бір сөзбен» әдісі

Оқушылар ұсынылған 12 сөздің ішінен өздерінің жай күйлерін нақты жеткізе алатын 3 сөзді таңдап алады.

«Бір сөзбен» рефлексиясын негізге ала отырып өз істерінің мәнін түсінеді, өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп бере алады.Сабақ бойы алған білімін саралайды.

Үйге тапсырма «Менің арманымдағы көлік» тақырыбында шағын әңгіме жазу


Рефлексиялық шеңбер

Саралау

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырғанда әдіс-тәсілдердің тиімдісі саралап таңдап алынды. Тапсырмаларды таңдауда спиральді қағидат ескеріліп отырды және Блум таксономиясы негізінде жасалды.Сабақ мақсаты SMART мақсатында құрылды. Сабақтағы әр түрлі тапсырмаларды тиімді орындату үшін «Кір жаятын жіп», «Қима қағаздағы терминдер», «Рефлексиялық шеңбер» атты белсенді оқу әдістері жүргізіледі. Осы тапсырмаларды беру кезінде саралаудың Мәтінмен жұмыс кезеңі; Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау; Мазмұн бойынша саралау; Мәтін бойынша саралау; Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау түрлері негізге алынады. Ширату жаттығуы ретінде «Есімдер аллитерациясы» әдісі сабақтың басында қолданылады. Бұл әдістерді орындауда жеке, жұптық, топтық, барлық сынып оқушыларына ұйымдастырылады.

Аталған белсенді оқу әдіс түрлері мен жұмыс формалары қарым-қатынас жасау қабілетін және достық, айналасындағыларға қамқорлық көрсету құндылықтарын дарытуға ықпал етеді.Осы әдіс-тәсілдерді қолданғанда белсенді оқу әдістерінің тиімді жақтарын бақыланады және дұрыс оқу ортасы құрылады. Сабақ барысында қабілетті білім алушыларға күрделірек тапсырмалар беру арқылы материалды толық меңгеруіне ықпал жасаймын. Бағдарлама бойынша негізгі тақырыппен шектелмей қосымша ізденіп, бағдарламадан тыс ақпаратқа ұмтылуға мүмкіндік беремін.

Тапсырмаларды іріктеуде, білім алушыларға жеке қолдау көрсетуде және материалдар мен ресурстарды әзірлеуде білім алушылардың жеке қабілеттері ескеріледі. Сабақ барысында барлық білім алушылар үшін берілген тапсырмалар қолжетімді болады. Білім алушылардың көпшілігі берілген тапсырмаларды тиянақты, дұрыс орындай алады. Қабілетті оқушылар қалыптастырушы бағалаудың аталған түрлерінің мәнін жылдам түсініп, тапсырманы нәтижелі орындайды.Жекелеген оқушыларға жеңіл тапсырмалар дайындалады. Оқушылар жасаған жұмыстарына өз іс-әрекеттеріне кері байланыс беріп, оны бағалай алатын оқушы қалыптасады. Оқушылардың ынтымақтастығы нығаяды, тұйық оқушылар ашыла бастайды. Постер қорғағанда ойын нақты, тиянақты жеткізе біледі. Саралау тапсырмалары мақсатқа жету жолында оңтайлы ықпал етеді.

Бағалау

Сабақ барысында білім алушылардың өткен материалды игеру деңгейін деңгейлік тапсырмалар беру арқылы тексеруді жоспарлап отырмын.

Оқушылардың әрекеттері сабақтың өң бойында бағаланып отырады. Ынталандыру үшін мұғалімнің ауызша қолпаштау мадақтаулары жүргізіледі.

Оқушылардың нені үйренгендіктерін бағалау үшін «Бағдаршам», «Шапалақ» және смаиликтер арқылы бағалау түрлерін қолдандым. Қалыптастырушы бағалау дескрипторға негізделген кері байланыс арқылы жүзеге асады. Саралау тапсырмаларында бағалаудың өзара бағалау түрін қолданылады.Сабақ соңында рефлексия «Рефлексиялық шеңбер» әдісі арқылы жүреді және сабақты ұйымдастырудағы әрекеттердің нәтижесін бағамдау үшін қолданылады.Оқушылар өздерінің жұмыстарын қорытындылайды, есеп береді. Рефлексия келесі сабақтарды мақсатқа сай жоспарлау үшін жүргізіледі. Кері байланыс «Бір сөзбен» әдісі арқылы жүргізіледі. Осындай кері байланыс жасауда оқу мақсатына жеткендігіміз байқалуы тиіс деп күтіледі.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары қатаң сақталады.Сабақта АКТ қолдану кезінде қауіпсіздік техникасына көңіл аударылады.Сабақта тапсырма орындауда топтық, жұптық жұмыстар орындалатындықтан және пәнаралық байланыс орнатылатындықтан оқушыларға белсенді жұмыс жасау үшін қалыпты оқу ортасы құрылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды. Берілген тапсырмалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне және деңгейлеріне сай жасалынды.Оқушылардың барлығы оқу мақсатына толық жетті.Сабақта тапсырмалар орындағанда білім алушылар оқу мақсатына жетті деп ойлаймын.Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.Әрине, сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдалана білдім.Сапалық мазмұнға көңіл аударып, уақытты тиімді пайдалануға мән бердім.Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ.

Жалпы бағалау

1. Осы сабақта ең жақсы өткен «Кір жаятын жіп» әдісі. Оқушылар мәтіннен термин сөздерді тауып жіпке ілгенде қызығушылықтары артты және өз мүмкіндктеріне сай келетінтапсырманы таңдай алады.

2. «Қима қағаздағы терминдер» әдісін қолданғанда оқушылар бар ынталарымен қатысты.

1. Басқа да тиімді әдіс-тәсілдер қолдансам сабақ бұдан да жақсы өтетініне сенімдімін.

2. Бұл тапсырмалардан басқа да қызықты тапсырмалар алғанда сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді.

Осы сабақтың барысында жекелеген оқушылар берілген тапсырмаларды тиянақты, мұқият орындап жетістікке жетті.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
2448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12