400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Болашақ ұстаздың келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұстаздарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Болашақ ұстаздың келбеті (Эссе)


Ұстаздық- ең қажырлы еңбектің бірі.Әр ұстаз өз шәкірттерінің өмірде орнын тауып, өздерінің өмірлік мамандығын жаңылмай таңдап, армандарына қол жеткізуде тынымсыз еңбек етеді, үздіксіз шәкірттерін білімге жетелеп отырады. Әр ұстаз - өзі пәнін шебер меңгеріп, оқудың түрлі әдіс- тәсілдерін жетік білетін маман.

Шәкірт өз ұстаздарына қарап, бой түзейді, олардан өнеге алып, оларды үлгі тұтады.

Ұстаздар шәкірттерін өмірдегі қалаулары мен армандарына қол жеткізуге жетелейді, болашақтарына үлкен жол ашады, жарқын болашақ сыйлайды. Ғасырлар бойы ұстаздар шәкірттерін оқыту мен тәрбиелеуден еш жалықпай еңбектеніп келді. Алайда,заманның талабына сай ұстаздық ісі де өзгеріп отырады, жас жеткіншектерді оқытып, тәрбиелеу талаптары да ұстаздардан жаңашылдықты қажет етеді. Заманауи ұстаздар шәкірттеріне білім беріп қоймай, заман ағымына сай тұлғаны бейімдейді.

Қазіргі ұстаздардың ұстаздық шеберлігі және өз пәнін жетік білуі, ойын оқушыларға жете түсіндіре алуы, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра алуымен өлшенеді.

Болашақта колледж студенттерінің жеке дара шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін аша алатын жаңа тұрпатты ұстаздар қажет. ХХІ ғасырда мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде адам әлеуетінің рөлі артып отыр. Қоғамға адамның зияткерлік қабілеті, оның білімділігі, жаңа білімді жинақтау және қолдану мүмкіндігі қажет. Бүгінгі таңда инновацияларды жедел игеретін, өмірдің серпінді сұраныстары мен талаптарына тез бейімделетін тұлға ғана жеңіске жетеді.

Елдің даму үрдісінде адами құндылықтардың өркендеуі стратегиялық маңызды мақсат болып саналады. Қазақстандағы қазіргі жоғары және орта білім беру жүйесінің көркеюі адам капиталының рөлін бағалауға, тең білім алу мүмкіндіктерін туғызуға, жоғары білім беру стандартына қол жеткізуге көңіл бөле отырып, жүргізуді қарастырады.

Болашақта орта жалпы білім беру жүйесінде кәсіби білім беру реформасын жүргізу көзделіп отырғандықтан, болашақта студенттердің жеке дара шығармашылық, креативтік, зияткерлік қабілеттерін аша алатын жаңа тұрпатты ұстаз қажет. Жаңа тұрпатты ұстаз оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны енгізе алатын, қажетті өзгертулерді, түзетулерді жасай алатын, өз білімін толықтырып отыратын, ұдайы ізденіс үстіндегі инновациялық- технологиялық іс-әрекетті меңгерген маман болуы тиіс, ал ол инновациялық ғылым мен білім арқылы болашақ мұғалімнің зияткерлік- технологиялық әлеуетін қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі әлемде оқытудың инновациялық технологияларын меңгермейінше, жан –жақты сауатты, іскер ұстаз- жаңа тұрпатты ұстаз болу мүмкін емес.

Жаңа тұрпатты ұстаз - заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, инновациялық технологиямен қаруланған, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмытылып отыратын, рухани дамыған, шығармашыл, креативті, интеллектуалды тұлға, білікті маман. Жаңа тұрпатты мұғалімнің шешетін міндеттері: жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту, студентті есікке дейін алып келіп, қолына кілітті беріп, сол құралды қалай падалану керектігін үйрету, білім дүниесіне студенттің өзінен басқа ешкімнің де кіре алмайтындығын есте сақтау, студентті өзін-өзі ұйымдастыруға үйрету, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолдарын көрсету: өзін-өзі тану, өзін-өзі зерттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі белсендіру, өз бетінше білім алу, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, оқушының барлық ішкі әлеуетін ашуға және оған шығармашылықтың шыңына шығуға көмектесу. Қазіргі таңда ұстаздар шәкірттерін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, осы шәкірттерін келешекте бәсекеге қабілетті маман болуға дайындау қажет. Ұстаздар білім беру аймағының пәндік және негізгі мақсаттарын ескере отырып, оқу үрдісінің нақты мақсаттарын жобалауға, оқу үрдісінің оқу материалдарын игеруді ұйымдастыруда міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандартының талаптарына сәйкес құрастыруға, оқу материалдарын даярлау және іс жүзінде іске асыруға ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалануға, студенттің оқу материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеуге, студенттің дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасауға әрдайым қабілетті болуы тиіс. Мұғалімнің өз пәнін жетік білуі, ойын студентке жете түсіндіре алуы, студенттің танымдық қызығушылықтарын арттыра алуымен өлшенеді.Ұстаздық шеберліктің негізін мұғалімнің тұлғалық сапалары құрайды.

Қазіргі заман талаптарына сай жаңа тұрпаттағы ұстаз- оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін меңгерген, ізденімпаз, кәсіби жан-жақты жетілген, өз ісін шынайы сүйетін маман, шебер ұйымдастырушы, бағыттаушы және шәкірттерін жан-жақты жетілген тұлға- жасаушы.

Демек, әрбір жаңашыл ұстаз оқу үрдісінде оқытудың түрлі жаңа озық технологияларын қолданса, білім сапасының жақсара түсетіні сөзсіз. Ең бастысы - мұғалімнің өз жұмысына деген оң көзқарасын қалыптастырып, үнемі ізденісте болуы, жаңаны меңгеруге талпынуы және жан-жақты кәсіби жетілуі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.02.2021
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі