Тақырыбы: Болашаққа- білімді, өнерлі , дені сау
ұрпақ!
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын,
салт-дәстүрін білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең
көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға
бағыттау. Білімді, өнерлі, намысшыл, парасатты, еңбекқор ұрпақ
қалыптастыру.
Түрі: Саптық
жиын
Көрнекіліктері: суреттер, шарлар, қолөнер
көрмесі, қанатты сөздер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушыларды салтанатты кешке
дайындау.
1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық
мақаласына орай ұйымдастырылған «Болашаққа-дені сау, білімді, өнерлі ұрпақ!» атты
мектепалды даярлық, ұзартылған күн топтары және эстетикалық пәндер
әдістеме бірлестігінің апталығының ашылуына
байланысты ұйымдастырылған
салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат
етіңіздер!
2-жүргізуші Назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын, слайдта
апталықтағы Өткізілген іс- шаралардан түсірілген суреттерді көріп
тамашалаңыздар.
1-Жүргізуші: Мектеп қой еліміздің қаны,
жаны.
Мектептен басталады бәрі
–бәрі,
Жабылу салтанатты
жиынында
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында туған жерін, өз
отанын сүйуді басты назарға ұстаған, еліне жеріне деген махаббат әр
қазақтың бойынан табыла білу
керек
Ән
Дінмұхаммет
«Бағдалам»
1-жүргізуші:
Абзал жан бар биік тұлға,
байсалды.
Құшақ жая шәкірттерді қарсы
алды.
Бүгінгідей салтанатты шақта
бір
Құтықтайды мектеп басшысы
баршаңды
Құтықтау
сөз мектебіміздің директорына
беріледі.
Күй «Тепеңкөк»
1-жүргізуші: Білімнің салтанат құруы.
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда
бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін
әркім терең түсінуі керек.Сондықтан
да балалар онкүндікке белсенді
ат салысып, білімді жастар екенімізді
көрсетейік!
2-жүргізуші:Онкүндігіміз көктемнің алғашқы айында
еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар,
қыздар мерекесімен қатар келіп отыр. Ендеше барлық өнеріміз аналар,
арулар сіздер үшін!
Ән « Ана » Сералі
Аида
1-жүргізуші:
Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру
деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт
- дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі
қалуға тиіс.
2-жүргізуші:Онкүндік барысында халқымыздың
салт-дәстүріне негізінде эстетикалық пәндер бірлестігі мұғалімдері
тарапынан «Рухани-құндылығым-салт -дәстүрім»тақырыбында көрме
ұйымдастырылған , көріп
тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
Халқымыз әйелдерге ұрпақ
тәрбиесінде жүктелетін міндетті барынша сезінген. Бар жақсылық ана
сүтімен берілетіні дәлелденген дүние. Сондықтан да халқымыздың
рухани жаңғыруы жолында
әйел-аналарымыздың маңызы өте
зор.
2 -
жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты
адам,
Кішісі де, үлкені де
ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанын
да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп
кезекті МАД топтары бүлдіршіндерінің «Анашым » биіне бергелі
отырмыз қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:Барлықтарыңызды пәндер апталық ашылуымен құттықтаймыз!
Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар...
Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді
көрсетейік!
2 -
оқушы:
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді апта жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
3 – оқушы:
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
1-жүргізуші Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, өнерлі ,
мықтыларға арналған пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді,
мұғалімдерге табыс тілейміз!