400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Болашаққа бағдар

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандық жайлы қысқаша түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» Білім беру саласы: Коммуникация, шығармашылық Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, сурет салу Мақсаты: Мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық иелері және олардың құралдарымен таныстыру.Өз ойларын толық жеткізе білуге, еңбекке құштарлықтарын оятып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Әдіс-тәсілдері:Көрсету, түсіндіру,әңгімелесу, сұрақ-жауап,сюжеттік ролдік,дидактикалық ойын.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы, бүгін біздің тобымыз күндегіден ерекше безендірілген және бізге көптеген қонақтар келген екен. Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызмметі болмақ. Оқу қызметімізді бастамас бұрын келген ққонақтарымызбен амандасып алайық. Балалар: Сәлеметсіздер ме қонақтар! Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар бүгінгі өтетін оқу қызметіміздің не екенін мен жұмбақтап айтқым келіп отыр. Мен қазір өлең жолдарын оқимын, ал сендер сол жолдарға қарап қандай оқу қызметі екенін табасындар. Аяқ киімді етікші жөндейді, Ұшақты ұшқыш жүргізеді. Өлеңді ақын жазады, Тамақты аспазшы дайындайды. Науқасты дәрігер емдейді, Өртті өрт сөндіруші сөндіреді. Балаларды мұғалім оқытады. Тәрбиеші: Иә балалар, сендер дұрыс айтасындар. Бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміз мамандықтар жайлы болмақ. Балалар сендер таңертең қайда келесіңдер? Балалар: Балабақшаға Тәрбиеші: Біздің балабақша қалай аталады? Балалар: «Шаттық» бөбекжай балабақшасы Тәрбиеші: Ал, біздің балабақшамызда кімдер жұмыс жассайды? Балалар: Меңгеруші, әдіскер, тәрбиеші, ән жетекшісі және т.б Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар балалар. (лэпбукпен жұмыс) Балабақша мамандарын толық таныстырып өту; Дәрігер- ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы, емдейді шипасын тигізеді. Балалар кім бізде дәрігер жайлы тақпақ айтқысы келеді? Арай: Мен дәрігер боламын, Үлкеннің де баланың Қиналғанда қасына Бірінші болып барамын. Тәрбиеші: Жарайсың Арай. Келесі бізде өрт сөндіруші мамандығы – нағыз ер азаматтарға тән маманды, жүректілік пен батылдықты талап етеді. Бұл батырларымыздың құрал саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмейді. Ал балалар өрт сөндірушіге арналған тақпағымызды кім айтқысы келеді? Ақберен: Армандаймын мамандық, Көңілім бар таланттық. Өрт сөндіруші қалауым, Батыр мықты боламын. Тәрбиеші: Жарайсың Ақберен, арманын асқақтай берсің. Балалар ендігі кезектегі мамандықтың түрі ғарышкер- ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы яғни ракеталардвы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адамды айтамыз. Ғарышкерлер жайлы тақпақты кім айтқысы келеді балалар? Ернұр: Мен ғарышкер боламын, Жұлдызға ұшып барамын. Жолын қуам атақты Тоқтар сынды ағаның. Тәрбиеші: Жарайсың Ернұр. Келесі ең басты қастерлі мамандық түрі- мұғалім. Мұғалім- әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам. Балалар кім бізде мұғалім жайлы тақпақ айтқысы келеді? Расул: Ұстаз болу -жүректің батырлығы, Ұстаз болу –сезімнің ақндығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы

Тәрбиеші: Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда «мамандық иелері» дейміз. Бұл мамандықты игеру үшін көп оқуды, көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді. Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындалып оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласындар. Жалпылай айтқанда балалар әлемде көптеген мамандық түрлері бар иә? Қане айтайықшы қандай мамандық түрлерін білеміз? Балалар: Шаштараз, дәрігер, мұғалім, аспазшы, дүкенші, өрт сөөндіруші, т.б Тәрбиеші: Ендігі сендерге тапсырма өздеріңе берілген мамандықтардың суреттерінің қасына қажетті құралдарын тауып орналастыру. (дидактикалық ойын: Құралын тап балалар қажетті құралдарын ауызша баяндап айтып, көрсетеді)

Дидактикалық ойын: «Құралын тап» , « Бұл кімнің көлігі»

Балалар: Балалар мамандықтарға қатысты құралдарын тауып орналастырады және не үшін қажет екенің баяндап, ауызша айтады. Тәрбиеші: Жарайсындар балалар. Сендер әр мамандықтың өзіне қажетті құралын өте жақсы деңгейде тауып, орналастырдыңдар. Бүгін біз осы мамандықтардың ішінде өздерің жақсы көретін үш мамандыққа ерекше тоқталатын боламыз. Олар: дәрігер, дүкенші, аспазшы мамандықтары.Біз осылай дәрігерлер, аспазшылар, дүкеншілер болып үшке бөлініп жұмыс жасайтын боламыз. (Балаларға дүкенші, аспазшы, дәрігер суреті жапсырылған таяқша таратылады. Балалар топқа бөлінеді)

Тәрбиеші: Балалар барлығымыз орынымыызға жайғастық. Енді сендер келген қонақтарымызға сюжеттік-ролдік ойындарынды ойнап берсендер жақсы ма?

«Дүкенші» тобы: Ернұр, Айша, Шаттық, Иасина, Алзия

Сатып алушылар: Алзия, Айша Ернұр (күзетші): Саламатсыздарма! Қош келдіңіздер! Сөмкелеріңізде артық зат жоқ па? Иасина (кассир): Біздің супермаркетімізде әр елден әкелінген алмаларға жеңілдіктер жасалуда. Дәмін татып жеп көріңіздер, ұнаған алманы алыңыздар, өкінбейсіздер. Айша(сатып алушы): Дәмі тәтті әрі тіл үйіреді екен! Мына алманың дәмі қышқыл. Алзия: Апорт алмасы дәмді екен! Саламатсыз ба! Жаңа мен апорт алманың дәмін көріп едім, содан бір кг өлшеп салып бересіз бе? Шаттық(сатушы): Саламатсыз ба! Әрине салып, өлшеп берейін, біздің алмалар өте дәмді, мінекей алыңыз. Алзия: Рақмет, сау болыңыз! Шаттық(сатушы): Саламатсыз ба! Сізге қандай көмегім қажет? Айша: Маған балаларға арналған жұмсақ ойыншық қажет еді? Шаттық(сатушы): Мына ойыншық Қазақстанда жасалған, баланың денсаулығына зиянсыз, өте пайдалы. Айша: Қандай керемет, осы ойыншықты алайын Шаттық(сатушы): Келіп тұрыңыз, сау болыңыз ! Иасина (кассир): Саламатсыз ба! Айша: Саламатсыз ба! Иасина (кассир): Сізден төрт теңге. Сау болыңыз, келіп тұрыңыз! Айша: Жақсы, рақмет. Алзия: Саламатсыз ба:! Иасина (кассир): Сізден бес теңге. Мінекей үш теңге артық ақшаңыз. Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар. Келесі бізде дәрігерлер тобы. Қанекей бізде дәрігерлер қандай қойылым қойып береді екен? «Дәрігерлер» тобы: Расул, Аяжан, Жәния Абайқызы, Құралай, Арай

Құралай(емделуші): Саламатсыз ба дәрігер! Арай(дәрігер): Сәлеметсіз бе! Құралай(емделуші): Менің мазам қашып тұр, денем ауырланып, әлсізденіп тұрғаным. Арай(дәрігер): Ендеше қызуынызды өлшейін, қызуыныз жоқ. Ауызынызды аша қойыңыз, тамағыңыз қызармаған. Енді өкпенізді тыңдайын, сізге салқын тиген, өкпеңізде сырыл бар, емдеу керек.Мына дәріні күніне екі рет ішіңіз. Құралай(емделуші): Рахмет дәрігер, сау болыңыз ! Аяжан ( Расулдың анасы): Саламатсыз ба дәрігер. Менің баламның көзі ауырып жүр, қарап беріңізші. Арай(дәрігер): Қане отыр. Көзіңді шаң тозаңнан қорғау керек, теледидарды көп қарауға болмайды, компьютер көп ойнауға болмайды. Көзіңді күту керек. Мына дәріні көзіне күнделікті тамызып жүр. Жәния (емделуші): Сәлеметсіз бе! Менің тісім ауырып тұр еді. Арай(дәрігер): Қане аузынды аш. Тісінді құрт жепті, жұлу керек.

Тіс ауырмау үшін екі мезгіл тазалау керек, тәттіні көп жеуге болмайды. Жәния (емделуші): Рахмет сау болыңыз.

«Аспазшылар» тобы: Інжу, Ақберен, Жәния Асқарқызы, Арайлым, Ақнәзік Ақберен: Аспазшыларым біз келген қонақтарымызға дәмді тағамымызды дайындап берсек қалай қарайсындар? Інжу:Өте жақсы қараймыз. Келген қонақтарға көкөніс салатын дайындайық Арайлым: Иә ол салат өте дәмді әрі тез дайындалады. Жәния Асқарқызы: Құрамында көптеген дәрумендер бар Ақберен: Қанекей онда іске кірісейік.Бірінші туралған сәбіз саламыз Інжу: Енді картоп саламыз Арайлым: Оның үстіне қайнатылған жұмыртқа салайық Жәния Асқарқызы: Енді тұздықпен араластырайық Ақберен: Мінекей осымен салатымызда дайын. Иісі қандай керемет. Салатымызды қонақтарға оқу қызметі аяқталған соң берейік



Тәрбиеші: Балаларды ортаға жинап, жартылай шеңбер отырады. «Құралын тап» ойыны ойнатылады (жапсыру) Оқу қызметін талдау . Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер жауабын тауып көргілерің келеді ме?

Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес , бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол. (Аспазшы)

Дабылға тез жететін, Жалыңға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім, Жасқанбайтын батыр кім? (өрт сөндіруші) Тәрбиеші: Балалар сонымен біз бүгін не жайлы оқу қызметін өткіздік? Балалар: Мамандықтар жайында. Балалар өздері топқа бөлінген мамандық бойынша не істегенің, не көргенің баяндайды. Қорытынды: Балалар біз бүгін мамандықтар туралы кішкене болсын мағлұмат алдық. Оның еңбек екендігін білдік. Рольдерге бөлініп аспазшының, дәрігердің, дүкеншінің жақсы мамандар еккендігін ойын арқылы көрсете отырып сендер өздерің еңбек жасадындар. Мінекей қандай еңбек болсын бәрінің өз мамандығы болады. Қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын, халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық. Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата-аналарын мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елін мақтан тұтатын маман иесі болыңдар!

Мадақтау, марапаттау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
425
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі