Материалдар / Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне қажет деп санаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2018
715
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" Тараз қаласы № 40 «Балауса» балабақшасының әдіскері Тургимбаева Гулмира Маратқызы

2017 жылдың 12 сәуірі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы №40 балабақша педагогтары арасында таныстырылып, талқыланды. Президентіміз қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.Тәрбие бастауы балабақшадан басталады. Біздің мектепке дейінгі мекемедегі жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат- отансүйгіш, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, ұлтжанды азаматты тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу қызметіндегі білім беру құндылықтары зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. Президентіміздің бағыт-бағдарына орай балабақшамызда педагогтар «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде», «Мемлекеттік тіл менің тілім», «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлық!», «Тәуелсіздік –рухы күшті ғажап күн» тақырыптарында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізді. Өткізілген оқу қызметтері балаларға өз Отанын сүюге, бойларына адамгершілік қасиетін дарытуға, патриотизмді қалыптастыруға, туған жерін, ата-анасын қадірлеуге бағытталған. Сондай-ақ мерекелік ертеңгіліктер: «Тіл-ұлттың жаны, халықтың үні», «Елі сүйген, Елін сүйген Президент», «Әлемге танылған Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында өткізіді. Ертеңгіліктерде балалар Қазақстан, Астана, Президент, Бәйтерек туралы тақпақтар айтты. Патриоттық тақырыпта әндер айтып, қазақтың ұлттық билерін биледі. Біздің балабақша екі тілде білім-тәрбие береді. Сондықтан, балабақшада 40 пайызы басқа ұлт балалары тәрбиеленіп жатыр. Ұлттар татулығы жақсы қалыптасқан. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, ата-аналар қазақтың салт-дәстүрлерін жатқа біледі. Балабақшада ата-аналармен өткізілетін іс-шараларға қатысып, өздерінің қазақтың салт-дәстүрін құрметтейтіндігін көрсетті. Күнделікті оқу-тәрбие жұмысында инновациялық технологиялар мейлінше қолданылады. Балабақша педагогтары қазіргі сәтте «Арттерапия» бағытттарымен жұмыс істеп жатыр. Биылғы жылдың қараша айынан бастап «Робототехника» технологиясын үш педагог білімін жетілдіру курсынан оқып келіп, балалармен үйірме жұмысын жүргізуді қолға алды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын педагогтар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сөзімді аяқтаймын. Болашаққа бағдар ретінде «Балауса» балабақшасының педагогтар құрамы, осы балабақшада тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілеріміз бен ата-аналар Елбасының осы сөздерін өздерінің алға қойған өмірлік мақсаттарына енгізе отырып, еліміздің рухани тұрғыдан дамып, интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін қосады деген сенімдемін. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Ұлттық кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді. Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ